Главная страница
Навигация по странице:

  • Тазалау клизмасын жүргізуге көрсеткіш

  • Тазалау клизмасын жүргізуге қарсы көрсеткіш

  • Тазалау клизмасын қою

  • Клизма қою үшін қолданатын судың температуасы

  • Дайындық

  • Тазалау клизмасын қою техникасы

  • Сифонды клизманы қоюға көрсеткіш

  • Сифонды клизманы қоюдың ерекшеліктері

  • Сифонды клизманы қою техникасы

  • Тазалау клизмасы. Тазалау клизмасы Клизмалар


    Скачать 20.25 Kb.
    НазваниеТазалау клизмасы Клизмалар
    АнкорТазалау клизмасы
    Дата20.04.2021
    Размер20.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТазалау клизмасы.docx
    ТипДокументы
    #196543

    Тазалау клизмасы

    Клизмалар.

    Клизма деп диагоностикалау және емдеу мақсатында әр түрлі сұйықтықтарды тік ішек арқылы енгізуді айтады.

    Диагностикалық клизманы мысалы, ішек өтімсіздігін анықтау үшін қолданады. Тоқ ішекті рентген арқылы зерттеу үшін (ирригоскопия) рентгеноконтрасты препараттың қоспасынан тұратын контрасты клизма жүргізеді. Емдеу мақсатында тазалау, сифонды және дәрілік клизма жүргізіледі.

    Тазалау клизмасын жүргізуге көрсеткіш

    Тоқ ішектің төменгі бөліміндегі кідіріп қалған нәжісті жібіту және шығару үшін қолданатын тазалау клизмасын іш қату кезінде, улану кезінде токсикалық заттарды шығару үшін, операция және босанар алдында, ас қорыту жолдарын рентгендік және тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу алдында, дәрілік клизманы жүргізер алдында қолданады.
    Тазалау клизмасын жүргізуге қарсы көрсеткіш

    Тоқ ішектің шырышты қабатының жедел қабыну аурулары және эрозиялы-жаралары, іш қуысының кейбір жедел хирургиялық аурулары (жедел аппендицит, жедел перитонит, асқазан-ішектен қан кету, іш қуысындағы мүшелерге операция жасағаннан кейінгі бірінші күні, жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі) тазалау клизмасын жүргізуге қарсы көрсеткіш болып табылады.

    Тазалау клизмасын қою

    Тазалау клизмасы жүргізу үшін резеңкелі Эсмарх кружкасын (ұшында тесігі бар сыйымдылығы 1-2 л) қолданады, оған ұштығы бар ұзындығы 1,5 метр резеңкелі түтікшені жалғайды. Түтікшенің ұшында кружкадан судың ағуын реттейтін шүмегі болады.

    Клизма қою үшін қолданатын судың температуасы

    Ересек адамға тазалау клизмасын қою үшін 1—1,5 л жылы су қажет (25—35 °С). Егер тоқ ішектің жиырылуын күшейту қажет болса (атониялық іш қату кезінде), онда неғұрлым төменгі темпертуардағы суды қолдануға болады. (12—20 °С). Керісінше, егер ішектің бұлшықет қабатын босаңсыту қажет болса (спастикалық іш қату кезінде), онда 37—42 °С суды қолданады. Тазалау клизмасының әсерін күшейту үшін кейде 2-3 ас қасық глицирин немесе өсімдік майын немесе балаларға арналған сабынның бір ас қасықтай мөлшерін суда ерітеді.

    Дайындық

    Эсмарх кружкасына су құйып, шүмегін ашып түтіктегі ауаны шығарып суға толтырады. Шүмекті қайта жауып, кружканы кушеткадан жоғары биіктікке іледі. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізе буынынан ішіне қарай бүккізіп жатқызады (бұндай қалыпта науқастың аналь тесігіне ұштық оңай енеді). Науқастың астына шеті шараға дейін түсіп тұратындай етіп клеенканы төсейді.
    Тазалау клизмасын қою техникасы

    Сол қолдың екінші, үшінші саусақтарымен науқастың құйрығын ашып, ал оң қолмен майланған ұштықты айналдыра отырып тік ішекке 10-12 см тереңдікке енгізеді. Алдымен (алғашқы 3—4 см) ұштықты науқастың кіндігіне қарай бағыттап, одан соң тік ікектің өзегіне қарай бұрып, сегізкөзге қатарластыра отырып енгізуді жалғастырады. Одан соң шүмекті ашып кружканы 1 метр биіктікке көтеру арқалы суды енгізеді. Егер су ішекке бармай қалса ұштықты тереңірек енгізіп, судың ағысын күшейтіңіз. Керісінше, тоқ ішектің бойымен ауырсыну сезімі байқалса, судың ағысын бәсеңдетеді. Суды енгізуді аяқтаған соң науқасқа 5-10 минут бойы үлкен дәретке отырмауын сұраңыз. Тоқ ішектің перистальтикасының күшеюінен оның төменгі бөлімі нәжіс массасынан тазартылады. Қолданған ұштықтарды сабынды суға жуып, қайнатады.
    Сифонды клизманы қоюға көрсеткіш

    Сифонды клизманы емдеу мақсатында улану, зат алмасу өнімдерімен улану кезінде

    (мысалы,созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі), динамикалық және механикалық ішек өтімсіздігі кезінде (кей жағдайда операция алдындағы дайындық ретінде), сонымен қатар тазалау клизмасы нәтижесіз болған жағдайларда қолданылады. Сифонды клизманы ішек өтімісіздігін диагностикалау мақсатында (жуынды суда ауа көпіршіктерінің және нәжіс қалдықтарының болмауы оның симптомдарының бірі) жүргізіледі. Ішек өтімісіздігі кезінде шажырқай тамырларының тромбозы немесе эмболиясына күдік туса сифонды клизманы жүргізуге болмайды.
    Сифонды клизманы қоюдың ерекшеліктері

    Сифонды клизманы қою үшін сыйымдылығы 0,5-2 л воронка, резеңкелі иілгіш ұштық немесе ұзындығы 20-30 см резеңкелі ішек түтігі жалғанған, диаметрі 1 см-ден кем емес, ұзындығы 1-1,5 м резеңкелі ұзын түтікті қолданады. Ұзын ішек түтік және резеңкелі ұштықтың орнына жуан асқазан зондын қолдануға болады.
    Сифонды клизманы қою техникасы

    Резеңкелі ішек түтігінің немесе жуан асқазан зондының вазелинмен майланған ұшын тік ішекке 20-30 см тереңдікке енгізеді.Сифонды клизманы жүргізу іс-әрекеті асқазанды жуумен бірдей. Воронканы түтікшенің ұшына жалғап, пациенттің жамбасынан шамалы жоғары деңгейде еңкейте ұстап, жууға арналған сұйықтықтарды - таза қайнаған су, перманганат калиийдің әлсіз ертіндісін, 2 % гидрокарбонат натрий ерітіндісін құяды. Воронканы науқастың денесінен 50 см биіктікке көтереді, сол кезде су ішекке қарай ағады. Воронкадағы су оның тарылған бөлігіне келгенде оны науқастың денесінен төмен деңгейге түсіреді, осы кезде воронка ауа көпіршіктері және нәжіс қалдықтары араласқан, ішектен шыққан жуынды суға толады. Воронканы төңкеріп, ішіндегі суды төгеді, осы жуу процедурасын воронкадағы жуынды су тазарғанша бірнеше рет қайталайды.

    Бір сифонды клизмаға 10-12 л су қажет болады.


    написать администратору сайта