эпилепсия срс. эпилепсия сөж. Алматы, 2021 Эпилепсия (ояншы ауру)
Скачать 59.55 Kb.
|
СӨЖ Орындаған: Шалдарбек Сымбат Қабылдаған: Шубаева Галия Сабыржановна Алматы, 2021 Эпилепсия (қояншық ауру) – тырысу ұстамаларымен сипатталатын, сана-сезім бұзылыстарымен және өзіне тән психикалық қызметінің бұзылыстарымен өтетін, созылмалы әрі үдемелі ауру. Тырысусыз (акинетикалық) ұстамалар Бұл науқасты жиі бас жарақаттарына әкелетін,тонустың бірден жоғалып,науқастың еденге құлауымен сипатталады. Ұстама ұзақтығы-бірнеше секунд(1 минутқа дейін) Жеңіл түрінде ұстама бастың салбырауымен немесе төменгі жақтың салбырауымен көрінеді. Тонусның төмендеуі тек тырысусыз ұстама кезінде ғана емес,басқа да ұстамалар кезінде байқалады. Сонымен қатар,аурулар айналасындағы болмысты анық емес,жартылай ессіз түрде де қабылдауы мүмкін. Соның бір түрі- айкезбе Эпилепсияның əртүрлі орнын алмастырушы құбылыстармен білінуі алуан түрлі болады. Мысалы, балалық шақта зорлықты, яғни еркіне қарсы, сипатта болатын ерекше түрдегі басты изеу қимылдары («сəлемдесу ұстамалары») байқалуы мүмкін. Кейде эпилепсиялық ұстама аурудың айқайлап, алдыға қарай ұмтыла жүгіруі түріндегі ерекше көрініспен білінеді. Айкезбе- дертінің медициналық атауы-сомнамбулизм. Бұл термин адамның ұйқы кезінде сөйлеуін әрі жүруін білдіреді. Айкезбе дертін айдың толуымен, оның жерге әсерінің артуымен байланыстырады. Дегенмен медицинада бұны жай ғана аңыз ретінде қабылдайды. Сомнамбулизм дерті әлемдегі ең жиі таралған дерттердің қатарына жатады. Әлем халқының 2,5% айкезбеге шалдыққан.Егерде айкезбе белгілері жиі қайталанатын болса, дәрігердің көмегіне сүйенген дұрыс. Өйткені, эпилепсия дертінің де белгісі айкезбелікке ұқсайды. Ал,сирек кездессе уайымдаудың қажеті жоқ. Белгілері: • Айкезбелер ұйықтап жатып орнынан тұрады және сөйлейді. Олар қимылдап, әңгіме айта бастауы мүмкін. Сырттай ол ояу секілді көрінгенімен, оның қимылдары баяу әрі бірқалыпты болады. Көздері ашық болғанына қарамастан, олар ешнәрсені қабылдамайды, естімейді. Оның негізгі себептері қандай? Көп адам айкезбелік психиканың бұзылуынан туындайды деген қате пікірде. Шындығында, ол жүйке жүйесінің бұзылуымен байланысты. Айкезбе жиі балалар мен жасөспірімдерде кездеседі. Ал, ересектерде кездесу мүмкіндігі 1000 адамның ішінде 1-ге тең. Бұл мәселе тек сезімтал адамдарда кездеседі. Олардың миында қоздырғыш түйіндер жиі кездеседі. Айкезбеге шалдыққан адам толық тексерістен өту үшін дәрігердің көмегіне сүйенген жөн. Кейде ондай адамдардың диагнозы – самай бөлігінде қалыптасатын эпилептикалық түйіннің қалыптасуымен байланыстырады. Яғни, эпилепсия дертінің бастапқы деңгейі болуы мүмкін. Мұндай адам сыртқы ортаға тұйық әрі салмақты адамның әсерін қалдырады. Ал, шындығында олар өте сезімтал келеді. • Әлемде айкезбеге шалдыққан 15%-ға жуық бала бар. Олар психикилық тұрғыдан сау. Уақыт өте айкезбе өздігінен жоғалады. • Сонымен қатар, айкезбеліктің тұқым қуалайтыны дәлелденген. Егер, сомнамбулизммен ата-ананың екеуі ауырған болса, баланың да айкезбеге шалдығу мүмкіндігі жоғары. |