Главная страница
Навигация по странице:

  • Амирова

  • Бaғдapлaмaның өзектілігі

  • Бaғдapлaмaның мaқcaты

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница198 из 367
    1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   367

    БАҒДАРЛАМА


    элективті курс

    МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІНДЕ



    2-сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
    Амирова Толкын Нургазиевна

    №13 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
    Пікіржазғандар:Туралбаева А.Т., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Бас- тауыш білім беру бағдарламалары» кафедрасының аға оқытушысы, PhD, профессор.

    Кенжеқазақова Т.О., Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Береке» орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер.


    Түсініктеме хат


    «Математика әлемінде» бағдарламасы 2-сынып оқушыларына арналып жасалған. Бағдарламада оқушылар түрлі тәсілдер арқылы санау, өлшеу, болжау, есептер шығару қабілеттерін қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс жасауына арналған.

    Бұл бағдарламаның өзектілігі математикалық қызықты тапсырмалар мен логикалық ойындарды шешу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерінің дамуына жаңа мүмкіндіктер туғы- зады. Бұл бағдарлама тек пәндік білім мен білікке ғана емес,сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Бағдарлама бөлім бойынша жү- йелі түрде берілгендіктен: білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу,ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану, қа- рым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.

    Сонымен қатар, «Математика әлемінде» бағдарламасы әртүрлі мәселелерге қатысты қалай әре- кет ету жолдары мен проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын түсінуге, арифметикалық алгори- тімдерді қолдану, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, геометриялық құрылымдарды орындау және математикалық зерттеу жүргізу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді.

    Осы мақсатпен құрастырылған бағдарламада нәрселерді геометриялық фигуралардан құрастыру, математикалық ребустарды шешу, сөзжұмбақтарды құрастыру, шешу, қызықты әзіл есептерді, логика- лық ойды жетілдіруге арналған есептерді шығару, шешу. Бұл бағдарламаға баланың ақыл-ойын, қия- лын, ой-ұшқырлығын дамытатын жұмыстар жинақталып алынған.

    Бaғдapлaмaның өзектілігі. «Математика» пәнін бастауыш білім берудің мақсаттары мен мін- деттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан

    ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың математикалық білімді –өмірде қолдану- дың алғашқы дағдыларын қалыптастырады. Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу,жіктеу салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тіл- дің негіздерін игереді,білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.

    Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы зат- тардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының не- гізгі мақсаты оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қа- лыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және қабылдауы мен танымын кеңейтуді,математика ғы- лымына қызығушылығын талап етеді. Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сәйкес оқу пәні бірқатар міндеттерді айқындайды.

    Бaғдapлaмaның мaқcaты – оқушылардың математикалық даму деңгейін арттыру, математика мазмұнының негіздерін меңгерnу арқылы логикалық ойлауды қалыптастыру үшін жағдай жасау.


    1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   367


    написать администратору сайта