Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
БАҒДАРЛАМАэлективті курс МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІНДЕ4-сынып оқушыларына арналған Аптасына 1сағат, барлығы34 сағат Жумабаева Райхан Сайлаубаевна№13 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Пікір жазғандар:А.Е.Жумабаева- Абай атындағы ҚазҰПУ «Бастауыш білім беру бағдарламалары» ка- федрасының жетекшісі,п.ғ.д. профессор. А.К.Ахметкулова - №132 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер. Түсініктеме хат«Математика әлемінде» бағдарламасы математика пәнін тереңдетіп оқуға негізделген. Бағдар- лама оқушыларды математика пәніне қызығушылығын қалыптастыру үшін, оқушылардың жас ерек- шелігіне байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады. Бастауыш сыныптың 4-сыныптарына арналған «Математика әлемінде» бағдарламасы апта- сына 1 сағат, жылына 34 сағатты қамтиды. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін жәнепәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылы- мында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі. Тапсырмалар зерделілікке, қиял- дауға, тапқырлыққа және шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді. «Математика әлемінде» бағдарламасында «Сандар әлемі», «Ғажайып математика», «Өлшем бірліктер елінде», «Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер елінде, «Басқатырғыштар елінде» деген бөлімдер берілген. Әрбір бөлім аталған тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген. Бағдарламаның өзектілігіTIMSS тапсырмаларын, яғни логикалық есептерді, математикалық эстафеталарды, сонымен қатар қы- зықты тапсырмаларды орындау арқылы баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімне жұмыс істей білуге икемдейді. Бағдарламада шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, есептерді тиімді жолмен шығарудың тәсілдері туралы айтылады. Әрбір бөлім соңында сол бөлімге сәйкес «Кім жылдам? Есеп эстафетасы», арқылы оқушылардың білімдері тексеріледі. Сонымен қатар бұл бағдарламаны оқу барысында оқушылар есеп- теулердің тиімді жаңа тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын анық- тай алады. Бағдарламаның мақсатыАшық қоғамда өздігінен білім алып, дами алатын, алған білім, білік дағдыларын іс жүзінде қол- дана алатын елжанды жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың математикадан алған білімдерін же- тілдіре отырып, математикалық сауаттылығын дамыту. |