Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница65 из 367
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   367

сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Қоршаған ортаның ластануы Қоршаған орта неліктен ластанады?

  1. Табиғаттың өзгеруін неден байқауға болады?

  2. Үлкен қалалардың шоғырлануы табиғи ортаға қандай әсерін тигізді?

  3. Жер шарындағы адам санының күрт көбеюі неге әкеп соқты?

  4. Ауа райының күрт жылынуының салдары қандай болмақ?, т.б. сұрақтарды қою арқылы қоршаған ортаның ластануын талқылау.

  1. Егер адам табиғатты қорғамаса қандай жағдай болар еді?

  2. Табиғатты қорғау үшін қандай шара қолдану керек? топпен талқылау, тұжырымдау.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру Табиғатты қорғау шаралары туралы түсіндіру.

Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық- өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және

ұтымды пайдалану. Табиғатты қорғауға менің үлесім» тақырыбында ойталқы. Таныстырылым (пре- зентация) жасау.
  1. сабақтар (1 сағат)


Тақырыбы: Су тіршілік көзі

Мақсаты - судың өсімдіктер, жануарлар, адам өміріндегі рөлі туралы білу, адамдардың оны өмірінде қалай қолданатынын бағалау.

Міндеттері:

  1. Судың пайда болу тарихын білу.

  2. Өсімдіктер мен адам өміріндегі судың рөлін зерттеу.

  3. Су сапасының адам денсаулығына әсерін талдау.

  4. «Менің отбасымда суды пайдалану» зерттеуін жүргізу.

  5. Зерттеу нәтижелері бойынша салыстыру жүргізу.

Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру, талдау, жалпылау, түрлі дереккөздермен жұмыс, эксперимент.
  1. сабақ (1 сағат)


Тaқыpыбы: Cуды үнемдеу

Aуыз cу тaпшылығын еcкеpте oтыpып, cуды үнемдеу кеpектігін түcіндіpу. Cуды үнемдеу жoлдapын тaлқылaу, зеpделеу.

Қазіргі таңда су мәселесі ең маңызды мәселенің біріне айналды. Судың арқасында біздің планетада тіршілік пайда болды және әлі де бар. Су қоры шексіз емес. Егер су жоғалса, өмір де жоғалады. Суды үнемдеу, су қоймаларын сақтау, т.б. керек екендігін түсіндіру. «Суды үнемдеу тәсілдері» зерттеу жұ- мысы.
  1. caбaқ (1 caғaт)


Тақырыбы: Судың ғажайып қасиеті Мақсаты: судың ғажайып қасиетін анықтау. Міндеттері:

  1. Интернеттегі әдебиет пен ақпаратты осы проблема бойынша талдау.

  2. Судың негізгі жай-күйіне, оның физикалық қасиеттеріне байқау жүргізу.

  3. Судың таңғажайып қасиеттерін анықтау және бөліп көрсету.

  4. Оның бірегейлігін дәлелдейтін эксперименттер жүргізу.

  5. Адамның судың ерекше қасиеттерін қалай қолданатынын байқау.

  6. Қорытындылау.

Зерттеу әдістері: әдебиеттер мен ғаламтордағы ақпаратты зерделеу және талдау; бақылау; экспери- мент.

Судың құпиясы. Судың қасиеттерін зерттеу кезінде өте қызықты фактіні білуге болады. Су адамның сөзі мен ойын «есте сақтайды». Жаңадан алынған тазартылған судан пайда болған кристалдар белгілі алтыбұрышты қар түйіршіктерінің қарапайым формасына ие. Егер ақпарат жақсы болса, ақпараттың жинақталуы оның құрылымын өзгертеді, күрделендіреді, керісінше, егер ақпарат жаман болса, бас- тапқы формасы бұрмаланады немесе бұзылады.

№ 1 тәжірибе

Үш ыдысқа дән (гүл, т.б.) егіп, әрқайсынсын суғарған кезде бірінші ыдыстағы гүлге жақсы сөз айтамыз, екіншісін суғарғанда үндемейміз, үшіншісін суғарғанда ұрсып, т.б. сөздар айтамыз. Осылай бір не екі апта зерттеу.

Қорытынды: су ақпарат жинауға, судан тұратын басқа нысандарға ақпарат беруге қабілетті. Яғни, су- дың есте сақтау қабілеті бар, ол тіпті айтарлықтай сұйылтылғаннан кейін де молекулаларда сақталған ақпаратты тануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда теріс (зиянды мағынада) ақпарат та сақталады. Су жер шарының айналасында айналады, денеміз арқылы ағып, бүкіл әлемге таралады.

№2 тәжірибе

Судың ғажайып қасиеті. Ылдысты (бокал, кесе) өрнектеу.

Біз жалпақ табақты алып, аздап су құйып, тырнақ бояйтын лакпен суға тамшылаймыз. Тағы бір түсті лак алып, бірінші тамшының ортасына тамшылау. Бетінде түрлі-түсті шеңберлер пайда болады. тіс шұқығышты алып, лактың үстінен өрнек шығарамыз. Біз безендіретін мөлдір шыны ыдысты өрнектің ортасына салып, кішкенеден кейін судан шығарамыз, нәтижесінде ыдыстың беткі қабаты өрнектеледі. Яғни лак судың бетіне таралады, өйткені оған тартылыс әсер етеді. Су молекулалары бір-біріне қатты тартылып, жұқа қабық түзетіндіктен пайда болады.

№ 3 тәжірибе

Тоңазытқышқа ыстық және суық суды қойып, байқаймыз. Ыдысқа 35°C жылы су құйып, тоңазыт- қышқа қойып, судың мұзға айналу уақытын бақылау.

Суық сумен де солай істейміз -0,5 °С.

Нәтижесі: жылы су 20 минуттан кейін мұзға айналады, ал суық су 25 минуттан кейін мұзға айналады. Қорытынды: ыстық су суық суға қарағанда белгілі бір жағдайда тезірек қатып қалады.

Балмұздақ өндірушілер бұл әсерді күнделікті жұмысында қолданады.
  1. 1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   367


написать администратору сайта