Эссе Садуева. Алматы Технологиялы Университеті
Скачать 15.77 Kb.
|
Алматы Технологиялық Университеті Эссе Тақырыбы: «Ойлаудың философиялық түрі сын және күмәндау ретінде» Орындаған: Садуева Л. Қабылдаған: Бижанова М. Алматы 2021 Бәрімізге белгілі, адам өзге мақұлықтан ойлай білу қабілетінің болуымен ерекшеленеді. Адам баласына ойлану, өз бетінше шешім қабылдау, өз ісіне есеп беру тән. Біз қалай ойланамыз? Қалай ойлану бізді мақсатымызға жетелейді? Бүгінгі таңда сыни ойлау тіркесінің енгеніне біраз болды. Мұндағы «сын» сөзі сынау немесе белгілі бір пікірді теріске шығару дегенді білдірмейді. Сыни ойлау дегеніміз не істеу керек және неге сену керек дегенді білдіретін рефлективті танымдық әрекет (Ennis,1987). Сыни ойлау не жайлы ойлауды емес, қалай ойлауды қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Басқаша айтсақ, бұл терең ойлау дегенді білдіреді. Ол маңызды мәселелерді талқылау мен тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни ойлау мәселенің табиғатын түсінуге көңіл бөледі. Мәселені шешу нақты бір салаға бағытталса, сыни ойлау жалпы деңгейде орын алады және бірнеше саланы қатар қамтиды. Сыни ойлаудың тамыры сонау сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәстүрден бастау алады. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» Кеңес өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстанда 1997–1998 жж. бері таныла бастады. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген. Сыни ойлау мынандай жағдайларда жүзеге асады: -кез - келген проблема не ақпаратпен өздігімен жұмыс жасағанда; -кез келген проблема не ақпаратты өзіндік тәжірибе (өмірлік, кәсіби) тұрғысынан қарастырғанда; -кез келген проблема не ақпарат туралы өзіндік (дербес) пікір қалыптастыру барысында; -өз пікірі мен көзқарастарын тұжырымдап, оларды дәлелдеуде; -кез келген проблема не ақпаратты жан-жақты тұрғыдан қарастырғанда; бірлесе жұмыс жасағанда (топта, жұпта, командада); - өзгелердің пікірлерін бағалап, қабылдағанда. Зерттеушілер сыни ойлаудың түрлі компоненттерін алға тартады. Солардың ішіндегі ең маңыздылары: білім, мәселені жақсы және тереңірек түсінуі, бағалау және менталдық әрекеттерді әдейі, ырықты түрде басқару. Мәселеге қатысты кейбір білім жеке адамдардың сұрақ қойып, жаңа ақпаратты бағалауына көмектеседі. Білім назарды сыни ойлауға бағыттауға түрткі болады. Сыни ойлай білудің нәтижесінде адамдар жаңа білімге қол жеткізеді. Сын тұрғысынан ойлаупайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу керек болған жағдайда орын алады. Бағалау – талдау, шешім шығару және деректерді салыстыру сияқты процестерді білдіреді. Талдау арқылы біз шешілуі қажет мәселеге қатысы бар ақпаратты анықтап, таңдаймыз. Шешім шығару ақпараттың дұрыстығын бағалау арқылы қате пікірді жоюды білдіреді. Салыстыру дегеніміз қолдағы ақпаратты салыстырып, оны өзімізге түсінікті түрде ұйымдастыру. Жаңа философияны жасауға қажетті толық қауіпсіз негізге ие болу үшін Декарт күмәндануға болатынның бәрін күмәнді ой елегінен өткізу қажет деп шешті. Ол біздің сезімдеріміз алдамшы болуы мүмкін екенін ескертті. Декарт, қанша дегенмен, күмән туғызбайтын бір нәрсенің бар екенін ашық айтты. Мен мұнда отырмын және бәріне күмәнданамын. Егер мен күмәндансам, онда мен өмір сүріп отырмын деген сөз! «Мен ойлаймын, демек, мен бармын» («Je pense, done je suis»). Француз тілінің ең әйгілі сөз тіркестерінің бірі бүкіл әлемге өзінің латын нұсқасында таныс: «Cogito, ergo sum». Адамның өмір сүруінің ақиқаттығын ашатын осы дәлел көбіне жай ғана «Cogito» деп айтылады. Бірақ бұл жағдайда бір мәселе туындайды: біздің білімімізден тәуелсіз өмір сүретін нәрсе бар ма? Декарт «ойлау - адамның өмір сүретінін дәлелдейтін талассыз іргелі факт» деп сендірді. Бұл - алдын ала белгілі жалғыз дәлел, әрі қарайғы пайымдаулардың бастапқы нүктесі. Осылайша дүниедегі бүкіл болмыс өмір сүрудің адам түсінігіндегі ең қарапайым формасы болып есептелетін ойлаудың бар болуына тәуелді. Декарт: «Ойлау - бірден-бір тура шындық еді»,- деп қуана мәлімдеді. Оның ізбасарларының кейбірі ой - жалғыз ғана нақты дүние деп тұжырымдады! Декарт ақыл-ойды материядан да анық және айқын етті. Оның көзқарасы бойынша, менің ақыл-ойым (мен үшін) басқалардың ақыл-ойларынан айқынырақ. «Cogito» дәлелінің дұрыс екеніне Декарт неге соншалықты сенімді болды? Себебі ол айқын және дәл еді. Декарт «ойлау» ұғымы деп нені түсінді? «Ойлау - біздің қабылдауымызға байланыстының бәрі: түсіну, қалау, елестету, тіпті сезіну де ойлаумен бірдей». |