|
2.7 ресурсТапсырма. Сын трысынан ойлау
2.4-ресурс. Терминдердің анықтамасы
5-тапсырма: алдағы уақытта оқыту мен оқуда қолдануға болатынына негіздеме жазыңыз
Сын тұрғысынан ойлау
| Креативті ойлау
| Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
| Креативті ойлау кездейсоқ идеяларды ойлап табу ғана емес, анағұрлым ауқымды
түсінік болып табылады. Бұл – білім мен тәжірибеге негізделген, адамдардың көбіне
күрделі және мүмкіндіктер шектеулі жағдайларда ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне көмектесетін нақты құзіреттілік.
Креативті ойлаудың соңы жоқ. Бұл креативті ойлаудың ерекшелігі. Бұл адамға кедергілерден арылуға және елестетілмейтінді елестетуге, белгілі бір дүниені ойлап табуға мүмкіндік береді. Ақыл креативті ойлау жағдайында кез-келген нәрсені ойлауға еркін. Сыни тұрғыдан ойлау жағдайында сіз бірнеше таңдау жасауға мәжбүр боласыз, ал креативті ойлау жүйесінде бұл басқаша. Креативті ойлау жағдайында әр түрлі таңдау жасалмайды. Креативті ойлау жаңа және ой қозғаушы идеяларды қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан креативті ойлаудың бәрі қиял мен ұшқыр ойға қатысты деп айтуға болады.Креативті ойлау да ақыл еркін болады. Кез-келген тұлғаның бойындағы идеяны ойлап табуға, оны дамытуға мүмкіндік береді.
| Мысалдар
| Тізбектелген сабақтар топтамасында алғашқы сабағымда сын тұрғысынан ойлаудың «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқулықтан тақырыпты оқып, белгілеп алуларын ұсындым. Таратпа материалдар мен оқулықты пайдаланып, оқушылардың арасында ынтымақтастық орнату, жаңа тақырыпты жақсы меңгеру, ойлау қабілеттерін арттыру, сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмысқа үйрету мақсатында постер жасаттым. Постер жасағанда оқушыларда қызығушылық, пікір алмасу, ұжымдық жұмыс, ұйымшылдықты көрдім, тек бір оқушы сабаққа аса кірісе алмай шеткері отырды. І топта Ә, ІІ топта Ж. , ІІІ топта Б оқушыларды ұйымдастырып оқушыларды жұмысқа бағыттап отырды . Оқушылардың ойын жеткізу, еркін сөйлеу соның ішінде физика тілінде сөйлеуге, ғылыми ой-қорытындыларын жасау, сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге жеткізу мақсатында құрған постерлерін қорғаттым. 3 топ бойынша Ж., Б., Б., С. қорғады. 1 топ бойынша зерттеуге алған оқушы А., С., К., Ә. қорғаса, 2 топтан Д., А., Н., Д., Р., Ж. Ж. қорғады. Бұл жерде топтың барлық мүшелерінің шығып қорғауынан олардың бойларында жауапкершіліктің артқанын көрдім. Дегенмен сыни ойлау қабілеттері аса дамымай, көлемді ойламай, тақырып сұрақтарына бір бағытта жауап қайтарды. Осы жерде олардың сыни ойлауын дамыту мақсатында оларға неге?, неліктен? деп ары қарай кең көлемде ойлануын талап ететін сұрақтарды бағыттадым, оқушыларым көңіл толтырарлықтай жауап бермеді, бірақ, қара жәшіктен шығып ойлануларына жол аштым. Топ басшысы әрі дарынды оқушы Әсел қай жерде, қай сабақта болмасын, өзінің алда екенін жауап беру мәнерімен тағы дәлелдеді. «Сын тұрғысынан ойлау» - сынау емес, бұл шыңдалған ойлау. Оқушы өзі ойлану барысында білімге деген ынтасын дамытады, ой-өрісін кеңітеді, ең бастысы – оқушыны шаршатпайды. Келесі әрекетім оқушылар сыни тұрғыдан ойлану үшін экраннан суреттер көрсетілді. Көзбен көретін айғақтар. 1 суретте Қай жұмысшының энергиясы көп? Самат: 1 ші тамақ ішіп жатқан адамның энергиясы, себебі, тамақтағы энергия ішке жиналады да күшке жиналады. 2 суретте Жұмысшылар кірпіштермен механикалық жұмыстар атқаруда. Жұмыс атқарылған сайын жұмысшылардың жұмысқа деген қарқындары азаяды. Неліктен? Ж. Жібек: Күші азаяды. Неліктен дейді, олардың қуаттары азаяды, энергиялары шығындалады. 4 суретте төмендегілер жұмыс атқарғанда энергияның қай түрі шығындалады? 1) Автомобильдер? Жанболат: Бензинді шығындайды, 2) Самолеттер? Аян: Әуеде ұшқанда жанармайды шығындайды, 3) Заводтағы станоктар, Бақытбек: қуат көзі немесе станоктар қайда қосылады? Ток көзіне. 4) Адамдар? Адина: Адамдар жұмыс істегенде адамның күш-қуаты жұмсалады деп сыни тұрғыда ойлай отырып жауап берді. Тағы бір зерттеуге алған төмен деңгейлі оқушым А-ның осы жерде алға ұмтылып, сабаққа деген қызығушылығының артқанын көрдім.
Қолданған әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Оқушының тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.
Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылатын болғандықтан өзімді де дамытып, келесі талаптарды ескеру үстіндемін:
оқушыға пікірін бүкпей, ашық айтуға мүмкіндік беру; оқушыға ешқашан «сенің айтқаның дұрыс емес» деуге болмайды; оқушылар басқаларының, бір – бірінің жауаптарын сын тұрғысынан бағалайды.
| Пән бойынша сабақтарда креативті ойлау дағдысын дамыту тактикалары.
Пән бойынша сабақтарда креативті ойлау дағдысын дамыту тактикаларын бірі Неліктен? Қалай? тактикасы және мәтінмен жұмыстану тактикасы. Бүгінгі сабақта аталған тактикалар «Компас» және «Кедергілер картасы» тәсілдерді физика сабағында қолдануға болады. Физика пәні табиғат туралы ғылым болған соң болжама гипотеза, бақылау эксперимент міндетті түрде деп ойлаймын. Синектика тәсілі мысалы пән бойынша медицина, ғылымға қатысты мәселелерді қарастырып соңынан оны қолдану жолдарын іздейді. Ал фантастикалық балама бұл жерде әр оқушы жеке жұмыстарда қолдануға болады. Мысалы: бір тақырыпқа әр жеке тұлға өз ойын дамытып жеке ертегі құрастырады. Фокальды объектілер әдісін модель жасауға қолдануға болады. Мен ойымша бұл әдіс топтық жұмыста қолдануға сай. Креативті ойлау дегеніміз қоршаған ортада өз идеясын өркендеуге, дамуға және нәтижеге жетуге бағыт алған тұлғаны айтуға болады.
Қ азіргі таңда кең таралған репродуктивті технология білім саласында көп қолдана бастады. Оның мәні: жаңаны игеру бекіту қадағалау бағалау сұлба ретінде сабақ жүргізу. Креативтік яғни, шығармашылық процесс.
| |
|
|