Жас каламгер ксж. лытау ауданы кімдігіні лытау ауданыны білім бліміні
Скачать 82.8 Kb.
|
Ұлытау ауданы әкімдігінің Ұлытау ауданының білім бөлімінің «Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай ЖОББ мектебі базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-сі «Жас қаламгер» қолданбалы курсының /Күнделікті сабақ жоспары/ ( 6-сынып, 1 сағат саны) 2020-2021 оқу жылы Құрастырған : Акдаулетова С.Н музыка пәні мұғалімі Елді мекен:Қарағанды облысы Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті Сабақ:№1 Тақырыбы: Кіріспе «Тілші-мамандығы туралы ой» Мақсаты: Курстың мақсат, міндеттерімен таныстыру Сабақ барысы: Бұл қолданбалы курс оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттырады. Сондықтанда курсқа тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп аша білетін оқушылар тартылады. Сабақта ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу көзделеді. Ең бастысы, оқушы өзінің бейіндік бағдарын анықтай алады, шығармашылық жұмыс түрлеріне төселеді, коммуникативтік құзырлылығы дамиды. Қолданбалы курстың мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру, шығармашылық ізденісін дамыту. Қолданбалы курстың міндеті: Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау; Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту; Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету. Оқушыларды ойды көркем жеткізуге үйрету Мақал-мәтел, нақыл сөздерді мол пайдалануға баулу Сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру. Тапсырмалар орындау: Отбасы тақырыбына нақыл сөздер мен мақал-мәтелдермен танысып келу. Сабақ:№2 Тақырыбы: Журналистік қызмет Мақсаты: Журналист сөзінің мағынасы және журналистік қызмет түрлерімен таныстыру. Сұхбат алуды үйрету. Сабақ барысы: Журналистика (французша-journal,немісше-journalistik,ағылшынша-journalist) Журналистика 1) баспасөз,радио,теледидар,кино,интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар,саяси,әлеуметтік экономикалық,мәдени рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылққа мәлімет беріп,қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет журналдарының жүйесі,оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын,теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы. Журналистика терминінің өзі алғаш рет Францияда пайда болған.Ал Ресейде бұл термин әуелгі кезде журналдар жиынтығы деген мағынаны білдірсе,19 ғасырдың ортасынан бастап барлық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады.Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды. 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың басында фотография мен киноматографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистика дүниеге келді. 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика, 40-жылдарынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады. 20 ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшандығы жөнінен журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы-Интернет жүйесі пайда болды. Журналистиканың түрлері Журналистиканың әрбір түрі (газет,журнал,радио немесе телебағдарлама) нысанды қай жағынан ашып көрсетуді өзі таңдап, әрқайсысы оған өз тұрғысынан келеді. Әйтсе де,олардың ішінде публисцистикалық, көркем және ғылыми, т.б шығармалар журналистика табиғатын тереңірек танытады.Мысалы, қоғамдық-саяси журналистика кең аудиторияны қамтумен бірге заманауи мәселелерді көтере отырып, әр түрлі бұқаралық аудитория қабаттарына ағымдағы ақпараттарды жеткізуде негізінен публицистика жанрына басым мән береді.Басылымдар мен бағдарламалар,тіпті жекелеген материалдар мен көрсетілімдер кейде мүмкін болатын аудиторияның барлығына бірдей бағытталса,кейде белгілі бір әлеуметтік және саяси топтарға (мамандығы,кәсібі,мүддесі,жас ерекшелігі,жынысы......) арналады. Журналистика салаларындағы осындай ерекшеліктерді ажырата білу барлық адамдар мен әлеуметтік топтарға белгілі бір газеттер,журналдар, радио және телебағдарламаларға тікелей байланысуы арқылы өздеріне қажетті әлеуметтік және кәсіби ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Қазақстан журналистері мемлекетік немесе мемлекеттік емес ақпарат құралдарының қай саласында қызмет атқарса да,негізінен,оқырмандар алдындағы азаматтық жауапгершілігін терең сезініп,саяси,әлеуметтік мәселелер туралы принциптік көзқарас ұстануда. Олардың құрылтайшылар ықпалында қалып қоймай,журналист этикасына адал болуына, өзара кәсіби тәжірибе алмасуына Қазақстан Журналистер одағының сьездері мен өзге де бас қосуларының, халықаралық медиафорумдарының, ықпалы мол.Журналистердің Қазақстанда шын мәнінде тәуелсіз,алайда өзге де азаматтардың құқықтарын бұзбай қызмет атқаруына Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы кепілдік береді. Тапсырмалар орындау: Оқып танысу.Үйдегі ата-аналарынан сұхбат алу. Сабақ:№3 Тақырыбы: Тілші мен аудитория(аудиторияның ықыласын аудару тәсілдері ) Мақсаты: Тілші туралы мағлұмат беру. Сабақ барысы: Тілші– хабар жеткізуші, хабарлаушы. Редакция аппаратында қызмет істейтін штаттағы маман-журналист (меншікті Тілші, Тілші-ұйымдастырушы т.б.), редакцияның ерекше тапсырмасын орындаушы (арнаулы Тілші) немесе журналистиканың арнайы бір саласына маманданған қызметкер (мысалы, фототілші); Штаттан тыс, бірақ бұқаралық хабар мен насихат қызметіне тұрақты қатысатын редакция қызметкері (жұмысшы немесе ауылдық, әскери, жас Т., т.б.); Бұқаралық хабар мен насихаттың басқа бір органына хабар не мақала жазушы газет, радио, телеарна редакциясы (ұжымдық Т.). Іскерлік қарым-қатынас тілі маманның белгі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді. Маман өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді. Сөз сөйлеу композициясының негізгі талаптары:Тақырыпты анықтау,сөйлесушілерге қойылатын сұрақтарды алдын-ала қарастыру (Кіріспе), оны негізгі деректер мен дәлелдемелермен таныстыру (негізгі бөлім), айтылғаннан қысқа,әрі нақты қорытынды жасау (қорытынды). Сөз сөйлеудің құрамды бөлігі шамалас болу керек. Егер кіріспе негізгі бөлімнен ұзағырақ болса жеңіл және дерексіз болып қалады. Созылып кеткен қорытынды тыңдаушыға автордың өз шешімдеріне сенімсіздігін көрсетеді. Тапсырмалар орындау: Көпшілік алдында сөйлесуге күнделікті дайындық жасау. Сабақ:№4 Тақырыбы: Тілшінің сөйлеу мәдениеті Мақсаты: Тіл мәдениеті және сөйлеу мәдениеті жайында мағлұмат беру. Сабақ барысы: Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану. Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды: тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы); этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері); коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады. Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз - ең алдымен, ауызша және жазбаша әдеби тіл өлшемдерін, яғни айтылу ережелерін, екпін, сөз саптау, грамматикалық және стильдік ерекшеліктерін, сонымен қатар тілдің барлық мәнерлі амал-тәсілдерін айтылған ойдың мазмұнына сай қарым-қатынас процесі барысында қолдана алу әрекеті. Ілтипатты қарым-қатынасты халқымыз ерекше бағалап, «Әдептің басы – тіл», «Сыйластық екі жаққа бірдей», «Сыпайылық жоқ жерде сыйласу да жоқ», «Әдептілік – әдемілік, әдеп сөзден білінеді», «Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде ұғарсың», және т.б, нақыл сөздерді кейінгі ұрапақтарға қалдырған. Сөйлеу мәдениеті туралы өз заманында ұлы қаламгер М.Әуезов нақты дәлелмен мысалдар келтірген: «Сөз шіркін де адам секілді ғой. Оның да ала- құласы көп. Орнатқан жеріңе қорғасындай құйыла қалатын орнықты сөз бар да, қурайдың басында қылп-қылп етіп ұшып кеткелі тұрған торғайдай ұшқалақ сөз бар. ...Халық соны біліп, сөз екеш сөзді де «одағай сөз, сүйкімді сөз, сайқал сөз, салқын сөз, жылы сөз» деп, түр-түске бөліп жүр ғой. Біз жазушы болғандықтан, осының барлығын білуіміз керек. Солай мәні мен әріне, әуені мен мүсініне қарап електен өткізіп, сұрыптап алмасақ, жазған шығармаларымыз әлде бірдемеге ұқсап кетер еді»
Тапсырмалар орындау: Ауызекі сөйлеу тілін жаттау Сабақ:№5-6 Тақырыбы: Журналистік мәтін. Мақсаты: Мәтін және журналистік мәтін туралы мағлұмат беру. Сабақ барысы: Мәтін – журналистік қызметтің ең негізгі өнімі. Журналистік мәтін – бұқаралық ақпараттың құралы боп табылады. Журналистік мәтін – хабардың сақтаушысы . Журналистік мәтіннің қызметтік аспектісі: мақсаттар, міндеттер, әсер құралдары. Журналистер (PR-мамандар) тұтынушыға әрқилы ықпал ететін мәтіндердің көмегі арқылы аудиториямен араласады. Алайда, кез келген жағдайда, журналистік мәтін мен PR-мәтіннің іс-әрекетке түрткі болу тұрақты міндеті болып табылады. «Іс-әрекетке түрткі болу» түсінігі екі жақты: бір жағынан, қоғам журналисті қандай да бір тақырыпқа жүгінуіне түрткі болады, ал екінші жағынан – журналист өз мәтінінде қандайда бір тақырыптың басын аша отырып, қоғамның оған назарын аударып, азды-көпті белсенді шаралар (тақырыпты жай түсінуден іс жүзіндегі іс-қимылға дейін) қолдануына түрткі болады. Осындай қарым-қатынастар әлеуметтік тапсырыс мазмұнын құрайды. Журналистік мәтін мен PR-мәтіндердің туындауы мен олардың қабылдануы барынша әртүрлі, бірақ, осы туындаулардың бір талабы әрқашан өзгеріссіз қалады – ол әлеуметтік тапсырыстың бар екендігі, ол жағдайда не журналист (PR-маманы) өз пікірі бойынша қызықты тақырып таңдайды, я болмаса қоғам БАҚ байланысы арқылы оқырмандармен журналисті (PR-маманды) қызықтыратын тақырыпқа ой салдырады. Журналистің (PR-маманның) бұқаралық аудитория қатарына жататындығын ескере отырып, жоғарыда айтылған екі жағдайда да әлеуметтік тапсырыстың айқын екенін түсінеміз. Журналистік мәтін мен PR-мәтінге реакциялардың туындау талаптары мәтіннің аудиторияға жасайтын ықпалының спецификасына байланысты. Аудиторияны баурап алуы мен ықпал ету радиусының ең кең және нақты іс-қимыл тұрғысынан енжарлы болып қоғамдық пікірдің реакциясы болып табылады. Түрткі болу реакциясы ұсынылған ақпараттың әсіре қызығушылық танытатын кішірек, дегенмен барынша белсенді аудиторияның сегментіне бағытталған. Атқару реакциясы деген атының өзі тұтынушының бұрынғысынан артық болатын белсенділігін білдіреді. Алайда, кәсіби журналистке (PR-маманға) реакцияларды дұрыс болжамдап қана қоймай, оларды басқару тек практикалық тәжірибемен бірге ғана іскерлік пайда болады. Тапсырмалар орындау: Отбасы тақырыбына мәтін құрастыру. «Армандар орындалады» интервью сұрақтарын даярлау Сабақ:№7 Тақырыбы: Материалдың құрылымы алғашқы нұсқасы және өңдеу. Мақсаты: Тақырып жөнінде мағлұмат беру. Сабақ барысы: Ақпарат дайындалып болғаннан кейін материалдың құрылысын жоспарлау керек. Жалпы айтқанда, бұл – фактілердің берілу реті. Бірақ материалдың сәтті шығуы оның құрылымына байланысты. Көбіне мәселе бір ғана негізгі оқиға туралы болады. Онда әдетте алдымен сол факті айтылып, әрі қарай қосымша деректерге орын беріледі. Мұндай жағдайда оқиғаның хронологиясы сақталмауы мүмкін. Сондықтан материалдың түсініксіз болып қалмауына мән бермеу керек. Ал егер тақырыпта маңызды факт бірнешеу болса, шаруа күрделенеді. Онда көбіне мынадай әдіс қолданылады. Фактілерді ең жаңасынан бас-тап алғашқы сөйлемдерде айтып өтіп, келесі абзацтарда әрқайсысына кеңірек тоқталады. Ең бастысы, бір-бірімен байланысты фактілер шашырап кетпеуі керек. Келесі кезеңде материалдың алғашқы нұсқасы жасалады. Яғни, фактілер белгіленген рет бойынша қағазға түсіріледі. Соңғы кезеңде «черновик» өңделеді. Алдыңғы кезеңдерде журналистің жұмысы табысты болса, бірінші нұсқаға көп өзгеріс жасалмауы мүмкін. Тапсырмалар орындау: «Мектеп кеме,білім теңіз» тақырыбына материал дайындау. Сабақ:№8-9-10 Тақырыбы: Жазу процесі. Мақсаты: Жазу процесі туралы мағлұмат бере отырып, мақала жаздыруды үйрету. Сабақ барысы: Газеттің типтік мазмұнын екі бөлікке бөлуге болады: Жаңалықтар / Ақпарат және Жарнама. Жаңалықтар өндіріс репортерлар өздерінің сюжеттеріне шығып, сюжеттер жинау және оқиғалар туралы хабарлау, сондай-ақ маркетинг бөлімін алудан басталады жарнама күнделікті газетке. Бұл журналистердің өз материалдарын күнделікті дайындайтындығынан және электронды түрде пошта арқылы редакторға өз материалдарын жіберуден басталады. Әрқайсысы репортер редакциядағы белгілі бір жұмыс үстелімен жұмыс істейді, олардың кейбіреулері: метро үстелі, спорттық үстел, іскери үстел, саяси үстел, білім беру бөлімі және басқалары. Жаңалықтарды жинау және тарату әрбір газет үшін маңызды, өйткені бұл газет үйінің халық алдындағы міндеті және бұл олардың жарнама берушінің қамқорлығын анықтай алады. репортер қызыл қаламды немесе қызыл қаріптің түсін пайдаланып, бас ішкі редактор көк түстерді пайдаланады Редактор жасыл түстерді қолданады. Бұл белгілі бір оқиға бойынша жасалған әр редакциялау әлі де бас редактордың немесе бас редактордың түпкілікті редакциясына ұшырайтынын айтады. Пайдаланылған ақпарат көздеріне Reuters, Associated Press және т.б. сияқты жаңа агенттіктер ұсынған ақпараттар, сонымен қатар Интернеттен алынған ақпараттар кіреді. Бұл, мысалы, мемлекеттік департаменттер сияқты үкіметтік көздерден болуы мүмкін. Компаниялар үйі, деректерді жинауға мамандандырылған коммерциялық ұйымдар және басқа да арнайы ұйымдар. Сонымен қатар, әрдайым өзінің нақты дәлдігімен танымал бола бермейтін әлеуметтік медиа деп аталатын бұқаралық ақпарат құралдары бар. Пресс-пресс - бұл фотосуреттер өңделетін, жарнамалар жасалынатын және құрастырылатын және газеттердің барлық беттері салынады және безендіріледі. Сюжеттер өңделгеннен кейін, редактор және басқа да редакторлар редакциялық конференцияға қатысып, бір күн ішінде газет ішінде не болатынын анықтайды. Содан кейін мүмкіндігінше әр редактор өз беттерін жоспарлауы керек. Маркетинг бөлімі сонымен қатар оны жібереді жарнамалар жарнамаға берілген парақтарды көрсете отырып төленгендердің барлығы осы беттерді жоспарлау процесінде қосу үшін редакцияға жіберіледі. The газет жоспарлау әр парақтың түпкілікті көрінісінің прототипін беру үшін жалған парақта жасалады, бұл бетті жоспарлау деп аталады. Жоспарлағаннан кейін, редакция бұған дейін жоспарланған беттерді графикалық бөлімге бағыттайды, ол жерде лақап парақтар мағыналы болып өзгереді. сандық форма. Баспасөз алдында мәтін, суреттер, кесу сызығы, графикажәне графикалық иллюстрациялар, сондай-ақ түстер газет беттерін құру үшін біріктіріледі. Кейде кішігірім газеттер жұмыс үстелінде баспа бағдарламаларын қолданады (DTP) сияқты Corel Draw, Adobe PageMaker, Adobe InDesign, Quark XPress және басқа графикалық дизайн бағдарламалық жасақтама. Бұл бағдарламалық жасақтама мүмкіндік береді графикалық беттерді оңай құрастыруға және оларды принтерге арналған принтерге шығаруға арналған дизайнер түзету және түзетілген және дайын беттерді RIP-ке жіберу (Растрлық сурет процессоры). RIP өзгереді PostScript (PS / EPS) немесе PDF растрленген беттер TIFF G4 деректер. TIFF деректері әдетте CTP-құрылғысында a көмегімен бейнеленеді Лазерлік тікелей офсеттік баспа табақтары. Бұрын - және тіпті кейде - деректерді бейнелеу фильм-жұмыс ағынының көмегімен жасалды. Сонымен, деректер алдымен а-ға түсірілді фильм содан кейін фильм көшірілді Ультрафиолет сәулесі ультрафиолет сәулелеріне сезімтал офсеттік баспа табақтарына. Баспасөзге дейінгі газеттің соңғы кезеңі кескінделген офсеттік баспа табақтарын ішіндегі табақша цилиндріне орнатуға дайындайды. пернесін басу. Пластиналарды цилиндрге оңай және дұрыс орнатылуы үшін оларды бүгу керек және оларды жиі тесу керек. Басып шығару процесі - бұл газет шығару кезіндегі негізгі процесс. Сонымен қатар, ақылға қонымды өндіріспен жылдамдық пен сенімділік баспа өнімдерін өндіру мен өңдеудің негізі болып табылады.[2] Газет баспалары тек өңделіп жатқан тауарларды ғана емес шығарады (парақтар, қолтаңбалар немесе баспа орамдары), бұл әдеттегі баспа машиналарында сияқты. Оның орнына роторлы баспа машиналары дайын өнім болып табылатын көшірмелер шығара алады. Әдеттегі газет баспасы екі бөлікке бөлінеді: басу және бүктеу. Басып шығару Газет баспасының алғашқы функциялары - қағаз орамаларын жүктеу және тарату. Бұл функциялар пастер. Пастерлер қағаз катушкаларын босатып, қағаз орамдарын өндірістің толық жылдамдығымен автоматты түрде ауыстырады (мысалы, сағатына 100.000 дана). Көбінесе пасторлар баспа мұнараларының астына орналастырылады. Мұнаралар көбінесе басып шығару үшін төрт баспа бөлімдерінен тұрады КөгілдірГазет қағазына қызыл, қызыл және қара сия. Түстер барабанның екі жағына жабыстырылған кезде газет қағаздарының торы баспа мұнарасында жоғары қарай жүреді. Әдетте әр параққа әр түске бір жеке баспа табақшасы келеді. Бұл баспа табақшасы баспа мұнарасының құрамына кіретін баспа қондырғысының ішіндегі табақ цилиндріне орнатылған. Заманауи баспа машиналары әр парақта толық түсті басып шығара алады. Төрт түсті баспа қондырғысы қағаз торының бір жағына басып шығару үшін қолданылады, ал басқа төрт баспа бірлігі артқы басылымды қағаз торына қолданады. Алдыңғы және артқы жағын басып шығару бір уақытта болуы мүмкін (көрпеден-көрпеге-конфигурация) немесе басқасынан кейін (спутниктік конфигурация) Баспа блоктары тек бір парақты цифрлық баспа сияқты басып шығара алмайды, оның орнына газет баспаханаларындағы мұнаралар 24 параққа дейінгі парақтарды басып шығара алады. толық түсті. Егер баспа бірнеше мұнарадан тұрса, бірден көптеген беттерді басып шығаруға болады. Бүктеу Қапшық басылған желілер басталған кезде басталады. Папка таспаларды шығарып, осы ленталарды парақтарды бір-бірінің үстіне сұрыптайтын етіп біріктіре алады. Бүктеу процесі супер құрылым деп аталады және басу процесінің соңында негізгі жиналмалы қондырғыларда аяқталады. Таспалар газет беттері бір-бірінен бөлініп, папка газеттердің көшірмелерін жеткізу белдеуіне жатқызатындай етіп қиылады. Алғашқы шынайы баспа машиналарын шығарған Кениг және Бауэр. Лондонда орналасқан The Times алғашқыда 1819 ж. қарашаның 28-нен 29-на қараған түні қол басқыштың орнына айналмалы / жалпақ станокта басылды. Бүгінгі таңда Goss сияқты басқа өндірушілер, Manroland веб-жүйелері, TKS, Mitsubishi және TPH баспасөз нарығында. «Қалай бастасам екен?», «Тәуір материал шыға ма, жоқ па?», «Қашан аяқтап кең тыныстайтын кез келеді?». Бұл кез келген журналистің басында болатын ең азапты сәттер шығар. Материалды кешіктірмей беру керек. Бірақ жазарға сөз таппайсың. Материал жазуды үлкен проблемаға айналдырмаңыз. Күнделікті жұмыс немесе хобби ретінде қарауды дағды еткен дұрыс. Және азапқа түспей, уақытты созбай тез бастап кеткен дұрыс. Жазатын тақырып белгілі, мәліметтер бар ғой. Ендеше бірден кірісіңіз. Ұнамаса өшірерсіз. «Қолыңызға сеніңіз. миды біраз демалдырып, саусаққа ерік беріңіз. Саусақтың сүйектері мен мидың арасында байланыс бар. мен кла‑вишті баспай тұрғанда не жазатыным, бұл абзацта не айтқым ке‑летінімді онша анық білмейтінмін» дейді Рой Питер Кларк. Жарты сағат ойланып барып жаздыңыз не, бірден бастадыңыз не жалпы алғанда нәтиженің айырмасы шамалы. Бірақ уақытты «толғанумен» өткізсеңіз, кейін материалды өңдеуге үлгеремей қалуыңыз мүмкін. • Тілдің қарапайымдығы, түсінікті болуы – журналистиканың басты қағидаларының бірі. Журналистика – көркем әдебиет емес. Әдемі, сирек кездесетін сөз іздеп қиналмаңыз. Сырты жылтырағанымен, оқырманға еш дерек бермейтін сөзге қызықпаңыз. Картинаны дәл беретін күшті етістіктерді пайдаланыңыз. Оқиға ортасында жүргенде өзіңіз қандай әсерде болдыңыз? Оқып отырған адам да сондай күй кешсін. • Жақсы материал жеңіл әрі тез оқылады. Сөйлемдеріңіз ұзын болмасын. Мүмкіндігінше сөйлемді жеті-сегіз сөзден асырмаған дұрыс. Материалдың қызғылықты тілмен баяндалғаны жөн. Юморды пайдаланыңыз. Егер әңгіме қайғылы жайт туралы болмаса, әрине. Сын есімдерді аз қолданыңыз. «Қатал кісі» дегенше оның осы мінезін көрсететін деталь келтірген дұрыс. Сәнге айналған терминдерден қашыңыз. Олар көбіне автор білімін көрсету үшін қолданғандай әсер қалдырады. Интеллект түсінуге ауыр терминдердің көптігінен емес, материалдың сапасынан көрінеді. • Цитата келтірсеңіз, екі-үш сөйлемнен аспасын. Құлаш-құлаш цитата – өзінің жазатын нәрсесі мардымсыз, бірақ материалдың көлемін біреудің сөзімен ұлғайтқысы келетіндердің ісі. •Мораль оқымаңыз. Есіңізде болсын, пікір айту, баға беру, қорытынды жасау – басқа материалдың міндеті. •Жазып біткеннен кейін бірнеше рет қайталап оқыңыз. Оқырманның көзімен қарап көріңіз. Түсіну үшін қайталап оқуға мәжбүр етпеңіз. Ауыр сөйлемдерді басқаша жазыңыз. Шұбалаңқы болса бөліңіз. 15 сөзден құралған сөйлемнен 5 сөзден тұратын сөйлем әлдеқайда жақсы. Артық сөздерді алып тастаңыз. (Көбіне «сонымен бірге», «сондай-ақ», «сондықтан», «ал», «бірақ», «себебі», «өйткені», «осыған байланысты»деген секілді шылаулар орынсыз қолданылады). Қайталап оқығанда материалға сөйлем қосуға емес, керексізін табуға, кедір-бұдырын түзеуге ден қойыңыз. Газетке шыққаннан кейін де әлсіз жерлерін табу үшін оқыңыз. Ең бастысы, көп жазыңыз. Сонда мақала жазу үлкен проблема болудан қала бастайды. Еңбек пен ізденіс алмайтын биік жоқ. |