СЖ 5 Ресмиіскерлік мтіндерді стилистикалы ерекшеліктері
Скачать 26.01 Kb.
|
СӨЖ №5 Ресми-іскерлік мәтіндердің стилистикалық ерекшеліктері. Ресми-іс қағаздары стилі екіге бөлінеді: ресми-құжаттық және ресми-іскери. Ресми-құжаттық мәтіндерге заң мәтіндері (заң және дипломатиялық актілердің мәтіндері), ресми-іскери мәтіндерге – қызметтік хаттар мен іскери қағаздар жатады. Ресми-іскери стиль туралы айтқанда, біз көбінесе жазбаша мәтіндер туралы айтамыз. Сондай-ақ ауызша ресми-іскери мәтіндер де кездеседі. Оларға ресми кездесулердегі, жиындардағы, мәжілістердегі, жиналыстардағы бұқаралық ақпарат құралдарына лауазымды тұлғалардың берген сөздері және т.б. жатады. Аталмыш функционалды стиль мәтіндеріндегі негізгі ой ғылыми стильдегі сияқты бірізділікпен баяндалады. Сонымен қатар, кейбір ресми құжат түрлерінде (мысалы, іскери хаттарда) ақпаратты баяндаудың бірізге түскен тәртібі бар: адресантты таныстыру, өтініштерді, ұсыныстарды, шағымдарды және т.б. баяндау; талаптарды ұсыну; туындаған мәселелерді шешу жолдарын ұсыну; автордың қолы қойылған қорытынды, айы-күні, жылы. Ресми-іскери стильдегі мәтіндер адамзат өмірінің және халықаралық қатынастардың маңызды аясын қамтамасыз ететіндіктен, мұндай мәтіндерді аудару кезінде түпнұсқаны толық беру керек. Ресми-құжат мәтінінің авторы заңгер немесе заңгердің көмегіне жүгінетін, қоғамның кәмелетке толған азаматы болып табылады. Заң мәтіндерінің авторына және қабылдаушысына қатаң талап қойылады. Ол белгілі бір заңды қоғамдастықтың, алқаның мүшесі болып табылатын тәжірибелі заңгер болу керек. Егер құжатты қарапайым азамат толтыратын болса, онда ол психикалық есі дұрыс, өзінің жеке басын нақтылай алатын және белгілі бір заң операциясына қатысу құқығына ие болуы керек. Жалпы айтқанда, ресми-іскери, заң мәтіндерінің стилі көп жағдайда тұрақты тіл бірліктердің қолданылуымен ерекшеленеді. Барлық ресми мекемелердің негізгі құжаттарының (келісімшарттар, келісімдер, анықтамалар, куәліктер және т.б.) шаблон үлгілері болады. Осыған байланысты, тәржімеші аудармамен айналыспайды, тек қана ескі үлгілер бойынша жаңа мәтінді құрастырады. Ресми-іскери стильдегі терминдердің көптігі оны ғылыми стильмен жақындастырады. Бұл стильде заңгерлерге таныс, сондай-ақ оқырман қауымға түсінікті терминдер кездеседі. Заң терминдерінің арасында халықаралық лексиканың (домициль, апелляция, кассация, репатриация, коммюнике, реституция, дуайен, реторсии, атташе және т.б.), көп екендігін байқауға болады. Мұндай лексикалық бірліктердің арасында ұқсас немесе мағынасы бойынша жартылай ұқсас сөздер, яғни «аудармашының жалған достары» өте көп кездеседі. Ғылым, іс қағаздарын жүргізу және заң шығару, бұқаралық ақпарат құралдары және саясат салаларында тіл түрлі қолданылады. Қоғамдық өмірдің аталған әрбір салаларында өздеріне лайық тіл, яғни лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және мәтіндік жағынан ерекшеленетін әдеби тіл қолданылады. Әдеби тілдің осындай түрін функционалдық стиль деп атайды. Ресми-іскери стиль жоғарыда атап өткендей заң шығару, экономика, басқару, елшілік қызмет және тағы басқа да әлеуметтік-құқықтық қарым-қатынастарға тән. Іскери стиль үлгілеріне ақпараттық жарнаманы, патенттік стиль, тұрмыстық-іскери сөйлеу (арыз, түсініктеме, қолхат, т.б.) үлгілерін жатқызады. Ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттама іскери жазба стилін толықтай аша алатын жазба түрі. Ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттама ресми-іскери стильдің негізі, іскери жазба тілінің орталығы болып табылады. Құжат – адамдар әрекеттерін басқаратын, заңды күші бар мәтін. Осыдан мәтіннің құрылуы мен жазылуына, бұрмалаушылық мен ауыспалы мағыналарға жол бермеушілікке деген талаптар да жоғары болады. Осындай талаптарға тек алдын ала әзірленген, редакциядан өткен жазбаша тіл ғана жауап бере алады. Ал ауызша сөйлеу тілі болса, алдын ала дайындықсыз, аяқ астылық сипатта болған соң мұндай талаптарға жауап бере алмайды. Ал сол талаптарға жауап беру үлкен үрдіс болып табылады. Сол себептен де құжаттар жазылып қана қоймай, маманармен құрастырылады. Сондықтан құжаттарда әрдайым тұрақталып қалған, стандартты сөз орамдары пайдаланылады: Бұйрықты орындау үшін..., ... Хаттамасына сәйкес..., Келісім шарт қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді..., т.б. Іскери құжаттама тілін стандарттау құжатқа заңды күш беретін коммуникативтілік нақтылық деңгейімен қамтиды. Кез келген сөз немесе сөз тіркесінде тек бір ғана мағына мен түсінігі болуы қажет. Мәтінде осындай деңгейлі нақтылыққа қол жеткізу үшін тиісті сөздерді, атауларды, терминдерді қайта-қайта қайталап отыру қажет: Алдын ала төлеу кезінде Тапсырыс беруші төлем жасағаннан кейін үш күн ішінде Орындаушыға банкпен бекітілген көшірмесін ұсынуы немесе оған жеделхат арқылы хабарлауға міндетті. Тапсырыс беруші берілген тармақтың талабын орындамаған жағдайда Орындаушы келісім шартқа қол қойылған күннен он күн ішінде тауарды сатуға құқылы. Осы себептермен басқа жазба тілінде кемшілік болып есептелетін және артық сөз ретінде қарастырылатын белгілер іскери жазба тілінің міндетті, ажырамас стилистикалық сипаты болып табылады. Ал ауызша іскери сөйлеу тіліне бұл сипат мүлдем тән емес, яғни диалогтік сөзде белгілі бір лексемаларды қайталап отыру сөйлеушінің қолданатын синтаксистік құрылымын жақсы ойластырып, алдын ала дайындалып алу қажеттігін көрсетеді: Онда / онда біз не істейміз / не істейміз // Біз бұл құжатты факс арқылы көрсетіп / қайда / қандай бағамен ... Ресми-іскери стильде баяндау нақтылығы іс-әрекет дәлдігін көрсету үшін зат есім + етістікті сөз тіркестері арқылы беріледі: толықтыру емес толықтырулар енгізу тапсыру тапсырма беру жауап беру жауапкершілік алу шешу шешімдер қабылдау түзету түзетулер енгізу төлеу төлем жасау және т.б. Стадартты мәтіндік материалдағы нақты логиканың болуы мен эмоцияны жоқтығы ауызша іскери тіл мен жазбаша іскери тіл арасын біршама ажыратады. Ауызша іскери қарым-қатынаста эмоция көп орын алады. Себебі, сыбайласын не әріптесін өзіне сендіру, сенімділік, тұрақтылық, құрмет сияқты сезімдерді ұялату үшін эмоцияның маңызы зор. Мәтінде ақпаратты тек қана мәтіндік фрагменттер емес, соның қатар мәтін ресімделуінде пайдаланылған барлық элементтер, яғни реквизиттер де береді. Құжаттің белгілі бір түріне арналған, мемлекеттік стандартпен бекітіліген өзінің реквизиттер жинағы болады. Реквизит – құжат бланкісінде, қағазда қатаң бекітілген тәртіп бойынша көрсетілетін ақпараттық элемент. Аталуы, мерзімі, тіркеу нөмірі, құрастырушы жайлы ақпарат және т.б. әрдайым бір жерде, құжат басында не соңында (құжат түріне байланысты) орналасады. Реквизиттердің саны түрлі болады, ол құжат тағы да мазмұнына байланысты. Қазақ тіліндегі ресми-іскери іс-қағаздарына төмендегідей құжаттар жатады: - үкім; - Жарғы, жарлық; - Ереже; - хабарлама; - бұйрық; - нұсқау; - ресми хаттар; - хаттама; - жарнама; - хабарландыру. Осы құжат түрлерінің мәтіндік, синтаксистік және лексикалық сараптамасы көрсеткендей, олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар: Лексикалық айырмашылықтар: Құжаттар тілі лексикасына тән сипаттарының бірі – терминдердің қолданылу деңгейінің жоғарылығы. Соның номенклатуралық лексиканың көп кездесуі: - атаулар номенклатурасы: «Арман» ЖШС, «Олимп» ААҚ, т.б. - лауазымдар номенклатурасы: сатылымдар бойынша менеджер, жарнама менеджері, бас директор, қаржылық директор, т.б. Заң, экономика терминдерінен басқа ресми-іскери іс-қағаздар мәтінінде техникалық терминдер де көптеп кездеседі: датчик, қоректендіру блогы, сандық ағын, қозғалтқыш, жылу тасымалдаушы, минералды-шикізат базасы, көмекші техника, т.б. Осылардың ішінде қысқартулар көптеп кездеседі: АБЖ – автоматтандырылған басқару жүйесі; ПӘК – пайдалы әсеркоэффициенті; РҚН –радиациялық қауіпсіздік нормалары. Терминдерден басқа түрлі құқықтық актілер атаулары да қысқартылады: АК – Азаматтық кодекс; ҚК – Қылмыстық кодекс. Түрлі номенклатуралық сипаттағы белгілер де қысқартылады: ХВҚ – Халықаралық валюталық қор; ОСК – Орталық сайлау комиссиясы. Кәсіпорындар классификациясына жататын кәсіпорындарды иелені түрін көрсететін атаулар: ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; ААҚ – ашық акционерлік қоғамы; ЖК – жеке кәсіпкерлік. Лауазымдар номенклатурасы да қысқартылады: м.а. – міндетін атқарушы. Ресми-іскери құжаттар мәтінінде дөрекі сөздер, ауыз екі сөйлеу стиліне тән сөйленімдер мен жаргондар қолданылмағанымен, кей кездері іскери хаттарда кәсіби жаргон сөздер орын алып жатады, ол көбінесе орыс тілінде жиі кездесетін құбылыс: неучтенка, кадровик, платежка, накидка, т.б.ал қазақ тілінің ресми құжаттар тілінде көбінесе мұндай тілдік бірліктерге жол беріле қоймайды. Грамматикалық айырмашылықтар: Ресми-іскери құжаттардың грамматикалық стильдік нормаларына грамматикалық құрылымдардың бейімделуі жатады және осы таңдалған нұсқа белгілі бір құжат құрастырылуында тұрақты бекітіледі де, әрдайым қолданылатын болады. Мысалы, бұйрық мәтінінде әрбір тармақ адресаты атау септігінде, ал орындалуы тиіс іс-әрекетті барыс септігінде атаудан басталады. Бұйрық Қаныш Сәтбаев атындағы КазҰТУ-ға жұмысқа қабылдау туралы Гүлсім Бақытжанқызы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасына штаттық кестеге сәйкес оқытушылық қызметіне қабылдансын. Осыған байланысты белгілі бір септік тұлғасына сай бекіген формалардың қолданылу ретін бақылап отырған жөн. |