Главная страница
Навигация по странице:

  • Тапсырмалар орындау

  • Мақсаты

  • Жас каламгер ксж. лытау ауданы кімдігіні лытау ауданыны білім бліміні


    Скачать 82.8 Kb.
    Названиелытау ауданы кімдігіні лытау ауданыны білім бліміні
    Дата11.04.2022
    Размер82.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖас каламгер ксж.docx
    ТипДокументы
    #461041
    страница3 из 3
    1   2   3

    Тапсырмалар орындау: Сұхбат алу.

    Сабақ:№18-19

    Тақырыбы: Публицистикалық талдамалы жанр

    Мақсаты: Публицистиканың талдамалы жанрлары жайында ақпарат беру.

    Сабақ барысы:

    Публицистиканың талдамалы жанрлары индукция және дедукция, яғни талдау мен бөлшектеу әдісіне негізделген. Индукция – талдау. Бұл мәселені бөлшекке бөлу жолымен жасалады, яғни, жалпыдан – жекеге. Дедукция әлде бөлшектеу – мұнда мәселе жеке-жеке, содан кейін жалпы қаралады. Талдамалы жанрдың басқа жанрлардан негізгі ерекшелігі - журналист-сараптамашы деректерді тізіп айтумен ғана шектелмейді. Ол оқиғаны бағалап, сараптама жасап, өзге жәйттермен салыстырып, мәселені шешудегі өзінінің ұсынысын айтады. Сондықтан талдамалы жанрдағы ақпараттар ақпараттық жанрға қарағанда жан-жақты қамтылады. Талдамалы жанрдағы ең маңыздысы - мақала. Ол журналистке мәселені тұрақты, терең зерттеуге және шынайы құбылыстарды ұғындырып, теориялық жағынан топтастыруға мүмкіндік береді. Мақала негізінен ғылыми-көпшілік (ғылым мен техника жаңалықтарын жеткізеді) және проблемалық (сұрақты жан-жақты, терең талдауды қажет етеді) болып бөлінеді. Осы күнгі журналистикада материалдарды жылдам, жедел беруге тырысады. ХХІ ғасырда жаңа жанр – дерек пен түсінік беру пайда бола да бастады. Оқиғадан кейінгі келесі күні газет дерек пен түсінік беруді лезде орналастырады. Ережеге сәйкес, жедел түсінік беру өткен күннің белгілі бір маңызды оқиғаларына арналады. Түсінік берудің тақырыптары әртүрлі оқиғаларға байланысты болады.

    Жедел түсінік беру, соның ішінде дерекке түсінік беру негізгі сараптамалық жанрлар – корреспонденция мен мақаланы – біршама ығыстырды. Олардың түрлік құрамы тарылып, біздің жүзжылдығымыздың 1980-ші жылдарында газет беттерінен бас мақала ығыстырылды. Бүгінгі газет нөмірлерінде көкейкесті тақырыптағы журналистік материалдар жиі кездеседі.

    Газетте нық орын алатын журналистік зерттеу жанры сараптамалық жанрларға да ықпалын тигізді. Сараптамалық жанрлардың аса күрделі бөлігі - журналистік зерттеу бүгінгі күні белсенді жанрға айналды.

    Дәл соңғы үш-төрт онжылдықта ақпараттық және сараптамалық жанрлар бір-біріне үлкен әсерін тигізіп отыр. Ақпараттық қатардағы газеттік публицистика жанрлары сараптамалық жанрлардың кей белгілерін өздеріне сіңдірсе, сараптамалық жанрлар ақпараттық жанрлардың кейбір қасиеттерін иеленеді, атап айтқанда, репортажға тән серіктесу мен қатысу эффектісі.

    Қазіргі таңда эмоциялық бастау мен авторлық «мен» хроникалық хабар-ошардан басқа жанрларда кездеседі. Бұл жерде байқалатын маңызды нәрсе – публицистикада эмоциялық бастауды қолдануда өлшем болу керек. «Инфо-Цес», «Караван», «Из рук в руки», «Республика», және тағы басқа басылымдар хабар-ошар мен репортажды әлдеқайда жиі қолданады.

    Тапсырмалар орындау: Публицистикалық мақала жазу

    Сабақ:№20-21

    Тақырыбы: Көркем публистика жанры

    Мақсаты: Тақырып туралы түсініктеме беру.Көркем жазуға үйрету.

    Сабақ барысы:

    Ғаламтор мен ақпараттық технологиялар дамыған дәуірде материал ұсынудың жылдамдығы мен сенсациялығы, сонымен қатар, баспагер мен құрылтайшылардың газеттерді батысқа, әсіресе, америкалық басылымдарға ұқсату талпынысы қазақ газеттерінің жанрлық палитрасының тапшы болуына әкелді. Одан әрі, жанрларды, олардың ішкі заңдылықтарын білмеу журналистік әдістердің, атап айтқанда, дерек жинау әдісі, журналистің материалды ұсынуы жанрға айналуына алып келді. Бұл баспасөздегі жанрлардың сапалы өзгеруіне қызмет етпейді, керісінше, жарияланымдардың жаңа «суррогаттық» пішіндері пайда болуына әкеледі. Бұл жанрлардың ең басты айырмашылығы деректерді ұсынуында. Көркем-публицистикалық жанрда деректің құжаттылығы мен нақтылығы екінші орынға шығады. Бірінші орында автордың деректен алған әсері, оған берген бағасы мен авторлық пікірі болады. Оның негізгі жанрлары -қоғамның жақсы жақтарын жеткізетін очерк, суреттеме, сатиралық жанрлар: фельетон мен памфлет т.б. жатады. Суреттемеде ақпараттық пен көркем-публицистикалық жанрлар, жедел газет жанрлары мен очерктің бір түрі - этюд белгілері ішінара байланысады. Суреттеме болған оқиға туралы маңызды ақпаратты хабарламайды, бірақ, оны көрнекті, анық, қызықты етіп бейнелейді. Очеркте болса бір құбылыс, оқиға суреттеледі. Суреттеме сюжетті немесе сюжетсіз, даулы немесе даусыз бола береді. Очерк журналистке белгілі бір оқиға төңірегінде оқырманға түсінікті, жылдам және қызықты етіп үн қатуға мүмкіндік береді. Журналист танымал адам бейнесін, ұйым портретін, тұрмыс, түрлі көзқарастар жайлы осы очерк жанры арқылы жеткізеді. Тақырыбы бойынша очерктің бірнеше түрі бар: портреттік очерк - тұлғаның өмірі, көзқарасы жайлы әңгіме; проблемалық очерк - автор ең алдымен маңызды мәселені талдап, оның адамдар әрекетіндегі көрінісіне тоқталады. Ғылыми-көпшілікке арналган очерк - ғылыми мэселелер туралы терең және дәйекті, бірақ баршаға түсінікті тілде айтады. Сонымен қатар очеркте түрлі жанрлардың ерекшеліктері байланысады, мысалы, репортаж, есеп, суреттеме, корреспонденция. Бұл очерктің жанрлық еркіндігі  мен жан-жақтылығының белгісі Авторға материалдың сюжеттік және стилистикалық, композициялық бірлігінде хабарлау үндестігін, мазмұндау ырғағын ауыстыруға мүмкіндік береді.Көркем-публицистикалық жанрларға фельетон мен памфлет жатады. Фельетон өз ішінде публицистикалық (айтылатын дерек тек қана қажет емес, өзекті және жылдам), сатиралық (деректі бағалау сатиралық сараптаумен елшенеді) және көркемдік (сатиралық бейне жасалады) сияқты үш бастаманың синтезінен құралады. Фельетон мерзімді баспасөз жанры ретінде деректерге жоғары қанықтылығымен, ал әдеби пішін ретінде суретші қиялын қажет етеді. Осы жанрлардың талаптары тоғысқанда сатиралық бейне туады. Мысқыл сипатындағы фельетонға қарағанда, памфлет - масқаралаушы, сынаушы туынды. Бұл жанрдың негізгі ерекшеліктері: сарказм мен жоғары дәлдік, сонымен қатар қажеттілік, шапшаң деректілік және нысанды дәлме-дәл әшкерелеу.  

    Тапсырмалар орындау: Сатира жазу

    Сабақ:№ 22

    Тақырыбы: Шешендік өнер.Өнер алды қызыл тіл.

    Мақсаты: Шешендік өнер туралы мағлұмат беру.

    Сабақ барысы:

    «Өнер алды- қызыл тіл, Ой толғаған сырлы тіл» - деп Абай атамыз бұл шумақ өлеңдерін қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін меңгеруге және қазақ тілі өзінің даласындай бай екендігін көрсете білді. Ата-бабаларымыз “өнер алды – қызыл тiл”- деп мақал шығарып, мақалдың әр-бір сөзінде  терең ойы мен бояуы бар және оның мағынасы мен көркемдiгi аса жоғары екендігін бағалай білген. Сондай-ақ ата-бабаларымыз, қазақ елінің ақындары осы қызыл тiлдi сайратып, талай-талай қызығын көрген де секiлдi.

    Тіл – халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті дейді. Өткені өмірлік қоғамда халықтық негізгі қарым-қатынас құралы болып табылғандықтан, тіл халықпен бірге дамиды және өркендейді. Біздің тұңғыш ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Мемлекеттік тілді игеру- әр азаматтың борышы» деген. Сол себепті қазақ халқының басты мақсаты - мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің құдіретін, мәртебесін көтеру басты борышы болып табылады. 

    Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру қолға алынуда. Бұл жарлықтың басты мақсаты- Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған.

     Сондай-ақ, Елбасымыздың: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі– мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Бұл еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеп отырған білім саласы қызметкерлеріне де сын болмақ. Ал бүгінде  Қазақстан Республикасы  әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артып, білім беру сапасын көтеру басты мәселелердің бірі болып отыр. Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея болса керек. Сондай-ақ,  2020  жылға дейін мемлекеттік тілдің үлесін 95%-ға дейін , ал өзге тілдің үлесін 15%-20%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

    Алайда «Өз тілін- бірлік үшін, Өзге тіл- тірлік үшін»- деп бекер айтпаса керек. Сондықтанда көп тіл білу заман талабы болсада, өз мемлекетіміздің бірлігі үшін, өз тілімізді қастерлей білуіміз керек!

     

    Тапсырмалар орындау: Нақыл сөздер жазу.

    Сабақ:№23-24

    Тақырыбы: Әңгімені жалғастыр

    Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, қиялын дамыту.

    Сабақ барысы:

    «Қонжық пен қоян»

    Алдымен біз ертегіні жалғастырамыз......

    Бiрде қоянның көжегi енесiне келiп шағыныпты.

    – Аюдың қонжығы менi «бадырақ көз» деп мазақтайды, – дейдi жыламсырап.

    Енесi:

    – Одан басқа не дедi? – дейдi.

    – «Қалқан құлақ, қыли көз» дейдi.

    – Сен оған не айтып едiң?

    ....................................................................................

    Ұяда не көрсең...

    Тағы бiр жай ойыма оралады... Киiз үйдiң төрiнде бiр топ ауыл ақсақалдары жамбастай

    жайғасып, баппен қымыз iшiп отыр екен. Әкем дастарқан шетiнде қымыз құйып отыр.

    Ол менi ымдап шақырды да, құлағыма: «Сен, немене, аталарыңа сәлем берудi ұмытпа де-генiм қайда?» – деп сыбырлады.

    .....................................................................................................................................................

    Тапсырмалар орындау: Ертегі мен әңгімені жалғастырып аяқта.....

    Сабақ:№ 25-26

    Тақырыбы: Менің таңдаған мамандығым- болашаққа қажет мамандық

    Мақсаты: Мамандық туралы түсінік бере отырып,оқушыларды белгілі бір мамандыққа бейімдеу.

    Сабақ барысы:

    - Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
    Ісім оңсын десеңіз,
    Сол істің маманы болыңыз.
    Даңқым шықсын десеңіз,
    Көпшіліктің адамы болыңыз.

    Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
    Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
    • - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
    • - адамның болашаққа апаратын жолы;
    • - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
    • - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
    • - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
    • - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейімдігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
    • - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
    • - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
    • - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
    Мамандық дегеніміз не?

    Слайд

    Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі.
    «Мамандық» - Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
    Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
    Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс.

    -Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
    -Мамандық таңдауда әр адам неге сүйену керек?  

    /Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады./

    -Сұранысын жоймаған кай мамандықтарды білесіздер?

     -Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. 

    Тапсырмалар орындау: Осы тақырыпқа эссе жазу.

    Сабақ:№27-28

    Тақырыбы: Мәліметтермен жұмыс.

    Мақсаты: Жинақталған мәліметтермен жұмыс жасауды үйрену.

    Сабақ барысы:

    Журналистік зерттеу-публицистиканың теоретиктері бұл жанрды ұзақ уақыт бойы байқамай келген. Оны репортаж, корреспонденция, мақала жанрына да жатқызылуы заңды құбылыс. Журналистік зерттеудің қазақ журналистикасында қалыптасуы мен дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Әсіресе, 1980-90 жылдары жылдары соттық отырысты мұқият зерттейтін корреспонденциялар көбейді. Тәжірибе көрсеткендей, әр жанрдың қалыптасуы мен дамуы ондаған жылдарды талап етеді. Журналистиканың жанр теориясы тәжірибеден туындайды және тәжірибеге негізделеді. Қазақстандағы журналистік зерттеудің қалыптасуы да ондаған жылдарға созылған.

    Америкада журналистік зерттеудің пайда болуы 1930 жылдармен, яғни Америкадағы экономикалық дағдарыс кезеңімен тұспа-тұс келеді. Сол кезде газеттің тәжірибесі газеттік публицистиканың жаңа жанрын журналистік зерттеуді өмірге алып келген.

    Кеңес журналистикасында жаңа жанрдың пайда болуы мен қалыптасыу М.Е.Кольцовтың шығармашылығында байқалған. 1980 жылы шыққан «Теория и практика советской периодической печати» атты оқу құралында журналистік зерттеу ұғымы әлі аталмайды. Ол КСРО мен Ресей аумағында 1990 жылдардың басында пайда болғаны белгілі.

    Зерттеу жанрының америкалық үлгісі мен ресейлік үлгісінің арасында біршама өзгешеліктер бар. Дэвид Вейер, Дэн Нойес журналистік зерттеу туралы былай дейді: «Зерттеуді бастай отырып жақсы дерек жинау қажет. Журналистік зерттеу жанры әлеуметтік тұрақсыздық пен түрлі революциялар кезеңінде дамиды. Журналистік зерттеуде дерек өте құнды болып келеді. Алайда репортер осы деректерді жинап, әрі реттегенде, мақалада автордың бағасы пайда болады. Ол оқырманның қабылдауына зор ықпал етеді» ,-дейді. Осындай туындының авторы өз пікірінің объективтілігін дәлелдейді.

    Журналист әрқашан өз пікірі мен дерегіне қайшы келетін жағдайлардан аулақ болуы тиіс. Журналистер үшін ең басты ереже – мақала зерттеу субъектісі жарияланбас, не тапсырмас бұрын кез-келген кінәлауға жауап беру мүмкіндігіне ие болу.

    «Объективтілік» ұғымынан бас тарту «шындықтың» мақаладан алып тасталынуын не «объективтіліктің» журналистік зерттеуде маңызды рөл атқармағанын білдірмейді. Керісінше, зерттеуші-журналист бұл жағдайда ешқашан нүкте қоюға болмайтынын ескеріп, оқиға арқылы оның түп-тамырына жетіп, шындықты табуға талпынады» ,-дейді зерттеушілер.

    АҚШ журналистерінің әдістемесіне сәйкес, журналистік зерттеу әдісінің мәні – құрғақ дерек арқылы емес авторлық бағалау арқылы жетістікке жету. АҚШ-тағы журналистік зерттеудің концепциясы – қасақана еместік. Көріп отырғанымыздай, бұл АҚШ журналистикасының теориясы мен тәжірибесіндегі жаңашылдық. Отандық журналистикада деректерге шынайы мән беру арқылы, нақты, әрі тексерілген авторлық позиция көптеген талантты журналистердің шығармашылығында баршылық.

    Журналистік зерттеу жанрында корреспонденция, мақала, очеркке сәйкес белгілер кездеседі. Журналистік зерттеудің басқа жанрлардан төмендегідей ерекшеліктері бар: зерттеудің мақсаты; зерттеудің пәні; зерттеудің әдісі; алынған материалды мазмұндау тәсілі өзгеше болуы тиіс.

    «Журналистік зерттеудің мақсаты - белгілі бір құбылыстың, оқиғаның, жағдайдың себебін түсіндіру, толығымен нақты нәтижені туғызған, механизмді анықтау болып табылады» .

    Журналистік зерттеу жанрының шекарасын белгілеп, негізгі өзіне ғана тән белгілерін атау мүмкін емес. Зерттеуші-журналист қоятын «неге?» және «қалай?» сұрақтары, «негативті құбылыс» - журналистік зерттеудің пәні, жанрдың міндетті белгісі – автордың болуы, мәліметтер қабылдау әдісі – бақылау, сұхбат, құжат талдау және т.б. Зерттеуші М.Шостак: «Зерттеу – жасырын деректерді іздеу. Журналист детектив сияқты деректерді жинайды, бірақ ол белгілі бір тұлғаны айыптау мақсатында емес, қоғамдағы келеңсіз жайларды анықтауға үміттенеді» ,-дейді.

    Журналистік зерттеуге байланысты бірнеше жайды ұсынуға болады. Соның ішінде: компроматты тақырыптан айыру шеберлігі, интуиция, публицистің ізденгіштік қабілеті. Зерттеу кезеңдерінің ішінде дерекаралық байланыс және болжамдар ұсынуға болады. М.Шостак зерттеудің жетекші әдісі экстенсивті сұхбат беру деп есептейді. Зерттеуші жанжал шығару туралы емес, техника мен этика, дерек көрінісі мен оқиға, сақтық пен абайлаушылық, тұйық жерден шығу жолдарын табу туралы сөз қозғайды.

    Теоретик-журналистер қазақ журналистикасында танымал, кең таралған газеттік публицистика жанрлары (репортаж, сұхбат, корреспонденция, мақала, очерк) бар екені туралы айтады. Журналистік зерттеу дегеніміз не? Әдіс пе, әлде жанр ма? Екі жүз жылдық тәжірибесі бар қазақ журналистикасына жүгінсек, мынаны байқауға болады: журналистік зерттеу – бұл басқа жанрдың белгілері басым болатын әртүрлі әдіспен орындалған БАҚ-тың жанры. «Журналистік зерттеу» айдары газеттік материалға қоса шығарылмаса да, газет беттерінде көп кездеседі.

    «Newsday» газетінің орналастырушы редакторы Роберт Грин: «Журналистік зерттеу - өзіндік бастамаға және жеке дара жұмысқа негізделген, белгілі бір жекелеген тұлғалар немесе ұйымдар құпия сақтағысы келген маңызды тақырыпқа арналған журналистік материал. Оның негізгі бөлшектері: журналист өзге біреу жүргізбеген зерттеулермен айналысады, материалдың тақырыбы оқырман немесе телекөрермен үшін аса маңызды, қызықты» »,- деп анықтама береді.

    Қазіргі таңда журналистік зерттеу жанры орталық және жергілікті баспасөз беттерінде кең қолданыс табуда. Әртүрлі авторлар мен әртүрлі әдіспен дайындалған зерттеулер құлақ түрерлік және дау туғызудан ешқашан қаша алмайды.

    Нағыз журналистік зерттеулер экономикадан, қоғамдық өмірден, өнегелі-құқықтық қатынастардан және т.б. алынған деректерге негізделеді. Ол деректер авторлық жалпылау мен талдаудан құралып, мазмұны жағынан публицистикалық және көкейкесті, көтерген тақырыптары бойынша өзекті болады. Журналистер әртүрлі әдістер арқылы ақпарат жинайды: бақылау, құжаттарды зерттеу, сұхбат алу, деректерді бере білу шеберлігі талап етіледі.

    Журналистік зерттеуге тән белгілер: фактографиялық нақтылаудың үлкен дәрежесі, публицисшілдік, авторлық ұстаным, зерттеліп отырған тақырыптың жан-жақты ашылуы мен тегіс қамтылуына жағдай жасайтын авторлық ойдың терең болуы. Сонымен, журналистік зерттеу дегеніміз – кез-келген өзекті мәселенің себебін терең, жан-жақты, объективті талқылау мен зерттеу. Бұл жерде автор мәселенің түбіне, бастауына жетуге тырысады.

    Журналистикадағы журналистік зерттеуге авиациядағы жоғарғы пилотаж сияқты кез-келген журналист қол жеткізе алмайды. Ол үлкен дайындық, рухани және моральдық күшті талап етеді. Бұл туралы журналист Эдуард Полетаев: «Зерттеумен кез-келген журналист айналыса береді. Тек қажетті адамды «сөйлете» білу қажет және маңызды құжаттарды іздеуге кеткен уақытымды босқа рәсуә еттім деп өкінбесе болғаны. Қалғанының бәрі тәжірибе барысында келетін дүниелер» ,- дейді. Сонымен, журналистік зерттеу кең ауқымды бақылауды, құжаттармен тынбай жұмыс істеуді, оны қайта-қайта тексеруді, қосымша материалдарды көптеп жинақтауды талап ететін жанр.

    1.И.В.Деев өмір жолдары /зерттеу жүргізу/

    2. «Болашағымыз латын тілінде» /мақала/

    Тапсырмалар орындау: Осы тақырыптарға сай мақала жазу.

    Сабақ:№29

    Тақырыбы: Мен елімнің ертеңімін (эссе)

    Мақсаты: Оқушыларға эссе жазуды үйрете отырып, елінің болашағын ойлавр азамат тәрбиелеп шығару.

    Сабақ барысы:

    Эссе француз тілінен «essail» , ағылшын тілінен «essay», «assay» -талпыныс, жазушылық сынама, очерк. Эссе философияның , эстетиканың ,әдеби сынның , публицистиканың , көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан , әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі эссе –соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін ,таңдай қақтыратын, өзінше ойлау-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын , дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды.Эссе табиғаты сыршыл сезімге , тіл бояуларының айрықша салтанатына , әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл туындыда эссеші интелектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын,тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұысыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. Эссе түрлері: Салыстырмалы, Пайымдық, Көркем-әдеби.

    Тапсырмалар орындау: Эссе жазу.

    Эссені аяқтау

    1   2   3


    написать администратору сайта