Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ барысы

  • Тапсырмалар орындау

  • Жас каламгер ксж. лытау ауданы кімдігіні лытау ауданыны білім бліміні


    Скачать 82.8 Kb.
    Названиелытау ауданы кімдігіні лытау ауданыны білім бліміні
    Дата11.04.2022
    Размер82.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖас каламгер ксж.docx
    ТипДокументы
    #461041
    страница2 из 3
    1   2   3

    Тапсырмалар орындау: Жекеленген адам өміріне мақала жазуды үйрену.

    Сабақ:№11

    Тақырыбы: Жауапкершілік және этика.

    Мақсаты: Осы салаға қатысты термин сөздермен танысу.

    Сабақ барысы:

    Мәдениет сөзі – термин, араб тілінен «маданият», мағынасы: «адам баласының қоғамдық саласындағы табыстары мен ақыл-ой жөніндегі жетістіктерінің жиынтығы». Этика сол сан-салалы мәдениеттің құрамдас бөлігі, жаратылысы айрықша әлем. 

         Этика – философиялық категория. Ол педагогика, психология, филология және заң ережелерімен сабақтас, салалас, құрамдас. 
         Этика – термин. Салт-дәстүр, жөн-жоралғы, үрдіс мағынасын беретін грек сөзі. Яғни, ұлттық-халықтық салт-дәстүрлер ережесі. Этикет – тәртіп мағынасын беретін француз сөзі. Этика, этикет, этикетка, дипломатия, эстетика, ньюанс, такт, тактика, маневр – мағыналары жақын сөздер. Жиынтығы - әдеп әлемі. Этика – заң-ереже, тарих. 
        Қоғамымызда этикалық заңдылықтар нормалары сақтала бермейді. Бұл – этикалық проблема. Журналистік дәстүрлер сабақтастығының сақталмауы аға ұрпақ тәжірибелерінен қол үзу проблемадан туындаған проблемалар. 
    Журналистің моральдық-этикалық принциптері.
       Моральдық-этикалық принцип – қызмет бабы барысында журналист ұстанатын заң, ереже, шарт, тәртіп һәм мінез. 
       Принциптің ұлттық ұғым-мағынасы:
    Айттым – бітті. 
    Шалқайғанға – шалқай. 
    Ол – құдайдың ұлы емес.
    Еңкейгенге – еңкей. 
    Ол – құдайдың құлы емес.
        Журналистің қызмет бабы барысындағы моральдық-этикалық принциптері журналистиканың жалпы принциптері (көпшілік-бұқаралық, демократиялық, шыншылдық, объективтілік, гуманистік, патриоттық т.б.) негізінде қамтылады.
       Принцип – негізгі қағида, кейде, ереже деп те айтылатын латын тілінен енген термин сөз.      Журналистің принциптері:
    1. Журналист өз ұжымына, өз басылымына жан-тәнімен беріліп, адал қызмет етеді. Бұл оны әрі міндеті, әрі принципі.
    2. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікірімен санасуға және құрметпен қарауға міндетті.
    3. Журналисттің алдында әрдайым: «Аудитория үшін не істеуім керек? Бұл жазғандарым халыққа қажет пе? Олардың арман-мүддесін қозғай ма? Уақыттарын алмаймын ба?» деген сияқты этикалық сауал-сұрақтары тұрады. 
    4. Деректерге бай, ақиқат шындығы зерттелген, жан-жақты ойластырылған материалды ғана журналистің аудиторияға ұсынуға толық моральдық этикалық құқы бар.
    5. Журналистің біреулерді қаралап та, мақтап, мадақтап та өтірік жазуға құқығы жоқ. Ондай жағдайда журналистер аудитория алдында, заң алдында, ар алдында жауап береді. 
    6. Дерек, мәлімет жинау барысында журналист шындыққа қашан көзін жеткізгенше ішкі қарсылығын, мәселеге қосылатын қосылмайтынын білдірмейді.
    7. Қандай жағдайда болмасын, кіммен сөйлеспесін, журналист алдында отырған адамның салт-дәстүрімен санасып, жеке басының кемшіліктерін көре шұқып айтпай, керісінше оны байыппен, сабырмен мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, қажет жағдайда денсаулығын да ескеруге тиіс.
    8. Әдепті, мәдениетті журналист қызмет бабы барысында адамдарды жұмыстарынан қалдырмау үшін, «сізбен қай жерде, қай уақытта кездескенім дұрыс болады» деп олардың өздерімен ақылдасады, уақыт белгілейді.
    9. Журналист ағайын-туыстарының арыз-шағымдарын пайдаланған жағдайда аса сақ, абай болғаны жөн.
    10. Журналист баспасөзде автор ретінде ғана емес, редактор ретінде де көріне алады. Әдептен озбай, ол редакцияда істемейтін әріптесінің шығармаларын сынап, мінеуге де қақылы. 
    11. Журналист не редакция қызметкері авторлар материалына ойдан бір түйір дерек қоспайды.
    12. Журналист жіберген қатесін мойындауға, кешірім сұрауға міндетті. 
    13. Жарық көрген материалы үшін журналист ештеңе дәметпейді.
    14. Газет-журналдар қалың оқырмандарға арналған. Оның бетін жарнамаларға қаптату әдеп-нормаларға қайшы. т.с.с.
    Журналистік жауапкершілік – журналистік әдеп әлемі тақырыбының бір үлкен тарауы. Бұл мәселеде мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған журналистік шығармашылықтағы әдеп-мораль нормаларын сақтау жайына баса назар аударылады. 
    Авторлар мен тілшілер – басылымдардың негізгі тірегі, сенімді күші. Журналистік іскерлік, журналистік шеберлік тек шығармашылықпен ғана өлшенбейді. Іскерлік, шеберлік автор тарту, авторлармен жұмыс мәдениетінде де көрінеді. 
    Журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі. Журналист жұмыс үстінде. Журналист жол үстінде. Журналистің жұмыс күні. Журналистің жұмыс столы. Журналистің жұмыс жоспары. Журналистің жұмыс киімі. Журналистің жұмыс құралдары. – Бәрі-бәрі журналистің жүріс-тұрыс әдебіне енеді.

    Тапсырмалар орындау: Терминдер мағынасын оқып,жаттау.

    Сабақ:№12-13

    Тақырыбы: Журналистиканың негізгі жанрларымен танысу.

    Мақсаты: Тақырып бойынша мәлімет беру.

    Сабақ барысы: Жанртүсінігі әдеби шығармашылықпен қоса журналистиканың негізгі түсінігі болып саналады. Журналистикадағы жанр түрлерінің әдебиеттанудан біршама айырмашылығы бар. Бұл ерекшелік журналистиканың әдебиеттанудан айырықша міндеті, мақсатымен түсіндіріледі. Журналистика әдеби шығармашылықтың негізінде құрылып, одан туып отыратынын ұмытпағанымыз жөн. Бірақ журналистика беллетристика мен сыннан жоғары тұрып, кей уақытта олармен шекараласа отырып бөлек құбылыс ретінде дамығанын ескеруіміз керек.

    Жанр түсінігі негізінде екі мағынада қолданылады:

    Әдебиеттің түрін анықтау үшін - кең мағынада (драма, лирика, поэзия) қолданылады. 

    Әдеби жанрдың ішіндегі шығармалардың алуан түрлілігін белгілеу (әңгіме, повесть, роман, эссе) мақсаты тұрады. Жалпы мағынада жанр – бұл өзіндік ерекшеліктері бар шынайы өмірді суреттеудің бір пішіні. Жанр туралы жазушы К.Федин былай дейді: «Кез келген шығарманың мазмұны өзіне сәйкес жанрмен белгіленуі мүмкін. Яғни, әртүрлі жанрға бөлудің ең негізгі шарты - шығарманың мазмұны болып табылады. Кез келген шығарманы жанрға бөлу пішін сәйкестігіне байланысты топталған жанр белгілері арқылы анықталады»
    Жанр - белгілі бір нақты шығармашылық міндеттерді жүзеге асыратын шығарманың түрі. Ол музыка, театр, бейнелеу өнері, әдебиет, публицистика секілді шығармашылықтың барлық саласына қатысты. Журналист алдындағы міндеттің күрделілігі оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің күрделенуіне әкеп соғады. Академик Д.С. Лихачев: «Журналистика жанрлары бір-біріне тәуелді. Олар өзгеріп біртұтас жүйені құрайды. Журналистика жанрларының жүйесі қоғамның саяси өмірімен біте қайнаса отырып дамиды» Жалпы журналистиканың жанрлары газеттің ақпаратты ұсыну түрлерін негізге ала отырып, жеке стилін біртіндеп қалыптастырады. Бұған мысал ретінде жиырмасыншы жылдардағы радиогазеттің пайда болуын атап кетуге болады. Бір жағынан, радио арқылы сол кездегі көпшілікке, яғни сауатсыз халыққа жеткізу мүмкіндігі пайда болса, екінші жағынан, баспасөз тәжірибесін дыбыстық мүмкіндіктерді қолдана отырып, телерадиожурналистикаға тән жанрларды қалыптастырды.

    Жанрларда ақпаратты ұсынудың үш негізгі түрі бар:

    - дәйектерді хабарлау;

    - деректер мен оқиғалардың өзара интерпретациясы;

    - деректер мен оқиға желісін көркем-публицистикалық жағынан ашу.

    Ақпаратты берудің бұл әдістері баспасөз, телерадиожурналис-тиканың үш негізгі жанр топтарының пайда болуына септігін тигізді.

    1. Ақпараттық – хабар-ошар, заметка, сұхбат, репортаж, есеп. 

    2. Сараптамалық - корреспонденция, комментарий, әңгіме, шолу. 

    3. Көркем-деректі (публицистикалық) - очерк, фельетон, деректі драма және телерадиокомпозиция. 

    Ақпараттық жанрларға: жаңалықтар, хабар-ошар (заметка), сұхбат, әңгіме, комментарий, репортаж, реплика жатады. Маңыздыларын атап шығайық. Есеп – белгілі бір аудитория (конференция, жиналыс, спорттық жарыстар және түрлі көрмелер, т.б) қатысқан іс-шаралар жөніндегі ақпараттық хабарлама. Айтылатын мағлұматтардың сипатына қарай есеп жалпы немесе тақырыптық, ал мақсаты мен айтылу ерекшеліктеріне қарай – ақпараттық (айтылған пікірлер, оқиғалар, деректер жүйелі түрде) немесе сараптамалық (назар белгілі бір оқиғаға аударылып, оған баға беру, түсіндіру) болып бөлінеді.Есепті іс-әрекетті сөзбен жеткізу арқылы, қоғамдық-саяси мәні бар мәселе жөнінде оқырманға хабарлау мақсатында жазады.

    Тапсырмалар орындау: Оқып,талдау жасау

    Сабақ:№14-15

    Тақырыбы: Репортаж және оның түрлері.

    Мақсаты: Репортаж және оның түрлері жөнінде мағлұмат беру.

    Сабақ барысы: «Репортаж» сөзі латын тілінен аударғанда «хабарлау» деген мағынаны білдіреді. Оның даму кезеңі баспасөздің дамуымен тұспа-тұс келеді. Оның алғашқы белгілері заметка жанрында байқалады. «Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз – оқиғаның өзі»,- дейді профессор Т.С.Амандосов. Ал ғалым С.Байменше: «Репортаж – баспасөздегі жібек баулы жанрларының бірі. Өйткені репортажды жазу оңай емес. Журналистер, әдетте репортаж жазудың әртүрлі нысандарын қолданып отырады. Мысалы, ол автордың болған оқиға жөніндегі монологына да құрылуы мүмкін. Мұндай жағдайда автор өзін көрсетпейді, бірақ оқырман автордың қаншалықты қатысы бар екендігін сезіп, біліп отырады» ,-деп түсіндіреді.

    Қазақ журналистикасындағы публицистер шығармашылығында репортаж жанрының атқарған рөлі зор. Журналистика майталмандары бола білген Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек секілді журналистер шығармашылығында жетекші орынды алған жанр - репортаж. Егер репортаж журналистің қатысуымен жасалып, баяндалса онда ол сәтті болып шығады. Дегенмен, мұндағы журналист өз ісін жетік меңгерген маман болуы тиіс. Себебі, оқиғаны өз жүрегінен өткізіп аудиторияға әсерлі етіп жеткізіп, оқырман көңілінен шыға білу үлкен еңбекті қажет етеді.

    С.М. Гуревич репортаж жанрына: «Репортаж авторының өзі болған оқиғаға куәгері немесе тікелей оқиғаға қатысушының айтуы бойынша ақпаратты жедел динамикалық хабарлауы», -деп анықтама береді. Репортаждың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:

    - уақтылы оқиғаларды өрістету;

    - оқиғаларды кезеңдерге бөлу;

    - міндетті әсерленуші орта;

    - деталь арқылы жасалатын жұмыстар;

    - репликалармен және эпизодтармен (осы репортаждық) болып жатқан тез болатын әсерді жасау;

    - авторлық «менді» сезіну;

    - талпыну ырғағы;

    - оқиғаның аяқталған бейнесі.

    Репортаж – бұл ерекше жанр. Мұнда стиль, сюжет және көрнекілік, дәлелдеушілік, болып жатқан оқиғаға авторлық қарым-қатынас болуы өте маңызды.

    Репортаж – оқиғаларды орнынан жедел және көркем етіп беретін жанр. Жанрдың негізгі қасиеті – «болу эффектісі» - бұл оқырман, тыңдаушы, көрермен болған оқиғаны репортердің көзімен көруі және естуі.

    Репортаж түрлері: оқиғалық – оқиға хронологиялық (сондай-ақ оқиға алды мен оқиғадан кейінгі репортаждарды қарастырады) түрде беріледі. Тақырыптық репортаж – оқиға қандай да бір жерінен бастап беріледі, бұл жерде кеңейтілген және нақты түсініктемелерге рұқсат етіледі және жазылатын ахуалды, яғни репортаж жоспарланбаған оқиғадан беріледі.

    Фоторепортаж – журналистикадағы атқаратын қызметі жағынан репортаждың белсенді түрі. Репортаждың бұл түрінде фотосурет пен мәтін болады.

    Радиорепортаж. Репортаж – хабар таратудың көп қолданылатын жанры. Ол радионың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға жағдай жасайды және ерекшелігін толықтай іске асыра алады. Радиорепортажда ақпараттық радиохабардың ұтымды жақтары қолданылады: жылдамдық, өзектілік, мәтіннің қысқа, әрі нақтылығы, образдық бейнелеу.

    Баспасөздегі репортаж. Әрбір жанрдың өзіндік ерекшелігі - өзіндік әдеби-cтилін қалыптастыруға мүмкіндік береді

    Репортаждың үш түрі бар. Оқиғалық, талдамалы-проблемалық, ақпараттық. Репортаждың классикалық түрі – оқиғалы репортаж болып табылады. Мысалы, талдамалы-проблемалық репортаж әдетте қаладағы көлік кептелісін баяндаудан тұрады. Транспорттың ағымын, ГАИ қызметкерлерінің атқарып тұрған функциясын, жолаушының сұхбатынан құралады. Бұл репортаж түрінің мақсаты - тыңдарманға болған оқиға жайлы жалпы түсінік беру. Ақпараттық репортаж тек мағлұматты ғана құралуы мүмкін. Репортаждың үш түрі бар. Оқиғалық, талдамалы-проблемалық, ақпараттық. Репортаждың классикалық түрі – оқиғалы репортаж болып табылады. Мысалы, талдамалы-проблемалық репортаж әдетте қаладағы көлік кептелісін баяндаудан тұрады. Транспорттың ағымын, ГАИ қызметкерлерінің атқарып тұрған функциясын, жолаушының сұхбатынан құралады. Бұл репортаж түрінің мақсаты - тыңдарманға болған оқиға жайлы жалпы түсінік беру. Ақпараттық репортаж тек мағлұматты ғана құралуы мүмкін.

    Проблемалық репортаж оқиға болып жатқан жерден ( мысалы: көшедегі көліктердің қозғалысын, үлкен қаладағы ең тиімдісі көліктер көп жүріп жатқан көшеден бастап, полиция қызметкерінен сұхбат алу арқылы) басталады.

    Танымдық репортаж тек қана мәселені қозғау арқылы ақпарат береді. Мұндағы негізгі мақсат – тыңдаушыны ең негізгі, қызықты жағдайлармен ғылымда, медицинада, шаруашылықта өтіп жатқан айтулы оқиға, құбылыс, жаңалықпен таныстыру. Олар зертхана, жоғарғы оқу орындарының кафедраларында болуы мүмкін.

    Радиорепортаж оқиға болып жатқан жерден алынады.

    Тапсырмалар орындау: Радиорепортажды қарап, қателіктерін табу.

    Сабақ:№16-17

    Тақырыбы: Сұхбат. Ақпарат жинау әдістері.

    Мақсаты: Сұхбат туралы мағлұмат бере отырып, оқушыларды шешендік сөз өнеріне баулу.

    Сабақ барысы:

    Журналистика жанрлар жүйесінің негізгі түрлерінің бірі – сұхбат жанры болып табылады. Сұхбат «интервью» ағылшын тілінде «interview» – «кездесу, әңгімелесу» деген мағына береді. Ол саяси, қоғамдық немесе өзге де өзекті мәселелер жөнінде журналистің белгілі тұлғалармен әңгімесіне құрылған публицистика жанры. Сұхбат оқырманға да, тыңдарманға да, тіпті көрерменге де журналист – интервью алушының көріп-білген әңгімесін тікелей және тез жеткізетін жанр болып табылады. Бір жағынан, сұхбат – жанрлар жүйесінде көпқырлы позицияға ие, күрделі және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Сондықтан қазіргі журналистика жүйесіндегі сұхбаттың алатын орны мен оның түрлілігін анықтау өзекті мәселе. Сұхбат оқырманға да, тыңдарманға да, тіпті көрерменге де журналист – интервью алушының көріп-білген әңгімесін тікелей және тез жеткізетін жанр болып табылады. Бір жағынан, сұхбат – жанрлар жүйесінде көпқырлы позицияға ие, күрделі және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Сондықтан қазіргі журналистика жүйесіндегі сұхбаттың алатын орны мен оның түрлілігін анықтау өзекті мәселе. Сұхбат қазіргі кезде журналистер арасында кең тараған және көп қолданылады. Қазіргі заманауи әлемдегі адамдар алатын ақпараттар ағыны жылдам, сондықтан қазіргі журналистика заман талабына сай оқырман, көрермен және тыңдарманға ақпарат берерде оны терең талдап, сараптама жасауға емес, нақты ақпарат беруге ұмтылады. Осыған орай, журналистер арасында кеңінен қолданылатын жанр, ешқандай себеп-салдарлық байланыстарды қамтымайды, тыңдарманға қажет нақты ақпаратты беруді мақсат тұтып, сөйтіп ақпараттық жанрға айналды.

    Сұхбат - газеттегі сұхбат құрамында көп алуға жағдай жасайды. Аталған субьектизм журналистің алған ақпаратын сұхбатқа айналдырып кездесетін субьективтілік болғанына қарамастан, ақпарат алушыларға қажет материалды бірінші болып, қағаз бетіне көшірген кезінде өз елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен, газет бетіндегі интервьюер мен сұхбат берушінің сұрақ-жауап түріндегі әңгімесі оның түпнұсқасы емес. Бұл журналист пен сұхбат берушінің сол әңгімесі, бірақ сұхбат алушы біраз өзгеріс енгізеді.

    Сұхбат - көп қырлы жанр. Бұл сұхбаттың ақпараттық жанрға да, талдамалы жанрға да қатыстылығын дәлелдейді. Сұхбат өзіндік жеңілдігіне қарамастан, белгілі бір стратегия мен тактикаға бағынуды талап ететін күрделі жанр. Сұхбат біздің көзқарасымыз бойынша ғана жеңіл, себебі, ақпарат алудың көзі ғана болып көрінеді. Сұхбат әртүрлі болады. Жанр ретінде сұхбат: хабарлама (әңгіменің маңызды тұстары алынып, жауаптар қысқа беріледі), сұхбат – диалог (әңгіменің толық мәтіні беріледі), сұхбат – суреттеме (әңгіме мазмұнынан өзге оның қандай жағдайларда алынғаны, сипаты беріледі), сұхбат – пікір (оқиғаға, құбылысқа, деректерге түсіндірме беріледі), бұқаралық сұхбат (баспасөз конференцияларынан, брифингтерден беріледі) болып бөлінеді. Публицистика жанрлары мен пішіндеріне арналған орыс тіліндегі «Справочник журналиста» [13,158-б] кітабында сұхбаттың монолог, диалог, суреттеме, анкета және ұжымдық түрлерін атайды. Мұнда «дөңгелек үстел басындағы әңгімені» сұхбаттың ұжымдық түріне жатқызады.

    Сұхбат – публицистикалық жанр, журналистің бір немесе бірнеше тұлғамен әңгімесі. Егер сөздердің семантикасына назар аударатын болсақ, «inter» – өзара қатынасы бағыттас деген мағынаны берсе, «view» сөзінің мағынасы – «көзқарас», «пікір» дегенді білдіреді. Демек, сұхбат – көзқарас, дерек, ақпарат алмасу. Сұхбат - көп қырлы жанр. Бұл сұхбаттың ақпараттық жанрға да, талдамалы жанрға да қатыстылығын дәлелдейді. Сұхбат өзіндік жеңілдігіне қарамастан, белгілі бір стратегия мен тактикаға бағынуды талап ететін күрделі жанр. Сұхбат біздің көзқарасымыз бойынша ғана жеңіл, себебі, ақпарат алудың көзі ғана болып көрінеді. Сұхбат әртүрлі болады. Жанр ретінде сұхбат: хабарлама (әңгіменің маңызды тұстары алынып, жауаптар қысқа беріледі), сұхбат – диалог (әңгіменің толық мәтіні беріледі), сұхбат – суреттеме (әңгіме мазмұнынан өзге оның қандай жағдайларда алынғаны, сипаты беріледі), сұхбат – пікір (оқиғаға, құбылысқа, деректерге түсіндірме беріледі), бұқаралық сұхбат (баспасөз конференцияларынан, брифингтерден беріледі) болып бөлінеді. Публицистика жанрлары мен пішіндеріне арналған орыс тіліндегі «Справочник журналиста» [13,158-б] кітабында сұхбаттың монолог, диалог, суреттеме, анкета және ұжымдық түрлерін атайды. Мұнда «дөңгелек үстел басындағы әңгімені» сұхбаттың ұжымдық түріне жатқызады.

    Сұхбат – публицистикалық жанр, журналистің бір немесе бірнеше тұлғамен әңгімесі. Егер сөздердің семантикасына назар аударатын болсақ, «inter» – өзара қатынасы бағыттас деген мағынаны берсе, «view» сөзінің мағынасы – «көзқарас», «пікір» дегенді білдіреді. Демек, сұхбат – көзқарас, дерек, ақпарат алмасу. Кез келген сұхбаттың алғашқы кезеңі әрине – дайындықтан басталады. Сұхбат алушының ұстанымын былай анықтауға болады: «Мен сіздің мен білмейтін нәрсені білетініңізді білемін» ұстанымы. Журналистің дайындықсыз сұхбат жүргізуіне құқығы жоқ. Кейбір жағдайды білмеуі мүмкін, алайда, болған жағдайды алдын-ала анықтап алу, сұхбат берушіге деген құрметті көрсетеді. Кей жағдайда барлығын жақсы деңгейде білген журналист, сұхбат берушіні көлеңкеде қалдыруы мүмкін, адасушылықтың пайда болу қаупі осында. Тақырыпты журналистің өте жақсы меңгергендігі әңгіменің тартымды болуына септігін тигізіп, оны керек жаққа бағыттап, сұхбат берушіге ғана белгілі деректерді табуы мүмкін. Сұхбат жанрында сұрақтар маңызды рөл атқарады. Олар мына ұстанымдарға сәйкес болғаны жөн:

    1. Сұрақтар анық болуы керек. Сұхбат беруші сұрақты түсінбесе, оған журналист кінәлі. Сұрақтың түсінікті болу үшін оны алдымен журналистің өзі түсінуі қажет. 

    2. Күрделі сұрақтарды қоймаған жөн. Осындай жауап алатын сұрақтар көп жағдайда радио мен телевиденияда сирек пайдалануы мүмкін. Оның өзінде егер сұхбат берушіні толық таныстырудан қашқанда ғана қолданылады. 

    3. Сұрақты қою барысында сұхбат берушіге деген сыйластықты ұмытпау керек. Журналистің этикалық сезімі оның сұрақтарының қалай әсер ететінін анықтап отыруы қажет. Сұхбат берушінің іс-әрекетін байқап отыру журналистің кәсіби шеберлігін көрсетеді. 

    4. Қойылатын сұрақ қызықты болуы шарт. 
      Сұхбат жанрында жұмыс істейтін журналистің алдына тәжірибе барысы бірнеше шығармашылық сұрақтар қояды. Сұхбат берушіні қойылатын сұрақтармен алдын-ала таныстыру қажет пе? Мүмкін, болашақ әңгіменің тақырыбын ғана атап өткен жөн болар?!

    Сұхбат жанрындағы әлемдік тәжірибе көрсеткендй оның жақсы шығуының өзі көптеген шартқа байланысты, мысалы, журналист өз жұмысын қаншалықты деңгейде меңгергеніне, редакция талаптарының қаншалықты нақты екендігіне, әңгімелесушінің дайындығына байланысты болуы мүмкін.

    Тілші сұхбат берушіден тыңдарманның аузынан естігісі келген сұрақты қоюға құқылы.

    Сұхбат-тілшінің сұрақтарына нақты тұлғаның қоғамдық мүддесі бар жауаптары,тілші тұжырымды сұрақтарымен шектелмей ,айтысып,жауаптарға түсініктеме бере отыратын әңгіме түрлеріне де жатады.

    Сұхбат алудағы ең негізгі ұстанымдар төмендегідей болуы қажет.

    1.Сұхбат алатын адамыңызбен алдын-ала танысыңыз.

    2.Киім-киісіңізге аса мән беріңіз.

    3.Сұхбат алуға жалғыз келгеніңіз дұрыс.

    4.Келіскен уақыттан кешікпей келуге тырысыңыз.

    5.Көрісу барысында жымыюды,сұхбат алушы адамыңыздың көзіне тіке қарауды,танысқаныңызға қуанышты екеніңізді білдіріп, қол алысуды ұмытпаңыз.

    6.Бағынышты адамның ролінде ойнамаңыз.

    7.Қашанда өзіңізді сұхбат беруші адамммен бірдей дәрежеде ұстаңыз.

    8.Ол жайлы жылы лебіздер білдіруді ұмытпаңыз.

    9.Кейіпкердің жетістіктері жайында үлкен мақтанышпен сөйлеңіз.

    10. Байқампаз болыңыз.

    11.Әрдайым оған деген сенімділік,сыпайылық танытып отырыңыз.

    12. Қоштаспастан бұрын жымиып,алғысыңызды білдіруді ұмытпаңыз.

    Тілшінің қателігіне назар аударайық.Мынадай сөз тіркестерін мүлдем қолданудың қажеті жоқ: «Ал мына сұраққа жауап бере аласыз ба?», «Мені мына сұрақ қызықтырады», «Мен сізден мынаны сұрайын деп едім» т.с.с.Бұл артық сөздер.Тілшінің өз міндетін атқарып шығуы үшін қойған сұрағы мәнді болуы шарт,әйтпесе сұхбат тыңдаушыны қызықтырмайды.

    Сұхбат алушы журналист сұхбат беруші алдында өз-өзін сенімді сезінгені өте маңызды болып табылады. Бірақ, журналист біліміне, әлеуметтік жағдайына қарай сұхбаттасушымен тең деңгейде болмауы мүмкін, ол таңдаған талқылау тақырыбына байланысты жазушымен, ғалыммен, саясаттанушы, тіпті сарапшымен бетпе-бет кездесуіне байланысты. Өз-өзінді психологиялық тұрғысында өзгелермен тең сезіну уақыт өте, тәжірибе арқылы келеді. Осыған сәйкес бірнеше мысал келтіреміз:

    1. Екі жақтағы адамдар тең дәрежеде әңгімелесіп, ой өрбіткенде ғана сұхбат мәнді, әрі мағыналы болады.

    2. Әңгімелесушіге сыйластық білдіріңіз. Айтып отырған әңгімесіне қосылып, сөзін бөлмегеніңіз абзал.

    3. Кең тараған сұхбат көлемі – 2-8 минуттан аспауы тиіс.

    4. Ұтымды сұхбат 5-6 сұрақты құрайды.

    Сұхбат негізінде ақпараттық жанр. Сұхбат-портрет немесе портреттік сұхбат – адам жайлы толығырақ ақпарат береді. Бірақ дәл осындай сәтте, сұхбат 20 минутке созылуы мүмкін. Осындай автопортретті сұхбатта журналист кейіпкерге толықтай еркін түрде ашылуына көмек береді. Сұхбаттың ақпарттық түріне хаттамалық сұхбат, диалогты сұхбат, сауалнама, баспасөз конференциясы жатады.

    Хаттамалық сұхбат – саяси тұлғалардың әуе-жай, темір жол вокзалдарында өткен кездесулері жайлы ресми ақпарат таратады.

    Диалогты сұхбат – журналистің бір немесе бірнеше сұхбаттасушымен кездесуі. Бұл классикалық сұхбат түрі.

    Сауалнамалық сұхбат – қала көшелерінен, концерт залдарынан, театрдан, спорт ойындары өтіп жатқан стадионнан жедел түрде алынған сұхбат түрі. Әдеттегідей бір сұрақ қойылады. Мысалы: «Өткен жыл сіз үшін немен ерекшеленді?» немесе «Жаңа жылдан не күтесіз?». Бұл сұхбатта қойылған сұрақтар барша жұртқа қызықты әрі өзекті болуы тиіс.

    Баспасөз конференциясы – әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. Бұл жиында сөз етілген мәселелерді таспаға жазып алу радиожурналист үшін қиынға түседі. Жалпы сұхбат әрқашан алдын-ала дайындықты қажет етеді және ол сұхбаттасушыны таңдап алудан басталады.

    Ақпараттық сұхбат – экрандық диалогтың көп тараған түрі. Кез келген ретте де, ақпараттық жаңалықтарда журналистердің әңгімелесушісімен кездесуі бір ақпаратты алу мақсатында өтеді. Осындай сұхбат өзара байланысқан міндетті атқарады: қоғамға қажетті маңызды ақпаратты алу және ақпаратты берушінің тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуді мақсат етеді. Телевизиялық сұхбаттың ең кең тараған түрі – ақпараттық сұхбат. Сұхбат алушы журналист сұхбат беруші алдында өз-өзін сенімді сезінгені өте маңызды болып табылады. Бірақ, журналист біліміне, әлеуметтік жағдайына қарай сұхбаттасушымен тең деңгейде болмауы мүмкін, ол таңдаған талқылау тақырыбына байланысты жазушымен, ғалыммен, саясаттанушы, тіпті сарапшымен бетпе-бет кездесуіне байланысты. Өз-өзінді психологиялық тұрғысында өзгелермен тең сезіну уақыт өте, тәжірибе арқылы келеді. Осыған сәйкес бірнеше мысал келтіреміз:

    1. Екі жақтағы адамдар тең дәрежеде әңгімелесіп, ой өрбіткенде ғана сұхбат мәнді, әрі мағыналы болады.

    2. Әңгімелесушіге сыйластық білдіріңіз. Айтып отырған әңгімесіне қосылып, сөзін бөлмегеніңіз абзал.

    3. Кең тараған сұхбат көлемі – 2-8 минуттан аспауы тиіс.

    4. Ұтымды сұхбат 5-6 сұрақты құрайды.

    Сұхбат негізінде ақпараттық жанр. Сұхбат-портрет немесе портреттік сұхбат – адам жайлы толығырақ ақпарат береді. Бірақ дәл осындай сәтте, сұхбат 20 минутке созылуы мүмкін. Осындай автопортретті сұхбатта журналист кейіпкерге толықтай еркін түрде ашылуына көмек береді. Сұхбаттың ақпарттық түріне хаттамалық сұхбат, диалогты сұхбат, сауалнама, баспасөз конференциясы жатады.

    Хаттамалық сұхбат – саяси тұлғалардың әуе-жай, темір жол вокзалдарында өткен кездесулері жайлы ресми ақпарат таратады.

    Диалогты сұхбат – журналистің бір немесе бірнеше сұхбаттасушымен кездесуі. Бұл классикалық сұхбат түрі.

    Сауалнамалық сұхбат – қала көшелерінен, концерт залдарынан, театрдан, спорт ойындары өтіп жатқан стадионнан жедел түрде алынған сұхбат түрі. Әдеттегідей бір сұрақ қойылады. Мысалы: «Өткен жыл сіз үшін немен ерекшеленді?» немесе «Жаңа жылдан не күтесіз?». Бұл сұхбатта қойылған сұрақтар барша жұртқа қызықты әрі өзекті болуы тиіс.

    Баспасөз конференциясы – әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. Бұл жиында сөз етілген мәселелерді таспаға жазып алу радиожурналист үшін қиынға түседі. Жалпы сұхбат әрқашан алдын-ала дайындықты қажет етеді және ол сұхбаттасушыны таңдап алудан басталады.

    Ақпараттық сұхбат – экрандық диалогтың көп тараған түрі. Кез келген ретте де, ақпараттық жаңалықтарда журналистердің әңгімелесушісімен кездесуі бір ақпаратты алу мақсатында өтеді. Осындай сұхбат өзара байланысқан міндетті атқарады: қоғамға қажетті маңызды ақпаратты алу және ақпаратты берушінің тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуді мақсат етеді. Телевизиялық сұхбаттың ең кең тараған түрі – ақпараттық сұхбат. Портреттік сұхбат – әңгімелесушінің тұлғасын мүмкіндігінше жан-жақты ашу мақсатында алынатын телевизиялық сұхбаттың ерекше түрі. Маңызды басымдықты қоғамдық-психологиялық эмоционалдық сипатын, сұхбат берушінің құндылықтарын ашу көзделеді. Бұл түр экрандық очерктің құрамдас бөлігі ретінде кездеседі.

    Проблемалық сұхбаттың (дискуссия) міндеті – қоғамдық маңызы бар мәселе туралы әртүрлі көзқарастарды айқындау және шешу жолдарын табуды көздейді.

    Анкеталық сұхбатта бір-бірімен өзара әрекеттеспейтін әртүрлі әңгімелесушілердің арасында нақты сұрақ бойынша пікірлері анықталады. Әдетте, бұл барлық қатысушыларға бірдей сұрақтар қойылатын бір үлгіге салынған сұрақтар топтамасы. 

    Анкеталық сұхбатта қоғамдық пікірдің объектісі мына белгілерге жауап беруі тиіс: 1) пікірталасқа жақын болуы; 2) қоғамдық қызығушылық туғызуы; 3) қойылатын сұрақ маңызды мәселеге арналуы тиіс. Анкеталық сұхбатты өткізу үшін болашақ әңгімелесуші туралы толық ақпарат пен сұхбаттың болатын жері белгіленіп, негізгі сұрағы бар сценарийлық жоспар құрылады. Мысалы: «Сіз келе жатқан жылдан не күтесіз?» - бұл сұрақ қала тұрғындарына және қала қонақтарына қойылады. Олардың ішінде оқушы, әскербасшы, сатушы, жас жұбайлар, шетел қонағы болуы мүмкін. Жауаптар монтаждалғанда, қарапайым көрінген жауаптардың өзі қызықты болып шығады.

    Сұхбат - екеуара шығармашылықтың жемісі. Жетістікке жету, көбінесе, жүрізушіге байланысты.
    1   2   3


    написать администратору сайта