Главная страница
Навигация по странице:

  • Міндеті

  • Дамытушылық

  • Сабақ құрылымы

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Жаңа сабақ

  • «Алгоритм типтері: Тармақталған алгоритм»

  • Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса онда мұндай

  • Тапсырма орындау

  • Үй тапсырмасын беру

  • (

  • для конкурса. амсыздандыру интербелсенді тата, компьютер, карточкалар. Типі Жаа саба Технология Сын трысынан ойлану


    Скачать 1.62 Mb.
    Названиеамсыздандыру интербелсенді тата, компьютер, карточкалар. Типі Жаа саба Технология Сын трысынан ойлану
    Дата21.05.2019
    Размер1.62 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладля конкурса.docx
    ТипДокументы
    #78128

    Сынып: 6 А

    Қамсыздандыру:интербелсенді тақта, компьютер, карточкалар.

    Типі: Жаңа сабақ

    Технология: «Сын тұрғысынан ойлану»

    Сабақтың мақсаты Тармақталу алгоритмі туралы білім қалыптастыру, алгоритмдерді құрастыра білу мен орындау дағдыларын бекіту.

    Міндеті:

    1. Білімділік:тармақталу алгоритмін құрастыруды үйрету, алгоритмдегі шарт туралы түсінікті қалыптастыру.

    • Дамытушылық:оқушыларда шығармашылық, танымдылық дағдыларын дамыту.

    • Тәрбиелілік: практикалық тапсырмаларды орындау кезінде тиянақтылық пен ұқыптылықты тәрбиелеу.

    Сабақ құрылымы:

    • Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

    • Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау (7 мин.)

    • Жаңа сабақ (13 мин.)

    • Тапсырма орындау (14 мин.)

    • Үй тапсырмасын беру, (1 мин.)

    • Жаңа тақырыпты бекіту (4 мин.)

    • Қорытынды, бағалау (3 мин.)

    • Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу)

    • Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау: Оқушыларға үй жұмысын тексеру мен өткенді қайталау үшін тест жұмысы беріледі (компьютерде Finist программасы арқылы орындалады)

    1. Алгоритм дегеніміз – ...

    A) Адам немесе компьютер

    B) Толық сипатталған тапсырма

    C) * Берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы

    D) Математикалық есептің шешілуі

    E) Дұрыс жауабы жоқ

    2. Орындаушы дегеніміз - ...

    A) * Жүзеге асырушы

    B) Тізбектей орындау

    C) Нұсқаулар реті

    D) Есеп

    E) Дұрыс жауабы жоқ

    3. Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм?

    A) Техника ережесі

    B) * Аспаздық рецепт

    C) Сабақ кестесі

    D) Дұрыс жауабы жоқ

    E) Сынып тізімі

    4. Алгоритмге жатпайтынын көрсетіңіз:

    A) * Жазу үстелі

    B) Адам

    C) Ыдыс жуатын машина

    D) Робот

    E) Компьютер

    5. Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңіз;

    A) Бітіру

    B) Алгортитмдегі іс-әрекетті аяқтайтын кез келген бұйрық

    C) Орындау

    D) * Соңы

    E) Басы


    6. Алгоритмді ұсыну формасына жатпайды:

    A) Сөздік

    B) Графикалық

    C) Алгоритмдік

    D) Программалау

    E) * Кескіндер

    7. Блок-схемада мәліметтерді еңгізу, шығару қандай фигурада орналасады:

    A) Эллипс (сопақща щеңбер)

    B) * Параллелограмм

    C) Ромб

    D) Шеңбер

    E) Сызық

    8. Эллипста қандай бөлік орналасады:

    A) * Басы, соңы

    B) Еңгізу, шығару

    C) Шарт тексеру

    D) Цикл

    E) Дұрыс жауабы жоқ

    9. Алгоритмнің үш түрін көрсетіңіз:

    A) * Сызықтық, тармақталған, циклдік

    B) Сызықтық, еңгізу, шығару

    C) Ромб, тікбұрыш, эллипс

    D) Ромб, сызықтық, тармақталған

    E) Дұрыс жауабы жоқ

    10. Егер алгоритмдегі іс-әрекет бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалса ... алгоритм деп аталады.

    A) * Сызықтық

    B) Тармақталған

    C) Циклдік

    D) Толық емес формадағы тармақталған алгоритм

    E) Тармақталған элементтері бар сызықтық алгоритм

    • Жаңа сабақ

    Ал енді барлығымыз берілген суреттерге назар аударайық, оларда нені байқадыңыз, қандай жолды көріп тұрсыздар: (түзу, дөңгелек)



    Осы жолдардың қайсысы екіге бөлінген: (2 және 3 суреттердегі жолдар), бірақ 2-суретте мұқият назар аударайық: ол тура келе жатып, 2 жолға, яғни 2 тармаққа бөлінеді. Осыдан бүгінгі біздің тақырыбымыз:

    «Алгоритм типтері: Тармақталған алгоритм»

    Қазір кітабымызды ашып §10 63-беттегі Тармақталған алгоритм деген тақырыптан анықтамасын жазып аламыз:

    Кейде алгоритммен жұмыс істеу барысында бізге қандай да бір шартты орындау керек. М: Жаңбыр жауып тұрса, онда қолшатыр алу, әйтпесе алудың қажеті жоқ. Мұндай алгоритм тармақталған. Осыдан: Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса онда мұндай алгоритм тармақталған деп аталады. ШАРТ – «ИӘ» немесе «ЖОҚ» деп жауап беруге болатын СҰРАҚ. Тармақталу алгоритмінде «Егер», «Онда», «Әтпесе» сөздерін қолдануға болады. Мысал:



    • Тапсырма орындау Ал енді қазір компьютерлерге отырып, Тапсырма1 деген флипчарттағы тапсырмаларды орындаймыз.





    • Үй тапсырмасын беру: Бақылау сұрақтары 4-тапсырмаға жауап беру (66 бет)

    • Жаңа тақырыпты бекіту: Берілгендердің ішіндегілерін сәйкестендіріп, қажетті ұяшыққа орналастырыңыз: (Флипчарт №9)

    • Сонымен бүгін сабақта

    Не білдім?

    Не үйрендім?

    Нені үйренгім келеді?

    Оқушыларды бағалау парағы көмегімен бағалап, бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерін білу үшін смайликтерді тарату


    написать администратору сайта