комп. Сынып сааты Таырыбы Мен оffline. Компьютер дос немесе жау Масаты Компьютерді адам міріне зияны мен пайдасын білу. Компьютерді, компьютерлік ойындарды бала азасына ауіпі андай Компьютер
Скачать 84.31 Kb.
|
Сынып сағаты Тақырыбы: Мен- ОFFLINE. Компьютер дос немесе жау Мақсаты: Компьютердің адам өміріне зияны мен пайдасын білу. Компьютердің, компьютерлік ойындардың бала ағзасына қауіпі қандай ? «Компьютер» латын сөзінен аударғанда ( санау, шығару) деген мағынаны береді. Біз, балалар үшін компьютер, теледидар ток көзіндей қарапайым зат ретінде көрінеді. Қазіргі заманның балаларына компьютер үйреншікті қолданатын зат секілді. Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді.Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсатында да қолданыла береді. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады.Ауру бірден басталмайды.Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады.Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды.Ересек адамдардың пікірінше, ойынды балалар ойнауы қажет. Ойын ойлау қабілетін, есте сақтауды, зейінді дамытады . Балалар көп ойнайды: қуыршақтар, дойбы, құрастыру… Әрине қазіргі заманның балалары компьютерлік ойындарына әуестенеді. Интернет – адамдарды әлеуметтік бөлшектеу, жалғыз, депрессияға шалдығуға апарып соғуы мүмкін. Интернетке көп уақыт отырған адамдар өз туысқандарымен, дос-жарандарымен қарым-қатынасы азая бастайды. Қиындықтар шынайы өмірде туындаған кезде, адамдармен қарым-қатынас жетіспегенде компьютердің алдынан іздейді. Тағы да бір мәселе -компьютер психиканың бүлінуіне әсерін тигізді. Бұндай психикалық бүлінуге біріншіден, интернетке тәуелді болу және компьютерлік ойындарға тәуелді болу. Компьютермен жұмыс істеу кезінде біздің өмірімізде күйзелістер пайда болады. Ол компьютерге тәуелді болуынан пайда болады. Компьютер оқуға қалай әсер етеді ? Компьютерлік ойындар балаларға әр түрлі әсер етеді: егер де, бұл ойындар үйрететін, логикалық ойын дамытатын, зейін, спортқа қызығушылығын арттыратын- дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан оқушыларда логикалық ойлау жүйесі жақсы жетіледі. Олар есептің жаңа шығарылуы жолын бірден табады, есептеу техникаларын жақсы меңгереді. «Жарыс», «атыс» ойындарын ойнайтын оқушылар жүйкелері жұқарған, компьютер ойнағаннан кейін көздері ауырады, оқу үлгерімі нашарлайды. Олар мұқиятсыз, ашуланшақ, есептеу кезінде көп қателер жібереді, жай оқиды, кейде сабаққа дайындықсыз келеді немесе үй жұмысын дұрыс орындамайды Компьютер 1.Компьютерді не үшін қолданасыз? 2.Компьютер мен жұмыс істеу кезін де қандай жайсыздықты сезінесіз? Компьютермен жұмыс істеген кезде көзге кері әсер ететін себептер: — Монитордың анық еместігі. — Түстердің дұрыс күйге келтірілуі. — Суреттердің жылт-жылт етуі. — Экрандағы жыпылықтаудың болуы.Сондықтан мониторды дұрыс қалыптастыру керек. Ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында тапжылмай отыру омыртқа ауруына әкеліп соқтырады. Кішкентай балалардың және жасөспірімдердің омыртқалары дұрыс қалыптаспаған, компьютер алдында көп отыру омыртқаның қисаюына себепші болады. Компьютер қолданатын адамдардың денсаулығына мынадай шағымдар бар: көздің тартуы, бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы, Компьютермен жұмыс кезінде, тышқан мен пернетақта арқылы жұмыстанамыз.Бұл бізді алуан түрлі қозғалыс жасауға мәжбүрлейді. Пернетақтамен көп жұмыс істеуі кезінде с аусақтардың,қолдың ауруына себепші болады. Қазіргі уақытта ультрадыбыстың есте сақтау қабілетіне, оқуға кері әсері бар екені белгілі.Шу құлаққа , миға әсер етеді. Компьютерлік ойындар балаларды дамытады: — Көңіл аударуды жылдамдатады; — саусақтардың қозғалу шапшаңдығы; — объектіні визуалды қабылдау; — назар және есте сақтау қабілеті ; — логикалық ойлау; — көздің шапшаң қабылдауы. Компьютерлік ойындар балаларға үйретеді: — қорыту және сараптау; — аналитикалық ойлау; — өз мақсатына жету; — интелектуалдық қабілеттерін дамыту. Сұраққа жауап беріңіз? 1.Компьютерді қандай мақсатпен қолданасың? 2.Қандай ойындар ойнайсың? 3.Қанша уақытынды компьютерге жұмсайсың? 4.Компьютерлікдің адам ағзасына әсері туралы көзқарастарысың қандай? 5.Компьютер сабаққа көмектесе ме? ҚОРЫТЫНДЫ Келген ғасыр — ақпараттық технологиялар заманы. Біздерді, балаларды компьютерден аластату қолдан келмейді. Ғалымдардың айтуынша, компьютермен жұмыс істеген баланың қабілеті дамиды, шапшаң шешім қабылдауға және экранда керек емес нәрселер шығып жатқанда, компьютер өшіп қалғанда сасқалақтамай, абдырамай қиын есептерді шығарады, қиындықтан оңай шығады. Баланың денсаулығын компьютерлік зияндардан қорғауға болады, егер де тәртіпті сақтамаса компьютер достан қас жауға айналады. Көрнекілігі: Буклет, компьютер, ұялы телефон, планшеттер макеті,қанатты сөздер, балалар салғсан суреттер топтамасы. Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру. II. Кіріспе сөз. III. Негізгі бөлім. (Көрініс) IY.Пысықтау. Y.Қорытынды. YI.Үйге тапсырма. I. Ұйымдастыру. (Оқушылардың көңіл-күйін көтеретін шаттық шеңберін өткізу). Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді) Қуанасың сен де, (жанындағы баланы көрсетеді) Қуануайық достарым, (бір-бірінің қолдарын ұстайды) Арайлап атқан күнге! (қолдарын жоғары көтереді) II. Кіріспе сөз. Құрметті оқушылар, қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның білімі мен мәдениетінен анықталады. XXI ғасырды ақпараттандыру ғасыры дейміз.Соған орай, біз бүгінгі заман ағымына сай ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуымыз керек. Ол үшін ақпаратты алумен қатар компьтерді қалай падалану керетігін өте есте сақтауымыз қажет екен. Бүгінгі тәрбие сағатын нағыз ұлт жанашыры,тәуелсіз елдің құрбандарын ақтап шыққан белгілі қоғам қайраткері, ақын М.Шахановтың «Компьютер басты жарты адам» атты өлеңінен үзінді айтып бастайын: Біз қаншама жас өскінді аттандырдық шет елге, Білім алып келсін дедік, Жер, ел танып келсін дедік. Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме? Зұлымдық та білім - қызға ғашық болып сүйісті, Кім тежемек, кім қайтармақ бұл пенделік күйісті? Жалғыз жол бар: білім әркез рухани байлыққа Терең тамыр жіберуге тиісті. Қайтсек екен, монитор көз, компьютер бас жас талап, Білім + Рух болуы үшін ажырамас қос қанат? Қай кезде де білім - күшің әрі нұрлы жетегің Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін Кім ойлапты, құдайым-ау, егер ұры қаншама, Зор білімін қару етсе жан сала, Бейқам елге оның «сыйлар» азабы да соншама... Міне, ақын ағамыздың осы пайдасы мен қаншама «азап сыйлайтын» бүгінгі қаһармандарымызға сөз кезегін берейік. III. Негізгі бөлім. (Көрініс) ( Компьютер, ұялы телефон, планшет, интернет келеді де, мақтаныш сезімімен өз сөздерін айтады) 1.Компьютер. 2.Ұялы телефон. 3. Планшет. 4. Интернет. Оқушыларға сөз. IY.Пысықтау. Мұғалім сөзі. 1) Оқушыларға сөз ( өлеңдер оқылады). 2) Оқушылардың салған суретерін сөйлету. 3) Ән Y.Қорытынды. 1.Мұғалім сөзі. Жаһанданып қоғамың жаңарғасын, Өміріңнің өзгертті бар арнасын. Компьютер алдынан бір шықпайсың, Ғаламторға телмірген замандасым. Амалдарды ұмытсаң бар қайырлы, Ғаламтордан аласың қандай үлгі. Таңға дейін маужырап отырасың, Маниторға ұрғанша маңдайыңды. Уақыт тауып сырласып,мұң шағатын, Достарыңның оқисың мұнша хатын. Құдайды ойлап,бірақ та бір тәуліктің, Құлшылыққа қимайсың бір сағатын. Танымың тар қапасқа қамалмасын, Аллаға иіу керек адам басын. Босқа өткізіп,өлтірген уақытыңды, Өкінішті,қайтарып ала алмасың. 2. Коьпьютермен жұмыс істеу үшін 14 кеңес. YI.Үйге тапсырма. Калифорниялық бір ер кісі Online (қосулы тұрған)-қызметтер үшін өзінің бар тапқан ақшасын құрбан еткен. Онысымен қоймай өзі отырған қара шаңырақты да осы компьютердің жолында рәсуә етіпті. Үй-жайсыз қалып, күнкөріс қамын жасамақ болып, ұрлық жасап жатқан жерінде ұсталып қалады. Сол кездегі әлгі бәтшәғардың айтқаны: "Мен үшін компьютерде отыру үйімнің болғанынан да артығырақ. Мен компьютер арқылы көп достар таптым. "депті. 1.Сенің көзқарасың қалай? 2. Ойтолғау. «Компьютер дос па, жау ма» Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба? Мазмұны. 1.Кіріспе 2. « Оқушыға компьютер не үшін қажет?» зерттеу. 2.1.Компьютер менің сыныптастарым арасында қаншалықты танымал? 2.2.Компьютерлік ойындарға әуестігі туралы ата-ананың ойы ? 2.3.Компьютер оқуға қалай әсері етеді? 2.4.Адамдарға компьютердің әсері қаңдай? 3.Қорытынды. 4.Қолданылған әдебиеттер тізімі. Қосымша Оқушыларға арналған сауалнама. Ата-аналарға арналған сауалнама. Компьютер денсаулықты кері әсерін тигізбеу үшін кеңестер. Офтольмолог дәрігердің ұсыныстары сіздің көзіңізді сақтауға көмектеседі!«Біле бер,қанша білсең –тағы тіле Жетерсің мұратыңа біле ,біле» Жүсіп Баласұғын Кіріспе Компьютерлер біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Ол біздің өміріміздің барлық салаларына кірді және өмірімізді бұл ақылды машинасыз көру мүмкін емес. Біз, балалар үшін компьютер, теледидар ток көзіндей қарапайым зат ретінде көрінеді. Қазіргі заманның балаларына компьютер үйреншікті қолданатын зат секілді. Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді.Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсатында да қолданыла береді.Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер,тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейне жазбаларды да көру мақсатында пайдалана аласыз. Компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді .Мысалы , арнайы программалық жабдықтамалар көмегімен дыбыс жазбаларын түрлендіре отырып ,өзіңіз жаңа күйлер мен саздар құрастырып , клиптер енгізіп , айта берсек , өз әуендеріңізді компьютерде орындай да аласыз. Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1,5м болатын электромагниттік өріс құрайды ,сол өріс аясында түскен адам зиянды ультракүлгін сәуле әсеріне ұшырайды.Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар , микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады . Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып , оларды пайдалану дұрыс емес , өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте-бірте қосыла келе көбиіп отырады.Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады.Ауру бірден басталмайды.Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады.Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды.Ересек адамдардың пікірінше, ойынды балалар ойнауы қажет. Ойын ойлау қабілетін, есте сақтауды, зейінді дамытады . Балалар көп ойнайды: қуыршақтар, дойбы, құрастыру… Әрине қазіргі заманның балалары компьютерлік ойындарына әуестенеді. Компьютердің алдында отырғанда үнемі ересек адамдардан еститініміз: «Компьютердің алдында көп отырма!», «Тіке отыр!», «Бұл ойындарды саған ойнауға болмайды!». Менде мынандай сұрақ туындайды «Ал неге болмайды, маған қызықты ғой!!!» Бұл сұраққа алған жауабым: «Компьютер адам ағзасына кері әсерін тигізеді, барлық ойындар пайдалы емес.». Ең қорқыныштысы -компьютерлік ойындарға тәуелді болу. Сонымен, компьютер дегеніміз не? Денсаулық үшін зиянды нәрсе немесе заманауи дос және көмекші. Қызықты компьютер балаға қалай әсер етеді? Қандай ойындар ойнауға болады? Қайсысы болмайды? Компьютер алдында қалай отыру керек? Ол жау болмау үшін — зерттеу жүргізуді шештік:барлық компьютерлік ойындар – жау ма, әлде біздің бақытымызға орай достары да бар ма екен? Ойындар сабаққа көмектесе ме ,әлде кесірін тигізе ме? Зерттеудің мақсаты: Компьютердің адам өміріне зияны мен пайдасын білу. Компьютердің, компьютерлік ойындардың бала ағзасына қауіпін зерттеу. Біз сұрақтарға жауап алғымыз келді: біздің мектебіміздің балалары компьютерді қандай мақсатпен қолданады? Қандай ойындар ойнайды? Қанша уақытын компьютерге жұмсайды? Компьютерлікдің адам ағзасына әсері туралы көзқарастары қандай? Компьютер сабаққа көмектесе ме? Ғылыми дәлелдемелер бар ма, бұл мәселені дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын, әлде бұл тек ересек адамдардың ойлары ма? Біз келесі мәселелерді қойдық: Компьютерлердің шығу тарихын білу. Бұл машиналардың шығу мақсаты қандай? Сауалнама арқылы сыныптастар арасында қандай ойындар атақты және оған қанша уақыт жұмсайды? Компьютерлік ойындардың адамға әсері жайында ақпарат табу. Сыныптастарыма зерттеудің нәтижелерін көрсету. Зерттеудің болжамы: Біз ойлағандай, егер де біздің замандастар компьютерді тек ойын үшін қолданып, уақытты зая кетірсе, онда көзі көруі және денсаулығы бұзылады, ата-анасымен қарым-қатынастары нашарлайды, оқу үлгерімдері төмендейді. «Компьютер»-латын сөзінен аударғанда «санау, шығару» дегенді білдіреді.Ол механикалық есептеуіш машиналармен салыстырғанда мың есе шапшаң жылдамдықпен санайды. Бірақ, бұл есептеуіш электрондық машиналар қандай үлкен болады? Олар орналасқан бөлмелер,үлкен залдар айналасы ақ жәшіктермен қоршалған. Бірнеше оң мыңдаған электронды шамдар өте көп цифрларды өңдеді. Шамдар орнына транзисторлар келді, компьютер бөлмемен бірдей болды.Қазіргі компьютерлердің элементтік базасы микросхемалармен ауысып, үстелдің үстіне немесе шалбар қалтасына сыйып кетеді. Алғашқы дербес компьютерлер АҚШ-та 1976 жылы пайда болды. ХХ ғасырдың соңғы он жылдықта кішігірім компьютерлер өзінің дамуында үлкен жол істеп келді. Ақпаратты жөндеп және тез жұмыс істей бастады. Үлкен есептеуші жүйелердің дамуы супер компьютерлердің жасалуына әкелді. Олардың өндіргіштігі жоғары, мысалы, ірі жер сілкіністерін моделін есептеуге қабілетті. ХХ ғасырдың соңында адамзат әр түрлі компьютерлік жүйелердің мүмкіндіктерін біріктіре алатын «Интернет» деп аталынатын ауқымды ақпараттық жүйені қалыптастыру кезеңі басталды. Оқушыға компьютер не үшін қажет? Қазіргі заманда компьютерлер көп жанұяларда бар. Оны қалай қолданады? Заманауи сән секілді қажет пе? Ол жұмысқа қажеттілік етеді ме? Осы сұраққа жауап беру үшін біз информатика пәнінің мұғалімі көмегімен, 5-7-сынып оқушылары арасында сауалнама өткіздік. Сауалнамаға 213 оқушы қатысты. Сауалнама сұрақ- жауап түрінде өткізілді. Осындай нәтиже болды. сыныбы Сұрақ қойылған оқушылар саны Жеке компьютер лері бар Интернет бар Білім алуға қолданады Ойын үшін қолданады оқушы % оқушы % оқушы % оқушы % 5 сынып 59 39 66 30 51 17 29 32 54 6 сынып 73 48 65 43 59 18 24 41 56 7 сынып 81 37 45 34 42 15 19 48 59 барлығы 213 124 58 107 50 50 23 121 56 Құралған кесте бойынша 213 оқушылардан сұралды. 124 оқушыда жеке компьютер бар, 58 оқушы білім үшін қолданады. Ол 23 пайыз құрайды. Қалғандары ойын үшін қажет екен немесе әр түрлі фильмдер және достарымен әңгімелесу үшін қолданады.Компьютер жоқ оқушылар барлық уақыттарын достарына, туысқандарына барып компьютер алдында отырады. Зерттеу нәтижесі бойынша көбіне оқушылар компьютерді ойын үшін қолданады. Компьютер менің сыныптастарымның арасында қаншалақты танымал? Адамдар уақытын компьютерге қаншалықты жұмсайды? Адамға компьютердің әсерін оқушылар қалай түсінеді? Біздің сыныпта зерттеу барысында мынандай жұмыстар өткіздік, содан соң осындай шешімге келдік. Сыныпта 24 оқушы бармыз, сыныптастарымның ішінде: 14-і ойын ойнауды өздерінің хоббиі деп санайды. 24-тен 4 сыныптастарым бір жұмада 1 рет ойнайды. 24-тен 7 сыныптастарым анда-санда ойнайды. 24-тен 2 сыныптастарым кем дегенде 1 сағат ойнайды. 24-тен 11 сыныптастарым 2 сағаттан астам ойнайды. 24-тен 19 сыныптастарым жеке компьютерлері бар, қалғандары достарына және туыстарына барады. 24-тен 13 сыныптастарым компьютерлік ойындардан кейін рахаттанады, 4-і шаршайды, 3-нің көзі аурады, 4-і ойыннан кейін ашуланшақ болады.Ал компьютерлік ойындарға келетін болсақ, ер балалардың көбі атыс және жарыс ойындар ойнайды, қыз балалар үйрету ойындарына жақынырақ. Сыныпта Quest — логиқалық ойындарды 6 пайыз оқушы қолданады. Sport- жарыстар және спорттық ойындармен 33 пайыз оқушылар ойнайды. 3D-skooter — атыс ойындарға 35 пайызы әуестенеді.Үйрету — саяхат, ізденуге ынталандыратын ойындарды 26 пайызы қолданады.Бұдан шығатын нәтиже балалардың көбі атыс және спорт ойындарына жақын екендігі. Көбі компьютерлік ойындарды бір сағаттан астам ойнайды. Балалардың көбі компьютерлік ойындар адамдарға жақсы әсер етеді деп ойлайды. Балалары компьютерлік ойындарға құмар ата-аналар не ойлайды? Қандай ойындарды ойнайды және не қалайды: түнге ертегі оқу ма ,әлде ойнай берсін бе? Сауалнама жүргізген кезде осы сұрақты қойдық. Шыққан нәтиже: Балалар ойындарды өздері таңдайды, ата-аналар қарсы емес-12 адам. Ойын сатып алмайды-3 адам. Көңіл бөле қарайды-6 адам. «Ойнап жатыр ма? Ойнай берсін!» — 8 адам. Қарсы-5 адам. Компьютер оқуға қалай әсер етеді? Компьютерлік ойындар балаларға әр түрлі әсер етеді: егер де, бұл ойындар үйрететін, логикалық ойын дамытатын, зейін, спортқа қызығушылығын арттыратын- дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан оқушыларда логикалық ойлау жүйесі жақсы жетіледі. Олар есептің жаңа шығарылуы жолын бірден табады, есептеу техникаларын жақсы меңгереді. «Жарыс», «атыс» ойындарын ойнайтын оқушылар жүйкелері жұқарған, компьютер ойнағаннан кейін көздері ауырады, оқу үлгерімі нашарлайды. Олар мұқиятсыз, ашуланшақ, есептеу кезінде көп қателер жібереді, жай оқиды, кейде сабаққа дайындықсыз келеді немесе үй жұмысын дұрыс орындамайды. Сонымен, компьютер дегеніміз-балалар денсаулығы үшін қауіп пе, әлде кәзіргі заманғы дос пен көмекші ме? Компьютерден бас тарту керек пе? Одан қорқу керек пе? Біз қарапайым ережелерді орындау керек деп ойлаймыз! Жақсы жабдықталған жұмыс орнында және дұрыс таңдалған күн тәртібінен компьютер қорқынышты құбыжықтан өте пайдалы құралға айналады. Компьютер қолданатын адамдардың денсаулығына мынадай шағымдар бар: көздің тартуы, бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы, көптеген ересектер үшін-жаңа құбылыс. Компьютермен жұмыс істеген кезінде адамның көзіне белсенді жүктемелеу ,ол экрандағы суреттерді көреді, мәтінді оқиды, дәлме-дәл мағұлматтарды, символдарды, графиканы, маңызды шешімдер қабылдайды,оның жұмысына байланысты мәселелерді компьютердің алдында отырған адамның жұмыс күнінің ішінде 15-20 рет өзгертілу керек. Экранның жылт-жылт етуі, түстердін үйлесімі көз және ми үшін үлкен қиындық туғызады, көздің бұлдырауына әкеледі, көздін ашуы,көз және маңдай айналасын ауру,көздің қызаруы.Бұндай ауытқушылықтар компьютерді жақсы көретін адамдарда кездеседі,компьютердің алдында отырған уақытқа байланысты.Әсіресе кішкентай балдардың көздері аурады,өйткені олардың көздерінің бұлшық еттері дұрыс қалыптаспаған.Теледидардың алдында көп отыру, кітапты көп оқу — жас көздерге көп ықпал тигізеді . Компьютермен жұмыс істеген кезде көзге кері әсер ететін себептер: — Монитордың анық еместігі. — Түстердің дұрыс күйге келтірілуі. — Суреттердің жылт-жылт етуі. — Экрандағы жыпылықтаудың болуы. Сондықтан мониторды дұрыс қалыптастыру керек. Ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында тапжылмай отыру омыртқа ауруына әкеліп соқтырады. Кішкентай балалардың және жасөспірімдердің омыртқалары дұрыс қалыптаспаған, компьютер алдында көп отыру омыртқаның қисаюына себепші болады. Компьютермен жұмыс кезінде, тышқан мен пернетақта арқылы жұмыстанамыз.Бұл бізді алуан түрлі қозғалыс жасауға мәжбүрлейді. Пернетақтамен көп жұмыс істеуі кезінде саусақтардың,қолдың ауруына себепші болады.Компьютердің алдында жұмыс істеген кезде әр түрлі дыбыстармен, ультрадыбыстардың адам ағзасына әсері жайлы әлі зерттелініп біткен жоқ.Қазіргі уақытта ультрадыбыстың есте сақтау қабілетіне, оқуға кері әсері бар екені белгілі.Шу құлаққа , миға әсер етеді.Артериялық қысымға, гипертониялық ауру бала кезінен пайда болады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудан психологиялық аспектілерге көшеміз. Интернет және оның қызметтері(электрондық пошталар, байланыс бағдарламалары, конференциялар, форумдар т.с.с) адам ағзасына кері әсерін беруі мүмкін.Жүйке жүйесін шамадан тыс жүктеудің соңында неврастия деген ауруға әкеп соғады. Қараусыз балалардың интернетке кіру — зиян. Ол үлкендердің балалардың тәртібіне көңіл аудармау. Интернет – адамдарды әлеуметтік бөлшектеу, жалғыз, депрессияға шалдығуға апарып соғуы мүмкін. Осындай шешімге зерттеу барысында ғалымдар келген. Зерттеу нәтижесінде интернетке көп уақыт отырған адамдар өз туысқандарымен, дос-жарандарымен қарым-қатынасы азая бастайды. Қиындықтар шынайы өмірде туындаған кезде, адамдармен қарым-қатынас жетіспегенде компьютердің алдынан іздейді. Тағы да бір мәселе -компьютер психиканың бүлінуіне әсерін тигізді. Бұндай психикалық бүлінуге біріншіден, интернетке тәуелді болу және компьютерлік ойындарға тәуелді болу. Компьютермен жұмыс істеу кезінде біздің өмірімізде күйзелістер пайда болады. Ол компьютерге тәуелді болуынан пайда болады. Жаңа нәрсені ұмыту қорқынышы, тұрақсыз жұмыс, компьютердің істен шығуына ақпараттың шектен тыс жүктелуі. Компьютер біздің өмірімізде қарапайым зат. Компьютермен жұмыс істей алмайтын адамдарға таңырқай қарайды. Компьютердің зияны мен пайдасы туралы келіспеушілік көп болады. Ғалымдар компьютердің әсері туралы көптеген зерттеу жүргізуде, балалар ата-аналарымен қарсыласады, ата-аналар мұғалімдермен, т.б. Жауап әлі де жоқ! Психологтардың келесі берілген дәлелдемелері бізге дұрыс жауап беруге көмектеседі. Жағымдысы. Компьютерлік ойындар балаларды дамытады: — Көңіл аударуды жылдамдатады; — саусақтардың қозғалу шапшаңдығы; — объектіні визуалды қабылдау; — назар және есте сақтау қабілеті ; — логикалық ойлау; — көздің шапшаң қабылдауы. Компьютерлік ойындар балаларға үйретеді: — қорыту және сараптау; — аналитикалық ойлау; — өз мақсатына жету; — интелектуалдық қабілеттерін дамыту. Кішкентай кезінен компьютермен жұмыс істей алатын кішкентай бала өзін еркін сезінеді, себебі ол әлемдегі замануи технологияларға қолы жетеді. Компьютерлік ойындарды ойнағанда бала өзінің сиқырлы әлемінде жүрген секілді сезінеді. Ертегі кейіпкерлері балаға жарды жөңдеу, пазлдарды дұрыс жинау немесе сандарды ретімен орналастыру, қазынаға жету үшін бала өзіне керектігін сезінеді. Егер тапсырманың соңында балаға «Жарайсың!», «Сен керемет орындадың!» деп айтса, бұл балада қуаныш оятады. Компьютерлік ойындары ішінде көп қызықтысы, ақылдысы, түгелімен балалардың дамуына және өз білімдерін жетілдіруге көмектеседі.Ал түсінікті, қарапайым, қолдануға оңай, нағыз әртістермен дыбысталған ойындар тамаша мереке секілді. Оқытуға арналған компьютерлік ойындар туралы айтып отырмыз. Ал онда не жағымсызы бар? Егер де тәртіпті сақтамаса компьютер достан қас жауға айналады. Жақсысының бәрі шектен шықпау керек. Жақсы керемет ойындардың балаларға пайдасы болса да, керісінше зиянды ойындарда болуы мүмкін. Компьютердің алдында көп отыра берсе, көздің көруі нашарлап және психологиялық тұрғыда бала виртуалды әлемге тәуелді болады. Тәртіпті сақтайтын жанұяларда ондай мәселе туындамайды. ҚОРЫТЫНДЫ Келген ғасыр — ақпараттық технологиялар заманы. Біздерді, балаларды компьютерден аластату қолдан келмейді. Ғалымдардың айтуынша, компьютермен жұмыс істеген баланың қабілеті дамиды, шапшаң шешім қабылдауға және экранда керек емес нәрселер шығып жатқанда, компьютер өшіп қалғанда сасқалақтамай, абдырамай қиын есептерді шығарады, қиындықтан оңай шығады. Баланың денсаулығын компьютерлік зияндардан қорғауға болады, егер де оны қадағалап отырса,үлкендердің істейтін қателіктерін қайталамау керек. Біздің зерттеулердің нәтижелері көрсетеді: компьютердің зиянымен қоса пайдасы бар. Соңғы кезде біз әрдайым компьютердің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы естиміз. Соңғы зерттеулер көрсетеді: тек компьютерден ағзаға зиянды ықпал ететіні, адамның қате орналасуы, демалуы мен жұмысындағы ережелерді сақтамауы. Компьютер мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Компьютерлік программалармен мен жұмыс істеу өте қызықты. Компьютер программасының негізгі құралдарымен, әртүрлі әрекеттермен таныстым. Артықшылығы: — графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа; — жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық; — көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі; Жоғарыда айта кеткендей, әртүрлі әрекеттер көмегімен кез-келген құжаттар жасауға болады. Компьютермен жұмыс істеу пайдалы, біздің ақпарат іздеу жұмысына зор көмегі бар деген шешімге келдім. Бірақ ол қатаң ережелерді сақтауын талап етеді және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау керек. Баланың ағзасына әсер етпеу- бұл сәтте маңызды. Біздің мектепте барлық компьютер бөлмелерінде компьютердің қауіпсіздігі туралы ақпараттар бар. Дерек көзі: https://erketai.kz/informatika/kompyuter-pajdaly-ma-%D3%99lde-ziyan-ba/ Балаларымыз компьютерге қанша жастан отырғаны жөн? Компьютердің оларға қандай пайдасы мен зияндары бар? Компьютер жыл сайын біздің өмірімізде маңызды орын алуда. Оның көмегімен фильм көре, музыка тыңдай аламыз, басқа континентте тұратын адамдармен араласамыз, мәтін тере, қиын математикалық есепті шығара аламыз және т.б. Алайда көп ата-аналарды мазалайтын сұрақтар бар: балаға компьютерді қолдануға рұқсат берген дұрыс па? Компьютер оған не нәрсені үйрете алады? Балаға "сиқырлымашинаның" алдындаотыруғақайжастанкейінрұқсатеткенжөн? Дәрігерлердің айтуы бойынша, баланы үш жастан бастап отырғызуға болады, бірақ күніне жарты сағат қана. 6 жастан бастан 12 жасқа дейін - бір сағат. Ал 12 жастан бастап күніне екі сағат рұқсат етуге болады. Компьютер көзге зиян, сондықтан әр бір он бес минут сайын үзіліс жасап отыру керектігін есте сақтау керек. Егер балаға көзге арналған жаттығуларды үйретіп қойсаңыздар, одан бетер жақсы болар еді: көзді вертикальды және көлденең айналдыру немесе жиі жыпылықтау. Кейін тәуелділік пайда болмау үшін компьютер алдында отыратын уақыт нақты белгілену керек. Балаға компьютердің алдында көп отыру, оның көздеріне үлкен зиян тигізетінін жайлап түсіндіре білу қажет. Монитордың қарама-қарсы түстерін және ашықтылығын реттеңіз, баланың көзіне қатты әсерін тигізбесін. Жұмыс үстеліне біркелкі түстегі суреттерді қойыңыз. Үстел және орындық баланың бойына сәйкес келуін қадағалаңыз. Оның түзу отыруын бақылаңыз, әйтпесе ол сколиоздың дамуына алып келеді. Монитор түзу тұру керек, бала оған бұрылып қарамайтындай болсын. Компьютерлік орынға жарық түсуі керек, алайда жарық дәл мониторға түспеген дұрыс. Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай: Көздің көру қабілетін төмендетеді; Омыртқалардың қисаюына әкеледі; Жүйкеге салмақ түсіреді; Шаршағыштық, әлсіздік басады. Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады... Сонымен бірге: * Компьютерге арналған арнайы үстел болуын және оның балаға жайлы болуына мүмкіндік жасау; * Монитор экранынан ылғал шүберекпен жиі тазалап тұру, ондағы шаңның өзі көзге кері әсерін тигізеді * Монитор мен орындықтың ара қашықтығын сақтау, яғни бала өзін 50-60 см экраннан алыс ұстауы керек * Үй ішінде интернетті пайдалануға және атыс-шабысқа толы ойындарды ойнауға тиым салу Компьютердің пайдасы «1. Байланысқа кіру. Интернет басқа ақпарат құралдарының (радио, теледидар, газет, журнал) қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа бір түрін әкелді. Интернет өз бойына жазылған сөз бен суретті, әрі дауысы, әрі бейнежазбаны жинақтайды. Сондай-ақ тәрбие мен білім беруді, әрі мәдениетті күшейтіп, әрі көңіл көтерумен ұштастырады. 2. Кеңінен жайылу. Интернет қызметін пайдаланушылардың саны әлем бойынша 300 миллионнан асады. Олардың 2 миллионы араб әлемінен. Бұл сан уақыт өткен сайын өсу үстінде. Интернетті пайдаланушылар көбінесе қоғамдағы өте белсенді адамдар. Өйткені интернетке қатысушылардың 75 пайызының жас мөлшері 16 мен 44 аралығында, ал 45 пайызы университетті толық бітіргендер. 3. Қатысу. Интернет адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады. Теледидар қатынасы негізінен көрерменге бір жақты және радио да осы сияқты. Ал интернет болса өзіне қатысушы адамға осы мағлұматтарға әртүрлі жолдар арқылы (диалог, іздеп табу, көзқарасын айту сияқты) қатысуға мүмкіндік туғызады. 4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдамына айналды. Бұл арқылы әлемнің кез-келген бұрышындағы адамға қас-қағым сәтте оншақты беттен тұратын іс-қағаздарын жібере аласыз. 5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың жеңілдігі. Интернет арқылы төмендегідей істерді атқаруыңызға болады: көп мөлшердегі суреттерді, мағлұматтарды, құжаттарды тасымалдап, оларды компьютер қас-қағымда-ақ сақтап, «есіне» жаттайды». 2-ден 6 жасқа дейін балақайлар компьютерді меңгере бастайды. Сандарды, әріптерді, әр түрлі белгілерді үйретуден бастауға болады. Ол үшін сізге мәтіндік редактор керек. Уақыт өте келе бала толық сөздерді жазады, кейін сөйлемдерді. Сонымен бірге ол қатесін көріп, оны өзі түзей алады. Тінтуірді басқару арқылы балақайдың әрекетін жетілдіруге болады. Белгілі болғандай бала ойын арқылы үйренеді. Бүгінгі таңда ой-өрісті жетілдіретін неше түрлі ойындар бар. Солардың көмегімен көптеген ғылымның ежелерін тануға болады: геометрия, шет тілі, арифметика, грамматика. Paint редакторын қолдану арқылы сурет салуды үйренуге болады. Өйткені жаққышқа қарағанда тінтуірмен сурет салу қиындау. Бұл өз кезегінде қолдың моторикасын жетілдіреді. Паззлдар қағидасы бойынша суреттерді жинау, логикалық ойлауды дамытады. Белгілі бір бейнелерді реттеу немесе керек жердің бояғын аяқтау, қиялды дамытады. Ал музыкалық ойындар музыкаға деген махаббатты оятып, ноталарды жаттауға ықпал етеді. 6-дан 9 жасқа дейінгі балаларға ақпаратпен жұмыс істеуді үйретуге болады. Басында ойын түрінде үйреткен жөн. Балаға өз бетінше папка мен файлдарды ашуды үйретіңіз. Компьютер арқылы ойын ойнау ғана емес, көптеген қызық ақпаратты білуге де болатынын түсіндіріңіз. Қазір бала ойнап, қосымша әлемдік торды меңгеретін балаларға арналған сайттар көп. Біртіндеп іздеу жүйелерін қолдануды үйреніңіздер. Сол арқылы бала өзіне керек ақпаратты алады емес пе?! Сонымен қатар логикалық ойлауды да дамытады. Өйткені "іздегіш" сұраққа жауап бермейді, ол тек жалпылама сөздерді іздейді. Осы жаста оның өзін жалғыз компьютердің алдында қалдыруға болмайды, ол әлі көп нәрсе білмейді. Вирусқа толы бағдарламаны жүктеп алуы мүмкін. Екеулеріңізге бірге отыру қызық болады, ал балаңыз түсінбегенін әр кез сізден сұрай алады. Шамамен, 9-дан 12 жасқа дейінгі балалар әлемдік торда "жүзе" алады. Ол онда жүзбей тұрып, бірнеше нәрсені ұмыттырмаңыз. Біріншіден, вирустар жайлы айтыңыз. Екіншіден, интернетте тек қана жақсы ниеттілер отырмайтынын айтыңыздар. Поштаға әдейі зиянкес тасушы хабарламалар (спам) жіберетіндер барын да түсіндіріңіз. Егер бала таныс емес кісіден хабарлама алса, үлкендерді көмекке шақырсын. Егер абайсызда бір түймені басып қойып, бір нәрсе бүлдірсе, балаға ұрыспаңыз, тек келесіде абай болуын сұраңыз. Кейбір балалар табиғатынан ұяң келеді. Айналадағы адамдармен сирек байланысқа түседі, қатарластарымен тіл табыса алмайды. Әр түрлі чаттар арқылы араласу, оларды аша түседі. Олармен неше түрлі бағдарламалар арқылы араласу (мысалы, Skype), компьютерлік бағдарламаларды танып білуге ықпал етіп, кейінгі өмірлеріне керек болады. Егер сіздер осы бастан балаға компьютер алдында жұмсайтын уақытты қадағалауды үйретсеңіз - бұл керемет болар еді. Алайда кез - келген бала өз-өзін қадағалай алмайды. Осындай жағдайда балаға компьютерді сөндіру керектігін еске салып отыратын бағдарламаларды қолданған жөн. 13 жастан бастап, балаға компьютерді өз еркімен қолдануға рұқсат беруге болады. Ол бірнеше сағаттап өзіне қызық бағдарламаларды зерттеп отыруы мүмкін. Бұл қасірет емес. Мүмкін, ол өзінің болашағын ақпараттық технологиямен байланыстырғысы келетін шығар, сол кезде компьютер оның нағыз досына айналады. Оны ұрсудың қажеті жоқ, оның таңдауына сыйластықпен қарайтыныңызды білдіріңіз. Бірақ таң атқаннан, кеш батқанға дейін компьютердің алдында отыру денсаулыққа зиян екендігін түсіндіре біліңіз. Ақпараттық ресурстардың тұрақты өсуі қазіргі қоғам дамуының заңды процесі болып отыр, бірақ бұл жеке тұлғаның қалыптасуына кедергі де болып отыр. Ақпараттық технологиялар жасөспірімдердің психикасына, денсаулығына кері әсер етіп отыр деуге болады. Өзіңіз компьютерде көп отырған баланы байқап көріңіз, олар ашуланшақ, әрі бірдеңені тез түсіне алмайтын болып қалыптасып келе жатыр. @mail.ru агентіне кіру арқылы бала әр секунд сайын түрлі ақпараттың әсеріне тап болады. – Баланың қабылдап жатқан ақпараты көбіне бұзақылық сипатта болып келеді де, баланың қоғамдық өміріндегі жағымды бағытына кері әсер етеді, – дейді психолог Н.Белик. – Психологиялық аспектіні ескерсек, «агент» арқылы алынып жатқан әр ақпарат, әр белгі баланың санасына әсер ететін мағыналық жүктемені көбейтеді, сөйтіп баланың әдетіне, машығына кері ықпал етеді. Сөйтіп баланың басын айналдырып, тұлғалық қабілетін жойып, психикасына кері әсер етеді. Компьютерде көп отыратын балаларды бақылаған кезде жасөспірімдердің даму деңгейінің төмендейтіні, сөздік-қисындық ойлауының нашарлайтыны, назар аудару қабілеті мен сараптамалық қабілетінің әлсірейтіні белгілі болған. Көптеген балалар естіген нәрсесін үлкен қиындықпен түсінетін болған. Ондай балалар жаңа ғана айтқан нәрсені есінен тез шығарып, тіпті сөйлем құрауға қиналады екен. Осылайша қазіргі шақта ақпараттандырудың жақсы жағы ғана емес, осынау прогрестің жағымсыз тенденциялары да байқалып отыр. Сондықтан баланы компьютерден шама келгенше алыс ұстаған абзал. Сөз соңында айтарымыз қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады. Біз жастар ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуға ұмытылуымыз керек. Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида «Білім бүкіл өмір бойыңа» болуы шарт. Тақырыбы: Компьютер және балалар Мақсаты: Компьютердің зиянды жақтары мен, пайдасын айту. Компьютер пайдалану қауіпсіздігімен таныстыру. Өмірде қолдануды қалыптастыру. Еркін сөйлеп, өз ойын басқаға жеткізуге дағдыландыру. Шығармашылыққа баулу. Компьютерлік сауаттылықтан ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Түрі: өнеге сағат Көрнекілігі: проектор, ДК, суреттер, кітаптар Пәндермен байланысы: информатика, валиология Жүру барысы. Кіріспе сөз Қазіргі өмірде адам баласын информатика ғылымына елестеу қиын. Өйткені, информатиканың ұдайы дамуы кез алдымызда тізіліп өткен поезд вагондары секілді. Мұндай өзгеріске тез үйреніп кеттік. Бірақ күнделікті қолданып жүрген қарапайым дербес компьютерді, бәріміз жақсы үйреніп алдық. Енді осының зияны мен пайдасын білеміз бе? Қауіпсіздік ережесін жетік меңгердік пе? Балаларды баурап алаған компьютерлік ойындар несімен пайдалы? деген сұрақтан санамызға маза бермейтіні рас. Міне, осы сұрақтарға бүгінгі ұйымдастырып отырған «Компьютер және балалар» атты пікір сайысымыздан жауап таба аламыз деген үміттеміз. Қош келдіңіздер. Бұл топ сағатында қозғалатын мәселе. Қазіргі ХХ1 - ғасыр техниканың даму ғасыры болып саналады. Өмірімізге тез енген компьютердің пайдасын, осыған қоса зиянын білеміз бе? Деген сауалға жауап іздейміз. Компьютердің жетістіктерін бізге Төлегенова Бибігүл айтып береді. Бәріне белгілі болғандай қазіргі замандық ғылыми - техникалық революция микрокомпьютерлер мен дербес компьютердің пайда болуынан басталды. Олар барлық жерде қолданылады. Ғалымдар лабораториясында, мекемелерде, оқу орындарында, дүкендерде, және т. б. Дербес компьютер адамзатқа телевизор және теледидар сияқты өте қажет. Компьютердің көмегімен бірнеше минуттың ішінде керекті мәліметті алуға, қиын чертежді немесе есеп - қисапты жасауға болады. Дербес компьютерлерді бірнеше миллион адамдардың еңбектерін жеңілдетті, шығармашылық емес жұмыстардан босатты. Олар адамға жұмыста да, үйде де компьютерлердің жарыққа шығуы, кітаптардың жарыққа шығуы сияқты үлкен мәнге ие болды. Компьютермен күнде жұмыс істейтін адамдар, басқа адамдармен аз уақыт қарым - қатынаста болады. Сондықтан зердемізге келетін алғашқы сұрақтардың бірі ол адамдар машинаға ұқсап кетпей ме? Социологтар бір топ программисттерге зерттеу жүргізе отырып, олардың көбі көңілді, мейрімді, өнер және әдебиеттермен әуестенетіндерін анықтаған. Осындай адамдардың техникамен жұмыс жасағаны жақсы екенінде анықтап айтқан. Программисттердің айтуынша, әрбір компьютер өзінің мінезімен ерекшеленеді. Олар машиналық ақылды және ақымақ, еңбексүйгіш және жалқау болады деп есептейді. Адам ешуақытта машинаға ұқсамайды. Керісінше, адам өзіне ұқсайтын машинаны жаратты. Бұл робот ұшқыштың тіпті шахтердің де жұмысын атқара алады. Сондай - ақ роботтар авто мобилдер, тракторлар, станоктар, сағаттар жасап шығарады, пайдалы қазбаларды өндіреді. Ай, Венера, Марс және т. б планеталарды зерттеді. Бірақ ең маңыздысы олар адамға жұмыс жасау қиын жерлерде ғарышты игеруде, шахтада, мұхит түбін зерттеуде маңызды роль атқарады. Робот ешқашан қателік жасамайды, шаршамайды. Ол 24 сағат, тәулік, бойы жұмыс жасай береді. Адам роботпен барлық жағынан санаса алмайды. Бірақ есте сақтайтын нәрсе, роботтың миы - компьютерде адам санасымен жасалған. Мұғалім. Бибігүлдің айтқан мәселелеріне қоса кететіндеріңіз бар ма? Олай болса, келесі кезекті сауалнамаға берелік. Бұл сауалнама сіздердің компьютердің пайдалану ережесін, қауіпсіздігін, әкелетін зияны туралы білімдеріңізді тексереді. Аты - жөндеріңізді көрсетпей өз ойларыңызды еркін жазуға тырысыңыздар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы тақырыпта болғандықтан сабағымызды жалғастыруға көмектеседі. Тест таратылады: Тест сұрақтарына иә немесе жоқ деп жауап берулеріңіз керек. Егер екі ойда болған жағдайда дымда деп жазбаңыздар. Компьютер туралы не білеміз? сауалнамасы (иә немесе жоқ деп жауап бересіз) р/с. Сұрақтар. Жауабы. 1. Сізде дербес компьютер (ДК) бар ма? 2. Дербес компьютердің пайдалану ережесін білесіз бе? 3. Адам өмірінде алатын орыны бөлек деген тұжырымға келісесіз бе? 4. Техникалық қауіпсіздік ережесін үнемі пайдаланып отырасыз ба? 5. Кітаптан көрі компьютерді пайдаланған тиімді ме? Барлығы:................ Иә жауабы:.............. Жоқ жауабы:............. Мұғалім: Сауалнаманы толтырып болсаңыздар менің көмекшілерім сіздердің сауалнамаларыңызға сараптама жасайды. Оған дейін біз, компьютердің келтірер зияны мен оны алдын алу жолдарымен таныстыралық. Әкелетін зияны: «Дені саудың, жаны сау» дегендей денсаулығымызды дұрыс күтуге тырысайық. Компьютерді көп пайдаланған адам әлсіз, салмағы өз салмағынан төмен, әр түрлі аурулармен аурады. Әр қайсысына тоқталып кететін болсақ, компьютер мониторының дисплейінен бөлінетін ультра күлгін сәуле адамның жүйке жүйесіне әсерін тигізіп, адамның шаршауына әкеліп соқтырады. Көздің көруі нашарлай береді, ақыр аяғында соқырлыққа әкеліп соқтырады. Әр түрлі аурулардың қоздырғышына күш береді мысалы сіз грипп бола тұрып компьютерді пайдалансаңыз сіздің ауруыңыз асқынып кетеді. Яғни вирустардың қоздырғышы. Гемарой ауруына шалдығуы мүмкін. Компьютерлік ойындар адам санасының улануына әкеліп соқтырады. Себебі, қазіргі кезде көп тараған соғыс ойындарына кішкене балалар емес ересектер де құмарта ойнайды. Пайдалы іс жасаудың орнына, ұзақ уақыт бойы сол ойынды ойнаумен болды. Интернет – адам өзіне керекті жаңалықтар, әр түрлі материалдар алуға, алмасуға пайдаланады, қазіргі кезде кең тараған Агент бағдарламасы балардың көп уақыт компьютер алдына отыруының бір себебі. Ойлау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады, оған дәлел ретінде адам баласы қарапайым есептерді, амалдарды өзі ойлап есептеуге ерініп, машинадан көмек сұрайтындығын алуға болады. Бұл адамның ойлауының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Дүкеншілер сауда жасағанда калькуляторды пайдаланады, кейбір заттардың құнын балалардың алдына ауызша есептесе балар соған еліктеуі мүмкін. Еріншектікке әкеледі. Компьютермен кезкелген мәтінді жазып үйренген адам, қаламмен жазуға ерінеді, қолы үйренбейді. Осындай кемшіліктерді жою үшін төмендегі келтірілген кеңестерге, ережелерге көңіл бөлейік. Бірінші кезекте Техникалық қауіпсіздікті білеміз бе? деген сұраққа жауап беру керекпіз. (Слайд көрсетіледі) Техникалық қауіпсіздік ережесі: 1. Компьютерді пайдаланушының көз мен монитор дисплейінің арақашықтығы 60 - 70 см болуы қажет. 2. компьютерді пайдалану кезінде оқыс қозғалмаңыз, айналаңыздағы құралдарды бүлдіруіңіз мүмкін. Оның нәтижесі өртке әкеліп соқтыруы мүмкін. 3. тоқ кезінде ДК пайдаланудан аулақ болуыңыз. 4. Компьютер құрылғыларың аптасына екі рет тазартып тұрыңыз. Компьютер орналасқан бөлмені желдетуді ұмытпаңыз. 5. Компьютер кабинетінде ДК - нің алдында отырып Тыстан келген адамға тұрып амандаспаңыз. 6. Компьютер тұрған кабинетке (оқу ғимараттарында) мұғалімнің рұқсатынсыз кірмеңіз. 7. Жүйелік блок қосылып тұрғанда ішін ашып көруге болмайды. Ток соғуы мүмкін! 8. Жас ерекшеліктеріне қарай дербес компьютердің алдына отыру ұзақтығына көңіл бөлу керек. 7 - 10 жас арасы – 10 минутқа дейін 11 - 25 жас арасы – 15 - 20 минут 26 дан жоғары – күніне 5 сағат отыру керек, бірақ арасына үзіліс жасау міндетті. 9. Компьютер алдына отырғанда Денеңізді тік ұстап, еркін отырыңыз. Және мониторға жоғарыдан төмен қараңыз. Пайдалы кеңестер: 1. Егер өзіңізде компьютер болса, онда оның алдына ұзақ уақыт отырмауға тырысыңыз. Ұзақ уақыт отырсаңыз, монитор дисплейінен бөлінетін ультра күлгін сәулесі сіздің денсаулығыңызға зақым келтіруі мүмкін. Мысалы: көз ауруларына, жүйке жүйесіне т. б. органдарға 2. Компьютердің алдында ұзақ отырып қалсаңыз, 5 - 10 минут таза ауада демалыңыз.(серуендеп, дене жаттығуларымен шұғылданыңыз) 3. Компьютерде ұзақ уақыт отырып, желкеңіз, көзіңіз талса, арнайы жасалатын жаттығуларды жасаңыз. 4. монитор дисплейіне үңілуден сақтаныңыз, дисплейдегі объекті кіші болып көрінбесе, бағдарламадағы арнайы үлкейтетін батырмаларды пайдаланыңыз. 5. Дербес компьютермен жұмысыңызды аяқтасаңыз, 5 минуттан кейін дәрумендерді бар тағамдарды пайдаланыңыз. Сіздің жіберген энергияңызды толықтыруға көмектеседі. Көз және желке шаршағанда жасалатын жаттығулар: 1. көзіңізді 5 рет қатты жұмып ашыңыз. 2. Көзіңіздің қарашығын сағат тілінің бағытымен 10 рет, сағат тілінің бағытына қарсы 10 рет айналдырыңыз. 3. Оң қолыңыздың сұқ саусағын екі көздің ортасына қойып барынша қолыңызды созыңыз, сұқ саусағыңыздың басына қарай отырып, саусағыңызды екі көздің ортасына апарыңыз. Бұл жаттығуды 10 рет қайталаңыз. 4. басыңызды сағат тілінің бағытымен 10 рет, сағат тілінің бағытына қарсы 10 рет айналдырыңыз. 5. басыңызды оңға бір, солға бір бұрыңыз. Бұл жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз. 6. Басыңызды оңға бір, солға бір қисайтыңыз, 10 рет қайталаңыз. 7. екі аяғыңызды иығыңызбен бірдей қойыңыз. Екі қолыңызды иығыңызға қойып, артқа 5 рет, алға 5 рет айналдырыңыз. Осындай жаттығулардан кейін сіздің шаршағаныңыз басылып компьютер алдында отыруды жалғастырасыз. Іске сәт! Мұғалім: Қазіргі кезде дәрігерлік сараптауларға сүйенсек компьютерден көзі көрмеу, жүйкесінің жұқару деген аурулар көбейіп келеді. Бұның басты себебі, ол компьютерді дұрыс пайдаланбау, техникалық қауіпсіздікті көбіміз аңғармай қаламыз. Біреуіміздің ініміз, қарындастарымыз, сіңліміз бар, соларды көбіне компьютерді тез меңгерсін деп ата - аналарыңыз компьютер алдына көп отырғызады бұл дегеніңіз қате. Оған тосқауыл қоюдың қажеті жоқ. Тек жоғарыда айтылған ережелерді, пайдалы кеңестерді, жаттығуларды орындап тұрса айтылған ауруларға төтеп бере аламыз. Сондықтан әр уақытта техникалық қауіпсіздікті дұрыс пайдалансақ, деніміз сау болады. Сіздердің тапсырған сауалнамаларыңыздың қорытындысын тыңдап көрелік. Келесі сөз көмекшілерімде. Жақсы ендігі кезекті Студенттердің өздері дайындаған көрініске берелік. Көрініс Орындайтындар: Кітап – Әсет Компьютер – Асқарбек Білім – Қуанышбек Баяндамашы – Әсел Кітап пен компьютер дос болыпты. Компьютер оған бір күні былай дейді: Компьютер: - Кітап мені қарашы, менімен барлық адам жұмыс істейді! Тұрмыста, білім алуда, медицинада, музыкада, айта берсем көп қой. Сені қазір кім оқиды. Сен босқа жүрсің ғой.(менсінбей). Кітап: - Әй достым, сен олай деме. Сенімен көп шаруа бітіруге болады, бірақ сенен көп зиян келеді ғой, соны ескердің бе? - Зиян!.. ол сенде, себебі сені ешкім оқымайды. Сол себепті сен шаң - шаң болып тұрсың да, адам деген құдіретке микроб таратасың. Сондай - ақ сенен мол информация алып ешкімді де қарық болмайды да. Ол жағынан мен тиімдімін. Менің интернет деген бауырымды білесін бе? Ол кез - келген ақпаратты тез тауып береді. Көрдің бе, Интернет бауырымнан басқа менде, Электронды оқулық, Компьютерлік ойындар деген бауырларым бар. Олар балалармен тез тіл табысады. Кітап: - Достым, компьютер, сен ештеңе түсінбейді екенсің. Саған айт не, айтпа не бәрібір. Біз бұлай дауласып тура бергенше білім деген бабамызға барып қайтайық. Біздің қайысымыз адамға көбірек пайда әкелетінімізді сол бабамыз айтсын. Қане, кеттік. Екеуі күн жүріп, айда өткізіп ұлы ғұлама ақылшы Білімге де жетеді. Білім бұларды төрге отырғызып жағдайларын сұрай бастайды. Білім: - Қош келдіңіздер, қадірлі қонақтар! Адам баласына қажет уақытта бұлай жүргендерің жайдан - жай болмас. Иә, сіздерді маған қандай шаруа әкелді, айта беріңдер. Компьютер: - Құрметті білім баба біздің сізге келген себебіміз мынадай түсінбеушіліктен болды. Біз сіздің арқаңызда өмірге келіп бүкіл адамзаттың пайдасына жарап жүрміз. Енді кітап достым екеумізден қайсымыздың адамға пайдамыз көп тиеді соны біле алмай дал болуымыз да. Менің ойымша адамзатқа мен болсам болды кітаптың қажеті жоқ сияқты. Кітап: Жоқ, жоқ мен оның мұнысына келіспеймін. Мен адамдарды бауырмалдыққа, үлкендерді сыйлауға және де басқа жақсылықтарға үйретем емес пе. Бұл сонда қалай болғаны. Білім: - Екеулеріңіздің де сөздеріңіздің жаны бар. Дегенменде қазіргі заманда компьютер адамдар арасында өте маңызды роль атқарады. Ол адамға көп пайда әкеледі, бірақ зияны да жеткілікті. Егерде адамдар компьютерден бөлінетін ультракүлгін сәулелерден қорғайтын қауіпсіздік ережесін сақтаса ештеңе де болмайды. Осындай жағдайда компьютер адамға ең жақын көмекші болды. Бірақ, кітапты да, компьютердің адам өмірінде алатын орыны ерекше. Оларды бір - бірімен салыстыруға болмайды. Ақырында компьютермен кітап татуласып, ұзақ өмір сүріпті. Мұғалім Бұл көріністен біздер нені байқадық? Білімнің айтқан сөздері дұрыс па? Өз пікірлеріңізді айтуларыңызға болады. Міне, оқушылар кітап оқыған әр уақытта пайдалы, Білім бабамыз айтқандай кітапты оқымай компьютерді меңгеру қиын. Бәрімізде кітапты ұмытуымызға болмайды. әр уақытта кітап оқып өз санамызды дұрыстауға тырысайық. Әдеби кітаптармен қоса ғылыми кітаптарды оқып өз білімдеріңізді көтеріп жүріңіздер Рахмет бүгінгі топ сағатында қандай материал алғандарыңыз туралы білу үшін сіздерге тағыда сауалнама таратамыз. Бұл сауалнама бірінші сауалнамаға ұқсас, бірақ өздеріңіздің ойларыңызды жазыңыздар. Қауіпсіздік ережесіне тоқталу. Мұғалім: Міне, топ студенттерінің дайындаған шығармашылығын, компьютердің пайдасы мен зияны туралы айтқан өз ойларын тамашаладыңыздар. Компьютердің пайдасынан зияны, денсаулыққа әкелер кесірі көп, бірақ жоғарыда айтқандай компьютерді тиімді пайдалана білген адамға көп зияны болмайтыны белгілі. |