Главная страница
Навигация по странице:

  • «Биология таңдау курсының» теориялық оқытылуы

  • «Биология таңдау курсының» мақсаты

  • «Биология таңдау курсының» міндеті

  • II Білім мен біліктерге қойылатын талаптар.

  • Мектеп жылыжайында тәжірибелер жасау

  • Өсімдіктердің саналуандылығы

  • Жергілікті жердің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

  • 10кл таңдау курсы биология. Биология тадау курсыны теориялы оытылуы


    Скачать 18.02 Kb.
    НазваниеБиология тадау курсыны теориялы оытылуы
    Дата04.02.2022
    Размер18.02 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла10кл таңдау курсы биология.docx
    ТипДокументы
    #351240

    Түсінік хат

    Жалпы білім беретін орта мектептерде жаратылыстану пәндерінің маңызы зор. Жаратылыстану пәндері баланың дүниетанымын кеңейтіп, ақыл – ойын дамытатын, білімін шыңдайтын, жан – жақты білім беретін пәндер жүйесі.

    Мектеп оқушылары жаратылыстану пәндерімен бастауыш сыныпта танысып, жоғары сыныптарда толық білім алады. Атап айтсақ бастауыш сыныптағы дүниетану,математика пәндері, 5 – сыныптағы жаратылыстану, 6 – сыныпта биология, география пәндеріне жалғасады. Биология курсының 6 – сыныбында өсімдіктер дүниесімен, 7 – сыныпта жануарлар дүниесімен, 8 – сыныпта адам ағзасымен танысады. 9, 10, 11 – сыныптарда жалпы биология тірі ағзалардың тіршілігі туралы оқып біледі.

    Мектеп оқушыларының биолгия пәніне қызығушылығы артатын кезі бұл 6 – 7 сыныпта оқу кезеңдерінде. Осы уақыттарда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, білім беру өте маңызды. Балалардың дүниетанымын арттыры, сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануда сыныптан тыс жұмыстар мен үйірмелердің маңызы зор.

    Жоғары сынып 10 – сынып оқушларына арналған «Биология таңдау курсының» мақсаты оқушылардың биология пәнінен білімдерін арттыру, практикалық жұмыстар жасау арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыту. Биология пәнін экология пәнімен байланыстыра отырып, оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

    Сонымен қатар, бұл курстың оқушыларға болашақта биология саласы бойынша мамандық таңдауда, ғылыми жоба сайыстарына қатысып, шығармашылықпен жұмыс жасай білуде маңызы зор.

    «Биология таңдау курсының» теориялық оқытылуы:

    Табиғатты пайдалануда өнегелік және құқықтық принціпті сақтау, өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын белсенді қорғауы, оқып үйренуге, табиғатты белгілі бір мөлшерде пайдалануды, экологияық жауапкершіліксіздіктің кері әсері туралы идеяларды насихаттауды жаңа көзқарас негізінде қалыптастыру қажеттілігін туындаған.

    «Биология таңдау курсының» мақсаты:

    Оқушылардың биологиялық, экологиялық білімдерін тереңдете отырып, оларды шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға, тәжірбе жасауға, қорытынды жасай білуге үйрету.

    «Биология таңдау курсының» міндеті:

    • Оқушыларға биологиялық білім мен тәжірибе беру проблемасын теориялық жағынан негіздеу;

    • Экологиялық тәрбие мен білім беруді жергілікті жердің табиғатын қорғау міндетімен ұштастыру;

    • Оқушы экологиялық білімін табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыру жолдарын қарастыру;

    • Оқушылардың биологиялық білімін мектепті көгалдандыру жолдарын қарастыру;

    • Болашақ мамандық таңдауға ықпал ету;

    • Жергілікті жердің өсімдіктері мен жануарлары;

    • Жергілікті жер табиғатына қамқор болу;

    • Мектеп жылыжайында тәжірибелер жүргізу.

    I Мазмұндық бөлім

    Курстың мазмұны. Қоршаған орта мен табиғат. Жергілікті жердің экологиясы, өсімдіктері, жануарлары. Өсімдіктердің мүшелері, олардың атқаратын қызметі, маңызы. Өсімдіктер әлемінің саналуандылығы, түрлері. Өсімдіктер әлемінің ғажайыптары.

    II Білім мен біліктерге қойылатын талаптар.
    Оқушылар білуге тиіс:

    • Биология ғылымының міндеттері мен мақсаттарын;

    • Биологияның зерттеу әдістерін, биология салаларын;

    • Табиғат заңдылықтарын, өсімдіктердің маңызын;

    • Жылыжайда өсімдіктерді күтіп – баптаудың тиімді әдістерін;

    • Жергілікті жер экологиясын, өсімдіктер дүниесін, жануарлар дүниесін;

    • Мәліметтер жинау, қорытынды жасау

    • Өсімдіктерді күту, өсіру жолдарын;

    • Тәжірибе жасау, салыстыру, зеттеруді.



    ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР




    Өтілетін тақырып

    Сағат саны

    Мерзімі

    Ескерту

    1

    Кіріспе

    1










    Ботаника ғылымы

    9







    2

    Ботаника- өсімдіктер туралы ғылым. Жер бетінде өсімдіктердің көптүрлілігі

    2







    3

    Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

    2







    4

    Қазақстанда кең таралған өсімдіктер

    1







    5

    Мәдени және жабайы өсімдіктер, өсімдіктердің тіршілік формалары

    1







    6

    Дәрілік және әсемдік өсімдіктер

    1







    7

    Өсімдік мүшелері. Өсімдік мүшелерінің таңғажайыптары

    1







    8

    Бөлме өсімдіктерін өсіру, күтіп баптау.

    1







    9

    Мектепті көгалдандыру,Мектеп бөлмесіндегі гүлдерді күтіп баптау

    1










    Жасыл әлем ғажаптары

    5







    10

    Төменгі сатыдағы өсімдіктер

    1







    11

    Балдырлар тіршілігіндегі таңғажайыптар

    1







    12

    Саңырауқұлақ пен қыналардың маңызы

    1







    13

    Жоғары сатыдағы өсімдіктер

    1







    14

    Жасыл әлем ғажаптары

    1










    Мектеп жылыжайында тәжірибелер жасау

    7







    15

    Мектеп жылыжайында көкөністер мен жеміс-жидектер егу

    1







    16

    Мектеп жылыжайын күтіп-баптау

    1







    17

    Мектеп жылыжайында ғылыми жұмыс жобасын әзірлеу

    1







    18

    Мектеп жылыжайында өсірілген өсімдіктерді зерттеу және бақылау

    2







    19

    Өсімдіктердің өсуін зерттеу қорытындыларын шығару

    2










    Өсімдіктердің саналуандылығы

    2







    20

    Биология ғажаптары

    1







    21

    Жануарлар мен өсімдіктердің достығы

    1










    Жергілікті жердің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

    2







    22

    Түркістан облысының өсімдіктер дүниесі

    1







    23

    Түркістан облысының жануарлар дүниесі

    1










    Табиғатты қорғау

    8







    24

    Экология ғылымы туралы түсінік

    1







    25

    Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

    1







    26

    Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

    1







    27

    Мектеп жылыжайындағы практикалық жұмыстар

    1







    28

    Мектептегі өсімдіктер әлемін күтіп – баптау. Көктемгі көгалдандыру

    1







    29

    Туған өлке табиғатына саяхат

    1







    30

    Табиғатты аялайық

    1







    31

    Қорытынды

    1










    Барлығы

    34








    написать администратору сайта