Главная страница
Навигация по странице:

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі

  • мақала. Бастауыш сыныпта экологиялы Трбиені алыптастыру жолдары едігеева А. А. 6В01301 Бастауыш оыту педагогоикасы мен дістемесі


    Скачать 30.45 Kb.
    НазваниеБастауыш сыныпта экологиялы Трбиені алыптастыру жолдары едігеева А. А. 6В01301 Бастауыш оыту педагогоикасы мен дістемесі
    Анкормақала
    Дата12.05.2022
    Размер30.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файламақала.docx
    ТипДокументы
    #524667

    БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

    Едігеева А.А.

    6В01301 – «Бастауыш оқыту педагогоикасы мен әдістемесі»

    мамандығының 1 курс 3ж. студенті

    Айтжанова Э.Н.

    Ғылыми жетекші: п.м.аға оқытушы

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    Алматы қаласы, Қазақстан

    e-mail: aruedigeeva7@gmail7com

    тел.номері: 8747-458-82-10

    Кілт сөздер:экологиялық тәрбие, білім беру жүйесі, экологиялық білім, қоршаған орта, бастауыш сынып оқушылары.

    Ключевые слова:экологическое воспитание, система образования, экологическое образование, окружающая среда, учащиеся начальных классов.

    Keywords:environmental education, education system, environmental education, environment, primary school students.
    Қазіргі кезеңде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасындағы қайшылықтар бастауыш мектеп пен педогогиканың алдына бірқатар жаңа міндеттерді қойып отыр. Оларды шешу қазір мектепте оқып жүрген ұрпаққа, табиғатқа деген теріс әсерлерді жоюға және болашақта бұл қатынасты тиімді ортаға бұруда нақты талап бере алады.

    Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский баланың табиғатпен ара қатынасын кеңейтіп, табиғаттың тәрбиелеушілік әсерінің педагогикада төмен бағаланып отырғанына таңданыс білдірді.

    Бастауыш сыныптарда экологиялық мәдениеттің қалыптасуы қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіне бағытталған мемлекеттік білім стандарты негізінде жүргізіледі. Білімді ақапараттандыру, компьютерлік оқыту элементтерін қолдану арқылы жаңа экологиялық оқу пәндерін енгізуде жаңа типтік бағдарламаларды жасауды қажет етеді. Мектепте алатын экологиялық мәдениетті одан әрі дамытып, тереңдетіп, ғылыми негіздерін қалыптастыратын оқу жоспарын жасау міндеті тұр.

    Экологиялық тәрбиені бастауыш сыныптардарда берудің әр түрлі әдіснамаларын, әдістемесін жасап, оқытудың тиімді әдістерін қолдану қажет:

    1. Бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбиені үнемі жетілдіріп отыру.

    2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, адам қызметінің табиғатқа тигізетін әсерін нақтылап деректермен түсіндіру, оның болашақтағы зиянды жақтарын алдын ала ойластыру, экологиялық сапалы тәрбие беру (қоршаған ортаның өзгерістеріне талдау жасау, бағалау, бақылау).

    3. Өзіндік ізденістер, шиеленіскен экологиялық мәселелерді дүрыс шешуге бағыт беру, өзіндік жүмыстар барысында талдау, жіктеу, тұжырымдар жасай білуге дағдыландыру.

    4. Оқушылардың оқу-тәжірибелі, практикалық іс-әрекеттерін жергілікті экологиялық мәселелерді шешумен байланыстыру (дүниетану жорықтарын ұйымдастыру, экологиялық соқпақ, іскерлік ойындар ұйымдастыру, экологиялық ұйымдар құру).

    5. Оқытудың белсенді әдістері, формаларын қолданып, бастауыш сыныптардың экологиялық мәдениеті мен тәрбиесінің сапасын арттыру, экологиялық мәдениетті топтастырып оқыту, экологиялық фактілер, құбылыстар, адамның табиғатқа әсері, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мәселелері.

    Мектеп оқушыларды табиғатты қалай зерттеу мен қорғауға, оның жағдайын бағалауға, экологиялық білімдерді өздерінің жолдастарының және ересектердің арасында насихаттауға үйрету тиіс.Оқушыларда табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті тәрбиелеу керек. Осы қызметке қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру мектептегі оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі болуы тиіс.

    Экологиялық білім беру тұрғысынан алғанда ең маңызды нәрсе оқушының қоршаған орта жағдайын бағалай білуі болып табылады. Ал бұл оқушының гуманитарлық және жаратылыстану – ғылыми циклдағы пәндерді оқу барысында меңгерген іскерліктер мен дағдыларын қаншалықты дәрежеде дұрыс қолдана алуына байланысты.

    Іскерліктер мен дағдылардың дамуы процесінде өз бетінше зерттеу жүргізу барысында танымның интеллектуалды және эмоционалдық бастамаларының өзара байланысы күшейеді. Нәтижесінде жеке адамның маңызды қасиеттері қалыптасады – сенімділік, ол оқушының жеке тәжірибесіне негізделеді. Оқушылардың арнайы бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізуі барысында пайда болған бағалық ойлар контекстіне кірген білімдер тәрбиелік маңызға ие болады. Сондықтан оқушылар адамның қоршаған табиғи ортадағы мінез-құлқының адамгершілік және құқықтық негіздерін ой-санасына тез қабылдайды.

    Қоршаған орта нәтижелі тәрбие құралы болуы үшін, педагог оқушыны қоршаған орта жағдайын жақсартудың белгілі бір іс-шараларын бағытталған түрде қатыстырып отыруы тиіс. Оқушы табиғат оъектілерін тиімді пайдалану немесе қорғауды үйренеді, олар оқушы үшін еңбек және қамқорлық көрсету заты болады да, ал осы объектілерге қатысты құқықтық және этикалық талаптарды орындау – мінез-құлық ережесі болып табылады.

    Оқушы арқылы мұғалім табиғатпен өзара қарым-қатынаста болады. Өзара қатынастың бұл формасы маңызды болып табылады, себебі ол оқушының табиғатпен қарым-қатынасының кәсіптік аспектісін көрсетеді. Өзара қарым-қатынастың осы формасының тиімділігін арттыру табиғи ортаның сапасын жақсарту мен оны сақтауға үлес қосуы тиіс.

    Бұл жүйе тек экологиялық қана емес, педагогикалық болады. Білім беру мазмұны тұрғысынан қарағанда бұл бірлікті төмендегі 2 сызбанұсқа түрінде көруге болады:

    Сызбанұсқа 2.



    Берілген жағдайда экологиялық білім мазмұнын қалыптастырушы факторлар мыналар:

    1) Мұғалім, оған қажетті жеке басының мінездемесі;

    2) «Оқушылар – табиғи орта» жүйе тармағы;

    3) «Оқушылар – табиғи орта» жүйе тармағының қоғам қажеттіліктерін қамтамасыз ететін мұғаліммен өзара қатынасының сипаты.

    Бұл жүйеде бізді «оқушылар – табиғи орта» жүйе тармағына мұғалімнің әсерін сипаттайтын байланыс қызықтырады. Берілген жағдайда мұғалімнің қызметі болашақ табиғатты пайдаланушыларда, табиғатпен экологиялық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынастарға дайындықты қамтамасыз ететін сапаларды қалыптастыру. Мұндай сапаларды қалыптастыру – бұл экологиялық тәрбие беру процесі болып табылады.

    Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру үшін, мұғалімнің өзінің табиғатпен қатынасы білікті болуы керек. Оқушының табиғатпен қатынасының тиімділігін арттырудағы қоғамдық қажеттілікпен байланысты факторларды сараптау экологиялық білім берудің мазмұнын қалыптастыру саласындағы негізгі қорытындыға әкеледі: бұл мазмұн оқушыларға тиімді экологиялық тәрбие беру мұғалімнің білімнің мазмұны және оның табиғатпен тиімді өзара қарым-қатынас арқылы бағытталуы тиіс.

    Бастауыш сыныпта оқушылардың экологиялық білім мен тәрбие алуына отбасы зор әсер етеді. Отбасындағы табиғатты қорғау тәрбиесі – балаларда туған өлкенің табиғатына сүйіспеншілікпен, жанашырлықпен қарауды тәрбиелеудің негізі. Әр отбасының ересек мүшелері баланың алғашқы тәрбиелеушілері болып табылады. Ана сүтімен, әкенің күлкісімен, ата, әжелердің шексіз еркелетуімен бөбектің өміріне, жақындарына, үй-ішіне, қаласына, табиғаттың элементтеріне деген алғашқы сүйіспеншілік сезімі кіреді. Осы сүйіспеншілік кейін баланың саналы табиғи қорғау жұмысының негізі болып табылады. Табиғатқа деген сүйіспеншілік туған үйінің босағасында қалыптасады. Мұнда ата-аналар ең маңызды рөл атқарады.

    Республикамызда осы бағытта бір қатар жұмыстар жүргізілуде, отбасындағы табиғат қорғау тәрбиесі бойынша материалдар жиналып, сарапталуда.

    Республикада отбасылық табиғат қорғау мәселесі бойынша мына жұмыстар жоспарланып отыр:

    1) Балаларға берілетін отбасылық табиғат қорғау тәрбиесінің бағдарламасын әзірлеу;

    2) «Ата-аналары туған өлкенің табиғаты туралы» кітабын баспадан шығару.

    3) Отбасылық табиғат қорғау тәрбиесі бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені одан әрі зерттеу және тарату.

    4) Ата-аналарға арналған табиғат қорғау мазмұнындағы дидактикалық материалдар мен тақырыптық фильмдер жасау.

    5) Ата-аналарға арналған «Табиғат қорғау» университетін ұйымдастыру.

    “Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» экологиялық тәрбиенің өзектілігі, болашақ және қазіргі ұрпақтардың өмір сүруіне қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында оларды шешуге деген объективті қажеттілік мектептің алдына оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жаңа міндеттерін қойып отыр.

    Бастауыш сынып оқушыларында табиғатқа деген жауапкершілік қатынасының процесі оның көпжақты бағалығы – эстетикалық, танымдық, экономикалық, практикалық меңгеруі негізінде жүзеге асырылады.

    Қоршаған ортада жауапкершілікпен әрекет етуге дайындық пен қабілеттілік және адамның интеллектуалдық, эмоциялық және жігерлілік сапаларының дамуымен тығыз байланысты. Оқушылардың қоршаған табиғатқа және азаматтық қатынастарының күшеюі тек білімдер жүйесі ғана емес, белгілі бір дағдылар, іскерліктер, әдептердің қалыптасуымен байланысты. Қазіргі заманғы экологиялық білімдері меңгерудің әдістемелік негізі «адам – қоғам – табиғат» жүйесіндегі диалектикалық бірлік болып табылады. Бұл білімдердің комплексті пән аралық сипаты бар және оған жаратылыстану ғылымы, қоғамдық-тарихи, әлеуметтік экономикалық, технико-технологиялық және адамгершілік-эстетикалық ұғымдар енеді де, олар дүниетанымдық сипатқа ие болады.

    Оқушы қоршаған ортаға жауапкершілік қатынасы үш салада көрінеді: жеке мінез-құлықының мәдениетінде, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, оны күту, қорғауда қоғамдық-пайдалы еңбекті орындауға белсенді қатысуда; табиғат қорғаудың қазіргі заманғы идеяларын кеңінен насихаттауда.

    Олай болса, оқушылардың қоршаған ортаға жауапкершілік қатынасы табиғат туралы ғылыми білімдердің органикалық бірлігі нәтижесінде, оны қорғауға іс жүзінде қатысудың қажеттілігін ұғынуы нәтижесінде қалыптасады.Сонымен қатар қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік қатынастың жеке адамның біртұтас тәрбие процесінде: идеялық-саяси, адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық қалыптасуын атап өту қажет.

    Экологиялық білім мен тәрбие берудің міндеттерін жүзеге асыруда интегралдық сипаты бар пәнаралық тұрғыдан қараудың принципиалдық маңызы бар.

    Жаратылыстану ғылыми циклдің пәндерін оқыту табиғаттың әр түрлі ұйымдасу деңгейлері, табиғи процестердің біртұтастығы мен өзара байланысы туралы білімдерді оқушылардың меңгеруіне мүмкіндік береді. Осының негізінде табиғатты пайдалану және адамның қызметінің биосфералық процесстердің жаңа факторы ретінде рөлді ашып көрсетеді.

    Қоғамдық-тарихи және гуманитарлық пәндерді оқыту оқушылардың назарын қоршаған табиғи ортаға жеке және қоғамдық қатынастың әлеуметтік сипатына аударады.

    Оқушыларға идеялық-адамгершілік тәрбиесін берудегі табиғаттың орны мен рөлін ашып көрсету маңызды. Оқушыларды өмірге дайындауда еңбек тәрбиесіндегі экологиялық аспектіні бағаламауға болмайды. Балалардың табиғатқа, адамға қатысты іс-әрекеттерін бағалау, оның мотивтерін сараптау қажет.

    Экологиялық білім мен тәрбие саласындағы әр түрлі бағдарламалар мен оқулықтардың сараптау, экологиялық білім мен тәрбие беру төмендегі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін екендігін көрсетті:

    - оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға пәнаралық байланыс тұрғысынан қарау;

    - «Экология» арнайы курсында дәстүрлі емес сабақтардың әдістемелік нұсқаулары;

    - Экология мәселелері бойынша сынып сағаттарын өткізу;

    - Комплексті экологиялық танымжорық ұйымдастыру;

    - Адамзаттың ғаламдық мәселелері бойынша сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру.

    Қолданылған әдебиеттер тізімі:


    1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. -

    2. Ж.Әлиев, С.Бабаев, А.Құдиярова «Педагогика» Алматы 2004 ж.

    3. И.В.Гребенников «Семья өміріндегі әдеп және психология» Алматы «Мектеп» 1986 ж.

    4. Тілеуова С.С. «Этнопедагогика» Шымкент 2003 ж.

    5. Жанузақов А.З Экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы білім беру процесінің алатын орны //Білім-2004-1-39-40 б.

    6. Асырова Е.Экологиялық мәдениет берудің креативтік технологиясы. //Дүние-2002.-№7,- 456


    написать администратору сайта