Главная страница

тест гос жаттауга. ан тотататын резенке Эсмарх жгут, ысыш, стерильді дке салфеткалары, таыш материалдар


Скачать 0.54 Mb.
Названиеан тотататын резенке Эсмарх жгут, ысыш, стерильді дке салфеткалары, таыш материалдар
Дата15.06.2022
Размер0.54 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлатест гос жаттауга.docx
ТипДокументы
#593277
страница38 из 44
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
95 Жүкті әйел бас ауруға, көз алдында шіркейлердің пайда болуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Тамыр соғу минутына 80 рет, АҚ 170/100 мм с.б., ісіктер жоқ. Жатырдың көлемі мерзімі жеткен жүктіліктің мерзіміне сәйкес келеді, жүрек соғысы минутына 140 рет, тұйықталған, ырғақты. Сіз нені болжайсыз?




Ауыр дәрежедегі преэклампсия


96 Мүйіспен және қасаға симфизінің төменгі шеті арасындағы арақашықтық:

12,5-13см





97 Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Жыныс еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, қатты ісік білінеді. Сіздің диагнозыңыз:

Бартолин безінің абсцесі




98 АИВ инфекциясы кезінде инкубациялық кезеңнің аяқталуы немен сипатталады?

АИВ - ке қарсы антиденелердің пайда болуы




99 "Эндемия (эндемиялық)" термині нені білдіреді?

сырттан әкелінген жағдайлармен байланыссыз, осы аймаққа тән инфекциялық аурулармен ауыру


100 Қай инфекциялық ауруларды убиквитарлы деп атайды?

жаһандық таралатын


101 Қабылдау бөліміне түскен науқаста педикулездің белгілері анықталғанда мейірбикенің іс-әрекеті:

педикулезға қарсы тазалауды санитарлық өткізу бөлмесінде жүргізу


102 Сальмонеллез анықталған науқасты соматикалық бөлімшесінен ауыстырғаннан кейін қандай шаралар орындау қажет:




қорытынды дезинфекция жүргізуді


103 Пациент медициналық көмек алу, ал қызметкер – кәсіби қызметінің барысында жұқтырған жұқпалы аурулар қалай аталады

Ауруханаішілік


104 Қабылдау бөліміне 3 күн бойы су тәрізді сұйық нәжістің болуына шағымданып науқас келді. Клиникалық белгілері: АҚ- 100/60 мм.с.б.б., пульс- 98/мин., шырышты қабаттары құрғақ. Осы жағдайда қандай ерітіндіні тамырішілік енгізуге болады?




изотониялық кристаллоидты ерітінді


105 Патогенді қоздырғыштардың макроорганизмге ену жолы:




инфекцияның кіретін жері


106 Іш сүзекпен ауыратын науқаста өршу кезеңінде байқалады?

тежелу және адинамия


107 Жұқпалы ауруханаға ауыз жұтқыншағының дифтериясы, жамылғы формасы диагнозымен науқас түсті.Науқасты тексергеннен кейін қандай бөлімшеге жібереді ?

бокс


108 Қалалық аурухананың жұқпалы бөлімшесіне қатты бас ауруы, құсу, гипертермия, 39ᴼС шағымдармен науқас түсті. Болжам диагнозы: менингококк инфекциясы, менингококты менингит. Менингиттің диагностикасы кезінде менингиалдық белгілерді анықтайды, олардың бірі болып табылады:

желке бұлшықеттерінің сіресуі


109 Науқасқа ботулизм болжамды диагнозы қойылды. Медбикеге асқазанды жуу керек. Асқазан-ішек жолдарындағы ботулотоксинді белсенсіздендіруде қолданатын ерітіндіні көрсетіңіз:




натрий гидрокарбонатының 5% ерітіндісі


110 А вирусты гепатит аурушаңдылығы анықталғанда бірінші кезекте жасалатын әрекетті көрсетіңіз:

шүғыл хабарлама жіберу, инфекциялық ауруханаға жатқызу


111 Әйелді дене температурасының 37,9 °С дейін жоғарлауы, ішінің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, шырыш пен қан аралас 15 ретке дейін нәжіс, тенезм, жалпы әлсіздік, жүрек айну, құсу мазалайды. Қарау: терісі бозарған. Тілі құрғақ. Пальпация кезінде сигма тәрізді ішек спазмдалған, қатты ауырсынады. Пульс 98 соққы/мин, АҚ-110/70 мм.с.б.б. Қай ауру жайлы болжауға болады?

жедел шигеллез


112 № 058/у формасы бойынша шұғыл хабарлама санитарлы эпидемиологиялық саладағы мемлекеттік мекеменің аймақтық бөлімшесіне ауру тіркелгеннен кейін неше сағатта жіберілу керек?

12 сағат

113 Іш сүзегімен ауыратын науқастың потенциальды спецификалық мәселесі:


ішек ойық жарасының перфорациясы


114 "Жедел жәрдем" қызметкерлері науқаста ботулизм анықтады. Біріншілік медициналық көмекті көрсетіңіз:

асқазанды шаю және жоғары сифонды клизма


115 Науқас 24 жаста, мейірбике, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөтрпелерге шағымымен келді. Бұл препаратпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамды диагноз қойыңыз:

аллергиялық дерматит


116 8 жасар бала іш және қолдарының терісінде 2 апта бұрын кейде жеңіл қышумен ұласатын бөртпелер пайда болды. Объективті: қалыпты тері түсіндей ортасында кіндік тәрізді басылған жылтыр байламы бар, сипағанда тығыз, көптеген бөртпелер көрсетілген. Сіздің болжамды диагнозыңыз:




контагиозды моллюск


117 Мерездің біріншілік белгісі:

қатты шанкр




118 Күлдіреуік (пузырчатка) патогенезінде жатыр:

аутоиммунды реакция


119 Бозғылт трепонема қандай антибактериялық препараттарға сезімтал?

пенициллиндер


120 Қабылдауға 34 жастағы еркек келді, түнгі клубта ди-джей, екі күн бойы дене температурасының 38°С дейін жоғарлауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз иісті ақшыл-сары бөліністің бөлінуіне шағымданады. Науқас ретсіз жыныстық қатынаста болады. Қарауда: жаныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән?

жедел гонорея


121 54-жасар науқас дерматологқа башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 2 ай. Емделмеген. Моншада жұмыс істейді. Болжамды диагноз:




табан эпидермофитиясы

122 Стационарға түскен қыз 18 жаста келесі шағымдармен: дене қызуының 39 С, басының қатты ауыруы, жарықтан қорқу, спонтанды құсу және денесінде бөртпе пайда болуымен келді. Қараған кезде байқалады: желке бұлшықетінің ригидтілігі, Керниг симптомы оң, көп қимылдағыш, беттің гиперемиясы, терісі ыстық, денесінде геморрагиялық бөртпе анықталды. Болжам диагноз:

менингококк инфекциясы


123 Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?







Мишық ісігі







124 60 жастағы науқаста артериялық қысым жоғарылауы аясында дизартрия, аяқ қолының дистальды бөлімдерінің әлсіздігі мен парастезиялар пайда болды. Сіздің әрекетіңіз:

нифедипин, эуфиллин, магний сульфаты




125 Төменде көрсетілгендердің қайсысы шашыранды склероздың клиникалық сипаттамасы болып табылады?




көрудің нашарлауы


126 Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанудан 1 аптадан кейін түсті бала дені сау болып туылып босану асқынусыз өткен әйел қозулы айқайлайды киімдерін шешіп жүгіруге тырысады.Іштей баланың жылаған дауысын есітеді. Сұраққа жауап бермейді ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырады болжам диагноз:

босанудан кейінгі психоз







127 43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл-күй, жабырқаулы сезімді сезінеді. Әлем сұр, түнеріңкі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяуланған, өзін-өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз:




депрессивті


128 Резонерлік тән:

шизофренияға




129 18 жастағы ересек бала бас- ми жарақатынан кейін есте сақтаудың нашарлауына, сөйлеудің қиындауына, сөз тауып сөйлеудің нашарлауына, қиын тапсырмаларды орындай алмайтынына шағымданады. Қандай синдром жайлы ойлауға болады?

ақымақтық


130 Эпилепсиялық статустың 1 сатысында шұғыл көмек көрсету кезеңінде енгізілетін дәрілік препаратты көрсетіңіз:

10 мг диазепам т/і

131 32 жастағы героиндік наркоманиямен зардап шегетін науқас Х., соңғы 3 күнде еріксіз наркотик қабылдауды тоқтатқан. Нарколог қарауы кезінде бүкіл денесіндегі күшті ауру сезіміне, жүрегі мен асқазанындағы жағымсыз сезімге, жүрек айну және іш өтуіне шағымданады. Қозғалыс мазасыздығы жағдайында, сұрақтарға тітіркеніп жауап береді, үнемі наркотик немесе қандай да бір дәрі беруді сұрайды. Осы жағдайда емдеуді бастау керек

психотерапиядан


132 Науқас айналаға қарап тұрып, терезеден тыс біреу оны шақырып тұрғанын айтады және оған жауап қайтарады.Дәл осы жағдай басқалардың да бірдей еститініне сенімді. Бұзылушылықты анықтаңыз:




Шынайы галлюцинация


133 23 жастағы А. есімді науқас екі көзінің бірдей айқын қышуына, жас ағуға, ісінуге шағымданып ауруханаға келді. Анамнезінен: науқас 1 күн бұрын үй тазалығымен айналысқан. Сіздің болжамды диагнозыңыз

аллергиялық конъюнктивит


134 33 жастағы науқас Б. оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлігінің төмендеуіне, жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады:




онкологиялық ауру


135 Қабылдау бөліміне 8 жастағы ер бала келді, футбол ойнау кезінде мұрнынан жарақат алған. Мұрын аймағындағы ауырсынуға және мұрыннан қан кетуге шағымданады. Сіз қандай алғашқы көмек көрсетесіз?




алдыңғы тампонада


136 Науқас 2 күн бұрын суық сыра ішкеннен кейін даусыныың қарлығуына, жөтелге, дене қызуының жоғарылауына шағымданады.Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,5 С. Ларингоскопияда: көмейдің шырышты қабығы гиперемияланған,дауыс саңылауы кең.Тыныс алуы еркін. Сіздің болжамды диагнозыңыз




жедел ларингит



137 Науқас Е. 50 жаста. Қант диабетінің орташа дәрежесімен сырқаттанады. Шағымы: аяқтарында сыздап ауырсынуы, әлсіздік, жиі шөлдегіштік, ентікпе. Емдік жаттығулардың әсері тиімді болу үшін жаттығулар келесі уақытқа созылу керек:

20-30 минут



написать администратору сайта