Главная страница

тест гос жаттауга. ан тотататын резенке Эсмарх жгут, ысыш, стерильді дке салфеткалары, таыш материалдар


Скачать 0.54 Mb.
Названиеан тотататын резенке Эсмарх жгут, ысыш, стерильді дке салфеткалары, таыш материалдар
Дата15.06.2022
Размер0.54 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлатест гос жаттауга.docx
ТипДокументы
#593277
страница2 из 44
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




1. Жалпы тәжірибе дәрігерінің қабылдауында 2,5 жастағы балада «Инфекциялық емес диарея. 2 дәрежелі сусыздану» диагнозы анықталып, ем тактикасы тағайындалды. Диарея кезінде, сусызданудың орта дәрежесінде балаға сұйықтық енгізу әдісі қандай болады

 Пероральды, медқызметкердің бақылауымен 4 сағат көлемінде
2. ҚР-ның егу кестесіне сәйкес қызылшаға қарсы вакцинация және ревакцинация өткізу мерзімі 12 ай және 6 жас
3. Төмен салмақтағы баланың күтіміне арналған бөлімде, жасы 3 күндік, салмағы 1850 гр нәрестенің дәрігердің тағайындау парағында 25 мл сауылған ана сүтімен зонд арқылы тамақтандыру жазылған. Салмағы төмен нәрестелерді зонд арқылы тамақтандырудың абсолюттік көрсеткіші болып саналады

Сору және жұту рефлекстерінің жеткіліксіздігі

 

4. Апгар шкаласы бойынша 8-9 баллмен қалыпты жүктіліктен туылған бала. Туғандағы салмағы 3200 г. Өмірінің 3-ші күнінде терісінің сарғаюы пайда болды. Баланың жағдайын анықтаңыз.

 физиологиялық сарғаю
5. 4 айлық нәрестеге «Мешел, жеңіл дәрежесі, бастапқы кезең, жедел үсті ағымы» диагнозы қойылған. Аурудың осы кезеңіне тән орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері

 Тершеңдік, шошу
6. Дәрігердің қабылдауына келген 2 айлық балада дене салмағының 10%-ға төмендеуі анықталған. Осы жағдайдағы мейіргердің бастапқы әрекеті қандай болады

Тамақтану тәртібін бағалау
7. Бір жастағы баланың физикалық дамуының бағалауы мен мониторингінің көптігін көрсетіңіз

Ай сайын

8. 6-12 айға дейінгі баланы қосымша тамақтандыру жиілігін көрсетіңіз

3 рет
9. Егер баллада кеуде торы ішке қарай ығысса

бала дем алғанда, төменгі кеуде торы ішке кіреді
10. Егер балада диарея болса, медбикенің А жоспары бойынша емдеу қағидаларын түсіндіреді

Сусыздануды ескерту
11. Жіті бронхиті бар балада медбике қақырықтың жақсы шығуды қамтамасыз ету үшін қолданады

вибрациялық массаж
12. Жіті пневмониясы бар балада демігу пайда болғанда, медбикенің бірінші іс-әрекеті

небулайзерді қолдануды қамтамасыз ету
13.ҚР №2295 30.12.2009ж қаулысы, 12.02.2013жылғы өзгерістермен толықтыруларға байланысты ҚР Ұлттық алдын-алу күнтізбесіне сәйкес балаларға жоспарлы алдын-алу екпелері жүргізіліеді. Вакцина салушы орындаған екпелерді мына құжатқа жазады:

063у үлгісіне
14. Қатты тағамды қабылдаған кезде, кенеттен 12 жастағы балада ұстама тәрізді жөтел пайда болды, тыныс алуы қиындап, терісі көгере бастады да, кейін есін жоғалтты. Медбике тыныс жолдарында бөгде затқа күдіктенді. Медбикенің әрекеті:

 Геймлих қалпын қолданыңыз

15. Апгар шкаласы бойынша 8-9 баллмен қалыпты жүктіліктен туылған бала. Перзентханада жаңа туған бала егулер алады:

 БЦЖ, ВГ"В"

 

16. Мектептің медициналық пунктіне екінші сыныптың оқушысы қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, қиналып дем шығару ұстамасы, арақашықтықта естілетін ысқырықты сырылдырға шағымданды. Жағдайының нашарлауын бояудың өткір иісімен байланыстырады. Аталған симтомдар тән:

Бронх демікпесіне
17. 2 айдан 12 айға дейінгі балалардағы, балалар ауруларын кешенді енгізу бағдарламасы бойынша тыныс алу қозғалысының жиілігі:

 50 және одан көп
18. Хирургиялық құралдарды залалсыздандырудың негізгі әдісі

Автоклавта булау
19. Қабылдау бөліміне белгісіз сұйықтықпен химиялық күю алған пациент жеткізілді. Осы жағдайда алғашқы көмек ретінде өткізіледі

Ағынды сумен мұқият жуу
20. Мойынның ірі тамырлары жарақатының асқынуы

Ауа эмболиясы

 

21. Алақанның көлемі дене беткейінің қанша бөлігін құрайды

1%
22. Аяқ-қолдарды шұғыл түрде ампутациялаудың көрсеткіші болып табылады

Тез жайылатын ылғалды гангрена

 

23. Балтыр артериясынан қан кетуде саусақпен басу нүктесі болып саналады

Ортан жілік
24.  3 айлық бала, омырау емеді. Анасына қанша жасқа дейін тек омырау сүтімен тамақтандыру керегі туралы кеңес беріңіз:

6 айға дейін.
25. 9 жасар қыз қант диабетімен ауырады. Таңертең 20 бірлік инсулин егеді. Инсулин енгізілгеннен кейін мектепке асығып таңғы ас ішпеді. Бірінші сабақта кенеттен конвульсиялар пайда болып, санасынан айрылды. Тері ылғалды, беткей тыныс алу, көзінің қарашығы кеңейтілген, клонико-тоникалық конвульсиялар. сіздің болжамды диагнозыңыз?

Гипогликемиялық кома
26. Бала 6 жаста, медициналық көмекке жүгінді. Жіті аурды, ангинадан кейін дене қызуы 39 дейін көтерілді, ісінулер пайда болды. Баланын жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, жалпы ісінулер. Қан анализі: лейкоцитоз,ЭТЖ -44 мм сағатына. Зәр анализі: ақуыз -3,8%, эритроциттер -10-15, лейкоциттер -6-8. Қандай ауру туралы айтылған?

Жедел гломерулонефрит
27.9 айлық бала жедел ауырды. Жалпы жағдайының нашарлап, дене ыстығы 38,2º дейін көтеріліп, дауыстың қарлығуы, тыныс қиындықтар «үрген» дөрекі жөтел пайда болды. Тынысы шулы, кеуде үйлесімді орын шамалы кері кетіп, мазасызданғанда өсіп отырып, бар. Тыныс алуы минутына 50 рет, жұтқыншақтың артқы қабырғасының жарқын гиперемиясы бар. Өкпесінде - қатты тыныс алу. Басқа ішкі органдардан- ерекшеліктері жоқ. Балалар ауруларын кешенді басқару бағдарламасы бойынша сұрыптау

Сары жол
28.Сізге 1 жасар баланың анасы баласының тәбетінің нашарлығына, әлжуаздығына шағымдана келді. Қарап тексергенде: тері жамылғысы мен кілегейлі қабаттары айтарлықтай бозарған. Жүрек ұшы аймағында систолалық шу естіледі. Қанның жалпы анализінде: гемоглобин - 72 г/л; эритроциттер- 3,1х1012/л; түсті көрсеткіші 0,7. Сіздің баланың диагнозы туралы ең дәлірек тұжырымыңыз:

Теміртапшылық анемиясы

 

29. 6 жасар бала. Шағымдары: дене қызуының 38,60 дейін көтерілуі, жұтынғанда тамағының ауыруы, әлсіздік. Аранын (тамағын) қарағанда: қызарған, ұлғайған бадамша бездерінде ақшыл жұқпа бар. Ішкі мүшелер тарапынан өзгеріссіз. Дифтериямен дифференциалды диагностикалық мақсатпен жүргізілетін қосымша зерттеу әдісін көрсетіңіз

Леффлер бацилласына жұқпа алу
30. Стационарға оң табанның түйрелген жарақатымен науқас түсті. Анамнезінен: 5 күн бұрын тот басқан шегеге басып кетті, жараны йодпен өңдеп, таңғыш салды. Бірақ жағдайы нашарлап, жара аймағында ауырсыну, гиперемия, ісіну пайда болды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тахикардия, дене температурасы 40° С, ентікпе, аузын қиналып ашады, жұту қиындаған, бет бұлшықеттерінің тырысулары анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

Сіреспе
31. Қақпақшалы пневмоторакс кезінде жасау керек:

Окклюзивті танғышты салу
32. Жұлын зақымдалуының тұрақты көрінісі:

Жамбас ағзаларының функцияларының бұзылысы
33. Эпигастрий аймағындағы ауырсыну, жеңілділік әкелмейтін көпретті құсу қандай клиникаға сәйкес?

Жедел ішек өтімсіздігі
34. Күйік бөлімшесіне келесі медициналық диагнозбен науқас түсті: кеуде торының алдыңғы беткейі мен екі аяқтың термиялық күйігі. Күйік алаңын анықтаңыз:

54%
35. Науқаста тік ішектің ампулярлы аймағында ісік анықталған. Саусақпен тексергенде ісікке жетпейді. Қандай диагностикалық әдіс қолданылады:

Колоноскопия

36. Жараны инфекциядан қорғаудың эффективті алдын алу шарасы:

Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
37. Жедел парапроктитті туындататын жиі кездесетін факторы:

Тік ішектің шырышты қабатының микрожарақаттары
 38. 15 ж жасөспірім шынымен білегін кесіп алған. Қан атқылап ағып жатыр. Медициналық пункт мейірбикесі қан тоқтататын шиыршық салған. Жазғы мезгілде артериялық шиыршықты қанша уақытқа қалдыруға болатынын көрсетіңіз:

45 мин.

39. Клетчаткадағы жедел жайылған іріңді қабыну процесі қалай аталады:

Флегмона
 40. Қою шие түстес қанның ұздіксіз ағуы қандай қан кетуге тән:

Венозды

41. Жедел холециститтің негізгі клиникасы

Бел аймағында, жауырынға иррадиация беретін ауырсыну, іштің кебуі

42. "Бірінші курс студенті 3 апта бұрын денесінде, тізе мен шынтағының терісіне қызарған қышыма түйіндердің пайда болу шағымдарымен дәрігерге қаралды.

Қарап тексергенде: терісінде шектелген, беті ақшылт қабыршықпен қапталған қызғылт түсті дақтар. Бөртпелер аяқ-қолдардың бүгілетін беттерінде симметриялы түрде орналасқан. Денесінде ретсіз орналасқан қызғылт түлеген папулалар.

кәдімгі псориаз
43. "Үшінші курс студенті медициналық пунктте табандары мен аяқ саусақтарының аралығындағы бөртпелерге, қышынуға шағымданды.

Шамамен бір ай бұрын, аяғының саусақ араларында терісі түлей бастаған, кейін терісі жарылып, қышыну болған. Соңғы аптада табандарда көпіршіктер пайда болды.

Қарап тексергенде: аяқтың саусақ аралық терісі түлеген. Төртінші және бесінші саусақтардың арасы ісінген және қызарған жерінде эпидермистің сыдырылғаны байқалады.

Табан микозы
44. Стрептококкты пиодермияларға жатады:

Тілме
45. Көру өткірлігін анықтауда науқас пен Головин-Сивцев кестесі аралығындағы қашықтық тең:

5 м
46. Сенбілікте оң көзіне әк түскен жұмысшы медициналық пунктке қаралды. Сіз медбикесіз, сіздің әрекеттеріңіз:

көзді көп мөлшерде қысыммен краннан аққан сумен жуу, ауруханаға жеткізу

47. Ларинготрахеитке тән үш белгілер:

Үрген жөтел, ентігу, дауыстың үнсіз болуы

48. Ер адам супермаркеттің парфюм бөліміне барған соң, мұрынның қышуы, түшкіру, мұрынның бітелуі, мұрынмен тыныс алудың қиындауына шағымданды. Ауруды анықтаңыз. Дұрыс жауап вариантын таңдаңыз:

аллергиялық ринит
49. Эпилепсиялық талмаға тән:

Ауыр жаракаттар, тілдің тістелуі

50. Сауда орталығына келушілер кенеттен бір орында қатып қалған адамға назар аударды.

Беттің көрінісі жоқ, көз қарасы бір нүктеге қадалған, сөзге мән бермейді. Аталған симптомдар тән"

кататоникалық ступорға
51. Ойылудың алдын алу үшін уқалау қай аймаққа жүргізіледі?

Сүйек шығыңқыларынан 5 см аралықта

52. 7 жастағы балаға сирақ-табан буынының шығуына байланысты салынған гипсті алғаннан кейін массаж тағайындалды. Массаждың қандай тәсілдерін қолданасыз

Сипау, сылау
53. Физиотерапияға жалпы кері көрсеткішті атаңыз:

Қатерлі ісіктер
54. "Пациентке бел аймағына физиотерапиялық емшара-электрофарез тағайындалды.

Медбике жастықшаларды қоятын жерде тырналған ізді анықтады. Медбикенің әрекеті:

дәрігерге хабарлап, емшараны жүргізбеу
55. «Пульсттік қысым» мәнін анықтаңыз

систолалық және диастолалық қысымдарының айырмашылығы

56. «Подиатрикалық күтімге» кіретін іс шараларды атаңыз

табанының тексерілуі, табанды күту, дұрыс аяқкиімді тағайындау
57. Анафилактикалық шок кезінде, дәрігердің айтуыбойынша әрекеттер

к/т глюкокортикоидты гормондарының үлкен дозаларын енгізу
58. Науқасты колоноскопияға дайындағанда істейтін әрекеттер

3 күн бойы шлаксыз диета ұстап, таңертең және кешке процедура алдында тазартқыш клизмасын жасау
59. Кенеттен құлдырау, сананың жоғалуы, сезімталдықтың жоқтығы, дене жарақатынан параличтің болуы (аяқтың тырысуы, ауыздың бұрышын төмендеуі, назолабиальды үшбұрыштың тегістігі) науқастың жағдайы

геморрагиялық инсульт
60. Аурудың басталуынан бастап алғашқы 4-6 сағатта келетін миокард инфарктісі бар науқастарды патогенетикалық терапия әдісін таңдаңыз

К/т нитраттарды енгізу
61.  Анафилактикалық шоктың симптомдарын көрсетіңіз

есінің төмен болуы, «мәрмәр» тәрізді терісі, ақ кенеттен төмендеуі
63.   Д. есімді пациентке дәрілік препаратты тамыр ішіне енгізген соң, анафилактикалық шок дамыды. Шұғыл жағдайда көрсетілетін таңдаулы препарат:

Преднизолон

 

64. Пациентке бұлшық етке антибиотик енгізген соң жағдайы бірден нашарлады: ентігу пайда болды, суық тер басты, науқас есін жоғалтты. АҚ 70/40 мм.с.б. Пациентте дамыған асқынудың түрі:

 анафилактикалық шок

 
65. Гипогликемиялық комада медбикенің тәуелді араласуы:

40% глюкоза ерітіндісін тамыр ішіне
66 . Қабылдау бөлімшесіне пациент өт коликасы ұстамасымен қаралды. Медбикенің тәуелді араласуында енгізіледі:

Но-шпа, платифиллин

67. Миокард инфаркты диагностикасындағы экспресс-тест:

 тропонин көлемін анықтау

 

68 . Кернеулі стенокардия ұстамасында медбикенің тәуелсіз араласуы:

 клопидогрель ішке қабылдау
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44


написать администратору сайта