|
аналық жыныс жасуша. Аналы жыныс жасушасы
Аналық жыныс жасушасы (лат. ovum — жұмыртқа, грек. kutos — жасуша) — аталық тұқым жасушасымен қосылып, жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық көбеюіне қатысатын тұқым жасушасы (овоцит). Аналық жыныс жасушасы (яйцеклетка); (ovocytus; лат. ovum — жүмыртқа; гр. kytos - жасуша) — ядросында хромосомалардың жекеленген жиынтығы болатын, пісіп жетілген ұрғашы жануарлардың жыныс жасушасы. - Аналық жынысжасушасының халықаралық атауы — " овоцит ". Жұмыртқа жасушасының пішіні дөңгелек немесе сопақ болып келеді. Ол дене жасушасына тән құрылымдардан құралған. Бірақ, оның цитоплазмасында центросома (жасуша орталығы) органелласы болмайды, ядросында хромосомалардың гаплоидты жиынтығы болады. Сүтқоректілер жұмыртқа жасушасын сыртынан екі қабық : тікелей біріншілік қабық (плазмолемма) және екіншілік қабық (фолликулалы қабық ) қаптайды. Аналық жыныс жасушасы ұрықтану арқылы жаңа организмнің пайда болуына қатысып, ұрыққа аналық организмнің тұқым қуалаушылық қасиеттерін жеткізеді. Қар. Жұмыртқа жасушасы.
Аналық жыныс безі (яичник); (лат. ovarium - жүмыртқалық) — аналық жыныс жасушасы ( овоцит ) пісіп жетілетін және аналық жыныс гормондары түзілетін ұрғашы жануарлардың негізгі жыныс безі. Аналық жыныс безі (жұмыртқалық) — жануарлар организмінде құрсақ қуысында орналасады. Ол пішіні сопақ не дөңгелекше келген паренхималы мүше. Жүмыртқалық сыртынан сірлі қабық тың жалғасы — бастама эпителиймен (бір қабатты текше тәрізді эпителий) қапталған. Бастама эпителийдің астында тығыз дәнекер ұлпасынан құралған ақшыл қабық болады. Аналық жыныс безінің кесіндісінде құрылысы бір-бірінен ерекше ажыратылатын екі аймақ көрінеді. Олар: сыртқы — фолликулалы аймақ және ішкі — тамырлы аймақ (бие жүмыртқалығында аталған аймақтар керісінше орналасады). Фолликулалы аймақ паренхимасын әртүрлі даму сатасындағы алғашқы (примордиальды) фолликулдар, өсуші фолликулдар, көпіршікті фолликулдар, жетілген фолликулдар, сары дене, ақ дене, ыңырама (атреттік) дене және олардың аралығындағы дәнекер ұлпасында орналасқан интерстициоциттер (паренхимааралық жасушалар) құрайды. Тамырлы аймақта аналық жыныс безін қоректендіретін ірі қан және лимфа тамырлары мен бездің қызметін реттейтін жүйкелер орналасады. АнаЛық жыныс безінің стромасы фибробласттарға бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Фолликулалы аймақта аналық жыныс жасушаларының даму процесі — "овогенез" жүреді. Аталған аймақтың шеткі жағында бөлініп көбею сатысындағы жас жыныс жасушалары — майда біріншілік (примордиальды) фолликулдар түрлі жануарларда түрліше топтасып жатады. Олардан сәл төменірек, біріншілік фолликулдарға қарағанда ірірек келген өсу сатысындағы жыныс жасушалары — өсуші фолликулдар орналасады. Жыныс жасушалары пісіп жетілуге жақындағанда, фолликулдардың мөлшері тым үлкейіп, көпіршікті фолликуддарға айналады. Олар жарылғаннан соң, ішіндегі жетілген жұмыртқа жасушасы көпіршіктегі фолликул сүйығымен бірге жүмыртқалықтан бөлініп, жатыр түтігі қүйғышына өтеді. Фолликулдардың жарылу процесі н овуляция деп атайды. Жарылған көпіршікті фолликул орнында сары дене түзіледі. Жетілген фолликул (Грааф көпіршігі) қабырғасындағы фолликул жасушалары мен интерстициоциттер аналық жыныс гормондары — эстрогеңцерді, ал сары дене жасушалары (лютеоциггер) — прогестерон гормонын бөледі. Аналык жыныс безі — құрсақ қуысы бел аумағының жамбас қуысына кіреберісінде жұмыртқалық шажырқайға ілініп тұрады. Шыжырқай арқылы жүмыртқалыққа қоректендіретін қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер енеді. Жұмыртқалықтың түтіктік және жатырлық ұштары, шажырқайлық және бос жиектері, латеральды және медиальды беттері болады. Жұмыртқалықтың түтіктік ұшына жатыр түтігінің қүйғышы (воронка), ал жатырлық ұшына — өзіндік жұмыртқалық байлам арқылы жатыр байланады. Тамырлы аймақ арқылы жұмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. - Аналық жыныс безі (яичник); (лат. ovarium - жүмыртқалық) — аналық жыныс жасушасы ( овоцит ) пісіп жетілетін және аналық жыныс гормондары түзілетін ұрғашы жануарлардың негізгі жыныс безі. Аналық жыныс безі (жұмыртқалық) — жануарлар организмінде құрсақ қуысында орналасады. Ол пішіні сопақ не дөңгелекше келген паренхималы мүше. Жүмыртқалық сыртынан сірлі қабық тың жалғасы — бастама эпителиймен (бір қабатты текше тәрізді эпителий) қапталған. Бастама эпителийдің астында тығыз дәнекер ұлпасынан құралған ақшыл қабық болады. Аналық жыныс безінің кесіндісінде құрылысы бір-бірінен ерекше ажыратылатын екі аймақ көрінеді. Олар: сыртқы — фолликулалы аймақ және ішкі — тамырлы аймақ (бие жүмыртқалығында аталған аймақтар керісінше орналасады). Фолликулалы аймақ паренхимасын әртүрлі даму сатасындағы алғашқы (примордиальды) фолликулдар, өсуші фолликулдар, көпіршікті фолликулдар, жетілген фолликулдар, сары дене, ақ дене, ыңырама (атреттік) дене және олардың аралығындағы дәнекер ұлпасында орналасқан интерстициоциттер (паренхимааралық жасушалар) құрайды. Тамырлы аймақта аналық жыныс безін қоректендіретін ірі қан және лимфа тамырлары мен бездің қызметін реттейтін жүйкелер орналасады. АнаЛық жыныс безінің стромасы фибробласттарға бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Фолликулалы аймақта аналық жыныс жасушаларының даму процесі — "овогенез" жүреді. Аталған аймақтың шеткі жағында бөлініп көбею сатысындағы жас жыныс жасушалары — майда біріншілік (примордиальды) фолликулдар түрлі жануарларда түрліше топтасып жатады. Олардан сәл төменірек, біріншілік фолликулдарға қарағанда ірірек келген өсу сатысындағы жыныс жасушалары — өсуші фолликулдар орналасады. Жыныс жасушалары пісіп жетілуге жақындағанда, фолликулдардың мөлшері тым үлкейіп, көпіршікті фолликуддарға айналады. Олар жарылғаннан соң, ішіндегі жетілген жұмыртқа жасушасы көпіршіктегі фолликул сүйығымен бірге жүмыртқалықтан бөлініп, жатыр түтігі қүйғышына өтеді. Фолликулдардың жарылу процесі н овуляция деп атайды. Жарылған көпіршікті фолликул орнында сары дене түзіледі. Жетілген фолликул (Грааф көпіршігі) қабырғасындағы фолликул жасушалары мен интерстициоциттер аналық жыныс гормондары — эстрогеңцерді, ал сары дене жасушалары (лютеоциггер) — прогестерон гормонын бөледі. Аналык жыныс безі — құрсақ қуысы бел аумағының жамбас қуысына кіреберісінде жұмыртқалық шажырқайға ілініп тұрады. Шыжырқай арқылы жүмыртқалыққа қоректендіретін қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер енеді. Жұмыртқалықтың түтіктік және жатырлық ұштары, шажырқайлық және бос жиектері, латеральды және медиальды беттері болады. Жұмыртқалықтың түтіктік ұшына жатыр түтігінің қүйғышы (воронка), ал жатырлық ұшына — өзіндік жұмыртқалық байлам арқылы жатыр байланады. Тамырлы аймақ арқылы жұмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді.
- Аналық бездің гистологиясыАналық безде текше тәрізді эпителийдің беткі қабаты бар, оны герминальды эпителий деп атайды. Бұл эпителийдің астында қабық, сыртқы қабат, ал медулла ішкі қабат орналасқан.
- Кортекс деп аталады дәнекер тінінің қабаты туник альбугинея, онда созылған жасушалар мен фибробласттар беткі қабықтың матрицасын құрайды. Медулла негізінен қан тамырларынан, лимфа жолдарынан және нервтерден тұрады. Бұл соңғы элементтер аналық бездің тағы бір аймағын құрайды: хилус.
- Артерияларға қатысты аналық артерияның кейбір тармақтары мезовариумға еніп, бұйра түзіп, хилум мен медуллаға бөлінеді. Тамырлар пиллинус тәрізді плексус түрінде хилустан басталады.
- Кортекс пен медуллада цистозды фолликулалар, сары денелер және альбикандар байқалады. Фолликулалардың ішінде ұрық жұмыртқасы бар, оның айналасында гранулеза жасушалары және тека жасушаларының сыртқы қабаты бар.
- Фолликулалар антральды немесе жетілген күйге жеткенге дейін әр түрлі сатыларды (алғашқы, бастапқы және қайталама) көрсетеді, бұл кезде ұрық жұмыртқасы шығарылады. Фолликулалардың жетілуі басқа өзгерістермен қатар гранулеза жасушаларының өсуі мен дамуын қамтиды
Аналық бездер шығаратын гормондарРепродуктивті жаста, 13 пен 46 жас аралығында, әйел гормондарының ай сайынғы ырғақты өзгерістері болады, олар аналық безде және басқа жыныстық органдарда физикалық өзгерістер тудырады.Аналық бездер шығаратын гормондар - эстроген мен прогестерон. Бұл гормондар гипофиздің алдыңғы бөлігінде шығарылған гормондармен, мысалы, фолликулаларды ынталандыратын гормон (FSH) және лютеиндеуші гормонмен (LH) үйлеседі.Гормондар FSH және LH аналық бездердің фолликулаларымен байланысты бұзылуларын тудырады, соның ішінде эндаумент пен қызмет көрсету, бастапқы рекрутинг, жетілу, циклды атрезия немесе рекрутинг, овуляция және сарқылу.Орташа алғанда 28 күнге созылатын айлық цикл жұмысқа қабылдау кезеңінен басталады. Бұл фазада 6-дан 12-ге дейінгі алғашқы фолликулалардың өсуін тудыратын FSH қанының жоғарылауы байқалады. Бұл фолликулалар бір қабатты гранулеза жасушаларының болуымен сипатталады және мейоздық бөлінудің профазасы ұсталады.Содан кейін фолликулалар өсіп, гранулеза жасушаларының көп қабаттары дамып, біріншілік фолликулаларды құрайды. FSH әсерінен тик пайда болады. Содан кейін фолликулалар эстроген шығарады, ал везикулярлық фолликул пайда болады. Бір фолликул антральды фазаға жетеді. Қалғандары деградацияға ұшырайды. - Аналық бездер шығаратын гормондарРепродуктивті жаста, 13 пен 46 жас аралығында, әйел гормондарының ай сайынғы ырғақты өзгерістері болады, олар аналық безде және басқа жыныстық органдарда физикалық өзгерістер тудырады.Аналық бездер шығаратын гормондар - эстроген мен прогестерон. Бұл гормондар гипофиздің алдыңғы бөлігінде шығарылған гормондармен, мысалы, фолликулаларды ынталандыратын гормон (FSH) және лютеиндеуші гормонмен (LH) үйлеседі.Гормондар FSH және LH аналық бездердің фолликулаларымен байланысты бұзылуларын тудырады, соның ішінде эндаумент пен қызмет көрсету, бастапқы рекрутинг, жетілу, циклды атрезия немесе рекрутинг, овуляция және сарқылу.Орташа алғанда 28 күнге созылатын айлық цикл жұмысқа қабылдау кезеңінен басталады. Бұл фазада 6-дан 12-ге дейінгі алғашқы фолликулалардың өсуін тудыратын FSH қанының жоғарылауы байқалады. Бұл фолликулалар бір қабатты гранулеза жасушаларының болуымен сипатталады және мейоздық бөлінудің профазасы ұсталады.Содан кейін фолликулалар өсіп, гранулеза жасушаларының көп қабаттары дамып, біріншілік фолликулаларды құрайды. FSH әсерінен тик пайда болады. Содан кейін фолликулалар эстроген шығарады, ал везикулярлық фолликул пайда болады. Бір фолликул антральды фазаға жетеді. Қалғандары деградацияға ұшырайды.
Жатыр (uterus) — адамның және жануарлардың ұрық дамитын аналық жыныс мүшесі. Адам Жатыры кіші жамбас қуысында орналасады. Жатыр денесі алға қарай иіліп, жатыр мойнымен доғал бұрыш жасайды. Оның сырт пішіні алмұрт тәрізді. ұзындығы 8 см, салмағы 40 — 50 г. Жатырдың жоғарғы жағы — Жатыр денесі немесе Жатыр түбі, төменгі жағы Жатыр мойны деп аталады. Жатыр денесі: сыртқы — сір, ортаңғы — бұлшық етті, ішкі — шырышты қабаттардан, ал Жатыр мойны қынаптан және мойын өзегінен тұрады. Жатырдың сір қабығы іш перденің бір бөлігі, Жатырдың алдыңғы және артқы жағын жауып жатады; бұлшық етті қабатының әйел босанған кезде маңызы зор, оның жиырылу қасиетінің салдарынан нәресте босану жолдарынан тез өтеді; Жатырдың шырышты қабатында етеккір айналымының барлық циклдік өзгерістері өтеді. Шырышты қабатқа енген ұрық, тоғыз ай бойы ана организмінен тиісті қоректік заттарды плацента арқылы алып, өсіп жетіледі - Жатыр (uterus) — адамның және жануарлардың ұрық дамитын аналық жыныс мүшесі. Адам Жатыры кіші жамбас қуысында орналасады. Жатыр денесі алға қарай иіліп, жатыр мойнымен доғал бұрыш жасайды. Оның сырт пішіні алмұрт тәрізді. ұзындығы 8 см, салмағы 40 — 50 г. Жатырдың жоғарғы жағы — Жатыр денесі немесе Жатыр түбі, төменгі жағы Жатыр мойны деп аталады. Жатыр денесі: сыртқы — сір, ортаңғы — бұлшық етті, ішкі — шырышты қабаттардан, ал Жатыр мойны қынаптан және мойын өзегінен тұрады. Жатырдың сір қабығы іш перденің бір бөлігі, Жатырдың алдыңғы және артқы жағын жауып жатады; бұлшық етті қабатының әйел босанған кезде маңызы зор, оның жиырылу қасиетінің салдарынан нәресте босану жолдарынан тез өтеді; Жатырдың шырышты қабатында етеккір айналымының барлық циклдік өзгерістері өтеді. Шырышты қабатқа енген ұрық, тоғыз ай бойы ана организмінен тиісті қоректік заттарды плацента арқылы алып, өсіп жетіледі
- Жатыр түтігі - сүтқоректі жануарлардың аналықтарының ұрықтарын аналық жыныс бездерінен жатырға жеткізетін жұмыртқа өткізгіштің алдыңғы бөлігі. Әйелдердің әрбір жыныс түтігінің ұзындығы 6-20 см-ге дейін, көбінесе 12 см. Жыныс түтігі май құйғыш тәрізді ұшымен аналық без маңында құрсақ қуысында ашылады да, екінші жағымен жатырмен жалғасады. Жатыр түтікшесінің жиырылып қысылуы және оның кілегей қабықшасының тербелмелі эпителийінің жатырға қарай қозғалуы ұрықтанған аналық жасушасын жатыр қуысына жеткізеді.
Жатыр мойны эрозиясы (орыс.: эрозия шейки матки) — жатыр мойнының шырышты қабықшасының тұтастығының бұзылуы немесе шырышты қабат ұлпаларының зақымдалуынан пай болатын кішігірім жаралар (эрозиялар). Бұл ауру әйелдерде ең жиі кездесетін гинекологиялық аурулардың бірі болып саналады. Жатыр мойны дегеніміз қынап пен жатырды жалғап тұратын, қоймалжың сұйықтыққа толы, цилиндрлік пішіндегі қуыс. Жатыр мойны эрозиясының екі түрі бар: шынайы (эндоцервикоз) және жалпы эрозиялар (эктопия, псевдоэрозия). Шынайы этозия сирек кездеседі, ол жатыр немесе қынапта вирусты немесе бактериалы инфекцияның пайда болуынан, механикалық немесе химиялық бұзылыстардан (зақымдалудан) туындайды. Тексеру кезінде ол жатырдың сыртқы бетінде қызарып, жара секілді болып көрінеді. - Қынап (лат. vagina – қынап) — жыныстық қатынасты және төлдің туу процесін қамтамасыз ететін, жатыр мен несеп-жыныс кіреберісі аралығында орналасқан тақ түтікше мүше.
- Ол жамбас қуысында жатырдан кейін орналасып, ешқандай шекарасыз несеп-жыныстық кіреберіске өтеді. Олардың шекарасын уретраның сыртқы тесігі белгілеп тұрады. Түтікше мүше ретінде қынаптың қабырғасы: ішкі — кілегейлі, ортаңғы — етті және сыртқы — адвентиция қабықтарынан тұрады. Оның қатпарлы безсіз кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Ортаңғы етті қабығы — ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттері қабаттарынан құралған. Қынаптың сыртқы алдыңғы бөлігін ғана сірiлі қабық, ал қалған негізгі бөлігін — адвентиция (борпылдақ дәнекер ұлпасы) қабығы қаптап жатады.
|
|
|