Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Аминогликозидтарға жатады

  • 7. Әртүрлі топтағы антибиотиктерге

  • Рационалды антибиотикотерапияның принциптері.

  • Антибиотиктердің жанама әсерлері

  • Антибиотикьтердің әсер ету механизмі бойынша 3 ке бөлеміз

  • Қолдануға арналған көрсеткіштері

  • 2-сұрақ

  • Документ Microsoft Office Word (1). анаталиев Рустем 203 оз 1 сра Антибиотиктер


    Скачать 25.03 Kb.
    Названиеанаталиев Рустем 203 оз 1 сра Антибиотиктер
    Дата14.01.2021
    Размер25.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДокумент Microsoft Office Word (1).docx
    ТипДокументы
    #168052

    Қанатқалиев Рустем 203 ОЗ

    1- сұрақ

    Антибиотиктер– бұл тірі жасушалардың тіршілік ету өнімдері болып саналады. Олар басқа жасушалардың – микроорганизмдердің, ісік жасушаларының өмір сүруін таңдамалы зақымдайды. Соңғы кездерде бұл заттардың жасанды антибиотиктері саны көбейіп келеді. Антибиотиктердің әсерінің ерекшеліктері химиотерапиялық заттар сияқты адам организмінің тінінде емес, микроорганизм жасушасында орналасқан. Сондықтан бұл препараттардың негізгі және жанама әсерлері микроорганизмдердің тіршілік етуіне байланысты болады. Антибиотиктер белсенділігінің тұрақты болмауы, ол оның белсенділігі дәрілік тұрақтылықтың қалыптасуымен төмендеуі мүмкін. Микроорганизмнің антибиотиктерге резистенттілігі берілген препаратқа резистенттіліктің механизмі бар болса дамиды және осы қоздырғыш туғызатын инфекцияны емдеген кезде антибиотиктердің жоғары терапиялық мөлшерін қолданса да ешқандай клиникалық тиімді әсері байқалмайды.

    Химиялық құрылымына қарай 7 ге бөлінеді. Олар:

    1. β– лактамды антибиотиктер

    2. Аминогликозидтар

    3. Тетрациклиндер

    4. Макролидтер

    5. Фениколдар

    6. Пептидті құрылымды антибиотиктер

    7. Әртүрлі топтағы антибиотиктер

    1. β– лактамды антибиотиктерге келетіін болсақ бұл топтың өзі құрамына қарай 4 ке бөлііп қарастырамыз.Олар:

    Пенициллиндер: бензилпенициллиннің натрий тұзы, феноксиметилпеницилин, оксациллин, ампициллин

    Цефалоспориндер: цефазолин, цефомандол, цефотаксим

    Монобактамдар: азтреонам

    Карбапенемдер: имепенем, меропенем

    2. Аминогликозидтарға жатады: гентамицин, амикацин, нетилмицин

    3. Тетрациклиндерге жатады: тетрациклин, доксициклин, метациклин, морфоциклин

    4. Макролидтерге жатадыы : эритромицин, олеандомицин, рокситромицин, азитромицин

    5. Фениколдарға: левомицетин, синтомицин

    6. Пептидті құрылымды антибиотиктерде құрамына қарай 4 ке бөлінееді. Олар:

    Полимиксиндер: полимиксин М,В,Е

    Гликопептидтер: ванкомицин, ристомицин сульфаты

    Линкозаминдтер: линкомицин, клиндамицин

    Фузидин: фузидин, фузафунгин

    7. Әртүрлі топтағы антибиотиктерге: рифампицин, капреомицин, мупироцин, грамицидин жатады.

    Әсер ету спектрі бойынша антибиотиетер 2 ге бөлінеді: тар және кең спектрлі болып. Тар спектрлі антибиотиктер: А) айрықша грамоң флораға әсер ететін заттар: бензилпенициллиндер, жартылай синтетикалық пенициллиназаға тұрақты пенициллиндер, цефалоспориндердің 1-буыны, макролидтер, линкомицин, ристомицин, фузидин, ванкомицин. Б) айрықша грамтеріс флораға әсер ететін заттар: полимиксиндер, уреидопенииллиндер, монобактамдар.

    Кең спектрлі антибиотиктер: тетрациклиндер, аминогликозидтер, левомицетин, аминопенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер.

    Рационалды антибиотикотерапияның принциптері. Олар:

    1.Аурудың клиникасын, науқастың жасын, қосымша патологияны ескере отырып АБ тиімді тағайындау қажет.

    2.Препаратты дұрыс тағайындағанына көз жеткізу үшін қоздырғыштың Антиьиотикалық сезімталдығын анықтау қажет.

    3. Аурудың клиникалық ағымына және АБ фармакокинетикасына байланысты АБ оңтайлы енгізу тәсілін және оңтайлы енгізу жиілігін қолдану қажет.

    4. Антибиотикьерді тиімді енгізу курсы 7-10 күннен аз болмауы қажет. Сонымен қатар антибиотикотерапия курсы үзіліссіз болуы керек. Бұлардың бәрі микроорганизмдердің АБ резистенттілігінің дамуының алдын алады.

    5.Аурудан толығымен айығу үшін, микроорганизмдердің резистенттілігінің алдын алу үшін АБ-ның максималды терапиялық мөлшерін пайдалану керек. 

    Антибиотиктердің жанама әсерлері:

    1. Аллергиялық реакциялар антибиотикпен сенсибилизацияланған организмде пайда болады. Аллергиялық реакцияны пенициллиндер тобы жиі тудырады. Бұл кезде қиылысқан сенсибилизацияның дамуы мүмкін. Мысалы: егер пенициллинге аллергия дамыса, онда құрамында беталактамды сақинасы бар басқа, мысалы цефалоспориндерге, АБ-ге аллергия дамиды.

    2. Микроорганизмдердің антибиотиктерге резистенттілігі – патогенді микроорганизмдердің белгілі бір АБ тобына тұрақтылығының дамуы, ол әртүрлі механизмдерге байланысты болады.

    3. Бактериолизис реакциясы – микробтар мембранасының бүтіндігін бұзатын АБ-тың жоғары мөлшерін енгізген кезде организмның уытты реакциясының дамуы. Нәтижесінде қанға бактериялық уыттардың көп мөлшері бөлінеді.

    4. Дисбактериоз – макроорганизмде сапрофитті микрофлораның тіршілік әрекетінің тежелуі. Сапрофитті микроорганизмдер маңызды қызметтерді атқарады: астың қорытылуына жағдай жасайды; макроорганизмді әртүрлі эндогенді патогендердің көбеюінен және экзогенді микробтардың енуінен қорғайды.

    Антибиотикьтердің әсер ету механизмі бойынша 3 ке бөлеміз :

    1. Микроб қабырғасының түзілуін бұзатын бета-лактамды антибиотиктер; циклосерин; гликопептидтер: ванкомицин, тейкоплакин.

    2. Цитоплазмалық мембрананың қызметін бұзатын циклді полипептидтер, полиенді антибиотиктер.

    3. Нәруыз және нуклеин қышқылының түзілуін бұзатын левомицетин, тетрациклин тобы, макролидтер, линкозамидтер, аминогликозидтер, фузидин, анзамициндер.

    Монобактамдар

    Азтреонам– резервтегі, тар спектрлі препарат көбінесе: грамтеріс микроорганизмдерге белсенділігі өте жоғары және бета-лактамазаға тұрақты болады. Гр «+» кокктарға және анаэробтарға белсенділігі жоғары препараттармен біріктіріп тағайындайды. Қолдануға арналған көрсеткіштері: зәр шығару жүйесінің инфекциялары, жедел өкпенің жіті қабынуы, терінің, жұмсақ тіндердің, сүйектің инфекциялары, грам теріс аэробты флора тудырған сепсис, перитонит, гонорея.

    Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, эозинофиллия, трансаминазаның, сілтілі фосфатазаның жоғарылауы (көбінесе емдеу барысында қалыпқа келеді және бауыр, өт шығару жолдары қызметтерінің айқын бұзылу белгілерінсіз өтеді), флебиттер қан кетулер (протромбинді индекстің төмендеуі), дизбактериоз, псевдомембраналық колит (көбінесе басқа антибиотиктермен біріктіріп қолданған кезде байқалады).

    2-сұрақ

    Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар. Оларға биологиялық препарат тар — гамма-глобулининтерферон, сондай- ақ кейбір химиялық заттар жатады. Гамма — глобулинқан сарысуының белоктық фракцияларының бірі болып табылады; бұл препараттың құрамында микроорганизмдерді — ауру қоздырғыштарды өлтіруге көмектесетін қорғаушы антителолар бар. Оларды қан берушілердің, олардың ішінде белгілі бір жұқпалы ауруға қарсы вакцина егілген қан берушілердің қанынан, вакцина егілген малдың, т. б. қанынан алады. Гамма-глобулин препараттарын тұмау, Боткин ауруы, қызылша, энцефалит, құтыру, және басқа вирустық аурулардың, сондай-ақ бактериялар тудыратын кейбір аурулардың (стафилококк жұқпалы ауруы, көкжөтел, т. б.) алдын алу және оларды емдеу үшін қолданады. Гамма-глобулин организмнің түрлі ауруларға жалпы қарсылық көрсет у д де күшейте алады. Оның аллергиялық әрекеттер және басқа құбылыстар туғызуы мүмкін, сондықтан ол тек дәрігердің ұйғаруымен ғана енгізілуге тиіс. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің сарапшылары суықтың эпидемиясында қолдануға кеңес береді. Тек жұқтырған адамдармен байланыс жасамас бұрын мұны жасаңыз. Бұдан кейін кедергі препараттары әлсіз. Вирустың тиімді қорғалуы мына құралдармен қамтамасыз етілуі мүмкін. Олар:

    1. медициналық маскалар;

    2. Оксолиновый жақпа ;

    3. Qwicksom;

    4. Aqualor;

    5. Aqua Maris ;

    Басқа да табиғи және өте қымбат емес вирусқа қарсы препараттар - иммуностимуляторлар бар олар:

    1. имбирь;

    2. мүкжидек;

    3. бал;

    4. пияз;

    5. сарымсақ;

    6. даршын;

    7. бұрыш;

    Вирустар - өмір сүрудің ерекше түрі. Олардың метаболизмі жоқ. Яғни, хосттың организмінен тыс вирустар өмір сүре алмайды, бірақ олар паразиттерге ұшырап, белсенді түрде көбейе бастайды. Инфекция патогенді микроорганизмнің сау клеткаға енуіне және жаңа «нашар» ақуыз қабықшаларының, РНҚ молекулаларының және ДНҚ-ның репродукциясына байланысты болады.

    Интерферон — табиғаты ақуыз болып келетін организмнің қорғаныс заттары. Вирустардың торшаға енуіне жауап ретінде омыртқалылар торшалары өндіреді. Интерферон негізгі үш түрін ажыратады: лейкоциттік (а), фибробластық (Р) және иммундық (ү). Интерферон организмнің арнайы емес әржақты қорғаныс, төзімділік факторы болып есептелінеді. Зақымданғаннан кейін интерферон организмде бірнеше сағаттан кейін пайда болады да, адам мен жануарлардың табиғи сауығуына көмектеседі. Интерферон вирустарға қарсы әржақты әрекеті бар. Интерферон «вирусқа қарсы емес» бірнеше маңызды — қатерлі ісікке қарсы, радиопротекторлы, иммунды модульдық және т. б. әсерлері табылған. Интерферон және оның индукторлары терінің ұшықгрипп және басқа да тыныс ауруларының және қатерлі ісік туғызатын вирустардың өсіп-көбеюуіне кедергі жасайды, сонымен қатар организмнің иммундық қабілетін күшейтеді. Анығырақ айтсақ, α-интерферон  лейкоциттерде вирустарға қарсы түзіледі; β-интерферон фибробластарға вирустар әсер еткенде түзіледі және имммундық деп аталады; γ-интерферондары Т-лимфоциттерде вирустық немесе бактериялық антигендерге және қатерлі ісіктерге қарсы синтезделеді.

    Интерферон индукторларының әсер ету механизмі.Медициналық пайдалану үшін іріктеліп алынған препараттар әр түрлі пропорцияда IFNα, IFNβ, IFNγ синтезделуін индуцирлейді. Олар әртүрлі типті IFN-мен, иммундымодуляторлармен және химия-терапиялық дәрмектермен өзара жақсы әсерлеседі. Ерекше атап айту керек, оларды басқа препараттармен аралас енгізу синергиялық эффект туғызады. Клиникалық тұрғыдан төменгі молекулалық препараттар-циклоферон және амиксин, және де кейбір табиғи жоғарғы молекулалық және синтетикалық полимерлер-ларифан, ридостин, полудан, кагоцел ең перспективті болып табылады. Индукторлардың белсенділігі IFN белсенділігімен ұқсастығына қарамастан, олардың иммундық жүйеде өзіне тән «әсер ету нүктелері» болады. Мысалы, ең жиі зерделенген төменгімолекулалық ИИ-амиксин Т-лимфоциттермен IFN өндірілуін баяу жүргізеді, ал циклоферон В-лимфоциттермен IFN өндірілуін жылдам жүргізеді. Индукторлар IFN жүйесін «қосумен» бірге, бірқатар қабыну алдындағы (провоспалительные ) және қабынуға қарсы цитокиндер пайда болуын қоздырады. Осындай өте маңызды жағдай аталған препараттарды цитокиндік жүйенің биореттеушілері деп қарастыруға мүмкіндік береді. АИВ-инфекция үлгісінде анықталған: интерференциялайтын дефекті деп аталатын бөлшектер қалыптасады, олардың жасушаға жұғу қабілеті жоқ, бірақ индукторлар сияқты IFN синтезделуін тудыра алады, нәтижесінде вирустардың қалыпты көбеюі бұзылады.

    Қазіргі кезге дейінгі жинақталған мәліметтер бойынша днРНҚ IFN индукторлары ретінде (ларифан, полудан, ридостин) көптеген жасушалар мен популяцияларда (гранулоциттер, нейтрофильдер, эндотелий жасушалары және фибробластар) IFN синтезделуін қоздыру қабылеті бар. Т-жасушалар көмекші жасуша ретінде макрофагтар бар болғанда IFN синтездейді. днРНҚ IFNα және IFNβ-ның белсенді индукторы болып табылады: лимфоцит дақылдарында олар негізінде IFNα-ның, ал фибробласт дақылдарында - IFNβ-ның синтезделуін индуцирлейді. Парэнтеральды жолмен енгізгенде днРНҚ көбінесе IFN-ды салыстырмалы түрде жоғарғы деңгейде синтездейді.


    написать администратору сайта