Главная страница
Навигация по странице:

  • 1938 ж. Оксфорд университетінің ғалымдары: Говард Флори және Эрнст Чейн пенициллинді таза күйінде бөліп алды.

  • Қазіргі таңда бірнеше мың табиғи антибиотик белгілі. Оның барлығы – гетероциклды қосылыстар.

  • Аминогликозидтер

  • Гликопептидтік антибиотиктер

  • Туберкулезге қарсы препараттар

  • Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер

  • Аминогликозидтер Пенициллиндер

  • Ааа. Антибиотиктер. Антибиотиктер. Топы 201 мейіргер ісі Орындаан Абутаева е абылдаан Турсынбекова Д


    Скачать 131.16 Kb.
    НазваниеАнтибиотиктер. Топы 201 мейіргер ісі Орындаан Абутаева е абылдаан Турсынбекова Д
    Дата15.05.2022
    Размер131.16 Kb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаАнтибиотиктер.pptx
    ТипДокументы
    #530216

    Антибиотиктер.

    Топы:201 мейіргер ісі

    Орындаған:Абутаева Е

    Қабылдаған:Турсынбекова Д


    Жетісай жоғарғы медицина колледж

    Антибиотиктердің ашылу тарихына келетін болсақ, 1928 жылы Александр Флеминг зерттеу жұмыстарының барысында, стафиллококтарды өсіріп, арасында зең санырауқұлақтарымен – Penicillium-.мен залалданған колонияларды байқаған. Зең колонияларының айналасында бактерия өспеген, яғни, зең бактерияларды өлтіретін затты бөлетіні айқын көрінді, ол затты А.Флеминг «пенициллин» деп атады.Бұл – бірінші антибиотик болды. Ол туралы Флеминг 1929 жылы қыркүйекте Лондон университетінің Медициналық зерттеу клубының отырысында баяндады, бірақ әріптестерінен ешбір қызығушылық көрмеді, себебі пенициллин – тұрақсыз, тез бұзылатын зат болып шықты.

    1938 ж.  Оксфорд университетінің ғалымдары: Говард Флори және Эрнст Чейн пенициллинді таза күйінде бөліп алды.
    Екінші әлем соғысында қажеттіліктерге байланысты 1943 жылы бұл дәрілік препараттардың өндірісі басталды.
    1945 жылы - Флемингке, Флори және Чейнге –Нобель сыйлығы берілді.
    Қазіргі таңда бірнеше мың табиғи антибиотик белгілі. Оның барлығы – гетероциклды қосылыстар.


    Жіктелуі

    Тетрациклиндер — бактериостатикалық әсері бар, тыныс алу және несеп шығаратын жолдарының инфекцияларын емдеуде , сібір язвасын емдеуде қолданылады.
    Аминогликозидтер —жоғары токсикологиялық әсері бар,  перитонитерді емдеуде қолданылады, бактерицидтік әсері бар.
    Левомицетиндер — бактериостатикалық әсері бар, шектеулі қолданылады, себебі кұрделі әсері болады — сүйек миының зақымдалуы.
    Гликопептидтік антибиотиктер - бактериялардың клеткалық қабырғасының синтезін тежейді, бактерицидтік әсері бар, бірақ, энтерококктарға, кейбір стрептококктар мен стафилококктарға – бактериостатикалық әсері байқалады.
    Диуцифон.


    Линкозамидтер – бактериостатикалық әсер, рибосомалармен белок синтезі тежеледі. Жоғары концентрацияда – сезімтал микроорганизмдерге – бактерицидтік әсер етеді.
    Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Фтивазид, Салюзид, Метазид, Этионамид, Протионамид
    Түрлі топты антибиотиктер — Рифамицин, Ристомицина сульфат, Фузидин-натрий,  Полимиксина M сульфат, Полимиксина B сульфат, Грамицидин, Гелиомицин.
    Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер —саңырауқұлақтардың клеткалық мембраналарын бұзады, литикалық әсер етеді.
    Лепраға қарсы препараттар — Солюсульфон, Диуцифон.


    Антибиотиктерді әсер ету механизмі бойынша 4 топқа жіктейді:

    1) бактериалды клетка қабырғасының синтезін тежейді;

    2) белоктардың матрицалық (рибосомалық) синтезін тежейді;

    3) нуклеин қышқылдарының синтезін тежейді;

    4) цитоплазмалық мембраналардың қызметтерін тежейді.

    Қолданылуы

    Антибиотиктер бактериялардың өсуін қатты тежейді, бірақ, макроорганизм клеткаларына мүлдем әсер етпейді, сондықтан оларды дәрілік препараттар ретінде қолданады. Кейбір антибиотиктерді цитостатикалық (ісіктерге қарсы) препарат ретінде онкологиялық ауруларды емдеуде қолданады. Антибиотиктер әдетте вирустарға әсер етпейді, сондықтан, грипп, гепатит, оспа, қызылша секілді ауруларды емдегенде тиімсіз болып табылады.
    Аминогликозидтерге жатады.
    Құрылысында 6 мүшелі карбоциклды аминоспирттер, әдеттегі қантпен немесе аминоқантпен гликозилденген.
    Шамамен 100 табиғи қосылыстар жатады.


    Аминогликозидтер

    Пенициллиндер

    b-лактамды антибиотиктерге жатады. Зең саңырауқұлақтардан бөлініп алынды. Негізгі 6 түрі белгілі.

    Сілтілік ортада және қыздырғанда тұрақсыз заттар, лактамды циклы ашылып, биологиялық белсенділігі жоқ пенициллоинды қышқылдарға айналады.

    Тетрациклиндер


    Нафтацен немесе тетрацендердің туындылары;
    Streptomyces саңырауқұлақтары өндіреді;
    Белок синтезін тежейді;
    Грам-оң және грам-теріс бактерияларға жоғары эффективті;
    Пневмония, дизентерия, коклюш, гонорея, бруцеллез, туляремия, холецистит, менингит, т.б. Инфекциялық ауруларға және іріңді операциядан кейін болатын қабынуларда қолданылады.

    Эритромициндер.


    Полиенді емес макролидтерге жатады.
    Шамамен 100 табиғи қосылыстар жатады, Streptomyces саңырауқұлақтарымен өндіріледі.
    Құрылысында – 12-, 14- және 16-мүшелі лактондар бар.
    Грам-оң бактерияларға қарсы активтілігі жоғары.
    Белок биосинтезін тежейді.
    Фармакологияда: олеандомицин, эритромицин, лейкомицин, спирамицин, тилозин қолданылады.



    написать администратору сайта