Главная страница

терминология. терминология 8 сынып. Апаратты лшеу. Апартты лшеуді алфавиттік тсілі (алфавит алфавит alphabet) Алфавит


Скачать 39.28 Kb.
НазваниеАпаратты лшеу. Апартты лшеуді алфавиттік тсілі (алфавит алфавит alphabet) Алфавит
Анкортерминология
Дата15.01.2022
Размер39.28 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлатерминология 8 сынып.docx
ТипДокументы
#331758

Информатика 8 сынып
І ТАРАУ. Компьютердің және желілердің техникалық сипаттамалары
§1. Ақпаратты өлшеу. Ақпартты өлшеудің алфавиттік тәсілі
(алфавит – алфавит - alphabet)

Алфавит – әріптер, таңбалар, цифрлар, жақшалар және т.б. жиынтығы.
(алфавиттің қуаттылығы - мощность алфавита - the power of the alphabet)

Алфавиттің қуаттылығы–алфавиттің қуаттылығы (N) алфавитте қолданылатын символдар саны.
(алфавиттің салмағы – вес алфавита - weight of alphabet)

Алфавиттің салмағы – алфавиттік тәсілде мәтіндегі әрбір символдық ақпараттық салмағы болады деп есептеледі. Символдың салмағы алфавиттің қуаттылығына байланысты болады.
(байт – байт - byte)

Байт – қуаттылығы 256 (2б) тең алфавиттің бір символы мәтінде 8 бит ақпаратқа ие. Мұндай ақпараттық саны байт деп аталады.
§2. Процессор және оның атқаратын қызметі
(процессор – процессор - processor)

Процессор - компьютердегі барлық қызметті атқарып тұрған адамның миы сияқты құрылғы, арифметикалық-логикалық қызметтер атқарады.
(транзистор – транзистор - transistor)

Транзистор - электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал.
(шина – шина – tire)

Шина – программа командасы процессорға мәліметтер шинасы бойынша келіп түседі және декодталады.
(декодтау – декодирование - decoding)

Декодтау – ақпаратты бастапқы түріне қайта келтіру процессі, яғни кодтаудың кері процессі.
(кэш – жады – кэш память – the cache memory )

Кэш – жады - негізгі жадыдан толтырылатын процессорға жақын арада керек болады деген мәліметтерді сақтау үшін арналған тез әрекет ететін буферлік жады.

(үлкен интегралды схема – большая интегральная схема - highly integrated circuits)

Үлкен интегралды схема – ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының басында процессордың барлық қажетті компоненттері бір жартылай өткізгішті микросхемаға орналастырылады. Ол микросхемаларды үлкен интегралды схема немесе өте үлкен интегралды схема деп аталады.
§3. Процессордың сипаттамалары
(тактілік жиілік – тактовая чистота - time cleanness)

Тактілік жиілік – микропроцессордың командаларды орындау жылдамдығының көрсеткіші. Такт қарапайым операцияны орындауға қажетті уақыт аралығы.
(процессордың жылдамдығы – скорость процессора - processor speed)

Процессордың жылдамдығы – 1 секундта мәліметтерді өңдеуге арналған циклдардың саны.
(процессордың разрядтылығы – разрядность процессора - bit processor)

Процессордың разрядтылығы – 1 такт ішінде процессордың өңдей алатын ақпарат көлемін анықтайтын өлшем бірлік.
(жүйелік шинаның жиілігімен разрядтылығы – частота и разрядность системной шины)

Жүйелік шинаның жиілігімен разрядтылығы – процессордың ішкі құрылығылармен (жедел жады, тұрақтыесте сақтау құрылғысы, таймер, енгізу/шығару порттары және т.б) ақпарат алмасуға арналған сигналдар жиыны.
(ядролар саны – количество ядер - number of cores)

Ядролар саны – ядро орталық процессордың ең негізгі элементі. Ол командалардың бір тізбегін орындауға қабілетті процессордың бір бөлігі.

§4. Желінің өткізгіштік қабілеті
(байланыс каналы – канал связи - communication channel)

Байланыс каналы – қашықтықтан мәліметтерді тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін техникалық құралдар.
(ақпаратты тасымалдау жылдамдығы – скорость передачи информации)

Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы – (ақпараттық ағымның жылдамдығы) уақыт бірлігінде тасымалданатын ақпарат саны.
(каналдың өткізу қабілеті – канал передачи информации - channel capacity)

Каналдың өткізу қабілеті – уақыт бірлігінде байланыс каналы арқылы ақпаратты тасымалдаудың максималды жылдамдығы.
ІІ ТАРАУ. Денсаулық және қауіпсіздік
§5. Компьютер пайдаланудың кері аспектілері
(компьютер қауіпсіздігі – безопасность компьютера - сomputer security)

Компьютер қауіпсіздігі - компьютерді пайдаланғанда тек өз денсаулықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай компьютерлік техникамен мұқият жұмыс істеу керек.
§6. Желідегі қауіпсіздік
(копьютерлік вирустар – компьютерные вирусы - computer virus)

Копьютерлік вирустар – компьютер жұмысын тежейтін немесе мәліметтерді бүлдіретін арнайы жазылған шағын программа.
(әлеуметтік желілер – социальные сети - social network)

Әлеуметтік желілер – қызығушылықтары бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдық сайттар (Facebook, Vkontakte, Twitter, Instagram)
(электронды пошта – электронная почта – email)

Электронды пошта – желіні пайдаланушылар арасында электронды хабар алмасу тәсілі (Mail.ru, inbox.ru, gmail.com, yandex.ru, list.ru)
(кибербуллинг – кибербуллинг - cyberbullying)

Кибербуллинг – желі қолданушысына зәбір көрсету, агрессия, қорқыту мазмұнындағы хабарламалар жіберу.
(фишинг немесе интернет-алаяқтық – фишинг или интернет мошенничество - a phishing or internet is a swindle)

Фишинг немесе интернет-алаяқтық – желіні қолданушылардың құпия мәліметтерін, логин және құпия сөздерін ұрлайтын жаңа қауіп қатер түрі.
(сандық абырой – цифровая репутация - digital reputation)

Сандық абырой – бұл сендер туралы желідегі жақсы немесе жаман мәліметтер.
(авторлық құқық – авторское право - copyright)

Авторлық құқық – бұл ғылым, өнер, әдебиет саласындағы туындыларға деген интеллектуалды жекеменшік құқығы.
(интеллектуалды жекеменшік – интеллектуальная собственность - intellectual property)

Интеллектуалды жекеменшік – адам ақылымен жасалған өнертабыс (Мысалы: кітап, сурет, бейне материалдар, музыкалық шығармалар, тіпті қызмет түрлері мен өнімдер).
§7-8. Практикум. Заманауи кибер қауіп – қатер
(нигериялық хаттар – нигерийские письма - letters should)

Нигериялық хаттар – спамның пайда болуынан бері қарқынды дамыған алаяқтық түрі.
ІІІ ТАРАУ. Электронды кестеде ақпаратты өңдеу
§9. Статистикалық мәліметтер
(формула – формула – formula)

Формула – бұл кестелік процессор ортасында мәліметтерді өңдеуге арналған негізгі құрал.
(сілтеме – ссылка - link)

Сілтеме – бұл формуланы жазу барысында қолданылатын объект адресі (ұяшықтар, жолдар, бағаналар, ұяшықтар диапазоны).
§10. Статистикалық мәліметтер. Абсолютті, салыстырмалы, аралас сілтеме.
(абсолютті сілтеме –абсолютная ссылка - absolute reference)

Абсолютті сілтеме – кейбір жағдайларға саған салыстырмалы адрестеу қажет болмауы мүмкін, керісінше абсолютті адрестеу қажет болмауы мүмкін, яғни формуланың көшірмесін жасау барысында ұяшықтың адресі өзгермеуі қажет.
(салыстырмалы сілтеме – относительная ссылка – relative reference)

Салыстырмалы сілтеме – егер сендерде басқа ұяшық адресіне сілтеме жасайтын формуласы бар ұяшық болса, сен бірінші ұяшықтағы формуланы екінші ұяшыққа көшіресіңдер.
(аралас сілтеме – смешанная ссылка - combined link)

Аралас сілтеме – сонымен қатар, сен аралас сілтемені пайдалана аласыңдар, бұл жағдайда бағана абсолютті, ал жол салыстырмалы немесе керісінше болуы мүмкін. Аралас сілтемені құру үшін доллар белгісін бағана атауының немесе жол нөмерінің алдына қою керек.
§11. Кіріктірілген функциялар
(қаржылық функциялар – финансовые функции - functions of the financial)

Қаржылық функциялар – қарыз бойынша төлем соммасын, төлем көлемін және т.б есептеу сияқты айырысуларды жүзеге асырады.
(күн және уақыт функциялары – функции дата и время - functions date and time)

Күн және уақыт функциялары – формулаларда мерзімі мен уақыт мәндерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
(статистикалық функциялар – статистические функции - aggregate function)

Статистикалық функциялар – мәліметтердің статистикалық талдауын жасауға мүмкіндік береді.
§12. Кіріктірілген функциялар. Математикалық функциялар
(математикалық функциялар – математикческие функции - mathematical function)

Математикалық функциялар – қарапайым және күрделі математикалық есептеулерді орындайды, мысалы, ұяшықтар диапазонның қосындысын, санның абсолютті шамасын есептеу, санды дөңгелектеу және т.б.
§13. Кіріктірілген функциялар. Дерекқормен жұмыс істеу функциялары. Мәтіндік және логика фукциялары.
(дерекқор функциялар - функции базы данных - database functions)

Дерекқор функциялар – шарт бойынша жазбаларды таңдау үшін және есептеулер жүргізу үшін қолдануға болады.
(мәтіндік функциялар – текстовые функции - text functions)

Мәтіндік функциялар – мәтінді өңдеуге мүмкіндік береді.
(логикалық функциялар – логические функции - text functions)

Логикалық функциялар – бір немесе бірнеше шартты тексеру үшін арналған.
§14. Қолданбалы есептерді шешу.
(қолданбалы есептер – прикладные задачи - applied problem)

Қолданбалы есептер – күнделікті өмірге қажетті жағдайлармен ұштастырылған есептер.
§15. Қолданбалы есептерді шешу.
(ізделінетін мән – искомое значение - target value)

Ізделінетін мән – прайс-парақтың шеткі сол жақ бағанынан функция табу қажет тауар аты.
(кесте – таблица – table)

Кесте – ізделінетін мәндер алынатын кесте, яғни прайс – парақ. Сілтеме ретінде алдында берілген «Прайс» атауы қолданылады.

(баған нөмері – номер столбца - number of column)

Баған нөмері – баға мен алынатын прайс – парақтағы бағанның реттік нөмері (сан емес!)
(интервалдық көру – интервальный просмотр - interval viewing)

Интервалдық көру – бұл өріске жалған және ақиқат деген екі ғана мән беруге болады.
§16. Кестеде берілген функцияның графигін тұрғызу
(нүктелік диаграмма –точечная диаграмма - point diagram)

Нүктелік диаграмма – біреуінің мәліметтері екіншісін анықталу үшін пайдаланатын, кем дегенде екі қатары бар диаграмма.
(график – график - chart)

График – мәліметтер қатарының өзгерісін көруге арналған.
(график легендасы – легенда графика - legend of chart)

График легендасы – бұл диаграммадағы қатарлар мәндерінің шартты белгіленуі. Легенда, диаграммадағы мәліметтердің атауы мен маркерлерін көрсетеді.
§17. Кестеде берілген функцияның графигін тұрғызу
(водопад диаграммасы – диаграмма водопад - waterfall chart)

Водопад диаграммасы – бұл мәліметтерді көрсетудің бір формасы, белгілі бір уақыт аралығында көрсеткіштердің қай бағытта өзгергенін көрсетеді.

IV ТАРАУ. Программаларды құрудың кіріктірілген орталары
§18. Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі
(программалық жабдықтама – программное обеспечение - software)

Программалық жабдықтама – «программалық қамтамасыз ету» компьютердің тұрақты жадысында сақталып, қойылған есептерді шешуге арналған барлық программалар жиынтығы.
(жүйелік жабдықтама – системное обеспечение - system providing)

Жүйелік жабдықтама – қолданушымен қарым қатынасты ұйымдастыруға компьютердің қызметін сүйемелдеуге және компьютер құрылғыларын басқаруға арналған программалық құралдар жиыны.
(базалық жабдықтама – базовое обеспечение - base providing)

Базалық жабдықтама – бұл компьютердің жұмысын қамтамасыз ететін программалық құралдардың минималды жиынтығы.
(сервистік программалық жабдықтама – сервисное программное обеспечение - service software)

Сервистік программалық жабдықтама – бұл базалық программалық жабдықтама мұмкіндіктерін арттыратын және қолданушының ыңғайлы жұмысын қамтамасыз ететін программалар және программалар кешені.
(утилиталар – утилиты – utilities)

Утилиталар – бұл мәліметтерді өңдеудің көмекші операцияларын орындауға немесе компьютерге қызмет көрсетуге (тексеру, аппараттық және программалық құралдарды тестілеу, дискілік кеңістікті пайдалану тиімділігін арттыру, магниттік дискіде бұзылған ақпаратты қалпына келтіру және т.б.) арналған программалар.
(қолданбалы программалық жабдықтама – прикладное программное обеспечение - application software)

Қолданбалы программалық жабдықтама – қолданушыға компьютердің көмегімен ақпараттық есептерді шешуге мүмкіндік беретін программалар.
(программалау жүйелері – системы программирования - systems of programming)

Программалау жүйелері – бұл жаңа программалық өнімдерді жасауға, ретке келтіруге, ендіруге арналған программалар кешені.
§19. Программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттері
(құрал саймандар тақтасы – панель инструментов - bar of tools)

Құрал саймандар тақтасы - Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдалынатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың міндетін білу үшін, тышкан нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырамыз, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

§20. Таңдау операторы
(таңдау операторы – оператор выбора - case statement)

Таңдау операторы - дегеніміз – программадағы мүмкін болатын бірнеше оператордың біреуін таңдайтын оператор.

§21. Параметрлі цикл
(цикл – цикл - cycle)

Цикл - алгоритмнің немесе программаның бірнеше рет орындалатын бөлігі; ол берілген айнымалы белгілі бір мәнге жеткенше немесе бір көрсетілген шарт орындалып болғанша атқарылатын программадағы бірнеше рет қайталау операторлар жиынынан тұрады.
(параметрлі цикл – цикл с параметром - cycle with a parameter)

Параметрлі цикл - (for сөзінен басталатын) операторы басқарушы айнымалыға мәндердің өспелі тізбектілігі меншіктеліп тұрғанда тұлғасындағы оператордың қайталанып орындалуына әкеледі.
(бастапқы мән – начальные значения - initial values)

Бастапқы мән – цикл орындалмас бұрын бір рет орындалатын меншіктеу операторлары.
(циклдің қадамы - действия цикла - step cycle)

Циклдің қадамы – көп жағдайда меншіктеу операторы арқылы жазылады.
(циклдің денесі – тело цикла - cycle body)

Циклдің денесі – цикл денесі фигуралық жақшаға алынады. Егер цикл денесінде бір ғана оператор болса, онда жақша қойылмайды.
(кіріктірілген цикл – вложенные циклы - integrated cycle)

Кіріктірілген цикл – цикл денесінде бірнеше оператор болуы мүмкін, сонымен қатар басқа циклдар жазылуы мүмкін мұндай әдіс кіріктірілген циклдар деп аталады.

§22. Соңғы шартты цикл (do … while)
(итерация – итерация - iteration)

Итерация - бұл жобаланған функциялардың белгілі бір аяқталған этапы. Кез-келген бағдарламаның және бағдарламалық кешеннің қажеттi компонентi.
(шартты соңынан тексеру циклы – цикл с постусловием - cycle with a post-condition)

Шартты соңынан тексеру циклы – С++ «шартты соңынан тексеру» циклы do … while операторы арқылы жүзеге асырылады.
§23. Шартты алдын ала тексеру циклы (while)
(әзір – пока - while)

Әзір – егер шарт жалған болса, онда цикл бірде бір рет орындалмайды (шартты алдын ала тексеру)
(тұрып қалды – зациклилась - fixated)

Тұрып қалды – егер шарт ешқашан жалған болмаса, онда цикл ешқашан аяқталмайды. Мұндай жағдайда программа тұрып қалды деп атайды, бұл күрделі логикалық қате дегенді білдіреді.

§24. Алгоритм трассировкасы
(трассировка – трассировка - tracing)

Трассировка – алгоритмнің жұмыс істеу қабілетін тексеруге, қателерін іздеуге және т.б. үшін қолданылатын программаны қадам қадаммен орындау.
(трассировка кестесі – трассировачная таблица - tracing table)

Трассировка кестесі – алгоритмді орындаудағы процессор жұмысының моделі.

§25 - 26. Практикум. Программалаудағы типтік қателер

V ТАРАУ. Программаларды құрудың кіріктірілген ортасында

есептерді шешу

§27. Есептің қойылымы.
(есептің қойылымы – постановка проблем - account statement)

Есептің қойылымы – компьютерде есепті шығару бірнеше кезеңнен тұрады және кейбір кезеңдер компьютерсіз орындалады ол есептің қойылымы.


§28. Алгоритм құрастыру
(псевдокод – псевдокод - pseudocode)

Псевдокод – алгоритмді біркелкі жазу үшін арналған белгілеулер және ережелер жүйесі.
(алгоритм құрастыру – разработка алгоритма - the construction of the algorithm)

Алгоритм құрастыру – алгоритмді құрастыру алгоритмді жобалау тәсілін таңдаудан; алгоритмді жазу тәсілін таңдаудан; тестілеуді және тестілеу тәсілін таңдау; алгоритмді жобалаудан тұрады.
(блок – схема – блок – схема - a block is a chart)

Блок–схема- енгізу-шығару және шешім қабылдау операциялары үшін стандартты графикалық кескіндер жинағын пайдаланатын программаны әзірлеу тәсілі.
(алгоритмдік тіл – алгоритмический язык - algorithmic language)

Алгоритмдік тіл - ЭЕМ-мен шығарылатын есептердің алгоритмін бірмәнді түрде жазуға арналған жасанды тіл.

§29 - 30. Практикум. Алгоритм құрастыру.
§31. Алгоритмді программалау.
(программалау –алгоритм - algorithm)

Программалау - бұл программаны құрайтын жазбалар жүйесін пайдаланатын графикалық құрылыс синтаксисі мен семантикасын анықтайтын ережелер жинағы.
§32 - 33. Практикум. Алгоритмді программалау
§34. Программаны тестілеу
(тест –тест - test)

Тест - компьютердің жөне оның программалық жабдығының дұрыс жұмыс жасайтындығын тексеруге арналған бақылау тапсырмасы; сыналатын программа немесе құрылғының дұрыстығын тексеруге арналған әрекеттер процедурасы.
(тестілеу – тестирование - testing)

Тестілеу - тұтас компьютердің немесе оның жекелеген бөліктері мен программалық жасақтамалары жұмысының дұрыстығын анықтайтын процесс.


написать администратору сайта