аыпывапвп. Ақпараттық сағат. Апаратты саАТ
Скачать 19.45 Kb.
|
АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ Қайырлы кеш, көрермен! Халыққпен билік арасын жақындастырып, өзара түсіністікпен сенімді нығайтып, қоғамды алаңдатқан мәселелерді бірге талқылайық. Ақтөбе телеарнасында «Ақпараттық сағат» бағдарламасы. Бүгін: Коронавирустық инфекцияға қарсы атақырылып жатқан жұмыстар, вакциналау барысы туралы айтамыз. Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Исаев Рүстем ҚАНАПИЯҰЛЫ Құрметті, көрермен біз тікелей эфирдеміз. Көпшілікті алаңдатқан сұрақтарға студия қонақтары жауап бертуге дайын. Қояр сауалдарыңыз болса: 22 11 55 телефон номеріне хабарласыңыздар. Біз сіздердің сұрақтарыңызды асыға күтеміз. СОҢЫ: Соңғы сөзіміз ортақ пікірге ұласуы керек. Сондықтан әр нәрсенің анығын айта білейік. ТИТР: Ақтөбе облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу БЕРКІМБАЕВА Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем ИСАЕВ Нұрсұлу Алтынбекқызы 1.Облыста қауіпті дерттің таралуы күн санап үдеп барады. Тіпті, тәулігіне 300-ден астам адамнан COVID табылып жатыр. Қазір жағдай қалыпты ма? 2. Эипдахуалдың күрделілігіне байланысты карантиндік талаптарға қандай өзгерістер енгізілді? РҮСТЕМ ҚАНАПИЯҰЛЫ 3. Вирус анықталған науқастардың қызуы көтеріліп, өкпесі қабынуда. Қажетті медициналық аппараттар жеткілікті болғанымен неліктен сырқатпен айтарлықтай деңгейде күресе алмай жатырмыз? 4. Осыдан бір апта бұрын: «Коронавирус жұқтырған 137 жүкті келіншектің төртеуінің жағдай ауыр»,- деген ақпарат тарады. Қазіргі уақытта оларға қандай көмек көрсетіліп жатыр. Науқастардың жанын сақтап қала аламыз ба? Нұрсұлу Алтынбекқызы 5.Қоғамдық көліктердегі санитарлық талаптарға қала тұрғындарының көңілі толмайды. Неге тиісті талаптар орындалмай жатыр? 6. Жүргіншілер қоғамдық көліктердегі орын санына байланысты тасымалдануы қажет-ақ. Бұл жағынан шикіліктер көзге оттай басылады. Сіз не дейсіз? РҮСТЕМ ҚАНАПИЯҰЛЫ 7.Өңірде вакцинаның қанша түрі бар. Екпенің 1,2 кезеңіне үлестірілген дозалары жеткілікті ме? 8. Қытайлық «Синафарм» екпесінің өзге екпелерден артықшылығы неде? Нұрсұлу Алтынбекқызы 9.Бұған дейінгі карантиндік талап бәріне бірдей болғанымен кейбір мейрамханалар, асханалар ережеге бағынбай жұмыс жасады. Бұл жолы да осындай өрескел қателіктер орын алып жатқан жоқ па? 10. Карантиндік талапты бұзғандарға қолданылатын жаза қандай? РҮСТЕМ ҚАНАПИЯҰЛЫ 11. Екпе алушының денсаулығында қандай да бір дерт болса, ол азаматтан міндетті түрде анықтама сұрату керек пе? Айта кетіңізші, коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салдыруға болмайды? 12.Қазір облыс көлемінде қанша екпе пункті жұмыс жасап тұр? Аталған жұмыстар қашанға дейін жалғаспақ? Нұрсұлу Алтынбекқызы 13. «Ашық» қосымшасында «ИНН» секілді жеке мәліметтер сұралады. Бұл азаматтардың жеке басына қол сұғу емес пе? Ертеңгі күні белгілі бір жағдайлар орын алып жатса, оған жауап бере аласыздар ма? 14. «Ашық» қосымшасындағы бейтараптық белгісімен кезкелген кәсіптік нысандарға кіре беретін едік. Қазір жағдай олай емес, міндетті түрде екпе алғандығы туралы белгі анықталса ғана кіргізеді. Бұл екпеге міндеттеудің балама түрі емес пе? РҮСТЕМ ҚАНАПИЯҰЛЫ 15. Үнді штамы қандай вирус? 16. Осы штаммен ауырғандар үшін вакцинаның жанама әсері бар ма? Нұрсұлу Алтынбекқызы 17.Жағдай күрделі деп көп айтамыз. Бірақ, көшеде, не аялдамаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрмейміз. Неліктен? 18. Оқу басталды оқушылар да екпе алу керек пе? 19.Ата-аналар тарапынан туындаған қарсылықтарға қандай жауап берілді? РҮСТЕМ ҚАНАПИЯҰЛЫ 20.Қазір ата-анасының рұқсатымен екпе алып жатқан оқушылар бар ма? 21.Интернетте халықты вакцинация арқылы жаппай чиптеу туралы айтылып жүр. Бұл қаншалықты ақылға қонымды? 22.Коронавируспен ауырғандарға екпе қажет пе? Нұрсұлу Алтынбекқызы 23.Екпе куәлігін қолдан жасап жатқандарға қандай жаза қолданылды? РҮСТЕМ ҚАНАПИЯҰЛЫ 24. Күніне 2-3 отбасына қаралы хабар айтылатындығы мәлім болды. Жағдай тым күрделі ме? |