Главная страница

Архитектура ПК. Дріс Таырыбы эем жіктелуі жне даму тарихы Жоспар


Скачать 162.5 Kb.
НазваниеДріс Таырыбы эем жіктелуі жне даму тарихы Жоспар
АнкорАрхитектура ПК
Дата28.09.2022
Размер162.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаfile-3100.doc
ТипДокументы
#701997

Дəріс 1.

Тақырыбы: ЭЕМ жіктелуі жəне даму тарихы

Жоспар:

1. Есептеу техникаларының даму тарихы.

2. Есептеу машиналарының класстары.
1. Есептеу техникаларының даму тарихы. Леонардо да Винчи (1452-1519) 13-разрядты қосындыны табатын құрылғының сұлбасын ойлап табады. Алғашқы қосындыны табатын машинаны 1642 жылы француз физик, математик, инженері Блез Паскаль құрастырды. Ғасыр ортасында Морлэнд (1625-1695), К.Перро (1613- 1688) жəне т.б. арифметикалық машинаның көптеген нұсқаларын ойлап тапты. Қосуды, көбейтуді жəне бөлуді орындайтын алғашқы машинаны Г.Лейбниц (1646- 1716) ойлап тапты. Автоматты сандық есептеу машинасының (АСЕМ) шығу тарихы өткен ғасырдың бірінші жартысынан орын алып, ағылшын математигі жəне инженері Чарльз Бэббидж (1792-1871) негізін салушы болып табылады. Ч.Бэббидж машинасына нақтылы орын алып, негізі болып орналасты.

Алғашқы автоматты түрде жұмыс істейтін есептеу құрылғылары ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. Себебі электромеханикалық релені қолдану мүмкіндігі анықталды. Релелік машиналармен жұмыс 30-шы жылдары басталып, 1944 жылы американ математигі жəне физигі Говард Айкен басқарумен, IBM (International Business Machines) фирмасында «Марк-1» машинасы құрастырылып шықанға дейін жалғасты. Сандарды бейнелеу үшін механикалық элементтер (санағыш дөңгелектер), ал басқару үшін электромеханикалық түрлері қолданылды. Алғашқы өте қуатты РВМ-1 релелік машинасы, 50-жылдардың басында Совет Одағында Н.И.Бессоновтың басқаруымен пайда болып, 1-секундта ұзын екілік сандардан 20-рет көбейту амалын орындай алды.

Есептеу техникаларында үлкен өзгерістер электрондық құрылғыларды қолданудан басталды. Электрондық құрылғыларды қолдану 30 – жылдардың аяғында АҚШ, Германия, Совет Одағында басталды. Алғашқы жұмыс жасайтын ЭЕМ ENIAC (АҚШ , 1945 – 1946 жылы) құрастырылды. Бұл ЭЕМ-ын құрастыруды басқарған жəне 30-шы жылдардың аяғында жұмысын бастаған Джорджа Атанасовтың жұмысын жалғастырған Джон Моучли жəне Преспер Эккерт болып табылады.

Сонымен бірге ЭЕМ-ны жасау жұмыстары Ұлы Британия еліндеде жүргізілді. Бұл жұмыспен алгоритімдер теориясына жəне кодтау теориясына үлкен үлес қосқан математик Аллан Тьюринг – аты байланысты. 1944 жылы Ұлы Британияда «Колосс» машинасы іске қосылды.

Электронды есептеу техникасын құрастыру практикасы жəне теориясына үлес қосқан американдық математик Джон фон Нейман (1903-1957). Ғылымның тарихына «фон Неймана принціптері» кірді. Зерттеулердің нəтижесінде фон-нейман архитектурасы пайда болды. Ең қажетті принцптердің бірі машина жадысына программа, тағы сол сияқты шықпа ақпарат орналасып - сақталатын программа принцпі орындалады. Осындай алғашқы ЭЕМ (EDSAC) 1946 жылы Ұлы Британияда пайда болды.

Совет Одағында алғашқы ЭЕМ-сы КЭСМ («кішкене электронды-санау машинасы») Сергей Александрович Лебедевтің (1902-1974) басқаруымен 1951 жылы құрастырылды.
2. Есептеу машиналарының класстары

- Өнімділік жəне көлемі жағынан алғандағы мінездеме:

1) супер ЭЕМ, суперкомпьютер, есептеу жүйелері;

2) супер-мини ЭЕМ;

3) үлкен ЭЕМ (мэйнфреймы);

4) мини-ЭЕМ;

5) жұмыс станциялары;

6) микро ЭЕМ, дербес компьютер;

7) тасмалданатын ДК (laptop);

8) жиналмалы ДК (notebook);

9) қалталы компьютер (palmtop).

- қолдану ортасы жəне қолдану əдісіне байланысты:

1) супер-компьютер;

2) базалық компьютер;

3) мини-компьютер;

4) жұмыс станциясы;

5) ДК: протативтік жəне кіші компьютер:

жиналмалы ДК жəне қалталы ДК;

6) микро-компьютер.

- Есептер шығару классына байланысты:

1) Ортақтағайындаудағы ЭЕМ: кіші, орташа, үлкен;

2) Қарама-қайшылыққа бағытталған: мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ;

3) Мамандандырылған: суперЭЕМ, мамандандырылған ЭЕМ.


написать администратору сайта