Главная страница
Навигация по странице:

  • Жемқорлықтын алдын алу

  • Отчет годвой ИТ тәрбие ФМФ 2018. Апаратты технологиялар кафедрасы 20172018 оу жылыны трбие жмысыны есебі


    Скачать 2.72 Mb.
    НазваниеАпаратты технологиялар кафедрасы 20172018 оу жылыны трбие жмысыны есебі
    Дата11.02.2020
    Размер2.72 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОтчет годвой ИТ тәрбие ФМФ 2018.docx
    ТипДокументы
    #107944
    страница14 из 18
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
    Салауатты өмір сүруді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Студенттер жыл сайын өтетін медициналық тексерістен өтті. Университетпен, факультетпен ұйымдастырылған спартакиядаларған белсенді қатысты. Сонымен қатар, «Спид, нашақорлық – ғасыр дерті» аясында топтарда кураторлық сағаттар өткізілді.
    Желтоқсан айында факультет білімгерлері Талдықорған қаласының Қан ортылығына барып донор ретінде қан өткізді.



    2017 жылдың 23 қарашада ЖМУ-ң №2 жатақханасында Физика математика факультетінің ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Мурсакимова «Дін тазалығы және діни экстремизмнің алдын алу жолдары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелде білімгерлер дін өкілдерімен өзара пікір –таласу барысында дінге сенетін адамдар, жеке топтар мен жеке адамдардың, мінез-құлқына ықпал етудің кемшілік жақтары мен артықшылықтарын талдап Дін тазалығы және Діни экстремизм туралы көптеген ақпараттар алды. Бұл шараға қатысқан қонақтар: Алматы облысының дін істері басқармасынан дінтанушы маман Канапиянов Ернур Болатбекович, Талдықорған қаласының орталық мешітінен наиб-имам Алпысбаев Жансерік, ЖМУ-ң дінтанушы маманы  Немелбаев Еркебулан Алимбатырович және жатақхана білімгерлері. Іс-шара кезінде сауалнама жасалынды және сауалнаманың жауаптарына сәйкес дін мамандары түсініктемелер жүргізді. Сауалнамада білімгерлер өз ойларын ашық жеткізіп өздерін мазалайтын сұрақтарына жауаптар алды. Дін мамандары өз тарапынан ойларын ортаға салып, оң бағаларын берді.



    2017 жылдың 06 желтоқсанында «Менің елім – Мәңгілік Ел» тақырыбында Ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы Г.А.Мурсакимованың ұйымдастыруымен кураторлық сағат өткізілді.

    Кураторлық сағаттың мақсаты: Білімгерлерге елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым – қатынасты дамыту, Отанына адал қызмет етуге «Мәңгілік ел» қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке елжандылыққа тәрбиелеу.

    Жалпы ФМФ тәрбие жұмысының қорытындысы қанағаттанарлық деңгейде, іс-шаралар жоспар бойынша, жоспардан тыс ұйымдастырылып отырады. Оқытушылар жауапкершілікпен жұмыс атқарып, студенттер белсенді, саналы тулға ретінде кураторларға қолғанат болып, тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысады.

    Жемқорлықтын алдын алу мақсатында факультетте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің «Азаматтық бақылау» жобасы аясында Қоғамдық қабылдау қызметі жайлы жарнамалар ілініліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Студенттердің сабаққа қатысуы қадағаланып, аралық бақылау бойынша төмен балл алған білімгерлермен жұмыс үнемі жүргізіледі. Барлық студенттік топтарда «Жемқорлыққа біз қарсымыз», «Таза сессия» тақырыптар аясында іс-шаралар өткізілуі жоспарланған. Жоспар бойынша топ кураторлары кураторлық сағаттарын өткізуде.

    Қандай әлеуметтік-экономикалық сала болмасын айқындылық қажет екендігін, білікті мамандар болу қажеттігін, сапалы жоғары білімді маман деңгейіне қол жеткізу үшін тек қажырлы еңбек пен ізденіс қажеттігін баяндады.

    25.09.2017 – 29.09.2017 аралығында физика математика факультетінде «Жемқорлыққа жол жоқ» атты акция өткізілді.

    Акцияның негізгі мақсаты:

    1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

    2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.

    3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

    Сонымен қатар сессия алдыңдағы профилактикалық бағытта әңгімелесу жүргізді.

    Қорыта келе университет бойынша өткізілген барлық іс-шараларға біздің факультет білімгерлері белсенділікпен қатынасып нәтижелерін көрсетуде.
    Тәрбие жұмысына жауапты Г.А.Мурсакимова
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


    написать администратору сайта