Главная страница

Отчет годвой ИТ тәрбие ФМФ 2018. Апаратты технологиялар кафедрасы 20172018 оу жылыны трбие жмысыны есебі


Скачать 2.72 Mb.
НазваниеАпаратты технологиялар кафедрасы 20172018 оу жылыны трбие жмысыны есебі
Дата11.02.2020
Размер2.72 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаОтчет годвой ИТ тәрбие ФМФ 2018.docx
ТипДокументы
#107944
страница1 из 18
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

Ақпараттық технологиялар кафедрасы

2017-2018 оқу жылының тәрбие жұмысының
ЕСЕБІ
2017-2018 оқу жылында Ақпараттық технологиялар кафедрасы бойынша жүргізілген тәрбие жұмыстарының жоспары факультеттің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес құрылып, бекітілді.

ҚР тәрбие туралы тұжырымдамасын негізге ала отырып, білімгерлерді тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үрдістеріне сүйене отырып, саналы, парасатты, пайымды тұлға қалыптастыру.

Тәрбие жұмысы факультеттің оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Жоспар мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары, мiндеттерi және принциптеріне және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңында белгіленген жастар саясатының негізгі бағыттары: жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету; жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету; жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу; жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету; жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету; жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тiлдi дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету; жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру; әлеуметтiк қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтiк көмектi қамтамасыз ету; жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету; талантты жастарды мемлекеттік қолдау; жастар саясатын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы; жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесуге сәйкес бекітілген 5 модульден тұрады.

Ақпараттық технологиялар кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар атқарылуда:
1. Азаматтық және патриоттық тәрбие беру модулі.

2. Рухани-өнегелі, интеллектуалды – шығармашылық, эстетикалық тәрбие беру модулі.

3. Инновациялық және корпоративті тәрбие беру модулі.

4. Салауатты өмір сүруді қалыптастыру модулі.

5. Құқықтық сауаттылық және діни мәдениеттілікті қалыптастыру модулі.

Әрбір жеке топтың тәрбие жоспары бойынша белгіленген шаралар өз уақытында өткізіліп, хаттамалар мен қосымша материалдар арнайы папкіде тіркелген.

Кафедраның әрбір мәжілісінде оқытушылар студенттердің сабаққа қатысуын, үлгерімін ұдайы қарастырып отырды. Ақылы негізде оқитын студенттердің төлем ақыларын топ жетекшілері қадағалап, деканатпен тығыз байланыста болды.

1, 2, 3 курс студенттерін кредиттік технология жүйесімен, курсқа бекітілген эдвайзерлері мен топ жетекшілері таныстырып, ұдайы жұмыс жүргізіп отырды.

Кафедрада төмендегідей іс-шаралар атқарылды:

2017 жылдың 02 қыркүйегінде “1 қыркүйек – Білім күні” мерекесіне арналған  салтанатты жиыннан  кейін физика-математика факультетінің  1-курс студенттері  №2 оқу ғимаратына барып, факультеттің құрылымымен, даму тарихымен, кафедралар, деканның  орынбасары, кафедра меңгерушілері және топ кураторларымен  танысты.

ФМФ деканы 1-курс студенттеріне оқуда озат болуын тілеп, болашақ мамандықтарында жеке тұлға ретінде қалыптасуына тілек білдірді. Жалпы жиналыстан кейін студенттер топтарға бөлінді, кураторлар  алғаш кураторлық  сағаттарын  өткізді.
 



«Тіркеу офисі» қызметкерлерімен кездесу

ЖОО-да  кредиттік жүйе бойынша білім алу жағдайларымен таныстыру мақсатында 2017 жылдың 8-9 қыркүйегінде бірінші курс білімгерлерімен тіркеу бөлімі қызметкерлерінің кездесуі ұйымдастырылып, откізілді. Электрондық журналға балл қою, пәндерге тіркелу және т.б. сұрақтар қарастырылды. Білімгерлерге анықтамалық нұсқаулықтар таратылып, топ эдвайзерлері таныстырылды.

 


Ата-аналармен кездесу

Университеттің ішкі ережелерімен және кредиттік жүйенің ережелерімен 1 курс білімгерлерінін ата-аналарын таңыстыру мақсатында 2017 жылдың 13 қыркүйек күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің №2 оқу ғимараты, 324 аудиторияда «Ақпараттық жүйелер» мамандығы АЖҚ111, ИСС111 топ білімгерлерінің кураторы Шалтабаев Алтай Ақанұлы ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыста негізінен қаралған мәселелер: биылғы түскен білімгерлерді жаңа оқу жылының оқу үрдістерімен таныстырды. Ата-аналар өздерінің сұрақтарына нақты және толық жауап алды.

 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


написать администратору сайта