Главная страница

лекция 1 кәіпкерлік. Ксіпкерлік МНІ, мазмны жне алыптасу шарттары 1 таырып


Скачать 96.98 Kb.
НазваниеКсіпкерлік МНІ, мазмны жне алыптасу шарттары 1 таырып
Дата06.09.2022
Размер96.98 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлалекция 1 кәіпкерлік.docx
ТипДокументы
#665200



КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ШАРТТАРЫ
1 - тақырып:



    1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, саудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің бөлінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тарихымен тығыз байланысты.

Экономикалық әдебиетке «Кәсіпкер» түсінігі бірінші рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шыққан «Коммерцияның жалпыға ортақ сөздігінде» келтірілген. Мұнда кәсіпкер – өнім өндіру немесе құрылыс обьектісі бойынша міндеттемесін өз мойнына алатын адам деген түсінік беріледі.

Ғылыми термин ретінде «Кәсіпкер» түсінігі белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантильонның XVIII ғасырдың басында жарық көрген «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субьектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым – қатынастағы субьектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағына береді. Сонымен қатар, ол мұндай адамдар тек қана айналым саласында ғана емес, тауар өндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар аударған және олар өндірістік құрал – жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті емес деп санаған.

Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, өзінің қызметінің негізгі мақсаты кәсіпкерлік пайда табатын кәсіпорын иесі деп түсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің негізгі функциясы өндірістің қызметін біріктіру және үйлестіру деген пікірді ұстанған. Альфред Маршал мен жолын ұстанушылар кәсіпкердің ұйымдастырушылық функциясына ерекше көңіл бөлген. Олардың пікірінше әрбір қалаушы – кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп есептеген.

Кәсіпкерлік туралы ерекше бағытты ұстанған Иозеф Шумпетер, кәсіпкер тек жеке адамдар болып қана қоймайды, ол адамдар тобынан да құрыла алады деген көзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлікте ең басты – инновациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген құқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылмайды деп есептеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлікке төмендегідей анықтама берілген: Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
1-кесте – «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктерінің эволюциялық тұрғыдан дамуы

Мерзімі

Анықтама авторы

Анықтама мазмұны







1

2

3









1723

Коммерцияның жалпыға ортақ сөздігі, Париж қ.

Кәсіпкер – өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемені өз мойнына алатын адам







1725

Ричард Кантильон

Кәсіпкер – белгісіздік жағдайларында шешім қабылдайтын және өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын адам. Кәсіпкердің табысы – ол тәуекел үшін төлем.







1770

А. Тюрго

Кәсіпкердің тек қана белгілі бір ақпараты ғана емес, сонымен қатар капиталы да болуы керек







1776

Адам Смит

Кәсіпкер – кәсіпорын иесі және тәуекелді коммерциялық идеяларды жүзеге асырушы. Негізгі функциясы – күнделікті шаруашылық қызмет барысында өндірісті ұйымдастыру мен басқару







1797

Карно Бодо

Кәсіпкер – атқарылып жатқан іске жауапты тұлға ретінде кәсіпорын қызметін жоспарлайтын, бақылайтын, ұйымдастыратын және оның иесі. Оның белгілі бір интеллектуалдық деңгейі, яғни алуан түрлі ақпараттар мен білім иесі.




1830

Жан Батист Сей

Кәсіпкерлік – бұл нарықтық кеңістіктің аталған нүктесіндегі өндіріс факторларының рационалды комбинациясы.

Кәсіпкер – өндірістік бірлік аясында адамдарды ұйымдастыратын тұлға. Кәсіпкер өнім өндіру мен бөлу үрдісінің аясында қызмет атқарады, ал кәсіпкерлік қызмет негізін – өнім өндірісі мен өткізуді ұйымдастыру қабілеті құрайды.




1876

Фрэнсис Уокер

Кәсіпкер – өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында пайданы иеленетін тұлға.




1890

Альфред Маршалл

Әрбір қалаған адам кәсіпкер бола алмайды. Кәсіпкерлердің «табиғи» таңдауы Ч.Дарвин ашқан табиғи таңдауға сәйкес жүргізіледі




1910

Макс Вебер

Кәсіпкерлік қызмет – рационалдылықты жүзеге асыру. (Рационалдылық деп ол функционалды тиімділікті, салынған қаражаттары мен жұмсалған күштерді және т.б. пайдаланудан түскен максималды табысты түсінген). Кәсіпкерлік негізінде протестантизмнің рационалды этикасы жатыр, ал әлемтанушылық, тәрбиешілік кәсіпкердің қызметіне маңызды әсерін тигізеді




1911

Иозеф Шумпетер

Кәсіпкерлікте ең бастысы – инновациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген құқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып танылмайды. Кәсіпкер ретінде, өндіріс факторларының жаңа комбинацияларын жүзеге асыратын кез – келген адам, акционерлік қоғамның қызметкері, мемлекеттік шенеунік және меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорын менеджері бола алады. Бастысы «... басқалар жасайтын іспен айналыспау» және «...басқалар жасайтындай етіп жасамау». Кәсіпкерлік статус тұрақсыз, өйткені нарықтық экономика субъектісі тек жаңашылдық функцияларын жүзеге асырған кезде ғана кәсіпкер бола алады, ал өз қызметінде күнделікті ұсақ – түйек жұмыспен айналысқан кезде осы статусынан айрылады




1927

И.фон Тюнен

Кәсіпкер – ерекше қасиеттерді иеленуші (тәуекелге бара алатын, стандартты емес шешімдерді қабылдай алатын және өз іс-әрекеттеріне жауап бере алатын) және сондықтан да жоспарланбаған (күтпеген) табысқа үміткер. Кәсіпкер тәуекел үшін, сонымен қатар кәсіпкерлік өнері үшін табыс алуы керек. (Ескертетін жағдай, И. Тюнен кәсіпкердің жаңашыл болуы міндетті емес деп санаған)





1936

Джон Мейнард Кейнс

Кәсіпкер – шаруашылық жүргізушінің өзіндік әлеуметтік – психологиялық типі, ол үшін ең бастысы"... тек қана Вебердің рационалды калькуляциясы немесе Шумпетердің жаңашылдығы емес, белгілі бір психологиялық қасиеттердің жиынтығы". Негізгі кәсіпкерлік қабілеттер: тұтыну мен жинақтауды сәйкестендіру, тәуекелге бару қабілеті, белсенділік рухы, болашаққа деген сенімділік және т.б. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мотивтері – жақсыға, тәуелсіздікке ұмтылыс, мұрагерлерге байлық қалдыру




1961

Дэвид Макклелланд

Кәсіпкер – шамаға қарай тәуекел ету жағдайларында әрекет ететін белсенді адам




1964

Питер Друкер

Кәсіпкер – кез – келген мүмкіндікті максималды табыспен қолдана алатын адам




1975

Альберт Шапиро

Кәсіпкер – ынталы, әлеуметтік – экономикалық механизмдерді ұйымдастыратын, белгілі бір тәуекел жағдайларында қызмет ететін, мүмкін болатын сәтсіздік үшін толығымен жауапты болатын адам




1980

Карл Веспер

Кәсіпкер - экономист, психолог, басқа кәсіпкерлер мен саясаткерлер көзқарасында әртүрлі мәнісіне түсінік.




1983

Гиффорд Пиншо

Интрапренерлік – фирмаішілік кәсіпкерлік. Интрапренердің жаңа кәсіпорынды құрайтын антрепренерден ерекшелігі, ол қолда бар кәсіпорын жағдайында жұмыс істейді




1985

Роберт Хизрич

Кәсіпкерлік – құны бар жаңа бір нәрсені құру, ал кәсіпкер – осының барлығына уақыты мен бар күшін жұмсайтын, қаржылық, психологиялық немесе әлеуметтік тәуекелді өз мойнына алатын, және соның арқасында сыйыақы ретінде ақша мен қол жеткізгені нәтижесі үшін қанағатқа кенелетін адам

1988

М. Алле

Кәсіпкер шаруашылық жүргізуді нарықтық ұйымдастыруда жетекші рөлді иемденетін адам

1993

Т.Ю.Горькова

Кәсіпкер – бизнестегі жетекші фигура, ол өз міндеті ретінде өндірістің барлық факторларын бірегей шаруашылық үрдіске біріктіруді мойнына алады


Жоғарыда келтірілген мәліметтерден кәсіпкерлік ұғымы әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырылады: шаруашылық жүргізу стилі ретінде, нарық жағдайында қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру үрдісі ретінде, нарық субъектілерінің өзара әрекеттесуі ретінде және т.б.

Әртүрлі көзқарастарды талдай отырып, кәсіпкерлік қызмет – бұл инновациялық тәуекелді тәсіл негізінде, өндіріс факторларын оңтайлы үйлестіру тұрғысынан сипатталып, адамның ерекше қабілеттерін жүзеге асыру деген тұжырым жасауға болады. Кәсіпкер өндірісте жаңа техника мен технологияны қолданады, еңбекті жаңаша ұйымдастырады, жаңашылдық тұрғысынан басқарады. Ол өнім өндірудің шығындарының төмендеуіне әкеледі, оның негізінде баға белгіленеді. Кәсіпкер маркетингтік қызметті максималды тиімді түрде ұйымдастырады. Ол нарықты басқалардан жақсы анықтайды, өндіріс құралдарын қандай нарықтық сегментте сатып алған тиімді екенін, және дер кезінде өнімге деген тиімді төлемқабілеттілік пен сұраныстың болатындығын нақты анықтайды. Нәтижесінде ол әдеттегі шаруашылық жүргізушілерге қарағанда көп пайда табады. Сонымен қатар, кәсіпкер үнемі тәуекелге барады. Ол әдеттегідей тәуекелден қашпайды, керісінше оған саналы түрде барады. Оның себебі басқалар сияқты осы тәуекел үшін өтемақы алудың орнына үлкен табыс табуға ұмтылады.

Кәсіпкерлік табыс деп ең алдымен, қосымша табысты, басқарудан түскен табысты, кәсіпкердің табиғи қасиеттері немесе сыртқы жағдайларға байланысты өндіріс факторларын жаңа тұрғыдан үйлестіру мен ерекше талдау қабілеттерінің арқасында түсетін артық қаражаттарды түсіну керек.

Кәсіпкерлік қызмет – белгілі бір функцияларды жүзеге асырумен байланысты екенін ескере отырып, мұндай қызметті пайда алу мен қоғамның (оның мүшелерінің) экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтердің үздіксіз, үнемі жаңартылып отыратын ұдайы өндірісін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру үрдісі ретінде сипаттауға болады.

Кәсіпкерлік қызмет келесідей жолдармен жүзеге асырылады : 1) қандай да бір тауарды, өнімді немесе қызметті тікелей өндіру жолымен; 2) продуценттен (өндірушіден) тұтынушыға тауарды жеткізу бойынша делдалдық функцияларды жүргізу жолымен.

Кәсіпкерлік қызмет – өзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген, пайда табуға бағытталған, қызметтің ерекше түрі.

Кәсіпкерлік идея – қандай да бір нақты экономикалық нысандық көрінісі бар, өндірушінің айқындалған мүмкіндігі мен қызығушылығын сипаттайды. Мұндай қызығушылықты анықтау, кәсіпкер мүмкіндіктерін нарық қажеттіліктерімен сәйкестендіру, немесе нарық қажеттіліктерін кәсіпкер мүмкіндіктерімен сәйкестендіру жолымен жүзеге асыруға болады.

Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі болып табылады, өйткені оның бастапқы сатысы, әдетте тек идеямен, ал – кейіннен материалды нысанға айналатын, ойлау қызметінің нәтижесімен байланысты.

Кәсіпкерлік жаңа тауар өндірісі, қызмет ету аясын ауыстыру немесе жаңа кәсіпорынды құру тұрғысынан болсын, инновациялық жағдайдың міндетті түрде болуымен сипатталады. Өндірісті, сапаны басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістері немесе жаңа технологияларды енгізу – бұл да инновациялық жағдайлар.

Кәсіпкерлікті құрамдас жүйе ретінде қарастырған дұрыс:

  • новаторлық инновациялық қызметті кәсіпкерліктің функциясы ретінде;

  • кәсіпкерлік іс – әрекет оның функциясын атқарушы және жүзеге асырушы механизм ретінде.


Кәсіпкерлік қызметтің әрбір үлгісінің нәтижесі болып, кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттары ретінде келесілерді айтуға болады:

  • кәсіпкерліктің қандай да бір объектісіне салынған капитал, қаржылық, ресурстық және материалды қаражаттарынан пайда табу;

  • қоғам мүшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың нақты қажеттіліктеріне деген сұранысын қанағаттандыру.

  • өндірістік немесе делдалдық қызмет барысында мақсаттардың аясы ұлғаюы мүмкін. Мысалы, төмендегідей мақсаттар туындауы мүмкін:

  • жаңа нарықтарды жаулап алу және өндірісті дамыту үшін ақша қаражаттарын жинақтау;

  • ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту;

  • ұйым өніміне деген тұтынушылар сұранысын оңтайландыру;

  • қоғамның моральдық және этикалық нормаларын жақсартуға, тұтыну мәдениетін жақсартуға және т.б. көмек көрсету.

Кәсіпкерлер - коммерциялық мүмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет операцияны қалай өткізу керектігін білетін және тәуекелге бара алатын, табыс пен сәтсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына жүктей алатын іскерлік әлемдегі адамдар. Кәсіпкерлік – бұл жаңа идеяларды жүзеге асыру мақсатында қандай да бір материалдық құндылықтарды толығымен немесе жартылай түрде қолдана отырып, оларды бизнесті ұйымдастыру үшін ұтымды пайдаланатын мүдделі және ынталы адамның интеллектуалды және іскерлік қарым-қабілеті. Кәсіпкерлік – бұл табыс әкелетін, кез – келген өз бетінше жүргізілетін іс.

Кәсіпкерліктің мәні оның қағидаларымен жақсы сипатталады: адам мүддесіне бағыттау, өнімді сатып алушыға сапалы қызмет көрсету, фирманың ішкі мәдени ортасын жақсы деңгейде ұстау және қорғау, серіктестік арасында өзара сыйластық рухын ұстану мен қолдау, үнемі алдыңғы қатарда жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Кәсіпкерлік макро-мезо-микро деңгейлерде нақты әлеуметтік – экономикалық ортада жүзеге асырылады. Демек, жоғарыда аталған ортада туындап, қалыптасады және дамиды. Оның ерекшеліктеріне байланысты жұмыс істейді, оған бейімделеді. Сондықтан, кәсіпкерлік осы ортаның өнімі болып табылады. Яғни, кәсіпкерлік – бұл өзіндік ынтаға – жігерге, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік ортаға негізделген, экономикалық белсенділіктің (біз табыс табуға бағытталған мақсатты қызмет деп сипаттайтын) ерекше түрі.

Осылайша, кәсіпкердің мақсаты тұтынушыны «жаулап алу», өзінің өнімін тұтынушыларының ортасын құру қажеттілігі болып табылады.

Мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпорынның ағымдық немесе болашақ саясаты шегінде кәсіпкерлік қызметтің нақты міндеттері анықталады және шешіледі. Ұйым саясаты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әдістері мен бағытын, қоршаған ортаның қалыптасқан немесе оның өзгермелі жағдайларында ұйымның тиімді мінез-құлқын қамтамасыз ететін жағдайын, стилін анықтайды.

Кәсіпкерлік қызметтің міндеттері мен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетін шешімдерді екі бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт – шешімі кәсіпкердің инновациялық қызметінің табысын қамтамасыз ететін міндеттер кешені, екінші бағыт – шешімі жүзеге асырылған немесе енді ғана жүзеге асырылып жатқан өндіріс үрдісінің немесе делдалдық қызметтің тиімділігін қалыптастыратын міндеттер кешені.

Мысалы, пайданың өсуіне қол жеткізу үшін келесідей міндеттер кешешін шешуді талап етеді: өндіріс үрдісін оған қажетті факторлармен қамтамасыз ету, қаржыландыру көздерін іздестіру; бәсекенің өзгермелі жағдайларында кәсіпорынның тұрақтылық деңгейін анықтау; өнім сатып алушылардың немесе клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру; өнім сату көлемін көбейту; қызметкерлер санын төмендету; маркетингтік стратегияларды жасап шығару; жабдықтаушыны таңдау; бизнес бойынша серіктесті таңдау; ұйым өтімділігін арттыру; қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды жасап шығару және т.б.

Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мәні айқын немесе сұранысты толығымен қанағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының жаңа тұрғыдан үйлестіру (өнімді, технологияны, ұйымдастырушылық тәсілдерді жаңарту) әдістерін іздестіру мен жүзеге асыру болып табылады.
1.2 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Нарықтық экономика жүйесінде кәсіпкерлік – жалпыэкономикалық, ресурстық, шығармашылық-ізденушілік (инновациялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функцияларды атқарады.

Жалпыэкономикалық функция кәсіпкерлік ұйымның өз атынан және жеке меншіктегі мүліктік жауапкершілігімен дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретінде қызмет ететін кәсіпкерлік ұйымдардың объективті рөлі не негізделген.

Кәсіпкерлік қызмет тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндіруге бағытталған және нарықтық экономиканың экономикалық заңдары (сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, құн және т.б.) жүйесінің әсері арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда, ол оның жалпыэкономикалық функциясының байқалуының объективті негізі болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнім көлемін көбейтудің анықтаушы шарттарының бірі болып табылады.Сонымен қатар, бұл фактор шаруашылық қатынастар жүйесінде кәсіпкерліктің жалпыэкономикалық функциясының көрінісі ретінде анықталады.

Ресурстық функция кәсіпкерліктің маңызды функциясы болып табылады.Кәсіпкерліктің дамуы ұдайы өндірістің қарқынына, сонымен қатар шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты болады. Бұл жағдайда ресурстар құрамына материалды және материалды емес өндіріс факторларын, олардың жұмыс істеу жағдайларын, атап айтқанда: еңбек ресурстарын, жерді және табиғи байлықтарды, өндіріс құралдары мен ғылыми жетістіктерді, сонымен қатар кәсіпкерлік қабілетті және т.б.ресурстарды қамтиды.

Кәсіпкердің жоғары табыстарға жетуі, егерде ол ғылыми-техникалық идеяларды, өзі қызмет істеп жүрген сферадағы жаңашылдықтарды жүйелі түрде жинау арқылы, оларды білікті жұмыс күші мен ресурстарды ұштастыру жағдайында пайдалануына байланысты болады. Алайда максималды табыстың (пайданың) соңынан түсу көбінесе ресурстарды тиімсіз пайдалануға алып келеді. Мұндай кәсіпкерлер өз қызметімен қоршаған ортаға және тұрғындарға зиянын тигізеді. Осыған байланысты ресурстық функцияны дұрыс қолданбағаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілік нысандарын анықтайтын мемлекеттің реттеуші рөлі ерекше маңызға ие болады. Кәсіпкерліктің бұл функциясы бір – бірін толықтыратын басқа да функциялармен тығыз байланысты. Ол қабылданған шешімдер жағдайынан, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің экономикалық еркіндігі деңгейінен шығады.

Әлеуметтік функция әрбір қабілетті тұлғаның іс – әрекет жүргізуші ретінде, өзінің дара талантын және мүмкіндіктерін көрсетуге деген мүмкіндігімен сипатталады. Кәсіпкерліктің бұл функциясы белгілі бір іс бастауға қабілеті бар, өз бетінше шаруашылық – экономикалық қызметті жүргізуге, өз ісін ашып жұмыс жүргізе алатын, қойылған мақсатқа жете алатын адамдарды қалыптастырады танылады. Бірақ та өз кезегінде, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан кәсіпкерлік кәсіпорындардың тұрақты қызмет етуіне тәуелді жалдамалы қызметкерлер саны артуда.

Кәсіпкерлік кәсіпорындар тиімдірек қызмет еткен сайын, әртүрлі деңгейдегі бюджеттік жүйе мен мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға түсетін түсімдердің мөлшері көп болады. Кәсіпкерліктің дамуы жұмыс орындары санының көбеюін, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін, жалдамалы қызметкерлердің өмірлік деңгейі мен әлеуметтік жағдайының артуын қамтамасыз етеді.

Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық функциясы кәсіпкерлермен өз ісін ұйымдастыру туралы өз бетінше шешім қабылдауында, кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруда, күрделі құрылымдарды құруда, кәсіпорын стратегиясының өзгеруінде және т.б. жұмыстарды ұйымдастыруда байқалады. Ұйымдастырушылық функция әсіресе шағын және орта бизнестің тез дамуына, сонымен қатар «ұжымдық» (желілік) кәсіпкерліктің дамуына ерекше әсер етеді.

Осылайша, кәсіпкерліктің мәні жоғарыда аталған оның барлық функцияларын кешенді қолданған жағдайда айқын көрінеді. Бұл жағдай қалыптасқан және дамыған кәсіпкерлікке тән. Сонымен қатар, кәсіпкерлік жұмыс субьектілерінің тиімді қызметімен қатар мемлекет тарапынан қолдауға да байланысты.


    1. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ

Кәсіпкерлік субъектілері болып азаматтар (жеке тұлғалар) мен заңды тұлғалар табылады.

Азаматтар заңды тұлға құрмай-ақ, қызмет ететін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ретінде, сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерді құруға тікелей қатысатын жеке тұлғалар ретінде де кәсіпкерлік қызметке қатысушылар бола алады. Кәсіпкер болып Қазақстан Республикасының әрекет қабілеттілігі бар кез-келген азамат бола алады.

Азаматтардың құқық қабілеттерінің мазмұны Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен бекітілген:

  • белгілі бір меншікті иелене алады, мүлікті мұрагерлікке алады және мүлікті мұрагерлікке қалдыра алады;

  • кәсіпкерлік қызметпен немесе заңмен тыйым салынбаған басқа да қызметпен айналыса алады;

  • өз бетінше немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен біріге отырып заңды тұлғаларды құра алады;

  • заңға қайшы келмейтін кез-келген мәмілені жасаса алады және міндеттемелерге қатыса алады;

  • тұрғылықты орнын өз бетінше таңдай алады;

  • ғылым, әдебиет және өнер туындыларының, сонымен қата басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалды меншік нәтижелерінің авторы құқығын иелене алады;

  • басқа да мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.

Осылайша, әрекет қабілеттілігі бар азаматтарға кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін заңмен құқықтар берілген, сонымен қатар заңмен тыйым салынбаған қызметтің кез-келген түрін таңдауына мүмкіндігі бар.

Бірқатар заңнамалық актілерде кейбір қызметкерлерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылған. Мысалы, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларына төмендегідей қызметпен айналысуға болмайды:

  • өз бетінше кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

  • өз меншігінде кәсіпорынға ие болуға;

  • шаруашылық серіктестіктің немесе қоғамның жалпы жиналысында шешім қабылдау барысында өз бетінше немесе өкілдері арқылы оларға тиесілі болатын акциялармен, салымдармен, пайлармен, үлестермен дауыс беруге;

  • шаруашылық жүргізу субъектісінің басқару органдарында белгілі бір лауазымға ие болуға.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға адамдардың, полиция, салық органдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтардың кейбір басқа да қызмет категориялары бойынша құқықтары жоқ.

Әрекет қабілетілігі бар деп танылған тұлғалар белгілі бір тәртіпте, заңды тұлға құрмай-ақ дара кәсіпкерлікпен айналыса алады. Сонымен қатар осы мақсатпен заңды тұлғаларды өз бетінше немесе басқа азаматтармен және тұлғалармен біріге отырып құра алады. Заңды тұлға құрмай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін азамат белгіленген тәртіп бойынша - дара кәсіпкер куәлігін алуы, ал сауда жасау үшін – патент алуы керек.

Кәсіпкерлік нарықтық экономикада жалпыэкономикалық және әлеуметтік-экономикалық үрдістердің айнымас бөлігі ретінде сипатталады.

Кез – келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік үрдістің негізгі субъектісі болып кәсіпкер табылады. Бірақ, кәсіпкер – жалғыз субъект ғана емес. Бұл категорияға тұтынушы (негізгі контрагент ретінде), мемлекет, сонымен қатар жалдамалы қызметкерлер мен бизнес жүйесіндегі әріптестер де жатқызылады.

Кәсіпкер мен тұтынушының өзара қарым-қатынастарында алғашқысы белсенді субъект категориясына, ал тұтынушы пассивті рөль атқарады.

Тұтынушы кәсіпкерлік үрдістің индикаторы рөлін атқарады. Оның себебі, кәсіпкер қызметінің нәтижесі, тек дайын өнімді сатып алатын нақты тұтынушының оң эксперттік бағалауынан кейін ғана жүзеге асырылады. Өз қызметін жоспарлау және ұйымдастыру барысында кәсіпкер тұтынушының көңіл-күйін, қалауларын, мүдделерін, күтетін нәтижелерін ескеруі керек.

Нарықтық жүйе қатынастары жағдайында кәсіпкер үшін тұтынушы мүдделеріне қарай қызмет етуден басқа жол жоқ. Бірақ, мұндай жағдай кәсіпкер тұтынушының мүдделерін ғана ескеріп қатаң түрде солармен жүруі керек дегенді білдірмейді. Тұтынушының өзі тұтынушы сұранысынын қалыптастырып, жаңа сатып алушылық қабілеттерді құруы керек. Демек, кәсіпкердің негізгі мақсаты болып өзіндік тұтынушылар ортасын құру, тұтынушыны «жаулап алу» қажеттілігі болып табылады.

Егер қоғамдық өндіріс тұрғысынан қарағанда белсенді субъект рөліне кәсіпкер шығатын болса, кәсіпкерлік үрдіске деген көзқарас жағынан, оның мазмұны мен тиімділігіне тұтынушы белсенді рөлді атқарады, ал кәсіпкер осы жағдайды ескеруі керек.

Кәсіпкерлік үрдістің субъектісі ретінде мемлекеттің рөлі іскерлік белсенділік аясында қалыптасқан, нақты жағдайға және мемлекеттің алдына қойылған мақсаттарға байланысты алуан түрлі болуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда мемлекет:

  • кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайсыз жағдайды қалыптастыратын жағдайда, кәсіпкерлік дамуының тежеуіші болуы мүмкін;

  • кәсіпкерліктің дамуына қарсы болмаса және оның дамуына септігін тигізбесе сырттай бақылаушы ретінде болады;

  • кәсіпкерліктің «жандануына» әкелетін, жаңа агенттерді кәсіпкерлік үрдіске тартуға бағытталған шараларды тұрақты және белсенді іздеп, жүзеге асыратын отырған жағдайда, кәсіпкерлік үрдісті жеделдетуші болады.

Кәсіпкерлік үрдістің жеделдетушісі ретінде мемлекет келесі функцияларды атқарады:

  • кәсіпкерлік жүйесінің кадрларын кәсіби тұрғыдан даярлау мен тәрбиелеу аясы бойынша білім беру;

  • іскерлік белсенділік аясында жаңадан қосылған кәсіпкерлерді қаржылық тұрғыдан қолдау;

  • кәсіпкерлер үшін жобаларды тиімді жүзеге асыруға қажетті қызметтерді көрсете алатын кәсіпкерлік инфрақұрылымды құру функцияларын атқарады.

Жалдамалы қызметкер, кәсіпкер идеясын жүзеге асырушы ретінде кәсіпкерлік үрдіс субъектілерінің тобына жатқызылады. Кәсіпкерлік идеяны жүзеге асырудың сапасы мен тиімділігі жалдамалы қызметкерге байланысты. Кәсіпкерлердің жоспарлары мен қызметкерлердің мүдделері сәйкес болуы керек. Нәтижесінде, пайда жоғары болған сайын, жалақы мен әлеуметтік төлемдер де жоғары болады. Жалдамалы қызметкерді кәсіпорынның коммерциялық мүддесіне тарту барысында қызметкер тек өзінің жеке нәтижелерімен қатар, ұжымдық қызмет нәтижелеріне де мүдделі болатын жағдайды қалыптастыру керек. Қызметкердің мұндай екі жақты мүддесін материалдық және моральдық тұрғыдан ынталылығын үйлестіре отырып жүргізуге болады.

Қазіргі кезде, әрбір кәсіпкер еңбек бөлінісі нәтижесінде пайда болған, өндірістің жеткілікті түрде терең мамандануы жағдайында қызмет етеді. Нәтижесінде кез-келген кәсіпкер өзара тиімді әріптестік байланыстарды қажет етеді. Тек осы жағдайда ғана ол біртұтас өндірістік үрдістің белгілі бір сегментінің шектерінде ғана іс-әрекет ете алады.

Кәсіпкерлік қызметтің объектілері ретінде адамдар өзінің алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын игіліктерді айтуға болады. Игіліктер ретінде материалды заттар мен объектілер (оларды материалды игіліктер деп те атайды), сонымен қатар белгілі бір тұлғаның қажеттілігін орындау үшін атқарылатын жұмыстары мен қызметтерін (оларды материалды емес игіліктер деп те атайды) айтуға болады.

Материалды игіліктер әрқашанда заттық (нысандық) түрде болады және адамның сезім мүшелеріне әсері арқылы байқалады. Олардың қатарына ауа, су, тамақ, киім, тұрғын үй, басқа да заттар мен нысандарды жатқызуға болады.

Адамдар өмір сүру барысында қолданылатын материалдық игіліктер, өзара алуан түрлі белгілері бойынша ерекшеленеді. Төмендегідей материалдық игілік түрлерін атап көрсетуге болады:

  • табиғи және адамдардың іс - әрекетімен өндірілген;

  • тұтынушылық және инвестициялық;

  • жеке және қоғамдық;

  • ұдайы өндірілетін және ұдайы өндірілмейтін (ерекше).

Табиғаттың дамуынан ауа, су, жер пайда болды. Бұл адамдардың өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ететін табиғи материалдық игіліктер. Оларсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Бірақ, адам табиғат туындатқан заттарды (шикізатты) өңдеу барысында өзіне қажетті нақты заттарға айналдыра алады. Олар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болғандықтан сәйкесінше өндірілген материалдық игіліктер деп аталады.

Жеке, жанұялық, топтық, ассоциацияланған тұтынушыларға арналған табиғи немесе өндірілген материалдық игіліктер тұтынушылық игіліктер деп аталады. Оларға тұрмыстық техника, жиһаз, киім, азық-түлік тағамдары және т.б. жатады.

Инвестициялық материалдық игіліктерге басқа да материалдық игіліктерді өндіру, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау үшін қажетті шикізат, машиналар, құрал-жабдықтар жатады.Мысалы, шикізатты немесе дайын өнімді тасымалдау үшін қажетті автокөлік құралдарын инвестициялық материалдық игіліктерге, ал жанұялық тұрмыста қолданылатын – тұтынушылық игіліктерге жатқызуға болады.

Материалды игіліктердің иесінің сипатына байланысты, материалдық игіліктер жеке және қоғамдық деп екі түрге бөлінеді. Мысалы, жеңіл автомобиль – бұл жеке игілік. Ал азаматтарды тасымалдауға арналған автопарктің көліктері қоғамдық игілік болып табылады.

Материалдық игіліктер үнемі өндіріліп келе жатқан және ерекше өнім түрінде де болуы мүмкін. Ерекше материалдық игілік оның техник – техникалық ерекшеліктеріне, күрделілігіне байланысты. Ал үнемі өндірілген игіліктер оны өндіруге қажетті тетіктердің, жағдайлардың қалыптасуы мен дамуынан туындайды.

Материалдық емес игіліктердің заттық нысаны жоқ. Олар адам үшін көрсетілген пайдалы қызмет немесе орындалған жұмыс нәтижесінің тиімділігіне байланысты.

Қызмет көрсету аясы білім беру, медицина, спорт, мәдениет, демалыс және т.б. сияқты қоғамдық өмір сүру сфераларының негізін құрайды. Сонымен қатар, қызмет көрсету жүйесі басқа да салаларда (техникалық сервистік қызмет көрсету, бағдарламалық қамсыздандыруды енгізу қызметтері) жүргізіледі.

Жұмыстарды орындау процедуралары кез-келген объектілердің құрылысы (құрылыс жұмыстары), жөндеу (жөндеу жұмыстары) үрдістерінде және т.б. жұмыстарда кездеседі.

Қажеттіліктердің игіліктерге сәйкестік критерийі бойынша еркін және шектеулі игіліктер деп екіге бөліп көрсетуге болады. Еркін, немесе үнемі қол жетімді игіліктер болып әрқашан сұранысты қанағаттандыруға мүмкін болатын игіліктерді айтады. Оларға күнделікті жағдайларда қолданылатын кейбір табиғи материалдық игіліктер (мысалы, ауа сияқты табиғи игілік) жатады.

Сонымен қатар материалдық және материалдық емес игіліктер салыстырмалы шектеулі немесе абсолютты шектеулі болып бөлінеді. Бұл жағдайда, оларға деген қажеттілік көлемдері ұсыныстан артады деген сөз. Игіліктердің шектеулігі, аталған игіліктердің мазмұнының шектеулігінде емес (мысалға, сүттің нашар дәмі немесе кинотуындының қызығушылық тудырмайтын сюжеті), қажеттілігі айқын игіліктерді адамдардың қолдану мүмкіндігінің шектеулігінде.

Салыстырмалы немесе абсолютты шектеулі материалдық және материалдық емес игіліктердің болуы, адам қоғамында осы шектеуліліктің орнын толтырудың (жеңудің) объективті негізі болып табылады. Сондықтан да өнім өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау аясында адамдардың қызметі негізінде басқа адамдар үшін де және өзінің де қажетті игіліктерге қол жеткізу мақсатына байланысты жүргізіледі. Демек салыстырмалы немесе абсолютты шектеулі игіліктерге адамдардың қол жетімділігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілерінің маңызды кәсіби функциясы болып табылады.


    1. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Кәсіби тұрғыдан кәсіпкерлік белгілі бір қағидалар бойынша ұйымдастырылады. Ол туралы кәсіпкерлік бизнестің тәжірибелі субъектілері жақсы біледі және өз қабілеттері мен қалауларына сай қолайлы істі іздеумен айналысатын жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер бұл жағдайларды есте ұстауы керек. Латын тілінен аударғанда «қағида» сөзі негіз дегенді білдіреді. «Қағида» сөзінің жалпыфилософиялық мағынасы оны құбылыс мәнінің құрылымымен байланыстырады.

Кәсіби кәсіпкерлік қағидалары депкәсіпкерлікте кәсіби табысқа қол жеткізуді көздейтін барлық адамдар басшылыққа алуға міндетті, кәсіпкерлік бизнестің негізін құраушы элементтерін айтады. Аталған қағидалар объективті сипатқа ие және экономиканың тарихи және ұлттық ерекшеліктеріне тәуелсіз, адамдар қызметінің ерекше типі ретінде сипатталады.

Кәсіби кәсіпкерлік бизнес қағидалардың 5 тобы негізінде ұйымдастырылады және дамиды. Оларға мыналар жатады:

  1. кәсіпкерліктің бағыттаушы қағидалары;

  2. кәсіпкерліктің ынталандырушы қағидалары;

  3. кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез-құлықтық қағидалары;

  4. кәсіпкерліктің эволюциялық қағидалары;

  5. кәсіпкерліктің жүйелік қағидалары.

  1. Кәсіпкерліктің бағыттаушы қағидаларына бизнестің кәсіпкерлік бейімділігіне сәйкестігі қағидасын және бизнестің бәсекеқабілеттілік қағидасын жатқызады.

Кәсіпкерлердің өмірде өзіне лайықты орынды іздеуі олардың кәсіпкерлік миссия деп аталатын арнаулы бағытына байланысты. Әр адам өзінің іскерлік карьерасының алғашқы кезеңі немесе ұзақ үзілістен кейін кәсіпкерлікке келуі болсын, кәсіпкерлік миссиясын өзі анықтауы қажет.

Кәсіпкерлердің өз миссиясын орындауы олардың кәсіпкерлік бәсекеқабілеттілігінің әлеуетіне тікелей байланысты. Бәсекеқабілеттілік деп бәсекеге түсу қабілеті дегенді түсінеді. Бәсекеқабілетті кәсіпкерлер өнімді өндіру, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау бойынша таңдалған сферадағы істі жүргізуге ғана емес, сонымен қатар бизнесті өз бәсекелестерінен нашар емес, керісінше мүмкіндігі бойынша олардан жақсы етіп жүргізуге де дайын болуы керек.

Кәсіпкерлік бәсекеқабілеттіліктің әлеуеті (КБӘ) деп кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерінің арақатынасын (өз бәсекелестерінен қай жағынан кем, қай жағынан артық екендігін) айтады. Әрбір кәсіпкер өз бәсекелестеріне қарсы тұруға және қарсы әрекет етуге міндетті. Кәсіпкерлік бизнес субъектісінің бәсекеқабілеттілігі оның өз қарсыластарынан бәсекелік артықшылықтарын анықтап, оларды ұстап қалуға деген қабілетімен анықталады. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілік деңгейі, оның бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерін қарсыластардың бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерімен салыстыру жолымен анықталады.

Кәсіпкерлер (Кәсіпкерлік бәсекеқабілеттіліктің әлеует) КБӘ құру мен арттыруға мүдделі. Өйткені олардың барлығы нарыққа енген кезден бастап-ақ бәсекелестік ортаға қатысушы болады.

Кәсіпкерліктің кез-келген субъектісінің КБӘ құрамына мыналар кіреді:

  • кәсіпкерлердің жеке бәсекеқабілеттілік әлеуеті;

  • кәсіпкерлік фирмалардың институционалды бәсекеқабілеттілігінің әлеуеті.

Кәсіпкерлердің жеке бәсекеқабілеттілік әлеуеті кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің кәсіби қабілеттерінің, кәсіби құзіреттерінің және жеке қасиеттерінің жиынтығымен анықталады. Бұл әлеует кәсіпкерлер жағынан істерді жүргізу және нарықтағы қарсыластарына төтеп беруге жұмсалады.

Кәсіпкерлік фирмалардың институционалды бәсекеқабілеттілігінің әлеуеті кәсіпорындардың материалдық және адами ресурстарының жиынтығымен анықталады. Бұл әлеуеттің типтік құрылымы әдетте келесідей міндетті элементтерден тұрады:

  • кәсіпорындардың іскерлік қызметінің құралдарының, еңбек заттары мен технологияларының жиынтығы;

  • құрылған және өткізілуге тиісті тауарлардың, сонымен қатар кәсіпкерлік фирманың қаржы активтерінің жиынтығы;

  • ұйымдастырушылық әлеуеті, оның ішінде фирманың ұйымдастырушылық құрылымы, фирмаішілік менеджменттің деңгейі, аталған фирманың сыртқы коммуникацияларының болуы мен олардың жағдайы;

  • кәсіпкерлік бизнес субъектісінің іскерлік жағымды беделі;

  • кәсіпорын фирма қызметкерлерінің кәсіби қабілеттері;

  • кәсіпорын иелерінің, оның қызметкерлері мен менеджерлерінің іскерлік әлеуетінің болуы;

  • кәсіпкерлік бизнесті күшейтуге және кәсіпорынның іскерлік қызметінің тиімділігін арттыруға деген алғышарттардың болуы.

  1. Кәсіпкерліктің ынталандырушы қағидаларына мыналар жатады:

  • табыс нысандарының алуан түрілілік қағидасы;

  • бизнестегі табыстылық пен кәсіпкерлер қызметінің нәтижелілігін іскерлік ортада мойындаудың сәйкестілік қағидасы;

  • «сәттілікті ұстауға» дайындалу қағидасы;

  • мотивтердің алуан түрлілік қағидасы;

  • бизнестегі эгоисттік және қоғамдық мүдделерді сәйкестендіру қағидасы.

Кәсіпкерлік бизнестегі ең маңызды түсініктердің бірі кәсіпкерлік жетістік болып табылады. Жетістік кәсіпкерліктің кез-келген субъектісі қызметінің сонғы нәтижесін сипаттайды.

Бизнес субъектісінің кәсіпкерлік жетістікке жетуі оның іскерлік қызметінің ең жоғары деңгейін, өзінің бәсекеқабілеттілігінің әлеуетін толық жүзеге асыруын және өзінің кәсіпкерлік миссиясын орындауын білдіреді.

Жетістік түсінігімен қатар кәсіпкерлікпен айналысудан түскен табыс және бизнестегі тиімділік сияқты маңызды түсініктерге де байланысты. Егер кәсіпкерлердің іс – әрекеті табысқа жеткізсе, онда бизнес тиімді болып саналады. Сонымен қатар, кез-келген бизнес табысты болады, егерде ол тиімділікті қамтамасыз етсе. Пайда табу адамдарды іскерлік қатынастарды жасауға итермелеп отырады. Бизнес аясы бойынша серіктестерді таңдау, бизнес түрлері мен мәміле жасауды ұтымды сипаттары тиімділікті жоғарылатуға әсер етеді.

Кез-келген кәсіпкерлік жетістік сандық тұрғыдан жетістік метрикаларының көмегімен анықталуы мүмкін. Әдетте олар кәсіпкерлік бизнес тіимділігінің немесе бизнесті жүргізуге деген шығындар тиімділігінің алуан түрлі көрсеткіштерімен сипатталады.

Әртүрлі жағдайларға байланысты жетістіктер төмендегі түрлерге бөлінеді:

  • ағымдық (аралық) және соңғы;

  • қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді;

  • іскерлікке лайықты және лайықсыз жетістіктер.

Жетістікке жету үшін кәсіпкерге екі бірдей міндетті шешуге тура келеді. Бір жағынан, ол өз қызметінің қоғами тұрғыдан кең танылуына ұмтылады. Екінші жағынан – ол бәсекелік ортада алға шығуға бар мүмкіндігін жұмсайды. Қоғамдық аяда танылу негізінде кәсіпкерліктің аталған субъектісі бәсекеқабілеттілік әлеуетін ең ұтымды түрде пайдалана алғандығын және оны ары қарай күшейту үшін жағдайлары бар дегенді білдіреді.

Бизнес субъектілерінің жетістікке жетуі олардың кәсіпкерлік идеалы – кәсіпкерлік миссиясын қалыптастыру үрдісінде, істі бастау қарсаңында, әрқайсысының көз алдына, бизнестің ең жоғары қол жетімді бейнесі белгілі болады. Ол адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуға деген мотивтерінің алуан түрлілігіне негізделеді. Олардың ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, физикалық және гуманисттік (этикалық, философиялық және эстетикалық) мотивтер.

Экономикалық мотивтерге кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары табыстарға, дамудың тұрақты қарқынына қол жеткізу, бәсекеқабілеттілікті арттыру, қаржылық жағдайды жақсарту сияқты көрсеткіштер кіреді. Кейде кәсіпкерлер бизнесте тек пайда мотивін басшылыққа алады, сонымен қатар табыс табу идеалдары пайдамен байланысты деп санайды. Шын мәнінде пайда мотиві кәсіпкерлік субъектілері үшін маңызды мәнге ие, бірақта экономикалық мотивтерінің ішіндегі жалғыз фактор емес.

Кәсіпкерлікпен айналысуға деген адамдардың әлеуметтік мотивтері әлеуметтік тиімділікке, ең алдымен бизнеспен айналыса отырып, кәсіпкерлердің қарым-қатынасқа деген объективті қажеттілігін жүзеге асыратындығымен, өмірлік тәжірибе алмасуларымен, әлеуметтік статусқа және қоғамдық танылуға ие болатындығымен, белгілі бір әлеуметік қатынастарға қатысумен анықталады.

Кәсіпкерлікпен айналысуға деген адамдардың психологиялық мотивтері оптималды тұлғааралық қарым - қатынастарды қалыптастыруға, тұлғаның идентификациясына, қоғамда танылуына, психологиялық жайлылық пен өз-өзімен түсінісуге деген кәсіпкерлік субъектілерінің ұмтылыстарымен сипатталады.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген адамдардың физикалық мотивтері бизнес субъектілерінің физикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, организмнің маңызды ресурстары болып табылатын физикалық, психикалық және интеллектуалдық энергияны толығымен жұмсауға деген ұмтылысымен сипатталады.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген адамдардың гуманисттік мотивтері бизнеске қатысуда әрбір адамның тұлға ретінде дамуға, өмірдің мәнін түсінуге, этикалық және эстетикалық жайлылыққа қол жеткізілетіндігімен сипатталады.

  1. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез-құлықтық қағидалары бизнесті ұйымдастыруды және кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің мінез-құлқын анықтайды. Оларға мыналар жатады:

  • кәсіпкерлік бизнестің үйлесімді логикасының қағидасы;

  • бизнесте бәсеке мен ынтымақтастықты сәйкестендіру қағидасы;

  • мінез-құлықтың стратегиялық, тактикалық және жағдайлық деңгейлерін сәйкестендіру қағидасы.

Бизнестің үйлесімді логикасыкелесідей қағидаларға негізделеді:

  • бизнестегі өз мүдделерін түсіне білу, өз танылуын түсіну, кәсіпкерлік миссияны, бизнестегі жетістігі туралы идеалдық түсініктерді, бизнеске ену мақсаттарын қалыптастыру;

  • бизнестегі мүдделердің қарама - қайшылығы мен қарсыластарының іс - әрекеттері жағдайында жетістікке жету, жеке және институционалдық бәсекеқабілеттіліктің талаптарына сай қызмет жасау;

  • өз мүдделерін қорғай отырып, әрбір кәсіпкер қоғамдағы мүдделердің алуан түрлілігімен санасу;

  • қызметпен алмасу нәтижесінде бәсекелік артықшылықтар мен бәсекеқабілеттілікке, өз жетістіктерінің қоғамдық танылуы негізінде тиімділік пен табысқа қол жеткізуге деген ұмтылыс;

  • заңмен, іскерлік айналым дәстүрлерімен және іскерлік қатынастардың этикасымен рұқсат етілген немесе тыйым салынбаған кәсіпкерлік мінез-құлықтың түрлерін, әдістерін, нысандары мен тәсілдерін қолдану.

Бизнесті ұйымдастыру үрдісінде кәсіпкерлердің стратегиялық, тактикалық және жағдайлық деңгейлерін бөліп көрсетеді. Стратегиялық деңгейде кәсіпкерлер ұзақмерзімді жетістікке бағытталған бизнес стратегиясын анықтайды. Әдетте, кәсіпкерлер бизнес-жоспарларды қалыптастыра отырып, мұндай сұрақтарға жауап беруге тырысады. Олар кәсіпкерлік миссиясы жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. Бизнес-жоспарларды құрастыру барысында әрбір кәсіпкер өз бәсекеқабілеттілігінің әлеуетін мұқият талдайды, бәсекелестерді зерттейді, нарық талаптарына сай болатын өз бизнесінің стратегиялық мақсаттарын қалыптастырады.

Тактикалық деңгейде кәсіпкерлер нақты, өзара байланысты іс-әрекеттер тобын орындайды: қызметкерлерді басқарады, мәмілелер жасайды, инвестицияларды жүзеге асырады, жобалардың презентациясын өткізеді, фирмаларды ашады және жабады. Жағдайлық деңгейде кәсіпкерлер нақты осы уақыттағы міндеттерді (кейде олар «айналып жүр» деп айтады) шеше отырып, сыртқы ортамен қарым – қатынасқа түседі.

  1. Кәсіпкерліктің эволюциялық қағидаларына мыналар жатады:

  • бизнестің қарапайым нысандарынан күрделі нысандарына қарай сатылы даму қағидасы;

  • нарыққа бағытталған экономикадағы бизнестің тарихи ерекшелік қағидасы;

  • капиталдың бастапқы қорлану қағидасы.

  1. Кәсіпкерліктің жүйелік қағидаларынамыналар жатады:

  • кәсіпкерлік бизнестің жүйелілік қағидасы ;

  • интегративті (жүйелік) қағидалары негізінде бизнесті тұрақты дамыту қағидасы;

  • бизнестегі орталыққа жинақтау және орталыққа ұмтылу қағидасы;

  • бизнестің ұлттық модельдерінің алуан түрлілік қағидасы;

  • мемлекеттік шекараларды білмейтін, әлемдік жүйе ретіндегі бизнесті қалыптастыру қағидасы.

«Кәсіпкерлік бизнес жүйесі» түсінігі маңызды ғылыми категориялардың бірі болып табылады. Жүйе деп бірегей дамушы,өзара байланысқан элементтердің жиынтығын айтады. Барлық жүйелер біртұтас және тұрақты, ол жүйелердің тұрақты даму шарты болып табылады.

Қазіргі кәсіпкерліктің жүйелі белгілері болып мыналар табылады:

  • кәсіби құзіреттілік – фирмаларды, сонымен қатар ұжымдық фирмалардағы акциялар мен үлестерді құру, сату, сатып алу, фирма ісін жүргізу, бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекелік іс-әрекеттерге басшылық ету, әріптестер, клиенттер, контрагенттер, қызметкерлер, қоғам алдындағы міндеттемелерді орындау, оның ішінде салық төлеу аясындағы кәсіби білім, қабілеттер;

  • тұрақтылық, ол кәсіпкерлердің бәсекеқабілеттілігі мен қоғамдық танылуы негізінде бизнесті тұрақты, ұдайы дамытып отыру арқасында қамтамасыз етіледі;

  • динамизм, ол бизнестің барлық субъектілерінің мүдделері мен заңды құқықтарын ескере отырып бәсекелік артықшылықтарды үнемі арттыру қажеттілігі, кәсіпкерлердің ынтасы арқасында қамтамасыз етіледі;

  • бүтіндік, бизнестің барлық субъектілерінің өзара тығыз байланыстылығы арқасында қамтамасыз етіледі;

  • әлеуметтік сипат, ол қазіргі кәсіпкерлік бизнестің, адамдар арасындағы қатынастардың барлығын қамтитындығымен және қоғамдағы мүдделер келіспеушілігін жеңуге бағытталғандығымен анықталады;

  • өзін-өзі реттеуші сипат, ол дамудың ішкі ресурстарына, міндеттемелерді адал орындауға, заңды, қоғамда қабылданған іскерлік айналым дәстүрлері мен этикалық нормаларды ұстануға, ескілерді жеңуге негізделген.




    1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕН ДАМУ ШАРТТАРЫ

Кәсіпкерлер кәсіпкерлік жобалар мен келісімшарттарды жүзеге асыруға, сонымен қатар пайда (табыс) алуға, қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға және табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін, алуан түрлі (объективті және субъективті) факторлардың үйлестірілген жиынтығын құрайтын, белгілі бір жағдайларда қызмет етеді. Үйлестірілген күрделі жүйе ретінде кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерге тікелей байланысты болмайтын сыртқы және кәсіпкерлердің тікелей қалыптасуымен қалыптасатын ішкі ортаға бөлінеді.

Кәсіпкерлік орта өндіруші күштерді дамыту, өндірістік (экономикалық) қатынастарды жетілдіру, қолайлы қоғамдық және мемлекеттік менталитетті құру, кәсіпкерлердің өмір сүру (қызмет ету) ортасы ретінде нарықтың қалыптасуы және тағы да басқа маңызды жағдайлар негізінде қалыптасады.

Тиімді кәсіпкерлік орта кәсіпкерліктің дамуының алғашқы және анықтаушы шарты ретінде қажетті экономикалық еркіндікті, ал екінші шарты ретінде ұйымдастырушылық-шаруашылық тұрғысынан жаңашылықты қамтамасыз етуі керек. Қандай да бір дәрежеде кәсіпкерлік ортаның бұл екі маңызды элементі ел Конституциясында бекітілген. Атап айтқанда, онда әркімнің кәсіпкерлік қызмет үшін өз мүліктері мен қабілеттерін еркін қолдануға құқығы бар екендігі. Сот шешімінен басқа жағдайда ешкімнің өз мүлкінен (кәсіпкерлік қызметтің материалды негізі ретінде) айрыла алмайтындығы, жер және басқа да табиғи ресурстарды иемдену, пайдалану мен жұмсау олардың иелерімен еркін түрде жүзеге асырылатындығы, Қазақстанда бірегей экономикалық кеңістік, тауарлардың, қызметтер мен қаржы қаражаттарының еркін айналымы, бәскені қолдау, экономикалық қызметтің еркіндігі кепілдендіретіні, және ақырында жеке, мемлекеттік және басқа да нысандағы меншік нысандары танылып қорғалатындығы көрсетілген.
Кәсіпкерлік құрылым мен сыртқы ортаның өзара әрекеттесуі 1-суретте көрсетілген.




Сыртқы орта





Тікелей әсер ететін факторлар




Сыртқы орта
1-сурет. Кәсіпкерлік құрылым мен сыртқы ортаның әрекеттесуі
Бірақ, бұл маңызды ережелер әлі де толығымен жұмыс істемейді, ол басқа факторлармен бірге кәсіпкерліктің дамуын тежейді. Ел Конституциясының ережелеріне сәйкес кәсіпкерлік орта қалыптасуының маңызды бағыттары Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген.

Қазаақстанның Азаматтық Кодексінде сыртқы кәсіпкерлік ортаның негізгі ережелері қарастырылған, алайда олардың көбісі жалпы сипатқа ие. Сондықтан да олар көптеген заңдарда нақтыланады. Кәсіпкерлік ортаның қалыптасуына қылмыстық, әкімшілік, салықтық, кедендік заңнама әсерін тигізеді.

Сыртқы кәсіпкерлік орта деп кәсіпкерлердің өздерінің еркінен тәуелсіз қызмет ететін, елдегі кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар мен жағдайлардың жиынтығын айтады. Сыртқы кәсіпкерлік орта кәсіпкерлік қызметті сыртқы реттеудің күрделі жүйесін сипаттайды, сондықтан да дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін ол объективті сипатқа ие. Өйткені олар оны тікелей өзгерте алмайды (мысалға, заңдар, табиғи факторлар және т.б.), тек өз ісін жүргізу барысында оларды ескеріп отыруы керек.

Сыртқы кәсіпкерлік орта келесідей қосалқы жүйелерден тұрады:

  • елдегі және аймақтағы экономикалық жағдай;

  • қоғам мен мемлекеттің даму тұрақтылығымен сипатталатын саяси жағдай;

  • кәсіпкерлер мен нарықтық экономиканың басқа субъектілерінің құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін нақты анықтайтын құқықтық орта;

  • кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау;

  • жұмыссыздық деңгейі мен тұрғындардың (тұтынушылардың) төлемқабілетті сұранысымен байланысты әлеуметтік жағдай;

  • кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін, тұрғындардың білім деңгейімен негізделген мәдени орта;

  • ғылыми-техникалық, технологиялық орта;

  • қызметтің белгілі бір түрлерін дамыту үшін қажетті табиғи өндіріс факторларының жеткілікті түрде болуы;

  • кәсіпкерлік ұйымдар қызмет етуінің табиғи – климаттық жағдайларымен, форс-мажорлы табиғи катаклизмдердің жоқтығымен байланысты физикалық орта;

  • коммерциялық операцияларды, іскерлік байланыстарды және т.б. жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ұйымдардың жеткілікті санының болуын білдіретін институционалды-ұйымдастырушылық орта.

Сыртқы кәсіпкерлік ортаны құрайтын жеке қосалқы жүйелерге қысқаша жиынтығында сипаттама берейік.

Елдің экономикалық жағдайы, ол кәсіпкерлердің қызмет ету ортасы ретінде, бәсекелі нарықты қалыптастыру үшін жағдайларды қалыптастырумен, сонымен қатар кәсіпкерліктің елде дамуы үшін біршама маңызды қызметті дамыту үшін, қажетті ресурстардың барлық түрлеріне (заңмен тыйым салынғандардан басқа) кәсіпкерлердің қол жетікізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін экономикалық реформаларды жүзеге асырумен сипатталады. Кәсіпкерліктің дамуына Қазақстанның Ұлттық Банкімен бекітілетін қайта қаржыландыру ставкасының деңгейі, инфляция деңгейі, салықтар саны (міндетті алымдар, төлемдер) және салық ставкаларының мөлшері, шаруашылық серіктестіктердің (компаниялардың, фирмалардың) өтімділік деңгейі, ресурстардың белгілі бір түрлеріне, әсіресе табиғи монополиялардың өнімдеріне (қызметтеріне) бағалар (тарифтер) деңгейі, монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаларды орнатуды болдырмау, тауарлы нарықтарда бәсекені шектейтін, шаруашылық субъектілердің келісімдері сияқты экономикалық құралдар оң немесе теріс әсерін тигізеді. Ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығы, оның сатып алушылық деңгейінің артуы және басқа да экономикалық факторлар мен жағдайлар маңызға ие болады.

Елдегі және оның жеке аймақтарындағы саяси жағдайдың тұрақтылығы, билік буындарының арасындағы келісушілік, кәсіпкерліктің дамуынсыз экономикалық өсудің болмайтындығын олардың мойындауы, экономиканың барлық салаларының тиімді дамуы және қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық жағдайдың жақсаруы кәсіпкерліктің дамуы үшін маңызы зор.

Әрекет қабілеттілігі бар дұрыс азаматтарға кәсіпкерлік немесе басқа да экономикалық қызметпен айналысуға міндеттемелер мен кепілдемелерді, құқықтарды мәлімдеумен шектелмей, нақты көрсететін, дамыған кәсіпкерлерді заңға қарама-қайшы мемлекеттік (муниципалды) немесе басқа да тұлғалардың қызметінен қорғайтын, елдің болашақта дамуына адекватты құқықтық орта құру кәсіпкерлік дамуының міндетті шарты болып табылады. Шаруашылық (кәсіпкерлік) қызметті реттейтін, заңнамалық және нормативтік актілерді бұзғаны үшін кәсіпкерлер жауапкершілігін нақты бекіту керек.

Сыртқы кәсіпкерлік ортаның басқа қосалқы жүйелерін қарастырмай-ақ, институционалды-ұйымдастырушылық ортаға қысқаша сипаттама берейік. Оның дамуы кәсіпкерліктің қалыптасуының маңызды шарты болып табылады. Өйткені көптеген институттар (ұйымдар) кәсіпкерліктің белгілі бір түрімен айналысушы болып табылады және өз қызметінің мамандануын ескере отырып қандай да бір қызмет түрлерін тұтынушыға көрсетеді. Сонымен қатар басқа да кәсіпкерлік ұйымдарға сәйкес қызмет түрлерін көрсетеді. Мұндай институттарға мыналар жатады:

  • коммерциялық банктер мен басқа да несие-қаржылық ұйымдар;

  • сақтандыру ұйымдары;

  • жарнама компаниялары;

  • аудит, консалтинг, кәсіпкерлер мүдделерін қорғау және т.б. кәсіби қызметтерді ұсыну бойынша мамандандырылған ұйымдар;

  • кәсіпкерлік ұйымдар үшін кадрларды дайындау бойынша оқу мекемелері;

  • нарықты зерттеу, мамандандырылған маркетингтік зерттеулерді өткізу бойынша компаниялар;

  • компаниялар (ұйымдар) – шикізат, материалдар, энергия, отын және басқа да қызметтердің жабдықтаушылары, көтерме және бөлшек саудагерлер және т.б.

Өндірістік кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы үшін табиғи ресурстардың болуы, оларды өндіру мен өңдеу, әсіресе шығындардың құрамында үлкен үлес салмақты құрайтын энергоұстаушыларды өндіруді арзандатудың маңызы зор. Кәсіпорындарды құруға деген шығындар төмен болатын аймақтарда кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптасатыны анық. Кәсіпкерліктің дамуына елдегі, оның аймақтарындағы демографиялық жағдайдың тигізетін әсері де мол. Бірақ, Қазақстанда қолайсыз демографиялық ахуал қалыптасуда: қайтыс болғандар саны өмірге келушілер санынан артуда, еңбекке қабілетті тұрғындар саны азаюда, зейнеткерлер саны артуда.

Кәсіпкерлер – жалғыз өзі алға жүруден қорықпайтын, жоғары білімді адамдар. Кәсіпкерлік табыс көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде маңыздысы ретінде кәсіпкерлік ұйым қызмет етуінің ішкі жағдайларының белгілі бір жиынтығы ретінде сипатталатын ішкі кәсіпкерлік ортаны атауға болады. Көбінесе ішкі кәсіпкерлік орта субъективті сипатқа ие болады: ол тікелей кәсіпкердің өзіне, оның құзіреттілігіне, күшіне, мақсаттылығына, деңгейіне, бизнесті жүргізуіне және оған деген қабілетіне байланысты. Ішкі кәсіпкерлік ортаға келесідей қосалқы жүйелерді (факторларды) жатқызған дұрыс:

  • меншікті капиталдың қажетті көлемде болуы;

  • фирманың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын дұрыс таңдау;

  • қызмет ету аясын таңдау;

  • әріптестер командасын таңдау;

  • нарықты білуі және маркетингтік зерттеулерді білікті түрде өткізу;

  • кадрларды таңдау мен персоналды басқару, оны материалдық – моральдық тұрғыдан ынталандыру;

  • кәсіпкерлік құпияны қорғау механизмі және т.б.

Табысты кәсіпкерлік қызмет үшін негізделген бизнес – жоспарды жасап шығарудың, болжамды тәуекелдерді жобалап есептеудің, жаңа технологияларды енгізудің, қызметті әртараптандырудың, фирма дамуының ғылыми тұрғыдан негізделген стратегиясын жасап шығару мен енгізудің маңызы ерекше. Ішкі орта факторларына, сонымен қатар кәсіпкерлер мен жалдамалы менеджерлермен кәсіпкерлік ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны үшін немесе бизнестің аталған түрі үшін қызметті реттейтін заңдар мен нормативтік актілерді нақты ұстануын да жатқызуға болады.

Жоғарыда аталып өткендей, тек өз білімін үнемі арттыратын, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің құқықтық механизмін жақсы білетін, мәмілелерді жасай алатын, кәсіпкерлік келісімшарттарды жасай алатын және олар бойынша дивидендтер ала алатын кәсіпкерлер ғана табысқа қол жеткізе алады.

?


Өзін – өзі бақылауға арналған сұрақтар:

    1. Кәсіпкерліктің мәні неде?

    2. Кәсіпкерліктің дамуы үшін қандай факторлар маңызды?

    3. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кімнің құқығы бар?

    4. Кәсіпкерліктің дамуына қандай жағдайлар әсер етеді?

    5. Кәсіпкерлік үрдістің субъектілері кімдер?

    6. Азаматтардың қандай категориялары үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылған?

    7. Кәсіпкерлік бизнестің объектілеріне не жатады?

    8. Кәсіпкерлік қағидаларының топтарын атап өтіңіз.

    9. Кәсіпкерліктің бағыттаушы қағидалары қандай?

    10. Кәсіпкерліктің ынталандырушы қағидалары қандай?

    11. Кәсіпкерлікпен айналысу мотивтері қандай?

    12. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық, мінез – құлықтық қағидалары қандай?

    13. Кәсіпкерліктің жүйелік қағидалары қандай?

    14. Кәсіпкерлік орта түсінігін сипаттап беріңіз?

    15. Кәсіпкерлік сыртқы ортаның негізгі белгілерін атап өтіңіз.

    16. Ішкі кәсіпкерлік ортаның ерекшеліктері қандай?


написать администратору сайта