Главная страница

дез. пр 4 дез. араанды облысты жоары мейіргерлік колледжі Ішкі аурулар жне мейіргерлік технологиялар Цк пн Мейіргер ісіндегі ауіпсіздік жне сапа


Скачать 26.72 Kb.
Названиеараанды облысты жоары мейіргерлік колледжі Ішкі аурулар жне мейіргерлік технологиялар Цк пн Мейіргер ісіндегі ауіпсіздік жне сапа
Дата24.01.2022
Размер26.72 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлапр 4 дез.docx
ТипДокументы
#340554

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау Басқармасы

Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжі

«Ішкі аурулар және мейіргерлік технологиялар» ЦӘК

Пән «Мейіргер ісіндегі қауіпсіздік және сапа» Мамандығы «Мейіргерлік іс»

Курс - 1-2 ; топтар – 2-2;

Тәжірибелік сабақ -60 сағат

Өтетін орны- класс рум платформасында (он-лайн )

Өтетін күні - 29.04..2021жыл:

4 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Зарарсыздандыру (6 сағат )

Мақсаты: Білім алушыларға Дезинфекция жайында, қауіпсіз орта жайында түсінік беру. Дезинфекция- зарасыздандыру, анықтамасы, түрлері, жіктемесі, әдістері жіктемесі, түрлері, алдын алу шаралары жайында, мейіргердің атқаратын рөлі жайында толық ақпарат бері.

Зарарсыздандыру.

Жұқпалық аурулармен күресумен және алдын – алу үшін зарарсыздандыру шаралары қолданылады.

Зарарсыздандыру – (дезинфекция) дегеніміз емдеу мекеменін айналадағы ортанын, құрал–жабдықтарының патогендік, шартты – патогендік микроорганизмдердің жоюы.

Зарарсыздандыруға кіретін екі түсінігі бар:

дезинфекция – жұқпалы, инвазивті ауруларының тасушылары болатын

буынаяқтыларды жоюға бағытталған кешенді шаралар.

Дератизация – жұқпалы аурулармен, өте қауіпті жұқпаларының тасушылары болатын кеміргіштерді жоюға бағытталған кешенді шаралары.

Зарарсыздандыру мақсаты: аурулардың қоздырғыштарының таралуын алдын – алуы және жою.

Зарарсыздандыру

Зарарсыздандыру мақсаты

Эпидемиялық процестің үзілуіне бағытталған қарсы шаралар. Емдеу мекемелер ішіндегі объектілеріндегі медициналық құрал – жабдықтарының жұқпаларын, пациент және медициналық персоналдың жұқпамен ауырмау үшін қоздырғыштарын жою. Құрал – жабдықтарын, күту заттарын, сыртқы объектілердегі патогендік, шарты патогендік микроорганизмдерді жою.

Зарарсыздандыру түрлері және әдістері.

Зарарсыздандыру екі түрге бөлінеді:

Алдын – алу;

Ошақтық.

Егер жұқпаның көзі болмаса қоздырғышты жою үшін алдын – алу зарарсыздандыру жүргізіледі. Оның мақсаты: жұқпа таралмау үшін алдын алуы шараларын қолдану.

Ошақтық зарарсыздандыру – жұқпалық ошақта жүргізіледі. Оның мақсаты: жедел түрде жұқпаның қоздырғышын жою.

Ошақты зарарсыздандыру екі түрге бөлінеді: күнделікті және қорытынды.

Күнделікті зарарсыздандыру дегеніміз жұқпа қоздырғышының көзі басынан – аяғына дейін болуына байланысты жүргізіледі. Оның мақсаты: жедел түрде жұқпаның қоздырғышын жою.

Қорытынды зарарсыздандыру: пациент ауруханадан шыққанда, өлімге шалдыққанда бір рет қана жүргізіледі. Оның мақсаты: жұқпаның қоздырғыштарын толығымен жою.

Зарарсыздандыру түрлері.


Зарарсыздандыру әдістері

Механикалық Физикалық Химиялық Биологиялық

Құрал – жабдықтардан, күту заттардан жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою үшін қолданылатын әдістер:

Сілку

Қолды жуу

Ұру

Желдету

Дымқыл шүберекпен сүрту

Дымқыл жинау

Кірлерді жинау

Айналдыра жуу. Физикалық факторлардың әсер етуі.

Қайнату

Пастеризациялау

Күйдіру

Ультра – көкті қолдану

Ыстық ауаның әсері.

Ыстық будың әсері. Химиялық заттарды қолдану:

Антисептиктер

Дезинфектанттар

сүрту

жуу

суға малу

құрғақ ұнтақпен себу. Биологиялық процесті қолдану. Табиғи жағдайда микробтар арасында антагонизмді қолдану.

Аралас. Бірнеше әдістерді қолдану.
Емдеу мекемелердегі қолданылатын дезинфектанттар

Емдеу мекемелеріндегі қолданылатын дезинфектанттарлық заттарды зарарсыздандыру үш топқа бөлінеді:

1. Медициналық құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру.

2. Бөлмелерді, жиһаздарды, пациенттердің күту заттарын зарарсыздандыру.

3. Медперсоналдын қолың өндеу.

Көбінесе зарарсыздандыру үшін, әр түрлі химиялық заттар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда әр түрлі қасиеттері бар (тұрақтылығы, еріткіштігі, қолдану көлемі) жуғыштың қасиеті, организмнің РН маңыздылығы т.б. химиялық топтарға рұқсат етілген.

Эпидемияға қарсы зарарсыздандыру шараларынын әсерін жетілдіру үшін дезинфекциялық заттарды дұрыс тандап, медперсонал оның негізгі қасиеттерін, ерекшеліктерін білуге тиіс.

Қазіргі дезинфектанттардың арасында хлораралас және асқын тотығын тәжірибеде қолданған тиімді.

Дезинфекциялық заттардың тығыздығын, уақытын тандауы көп себептерден байланысты:

Зарарсыздандырудың талап ету дәрежесімен;

Микроб қоздырғыштын сезімталдығы деңгейімен және спектрі;

Зарарсыздандырудың жағдайымен, дезинфекциялы объектінің түрлерімен;

Елдерге дезинфектанттардың жақпауымен;

Зарарсыздандырудың шараларының бағасымен.

Дезинфекциялық заттардың талаптары:

- әрекеттің кең спектрі;

- әр – түрлі микроорганизмдердегі микроцидтық әсері;

- Улығы аз, төмен аллергендігі;

- Суда жақсы еріткіштігі;

- Экологиялық қауіпсіздігі;

- Зарарсыздандыратын объектілерді зақымдандырмайтындығы;

- Қолдауға қарапайымдылығы;

- Зарарсыздандыру ортада белсендігі.

- Белсенділігін жоғалтпайтындығы;

- Сақтау мерзімінің ұзақтығы;

-

Жаңа ғасырдағы дезинфектантардың химиялық топтары мен қосындары. Белсенді заттардан (БАЗ) құралған, мысалы: аммоний төрт қосындысы (АТҚ).

Сыртқы белсенді заттардың құрамына мынадай компоненттер кіреді: глутарлық альдегид, асқын тотығы, глиоксаль, олар вирулицидтық, туберкулоцидтық, фунгицидтық және спороцидтық әсер етеді.

Қазақстанда жиі кездесетін дезинфектанттар болатын хлораралас заттар.

Хлораралас заттар (галлоидтер):

Объектілерге өндеу жүргізілгенде хлораралас заттар ауаға жоғарғы тығыздығына байланысты “белсенді хлор” шығарады, антимикробтың әсерінде молекуланың құрылысын қайталанбайтындай зақымдандырады. Осымен қатар оның антимикробтық әсерінен басқа тағыда жағымсыз әрекеті бар. Ол айналадағы ортаны, теріні, шырышты қабаттарды т.б. зақымдандырады.

Күкірт иісті хлораралас заттар тыныс жолдарын тітіркендіреді.

Хлораралас дезинфектантарға жатады.

1. Анолиттер – бір рет қолданылады, тығыздығы 0,05 – 0,1%, сақтау мерзімі 24 сағаттан 7 күнге дейін. Құрал – жабдықтарды залалсыздандыру алдында, зарарсыздандыру және химиялық залалсыздандыру үшін қолданылады.

2. Натрий гипохлорид 0,1% – 2,5% дейін суға ерітіп, құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру үшін қолданылады. Ерітінділерді 1 – 7 күнге дейін сақтанылады.

3. Клорсепт таблетка тәрізді, көбінесе сұйықтықтарды, қанды, қан сарысуларды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

4. Йодонат, аквабор, пресепт, диохлор емдеу мекемелерде қолданылады.

Аммоний төрт қосылыстары, оның ұқсастықтары.

1. Дюльбак ДТБ/л (Франция) суық концентрат, тәулігіне екі рет қолданады.

2. Септабик (Израиль) жоғарғы нәтижелі дезинфектант. Ақ түсті ұнтақ тәрізді шығарылады иісі жоқ, белсенділігі 7 күнге дейін сақталады.

3. Велтосепт, деорол дезинфекциялық заттары қолданылады.

Альдегидаралас дезинфектанттар құрамында формальдегид 40% су ертіндісі – формалин улы, тұрақсыз, көп тұрса өзгере бастайды. Көбінесе эндоскоптарды, аппаратураларды, наркоздық жабдықтарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

1. Гигасепт (Германия).

2. Дюльбак.

3. Лизоформин.

4. Глютарал

5. Сайдекс

6. Септадор

Асқынтотықтық қосылыстар.

Асқын тотығы универсалдық микробқа қарсы әсері бар. Мысалы: грамм оң, грамм теріс бактерияларға, вирустарға, патогендық санырауқұлақтарға әсер етеді.

Организмге айтарлықтай зиянды әсері білінбейді. Көбінесе эндоскоптарды, линзаларды зарарсыздандыру үшін қолданады. Ашық жараларға қолданатын антисептиктер: 3% - 33 % асқын тотығы, виркон, перформ, первомур, дезоксон 1. Спиртаралас заттар.

Көбінесе тері антисептиктер ретінде 70% спирт, асептинол, октинидерм қолданады, микробтарға микробостатистикалық әсері бар.

Феноларалас заттар.

Фенол препараттардың микробоцидтік, микробостатикалық әсері бар. Олар вирустарға, қарапайым грамм оң, грамм теріс микробтарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Дезинфекциялық ертінділерді қолдану ережелері.

1. Зарарсыздандыруды жасайтын химиялық заттарды сақтау үшін ережелерін білу керек.

2. Дезинфекциялық заттардың дайындаған уақыты, сақтау мерзімі бар құжаты болады.

3. Дезинфекциялық ертінділерді дайындаған кезде жеке бастың қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

4. Дезинфекциялық ертінділерді ауаны жаңартып отыратын бөлмеде жасайды.

5. Теріге дезинфекциялық ерітінді тиген кезде міндетті түрде сумен жуады.

6. Көзге тиген кезде 2% ас содасымен жуып, ал ауырсыну пайда болған жағдайда новокаины бар көз тамшыны тамызады.

7. Тыныс жолдарын тітіркендірген жағдайда міндетті түрде ауаға шығарып жылы сүт ішкізіп немесе аузын 2% ас содасымен шаяды.

Дезинфекциялық ертінділермен, жуғыштық заттармен залалсыздандыру жүргізгенде қауіпсіздік шаралары.

1. 18 жасқа дейін, аллергендік ауруы бар, жүктілік кезінде дезинфекциялық заттармен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

2. Дезинфекциялық ертінділерді дайындауын,құрал – жабдықтарды зарарсыздандырудын, залалсыздандырудың алдында өндеуін. залалсыздандыруын арнайы бөлмеде дайындайды.

3. Дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыстардың арнайы дайындау мерзімі болып, сыртқы қақпақпен жабылып отырады. Барлық жұмыстарды резеңке қолғаппен істейді.

4. Жұмыстың аяғында бөлмелерді желдетіп, дезинфекциялық заттарды арнайы жеке бөлмеге сақтайды.

6.10.Медициналық құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру.

Физикалық әдіс.

Зарарсыздандыру үшін келесі тәсілдерді жүргізеді:

А) қайнату тәсілі;

2 % ас содасымен – 15 минут

дистилденген суда – 30 минут

Б) ыстық ауа және бу арқылы:

температурасы 1100С 20 – 25 минут автоклавта.

температура 1100С – 45 минут. ыстық ауамен.

Осы тәсілмен қаны жоқ шынылы заттарды, металлдарды, силикон – резиналарды зарарсыздандырады.

ЕМ–гі қолданылатын құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру.

1. Термометрлерді кез келген дезинфекциялық ертіндісіне 15мин салып, ағынды сұға жуады, құрғақ жерде сақтайды.

2. Металлдық шпательдерді: бірінші әдіспен дистиллендірген суға 30мин қайнату, немесе құрғақ ыстық ауамен 1200С 45мин-қа залалсыздандыру;

Екінші әдіспен құрғақ ыстық ауамен 1800С 60мин-қа залалсыздандыру.

3. Клеенкалы кушетканы кез келген дезинфекциялық ертіндісімен сүртеді.

4. Қайшыларды дистиллендірген суға 30мин, немесе 2 % ас содысына – 15 минут қайнату.

5. Пациенттерді жуындыратын жөкелерді дистиллендірген суға 30мин қайнатып, құрғату.

6. Ваннаны кез келген дезинфекциялық ертіндісімен екі рет сүртіп, тазартатын ұнтақпен жуып құрғату.

7. Резенке клемшелерді жуғыш ұнтақты кез келген дезинфекциялық ертіндісіне араластырып 30мин салу.

8. Бөлмелерді екі мезгіл жуғыш ұнтақты кез келген дезинфекциялық ертіндісіне араластырып жуу.

9. Жинау инвентарды кез келген дезинфекциялық ертіндісіне бір сағатқа салып, жуу және құрғату.

10. Аяқ киімдерді 25% формалин немесе 40% сірке қышқылымен өндеу, целофан қапшығына 3 сағатқа салып кейін құрғату.

11. Судноларды кез келген дезинфекциялық ертіндісіне бір сағатқа салып құрғатады.

12. Жылытқышты, мұздатқышты, резеңке саптыаяқты кез келген дезинфекциялық ертіндісімен екі рет сүртіп, жуғышпен жуып, құрғатады.

13. Клизма жасайтын түтікшелерді, катеторлерды кез келген дезинфекциялық ертіндісіне бір сағатқа салады, немесе 2 % ас содысына – 15 минут қайнатып жуады.

14. Төсектерді кір жуатын орнында 2 % ас содысына – 15 минут қайнатып, төсек салған қапшықты кез келген дезинфекциялық ертіндісіне бір сағатқа салады.

15. Ыдыстарды 0,5 % жұғыш ұнтаққа(10л суға 200грамм ас содысы) жуып, кез келген дезинфекциялық ертіндісіне 30мин салып қояды, содан кейін ағынды сумен шаяды.

16. Ыдыстарды жуатын шүберектерді 2 % ас содысына – 15 минут қайнату, немесе кез келген дезинфекциялық ертіндісіне бір сағатқа салу.
Химиялық әдіс.

Емдеу мекемелеріндегі медициналық құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру үшін әйгілі ретінде химиялық әдісті қолданады. Қолданылған құрал – жабдықтарды толығымен дезинфектанты бар ыдысқа салады, немесе арнайы контейнерлерді қолданады. Көбінесе қолданылатын хлораралас, асқын тотығы аралас, спирт, альдегид заттары, нәзікті болатын альдегидаралас заттар: Глутарал, Сайдекс, Гигасент, Лизоформин – 3000, Альдозон – 2000, Секусепс–форте т.б. Хлораралас заттар тоттыққа тұрақтылығынан металлдарды, резиналарды, шыны пластмасаларды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Зарарсыздандырудың нәтижесіне әр түрлі факторлар әсер етеді:

  1. дезинфектантың физикалық – химиялық қасиеті, микроорганизмдерге деген әсер қабілеттілігі, тығыздығы, температурасы т.б.

  2. әр түрлі зарарсыздандыру заттарға микроорганизмнің биологиялық тұрақтылығы.

  3. микробтың жариялауы.

  4. дезинфекциялық өңдеудің тәсілдері: дезинфектанты шашу, араластыру, салу.

  5. препараттың әсер ету уақыты.

Кейбір медбикелер, кіші буынды қызметкерлер дезинфекциялық ертінділерді төменгі концентрацияда қолданады, сол себептен ауруханада микроорганизмдердің тұрақты штаммдары пайда болады. Жаңа дезинфекциялық заттар туралы толық бағдарлама білмегендіктен емдеу мекемелерінде дұрыс қолданылмайды. Құрал – жабдықтарды нақты дұрыс өндеу үшін келесі параметрді білу тиіс:

    • жұқпалық процесті тоқтату үшін, зарарсыздандыру жалғыз ғана әдіс болып саналады.

    • Жұқпалы медициналық құрал – жабдықты кәсіби улануын алдын – алу үшін оны дұрыс технологиясымен істейді.

    • Дезинфекциялық заттардың құрал – жабдықтарға, аспаптарға әсері нәзік болады.

Медициналық құрал – жабдықтардың деконтаминациясы.

Медициналық құрал – жабдықтардың деконтаминациясы дегеніміз – микроорганизмдердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатпен жою, немесе тазалау.

Зарарсыздандыру

Күшейтпе зарарсыздандыру

Залалсыздандыру

Объектілерден керексіз заттарды (органикалық, органикалық емес заттар және микроорганизмде-рді) алып тастау

Орта деңгейлі зарарсыздандыру арқылы патогендық микроорганизмнің көлемін төмендетеді. Бірақ ұрықтары жойылмайды, денсаулыққа қауіптігі жоқ.

Жоғарғы – дәреже зарарсыздандыру туберкулез таяқшасын, энтеровирустарды басқа да бактериялардың вегетативтық түрлерің, тұрақты вирустардың, ботулизм, столбнякқа қарсы толығымен жою үшін қолданылады.

Бүкіл микроорганизмдерді ұрықтарымен жою.

Арнайлы әдістер қолданылады:

- химиялық

  • газдың

  • физикалық

  • ауалық



«Зарарсыздандыратын ерітінділерді дайындауда медицина қызметкерлеріне қойылатын негізгі талаптар »

Зарарсыздандыратын заттармен жұмыс істеуге кәмелеттік жасқа толған, денсауклығы бойынша қарсы көрсеткіші жоқ адам тағайындалады. Зарарсыздандырушы заттармен жұмыс істейтін мамандар(дезинструктор, дезинфектор,дератизатор) әрбір 5 жылда 1 рет зарарсыздандыру, дезинсекция және дератизация бойынша кәсіби дайындықтан өтеді, және жыл сайын жұмыс кезіндегі қауіпсіздік бойынша инструктаждан өтеді, зарарсыздандыратын заттардан улану болып қалғанда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуді үйренеді.

Мекеме басшысы есінде сақтау керек; қызметкердің денсаулығына осы мекеме басшысы жауапты болады. Сондықтан, зарарсыздандыратын заттармен жұмыс істейтін барлық қызметкерлер қауіпсіздік бойынша толық инструктаждан,яғни үйретуден, оқудан өтуі керек.

Санитарлық нормаға сәйкес, зарарсыздандыру жұмысына кәмелетке толмаған жастар, сондай-ақ аллергиялық ауруы барлар жіберілмейді. Мекеме қызметкерлері жыл сайын медициналық қараудан өтіп отырады және санитарлық кітапшасы болуы керек.

Зарарсыздандыратын заттармен жұмыс кезінде міндетті түрде қорғаныс киімдерін пайдалануы керек. Қорғаныс киімдерімен мекеме қамтамасыз етуге міндетті. Жұмыс кезінде осы заттардың дененің ашық жеріне түспеуін қадағалау керек. Зарарсыздандыратын заттармен жұмыс кезінде су ішуге және тамақтануға болмайды.

Жұмыс соңына қызметкерлер қолдарын сабындап жуу керек.

Теріге, көзге байқаусызда тиіп кетсе, оны дереу ағынды сумен жуып тастау керек. Бөлмеде дәрі салынған қобдиша- аптечка болуы керек. Мекеме басшысы дәрі салынған қобдишаны дайындатып қоюға міндетті.
Құрамында хлоры бар заттармен улануда алғашқы көмек көрсету алгоритмі..

-құрамында хлор бар зат теріге жанасса, тез арада оны сумен жуып тастау керек;

- Көзге тисе дереу көздерін сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен жуу керек; қажет болса көзге- 30% альбуцид тамшысын тамызу; егер ауырсыну басылмаса - 2% новокаин ерітіндісінің тамшысын тамызады.

- тыныс алу жолдары тітіркенгенде – тез арада басқа, желденетін бөлмеге немесе далаға шығу, ауызды сумен немесе 2% ас содасы ерітіндісімен шаю, ас содасын қосып жылы сүт ішу( 1стақан сүтке 1 шәй қасық сода),қажет болса тыныштандыратын, жөтелге қарсы және жүрек дәрілерін тағайындайды.

Дезинсекцияның дератизациядан айырмашылығы

Дератизация— кемірушілерден және ұсақ жануарлардан құтылу, оларды жою әдісі.

Дезинсекция — кез келген қажет емес жәндіктерден тазарту, оларды жою әдісі.

Суднолар, зәр қабылдағыштар, ұштықтар, катетерлер қандай зарарсыздандыратын заттармен өңделеді және олардың проценттік мөлшері қандай?

ҚР ДСМ №357 бұйрығы, 31 мамыр 2017жыл.

Судноны, зәр қабылдағышты физиологиялық бөлінділерден босату,сосын оларды 1,5% гипохлорид кальций ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды. Содан кейін ағынды сумен щаяды.

Ұштықтарды, катетерлерді 2% ас сода ерітіндісінде 15-20 минут қайнатады. (20 грамм ұнтақ + 1 литр су)- 15 минут.
Жанадан кейінгі шыққан зарарсыздандыратын заттар .

«септол» - зарарсыздандырады, сондай-ақ залалсыздандырады;

«премиум» - экологиялық қауіпсіз, зарарсыздандырады, жуғыш зат ретінде қолдануға болады;

«бактол» - зарарсыздандырады, жуғыш әсері бар.

«Бактол форте» - жоғары концентрациялы комплексті препарат

«клинекс» - тері антисептигі, беттерді жедел өңдеу қажет болғанда қолдануға болады;

«Дез таб» - өте үнемді және әмбебап, құрамында хлор бар, таблетка және гранула түрінде болады;

«Ника» - зарарсыздандырады, жуғыш әсері бар, адам денсаулығына зияны жоқ. Балалар мекемесінде, қоғамдық тамақтандыру орындарында қолдануға болады.

Емдеу мекемелерінде ҚР ДСМ Мемлекеттік саниэпид. бақылау департаменті рұқсат еткен №8 бұйрығы, 28 тамыз, 2018 жылы шығарған . осы бұйрық бойынша жұмыс жүргізіледі.

Тапсырма. Жағдайлық есеп:

Медицина қызметкері зарарсыздандыратын ерітіндіні дайындау барысында тұншығып, жөтеле бастады. Терісі құрғақ,ұсақ бөртпелер пайда болған, қолдары қызарып кеткен.

Жағдайды түсіндіріп, медицина қызметкерінің тактикасын сипаттаңыз.

- Зарарсыздандырғыш затқа аллергия.

Тактикасы:

- дереу басқа, желденетін бөлмеге немесе далаға шығып кету;

- аухын сумен шаю;

-жылы сүт, ас содасын қосып, егер бар болса; средства.

-көздерін сумен дереу жуу;

- 30% альбуцид тамшысын тамызуға болады;

- көздері ауырса- 2% новокаин ерітіндісін тамызу

- антигистаминдік препарат- супрастин, пипольфен және т.б. қабылдау.

- дәрігерді шақыру.


написать администратору сайта