Араб елдері. Араб елдері10. Араб оамындаы йел мселесі
Скачать 38.68 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрі Семей қаласы Шәкәрім атындағы КеАҚ университеті Араб елдері Орындаған: Бейсембаева Айдана Араб қоғамындағы әйел мәселесі. Осы уақытқа дейін Сауд Арабиясындағы қыз-келіншектердің құқығы сақталмаған тағы бір дүние – оларға сайлау кезінде дауыс беруге рұқсат бермеуі. Қуанышқа қарай, жаһандану мен Еуропа елдерінің қысымы аталмыш заңдарды өзгертуге мәжбүр етті. Алайда тәртіп өзгергенімен, қоғамда бұл көзқарас өзгеріссіз қалды. Бұған дәлел – сайлау учаскелерінде қарапайым ережелерден қателесетін әйелдердің әлі де көптігі. Ал кей ер адамдар оларды ашық түрде айыптай береді. Деректерге сүйенсек, араб әйелдері өз қалауынша жолдасынан ажыраса алмайды. Көбінесе күйеуі қаласа ғана немесе отағасы зайыбын лайықты қамтамасыз ете алмаса ғана неке бұзылады. Араб елдеріндегі әйелдерге білім алуға рұқсат етілген. Дегенмен бұл да қоғам тарапынан мақұлданбайды. Көбінесе қыздар «оқу бітіріпті» деген желеу үшін ғана мұғалім немесе психолог мамандығын алады. Ал егер отбасының жағдайы жақсы болса, онда қыздарын шетелге оқуға жібере алады. Өкінішке қарай, өмір сүру деңгейі төмен басқа араб елдерінде қыздар білім мен мансапты ұмытқан. Олар тұрмысқа шығып, дүниеге бала әкеліп, тәрбиесімен айналысуға ғана мәжбүр болып отыр. Жалпы алғанда, барлық жоғары лауазымдарға ер адамдар қабылдағанды жөн көреді. Сонымен қатар, егер қыздың күйеуі, әкесі немесе ағасы жұмысына қарсы болса, онда компания оны штабқа алуға құқылы емес. Араб елдерінде діни полиция қыз-келіншектерді кез келген нәрсе үшін тұтқындауы мүмкін. Айталық, «дұрыс емес киім» үшін, бөтен адаммен қарым-қатынас жасағаны үшін, т.с.с. Сондай-ақ бұл елде әйелдер түрмеден мерзімінен бұрын шыға алмайды. Абақтыдағы қыз-келіншектер түрмеден тек қамқоршы ер-азаматтың рұқсатымен ғана босатылуы мүмкін. Қорқыныштысы сол – көбінесе олар жаза мерзімін ұзартуды талап етеді. Содан кейін әйелдер бірнеше жыл бойы түрмеде отыруға мәжбүр. Араб әйелдері үшін көп дүние таңсық десек те болады. Мәселен, күні кешеге дейін билік қыз-келіншектерге көлік жүргізуге тыйым салды. Кейбір білімді тұлғалар мен дін өкілдері әйелдердің көлік айдауын «күнә» деп таныған. Тіпті көлік айдауға шетелдік құжаты болса да, мемлекеттік лицензия бермеген. Ислам терроризм сөз тіркесін қолдану дұрыс па? Ислам дiнi әр түрлi қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әдiлетсiздiк пен шектен шығушылықты харам санайтын, iзгiлiк пен татулықты, тыныштық пен адамгершiлiктi уағыздайтын хақ дiн. "Ислам" деген сөздiң өзi татулық, бейбiтшiлiк, тыныштық дегендi бiлдiредi. Сонда да кейбiр топтар Ислам дiнiн жағымсыз етiп көрсетуге тырысады. Бұған осы хақ дiннiң атын жамылған терроршылар да кiнәлi. Бiр қуантарлығы, соңғы кезде елiмiздегi бұқаралық ақпарат құралдары терроризмнiң "дiнi, иманы, ұлты" болмайтынына көзi жетiп, бiржақты "исламдық терроризм" деген тiркестi қолданудан бас тартқандай болды. Бiздiңше, террор дiн тұрмақ, күллi адамзатқа қарсы жасалған үлкен қылмыс. Өйткенi, Құран Кәрiмде: «Кiм кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең...»-делiнген. Демек, жазықсыз бiр адамды өлтiру күллi адамзатты өлтiргенмен бiрдей үлкен күнә, үлкен қылмыс. Құран Кәрiмде "зұлым" және онымен түбiрлес сөздер шамамен 350 жерде кезiгедi. Зұлым (зұлмат) араб тілінде нұрсыздық, қараңғылық, тымырсық-түнек дегендi бiлдiредi. Ал, термин ретiндегi мағынасы - әдiлет пен хақты қараңғылықпен басу, қысым жасау, жәбiр көрсету, адамдардың құқықтарын таптау, азаптау дегендi бiлдiредi. Аллаһ Тағала Құрандағы көптеген аяттарда зұлымдық жасаудың қаншалықты жауыз амал екенiн көрсетiп, оны харам етедi. Исламиятта фундаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, өйткені, ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты- адамзатқа ортақ бейбітшілік. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. . 3. Араб көктемінен кейінгі өзгерістер? 2011 жылы 14 қаңтарда президент Бен Әли өкілеттігін тоқтатып, елден кетіп тынды. Мысыр, Йемен, Ливия президенттері тунистік әріптесінің ізін суытпай, биліктен өз еркімен кетті. Алжир, Ливия, Йемен, Мысыр, Марокко, Бахрейн, Оман, Судан, Кувейт, Иран тұрғындары да бой көтерді. Ливия, Сирия, Йемендегі әлі күнге дейін жалғасып жатқан қозғалыстар мыңдаған адамның жанын қиып, отанын тәрк етуге мәжбүрледі. Guardian газетінің тапсырысымен өткізілген сауалдамада әрбір екінші тунистік революциядан кейінгі өмірі нашарлағанын алға тартқан. «10 жылда талай министр ауысты, дегенмен жүйеде өзгеріс жоқ», дейді олар. Кейіпкерлер өзгергенімен, сценарий сол қалпы. Ал азаматтық соғыстар жалғасып жатқан Ливия, Сирия, Йеменде жағдай тіпті нашар. «Араб әлемінде болған өзгерістер екі түрлі болды. Ливия мен Сирия сияқты елдерде жағдай ушығып, хаос орнады. Египет тәрізді мемлекеттер либерализмге жетпейтін демократияны қанағат етті. Араб әлемі 1989 жылғы Шығыс Европаның күйін кешеді деген жорамал шындыққа айналмады. Бір қарағанда оқиғалар ұқсас көрінеді, бірақ ол - тек сыртқы ұқсастық» деп жазады Stratfor Commentary. Мақаланың соңында саясаттанушы Фридманның «Бірақ осының бәрі «Араб көктемі» мақсатына жетпеді дегенді білдірмейді» деген сөзі берілген. Фридманның ойынша, «Араб көктемі» Батыс көзқарасымен қараған адамға мақсатына жетпегендей көрінуі мүмкін. Өйткені либерализм араб елдеріне бармады. Егер «Араб көктемінің» мақсаты либерализм болды деп ойласақ, әрине, ол бұл мақсатқа жеткен жоқ. Егер мәселеге либерализм тұрғысынан қарайтын болсақ, онда Бен Әлидің елінен қашуы да либералдық дамуға әкелген жоқ, соғыс пен дағдарыс, хаостың бастамасы болып шығады». 4.Араб әлемінің әлемдік экономиядағы үлесі қандай? Өңір елдерінің негізінен қазба байлық экспортына иек артып отырғаны белгілі. Мұнайдың ең көп қоры Сауд Арабиясына тиесілі. Бұл елде шамамен 36,2 млрд тонна мұнай қоры бар екен. Одан кейінгі орындарда Ирак (15,7), Кувейт (13,8), БАӘ (12,5) елдері тұр. Ал Катар газ қоры жөнінен (25,37 трлн м3) көш бастайды. Сондай-ақ көгілдір отын қорымен Сауд Арабиясы (7,92), Алжир (4,5), Ирак (3,17), БАӘ де (6,43) мақтана алады. БАӘ сыртқы әлем — бұл университеттің халықаралық ұйымдардағы мүшелігі сияқты ОПЕК ( Организация стран экспортеров нефти) ұйымдастыру, араб мұнай экспорттаушы елдер (ОАПЕК), халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) және көпжақты агенттігі инвестициялық кепілдіктер (МАИГ), халықаралық валюта қоры (ХВҚ), c 1995 жылғы БАӘ-нің мүшесі болып табылады БАӘ екінші ірі экономикасы бар өңірдің Арабия шығанағы, және олар неғұрлым тез өсіп келе жатқан экономикаларының. Соңғы 40 жыл ішінде ЖІӨ-нің тез қарқынмен өсіп, 192 есеге өсіп, 6,5 миллиард дирхам 1971 жылға дейін шамамен 1,248 триллион дирхам 2011 жылы. ЖІӨ-нің өсу қарқыны БАӘ-де соңғы жылдары қол жеткізген рекордтық сандардан асатын көрсеткіштер көптеген елдерде-дамыған және дамушы экономикасы бар: өсу қарқыны соңғы бес жылда құрап, 34%. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, сондай-ақ өсті, 100 мың дирхам 1975 жылы 174 мың дирхам 2011 жылы. Парсы Шығанағындағы орташа көрсеткіші шамамен 2,2 миллион баррель мұнай. Мұнай қоры БАӘ-де шамамен 200 миллиард баррель, ал табиғи газдың қоры — 5,600 миллиард . Басқа өнеркәсіп салаларының арасында кеңінен дамыды, энергетика (38,7 млрд кВт (2000), суды тұщыландыру (900 мың м3, 1996), алюминий өнеркәсібі (шамамен 370 мың т., 1997 2 — ші орын Таяу Шығыс), өнеркәсіп құрылыс материалдары, тоқыма, азық-түлік (қоса алғанда рыбопереработку), кейбір түрлері кеме жасау. Елде жақсы дамыған транзиттік көлік инфрақұрылымы, атап айтқанда, бар алты халықаралық әуежайлар: Абу-Даби, Дубай, Шарджда, Рас әл-Хайме, Фуджейре және Алэйне құрылысы жалғасуда ірі әуежай Әл-Мактум. 5. Террористік ұйымдардың Ислам дініне кері әсері? Экстремизм – латын тілінен енген термин, «соңғы, шеткі» деген мағынаны білдіреді, шектен шыққан көзқарастар мен іс-әрекеттер. Терроризм соның бір көрінісі. Экстремистік діндарлық діни өшпенділікті, алауыздықты, зорлық-зомбылықты қоздыратын көзқарас. Ол адамдардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, таза дін жолын ұстануына, жеке бостандығына қауіп төндіреді. Экстремизмнің шығуының басты негізінің бірі діни сауатсыздық. Ең өкініштісі терроршылар әлемді қауіп-қатерден тек ислам қауымдастығы құтқара алады деген пікірді басшылыққа алады. Экстремист діндарлардың Араб елдерінің саяси, заң шығару жүйесін шариғатқа негіздеп теократиялық немесе саяси билікті дін басыларына беріп, мемлекет орнату, Халифат құру ұрандары халқымыздың ел билеу дәстүріне қайшы. Зорлықшыл, дінді жамылып жүрген эстремистердің (террористердің) басшылыққа алатын негізгі мақсаттары мыналар: 1. Барлық мұсылмандар тұратын елдерді басқыншылардан азат ету (Таяу Шығыс, Ирак, Ауғаныстан, Сирия кейде Шешенстанды да қосады). 2. Исламның пәктігі, оны бұрмалардан тазарту. Ұлт – азаттық қозғалыстарды қолдау. 3. Шет елдерде білім алушы жастарды зорлық-зомбылық идеялары негізінде тәрбиелеу. 4. Тәуелсіздік алған ислам мемлекеттерінің жастарының санасына радикалдық идеяларды сіңіру. 6 Мұнай доллары: мүмкіндіктер мен қайшылықтар Мұнай доллары - мұнай өндіруші елдердің мұнай бағасының өсуіне байланысты алған және несие капиталдарының халықаралық нарығында пайдаланылатын қаражат. 2022 жылы Саудия жалпы ішкі өнімі бір триллион доллардан асып, рекорд орнататын санаулы елдердің қатарына қосылады. Бұл жайында islam.kz порталы Forbes іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2021 жылы араб елінің жалпы ішкі өнімі 834 миллиард долларды құрап, әлемде экономикасы 19-шы орынды місе тұтқан болатын, биыл бұл көрсеткіш мұнай бағасының өсуінің арқасында күрт өседі. АҚШ-тың энергетикалық ақпарат басқармасының болжамы бойынша Brent маркалы мұнай баррелінің орташа құны 2021 жылғы 70,89 доллармен салыстырғанда 2022 жылы 104 доллардан асады, ал 2020 жылы небәрі 41,69 доллар болған еді. Осы орайда жанармай-жағармай бағасының әлемдегі геосаяси ахуалға байланысты, соның ішінде Украинадағы қарулы қақтығыс пен ОПЕК+ елдерінің мұнай өндіруге шектеу қоюына байланысты көтерілген еді. Осыған байланысты Сауд Арабиясының қазынасына мұнай шикізатынан мол табыс түседі. Жақында Саудия билігі екінші тоқсанда бюджет профициті 20,8 миллиард долларды құрап, мұнайдан түскен кірістер өткен жылмен салыстырғанда 90 пайызға жуық өскенін хабарлады. Аталған араб елінің министрлер кабинеті таратқан мәліметтерге сәйкес осы кезеңде ел экономикасы 11,8 пайызға, мұнай секторы 23,1 пайызға, шикізаттық емес сектор 5,4 пайызға өскен. Халықаралық валлюта қорының божамы бойынша Сауд Арабиясының экономикасы жыл соңына дейін 7,6 пайызға артып, 1,04 трлн долларға жетпек. Ал Capital Economics консалтингтік фирмасы сарапшылары аталған араб елі экономикасының бұл көрсеткіштен де жоғары деңгейге жететінін, дәлірегі, он пайызға артатынын болжап отыр. Сауд Арабиясы Таяу Шығыстағы 1 триллион доллар шегін бұзған алғашқы мемлекет емес — мұнай бағасының тағы бір бенефициары Иран 2021 жылы ЖІӨ бойынша бірінші қатарға қосылды. Сәл шегініс: ОПЕК+ елдері бұған дейін мұнай өндіруді тәулігіне 100 000 баррельге ұлғайтуға келісті, бұл 1982 жылы өндіріс квотасы енгізілгеннен бері тіркелген ең аз өндіріс өсімінің бірі. 7 Араб елдерінің экономикасына діндердің әсері қандай? Араб елдердің экономикасына исламның ықпалы бойынша араб мемлекеттерін төмендегідей түрде топтауға болады: Мұсылман әлемінің тарихи орталығы болып саналатын – Катар, Біріккен Араб әмірліктері, Кувейт, Бахрейн, Сауд Арабиясы сияқты Арабия жарты түбегінің мұнай монархиялары. Бұл монархиялардың барлығында ислам діні мемлекеттік идеологияның негізі болып жарияланған, мұсылман институттары мемлекеттік құрылымда қамтылған, саяси партиялар мен ұйымдардың жоқтығы сыртқы саяси шешімдерді қабылдау үдерісінде мемлекет басшылары-монархтардың рөлін арттырады. Бұл мемлекеттер ислам фундаментализмі идеяларының қайнар көзі ретінде халықаралық аренада жетекші ислам орталығы рөлін атқаруға ұмтылып отыр. Нарықтық экономика жолымен дамып, әлемдік интеграциялық жүйеге тартылуға ұмтылып отырған – Марокко, Иордания, Египет сияқты араб мемлекеттері. Бұл елдердің сыртқы саяси бағыты негізінен, экономикалық мүдделермен ұштасқанымен, сыртқы саясатында және ішкі дамуында исламның ықпалы байқалады. Бұл мемлекеттердің барлығы халықаралық мұсылман ұйымдарында елеулі рөл атқарады. Марокко және Иордания сияқты мемлекеттерде ислам қағидаттары сыртқы саясаттың негізі ретінде жарияланған. Ялта-Потсдам жүйесі кезеңінде социалистік даму жолын таңдаған – Сирия, Алжир, Йемен сияқты араб мемлекеттерінің сыртқы саясаты негізінен сыртқы факторларға тығыз байланысты. Социалистік даму жолында болған кезеңінен бастап мемлекеттердің сыртқы саясатында батыс әлеміне және Израиль мемлекетіне қатысты ерекше ұстанымдар қалыптасқан. Араб қоғамында ислам дінінің айрықша орны бар. Дін қоғам және мемлекеттің барлық салаларын реттеуге араласып, сыртқы саяси бағыттарына да елеулі ықпалы бар факторға айналып отыр. Мысалы, Арабия жарты түбегінде орналасқан араб елдерінің ішінде Сауд Арабиясының экономикасына, сыртқы саясатына, әлеуметтік дамуына ықпал етіп, оның саясатын, мұсылман орталығына айналуын қамтамасыз етіп отырған фактор. Бұл мәселеде, ислам діні тиімді идеологиялық фактор ретінде қолданылады. ХХІ ғасыр бастауында, ислам және мұсылман қауымы қайта құруларды, өзгерістерді басынан кешіріп отыр. Исламды ұстанып отырған елдердің демографиялық және қаржылық қарқыны, Парсы шығанағы елдерінің мұнай газ саласындағы жетекші рөлі, араб елдерінің сыртқы саяси шешімдерінің қабылдануындағы исламның рөлін жоғарғы деңгейге шығарып отыр. Бұл елдердегі мемлекеттік және әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы, олардың әкімшілік, әскери және өндірістік технологияларды қолайлы пайдалана білуі, араб елдерінің әлемнің қазіргі дамуындағы іргелі орталықтарының біріне айналдырып отыр. Барлық араб елдеріне, биліктің орталықтандырылуы, мемлекет басшысының кең өкілеттігі, патерналистік әлеуметтік саясат жүргізуге деген ұмтылыс, саяси жүйедегі армияның айрықша рөлі, діни қауымдық бірегейлік, исламның ішкі, сыртқы саяси бағыттағы күшті ықпалы тән. |