|
Дүниетану. АБ1 Дүниетану. Аралы баылау сратары
Аралық бақылау сұрақтары:
1. Дүниетану оқыту әдістемесі пәні қандай ғылымдармен байланысады және не үшін екенін түсіндіріңіз?
2. Дүниетануды оқыту әдістемесі пәнінің теориялық негізін түсіндіріңіз?
3. Дүниетануды оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері қандай?
4. Дүниетануды оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу әдістерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
Оқыту әдісі кез-келген ғылым сияқты диалектикалық материализм философия негізінде қурылады және өңделеді.
Болашақ педагогикалық бір саласы ретінде әдістеме басқа ғылым бөлімдерімен негізі байланыста, әсіресе дидактикамен. «Дүниетануды» оқытудың әдістемесі өзіне тән заңдылықтарың дайындауда әдістеме жалпы оқыту заңдылықтарына тірелуі, дидактикамен бекітілген. Өз кезегінде, әдістеме дидактикаға қуралдарын кеңейтуге, жалпы оқыту заңдылықтарын білу үшін береді.
Оқушыларды болашақ қызметке дайындауға байланысты сурағын шешуде, әдістеме политехникалық білімнің мәселерін дайындайтын педагогика ғылымының осы бөліміне тіреледі.
«Дүниетануды» оқытудағы тәрбиелік мәні туралы сурақ әдістемесі дайындалады, тәрбие барысында үйлесімді жекелікте жалпы тәрбие заңдылығынан шығады.
Жаратылыстануды оқытуда әдістеме тарихы педагогика тарихымен байланысты.
Әдістеме табиғат туралы ғылымның ішінен оқу пәнінің мазмунын алады яғни білім беретін қуралын. Мектептегі биология курсын беру оқытушыдан биология ғылымы жағынан эрудицияны қажет етеді, теория жағынан да-табиғат қубылыстарын ғылыми дурыс түсіндіру үшін, тәжірибе жағынан да, табиғатты өсімдік пен жануарларды білуге қажетті, олардың анықтамасын, өсірілуін, препарат жасау, олармен тәжірибе жасауға қажет.
Мектеп пәнінің мазмұны ғылыми болуы тиіс. Биология ғылымының негізгі мазмұны және қарапайым биологиялық зерттеу әдістері «Дүниетану» оқыту өзіне тән әдістемесін анықтайды және басқа мектеп пәндерінің әдістемесінен ерекшелейді оны.
Мектептегі биология пәні мен биология ғылымының арасында мақсат, көлем, құрылыс, әдіс және баяндау жағынан үлкен айырмашылық бар. Биологиялық ғылымның мақсат-зерттеу жолында табиғат туралы жаңа мәліметтер алу. Мектеп пәнінің мақсаты-ғылыммен алынған фактілермен заңдылықтар мәліметін оқушыларға жеткізу. Мектептегі пәнді оқытуға белгілі уақыт беріледі және оқушыларға нағыз бекітілген ғылым негіздерін жеткізеді, оларды басты ғылыми проблемаларымен керексіз хабармен артық жүктемей таныстырады.
Биологиялық ғылым, ботаника және зоология сияқты, өзінің дамуында дифференциялданды анатомияға, морфологияға, жүйеге, физиологияға, экологияға және т.б. бөлінді. Мектептегі пәнде тірі организмді білуде, жекелеген өсімдік пен жануарлар органдарын, сонымен қатар адамды осы ғылым элементтері біріктіреді интегралдайды. Оқытушыға әдістеме ғылым негіздерінде басты қажетті бөлшектерін дұрыс табуға көмектеседі, түсіну және есте сақтау үшін барынша жеткілікті оқу құралдары өзіндік объектіні оқытады және баяндайды. Бұл айырмашылық мектеп балаларының психологиялық жастарын ескере отырып, оқытудағы педагогикалық ерекшеліктеріне сай тарихи құрылды. Білім құрылысы мен олардың мазмұндық қалпы мектеп пәнінде басқаша-педагогикалық. Бұл туралы «Ғылыми және педагогикалық ғылымды мазмұндау-екі түрлі нәрсе, бүкіл мемлекет оқытушылары ғылыми педагогикалық жүйе жасау жолында еңбек етуде» – деп Ушинский К.Д. айтқан.
Сонымен, оқу пәні жүйедегі ғылымға сай алынған, оқыту заңдылықтарының әдісімен анықталған және жалпы білімді мектеп мақсаты тәрбиеге сай және оқушылардың жас ерекшеліктерімен алынған білімді біріктіреді «Дүниетану» оқытудың әдістемесі логикамен, психологиямен, физиологиямен байланысты. Оқыту әдістемесін дайындау қажеттілігі онымен оқылатын құбылыстардың күрделілігінен басқа ғылым негіздерін қолдануға шақырады. ( Верзилин И.М., Корсунская В.М. 1986., Скаткин М.Н. 1982) .
Практикалық тапсырма:
1. Бастауыш сынып дүниетану пәні бойынша кез келген оқу мақсатына сүйене отырып, сабақ жоспарын құрастырыңыз. Оқу мақсатынан- сабақ мақсатын-бағалау критерийлерін толық ұсыныңыз.
ҰЖ – ұжымдық жұмыс ЖЖ – жұптық жұмыс ТЖ – топтық жұмыс
сабақ
Бөлім:
| Өзім туралы
| Педагогтің аты-жөні
| Хадам Б
| Күні:
| 07.09.2022
| Сынып:
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы
| Менің отбасым
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 2.1.1.2. Мысалдар негізінде отбасылар жайлы түсіндіру.
| Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар: жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтап әңгімелей алады.
Көптеген оқушылар: жалпыға ортақ әдеп нормаларын талдайды.
Кейбір оқушылар: жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтап, қорытынды жасайды.
| Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Басы 2 мин 3 мин
| Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:
«Мюссемберг» әдісі. ҰЖ
Көп әріптер арасынан сөзді тауып, тақырыпты аш. првпваншлрменіңрвапгалроодщлотбасымждаггнащррт сспаопшкзылр
Оқу материалын жариялау: «Миға шабуыл» әдісі.
Қандай сөз құрадың? Отбасы деген не?
Кез келген адамның өз отбасы бар. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Оған бір үйде тұратын ең жақын адамдар
жататынын сен 1-сыныпта таныстың. Бұл – жақын және туыс адамдар, біз жақсы көретін, біз үлгі алатын,
| Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
Сөзді тауып, тақырыпты ашады. (Менің отбасым)
Отбасылық құндылықтар картасын толтырады.
|
| Мұғалім үшін:компьютер, экран, мультимедиалық проектор,
дыбыстық колонкалар, электронды
қосымша, кестелер мен мазмұнды
суреттер.
Оқушы үшін:оқулық, оқушы дәптері (№1, №2).
|
5 мин
| қамқорлық жасайтын, жақсылық пен бақыт тілейтін
адамдар. Біз отбасында махаббатты, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты үйренеміз. Отбасы адам
санына қарай әртүрлі болады. Яғни шағын және көпбалалы отбасы да кездеседі. Отбасындағы әр мүшесінің өз орны
бар және ол адамдардың басын қосып, біріктіретін ұлы қасиет – сүйіспеншілік пен сыйластық. ТЖ Зерттеп көр.
Отбасы құндылықтарына қандай қасиеттерді жатқызар едің?
Анықтама
Кез келген отбасында үлкендер кішілерге қамқорлық көрсетеді. Ал кішілер үлкендерге көмектеседі. Оны отбасылық құндылықтар деп атайды.
Сізге отбасы не үшін керек? Әр отбасы мүшесі қандай рөл атқарады?
|
Топтарға ақ парақ қағаз беріледі. Параққа отбасы құндылықтарына жататын сөздерді жазады. Топта қорғайды.
|
| Оқулық, оқушы дәптері
СД дискі тапсырмалары
| Ортасы 15 мин
| (ҰЖ) 1-тапсырма «Түйінді сәттер» әдісі арқылы жүзеге асады.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқы. Әңгімелесу:
А) Суреттерде берілген отбасы мүшелерін айтып бер. Ә) Мақалды оқып мағынасын түсіндір:
«Отан отбасынан басталады». Б) Сұраққа жауап бер:
Суреттегі екі отбасы туралы не айта аласың? Бұл отбасыларда жалпыға ортақ қандай әдеп нормалары қалыптасқан? «Қамқорлық көрсету», «көмектесу» деген ұғымдарды қалай түсінесің? Суреттен қамқорлық көрсету әрекетін байқадың ба? Әңгімелеп айт. Өз отбасыңда қандай қамқорлық көрсетілетіні туралы айтып бер.
Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады.
| Оқушы мәтінді түсініп оқиды. Суретте берілген отбасы мүшелерін айтып береді.
Мақалды оқып, мағынасын түсіндіреді.
Сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор:
Мәтінді түсініп оқиды. Отбасы мүшелерін айтып береді. Мақалдың мағынасын түсіндіреді. Сұрақтарға жауап береді.
Оқушы өз отбасы, қамқорлық туралы әңгімелейді.
Дескриптор:
Отбасы, қамқорлық туралы әңгімелейді. Өз отбасына қандай қамқорлық жасайтынын айтады.
Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі
| ҚБ: «Отшашу» арқылы бір- бірін бағалау
| Оқылым, жазылым тапсырмалары, СД дискі
Оқулық Оқулық суреті
|
15 мин
| Белсенділігі жоғары оқушыға:
– Жалпыға ортақ әдеп нормаларын ата. Олар не үшін керек?
Белсенділігі баяу оқушыларға уақыт беріледі.
Сергіту сәті
Біз бір үйде нешеуміз? Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым – атам, Балаң үйрек – апам.
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам. Кішкентай бөбек – мен. Біз бір үйде нешеуміз? Біз бұл үйде бесеуміз.
(Д) 2-тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады. Дидактикалық ойындар. «Мен және менің отбасым».
Өз отбасың туралы әңгімеле.
ЖЖ
Суреттерді салыстыру. Өздік жұмыс.
Жұмыс дәптеріндегі А, В, С. 1-тапсырманы орындау.
Сызбалар бойынша көрсетілген әрекеттерді
сәйкестендіреді. Отбасында және жеке атқарылатын жұмыс түрлері туралы жазады.
Отбасына қандай қамқорлық жасайтынын жазады.
| арқылы жүргізіледі. Кейбір оқушыға:
– отбасы туралы мақал-мәтел жаз. Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды. Қимылдарды қайталайды. Белсенді оқу тапсырмалары (топта, ұжымда).
Жұмыс дәптеріндегі жазба тапсырмаларын орындау.
СД дискі тапсырмаларын орындау
|
|
Оқулық
Жұмыс дәптері
| Соңы 5 мин
| Кері байланыс: «Бағалау ағашы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.
Жасыл алма – бүгінгі сабақтағы жұмысым: әрекетсіз/белсенді;
Қызыл алма – бүгін сабақтан түйгенім өте көп, қанағаттанарлық;
Сары алма – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.
| Оқушылар себеттегі алма түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілген бағалау ағашына жапсыру
арқылы, сабақ бойынша ойларын қорытады.
|
| Суреттер, алма пішінді жапсырма қағаздар
|
|
|
|