Главная страница
Навигация по странице:

  • БӨЖ.

  • Сабақтың көрнекілігі

  • Сабақтың түрі

  • Сәулет өнері. Сәулет өнерінің шыңы тақырыбына тоқталайық . 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар. Сәулет өнерінің тарихы

  • Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері.

  • Беғазы-Дәндібай Қола дәуірі. Түгіскен қоныстары мен қорымдары кесене.

  • ХІV-ХV ғасырдағы салынған атақты сәулет өнерінің туындыларының бірі Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.

  • 2-тапсырма. Ой толғау. Топты екіге бөлеміз. Сұрақтарға кім бірінші жауап береді.

  • 3-тапсырма. Сәулет өнерінің тарихы мәтіні бойынша жаңа сөздерден сөздік құрастыру 4-тапсырма. Мәтінді оқып, аударып, мазмұңдаңыздар.

  • 5-тапсырма. Толғаныс . Қорытынды сұрақтар

  • 6-тапсырма. Екі топқа бөлінеміз.

  • 7-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар, мазмұндаңыздар.

  • 10-тапсырма .

  • 14-тапсырма. І. Ой-толғаныс Көп мағыналы сөздер дегеніміз не

  • ІІ. Кім көп біледі

  • Шылау сөздер. Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздерді шылау сөздер д

  • Жалғаулық шылаулар

  • Демеулік шылаулар

  • 21-тапсырма. Берілген шылау сөздерді кестеге толтырып жаз.

  • Жалғаулық шылау сөздер Септеулік шылау сөздер Демеулік шылау сөздер

  • 22-тапсырма. Синоним. Тест

  • БӨЖ. Қазақстан жеріндегі тарихи ескерткіштер.

  • 10 сабак Сәулет өнері. Саулет онерінін шыны. Студ (1). арашаны трті. 10саба. Лексикалы таырып


    Скачать 1.39 Mb.
    Названиеарашаны трті. 10саба. Лексикалы таырып
    Дата17.09.2021
    Размер1.39 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла10 сабак Сәулет өнері. Саулет онерінін шыны. Студ (1).doc
    ТипДокументы
    #233341

    Қарашаның төрті.

    10-сабақ.

    Лексикалық тақырып:Сәулет өнері. Сәулет өнерінің шыңы.

    Грамматикалық тақырып: Көп мағыналы сөздер. Синонимдік қатар. Жалғаулықтар (себебі, сондықтан, бірақ, және, да/де/та/те, мен/бен/пен, немесе, яки, әрі, әйтпесе, дегенмен, алайда); септеуліктер (үшін, жөнінде, сияқты, арқылы, бойынша, қарай, таман, дейін, кейін, соң, бастап, гөрі, бірге, ретінде, жөнінен, тарапынан, барысында, қатысты); демеуліктер (ғана, тек, ғой).

    БОӨЖ. Ағаштан, асыл тастардан, теріден жасалатын қолөнер туындылары, Өнер туындылары, Қолданбалы өнер, Қазақ қолөнері.

    Зергерлік туралы презентация дайындау.

    БӨЖ. Қазақстан жеріндегі тарихи ескерткіштер.
    Сабақ тақырыбы: Сәулет өнері. Сәулет өнерінің шыңы.

    Сабақтың мақсаты. Осы өнер бағытын тануда студентті дәстүрлі өнерге айналған жанрды танып білуге үйрету. Сәулет өнері тарихы жайлы мәліметтер беру. Қазақстан сәулет өнерінің дамуы туралы түсінік беріп, студенттерді әсем қаламыз Астанамен таныстыру, Қазақстан аумағындағы сәулет өнерінің ескерткіштерін салыстыра отырып, студенттердің танымдық қабілетін дамытып, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденуге дағдыландыру. Көне тарихи ескерткіштерді, ұлттық құндылықтарды сақтап, қастерлеуге өнерге және шеберлік шығармашылыққа тәрбиелеу.

    Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиеттер, видео материалдар, слайд т.б.

    Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, суреттер көрсету арқылы сипаттап түсіндіру, интерактивті тақта.

    Сабақтың түрі: Жаңа тақырып.
    Сабақтың барысы.

    1. Қызығушылықты ояту

    Бейнелеу өнерінің түрлері

    Ой қозғау

    — Біздің Отанымыз қай мемлекет?

    — Қазақстан дегенде көз алдымызға не елестейді?

    Біз бірнеше сабақ бойы өтіп жатқан сабақтарға ой жүгіртсек үйреніп білгеніміз, Қазақстан-Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтан, Мемлекеттік тіл- қазақ тіліміз бар, Көп ұлттар тұрады, Кең байтақ жеріміз бар, Пайдалы қазбалары көп, Тәуелсіз мемлекетпіз, Рәміздері бар, Мәдениетіміз бар, Өнеріміз бар, Дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан ел екенімізді білдік. Енді Сәулет өнері. Сәулет өнерінің шыңы тақырыбына тоқталайық.
    1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
    Сәулет өнерінің тарихы
    Тамыры тереңде жатқан сәулет өнерінің орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерінде де пайда болуы мәдениетіміздің озық үлгісі болып танылды. Орта ғасырда сәулет өнері дамыды. Төрт қабырғалы, өзіне тән ою- өрнектерімен безендірілді. Мысалы, Бабажа хатун кесенесі («Айша Бибі» кесенесі Тараз қаласы маңында). Көшпенді халық өзіндік сәулет ағымын өмірге әкелген. 9 – 14 ғ. Ғажайып қала құрылысын жаппай өркендетті. Кезінде шартарапқа әйгілі болған Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолының бойында бой көтеріп, талай ел саяхатшыларының таңдайын қақтырған. Ірі мәдени орталықтары болған қазақ жері сәулет өнерімен де әлемге белгілі болып отыр.

    Х-ХІІ ғасырларда сәулетті ірі құрылстар салына бастаған. Мұндай құрылыс жүйелерінің салынуына Қазақстанда Ислам дінінің келуі бастау алды.

    Сәулет өнері-құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Ал құрылыс дегеніміз жобасы күрделі биік әсем салынған архитектуралық ғимарат. Өнердің бұл түрі ғимараттардың іші-сыртын безендіру барысында қолданылады.

    Ежелгі құрылыстар.

    1) Алғашқы адамдардың мекенжайы, үйі қандай болды?

    2) Олар қайда өмір сүрді?

    Ең алғашқы адамдардың баспанасы үңгірлер тау – қуыстары жер бетіндегі үй.

    Ежелгі замандағы құрылыстар жер кепе.



    Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері.

    Мемлекеттің қалыптасуы, шаруашылықтың өркендеуі орта ғасырларда қазақ жерінде құрылыстың көп салынуына негіз болды. Біртіндеп құрылыс салудың үлгілері көбейіп,үнемі жаңарып отырды. Осылай сәулет өнері дамыды.

    Құрылыс тұрғын үй салу өнерін сәулет өнері дейді. Бұл жобалау, салу деген береді.

    Қазақ жерінде сәулет өнерінің тарихы қола дәуірінде жасалған.



    Беғазы-Дәндібай Қола дәуірі. Түгіскен қоныстары мен қорымдары кесене.

    1) Бұл құрылысқа қандай материалдар пайдаланған?

    2) Қола дәуіріндегі салынған құрылыстардың қазіргі кезде сақталмау себебі?

    3) Шикі кірпіш дегеніміз қандай кірпіш?



    Айша бибі кесенесі



    ХІV-ХV ғасырдағы салынған атақты сәулет өнерінің туындыларының бірі Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.





    Кесене порталды күмбезді құрылыс.

    Ені 46,5 м,ұзындығы 65 м.

    S=?

    Биіктігі 40 м V=?

    Кесенеде ең үлкен бөлменің

    Ені 18,5 , ұзындығы 18,5

    S= ?






    Ендігі біздің міндетіміз тарихи-мәдени мұраларды қорғау. туралы Қазақстан Республикасының Конститутциясының 37 – бабында былай делінген:

    Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдени ескеркіштерін қорғауға міндетті
    2-тапсырма. Ой толғау. Топты екіге бөлеміз. Сұрақтарға кім бірінші жауап береді.

    1) Алғашқы адамдардың мекенжайы, үйі қандай болды?

    2) Олар қайда өмір сүрді?

    3) Бұл құрылысқа қандай материалдар пайдаланған?

    4) Қола дәуіріндегі салынған құрылыстардың қазіргі кезде сақталмау себебі?

    5) Шикі кірпіш дегеніміз қандай кірпіш?

    6) Қазақ даласында салынған тарихи ескерткіштерді кім көрді.

    7) Олар қандай материалдардан жасалған?

    8) Жасалу үлгілері қандай?

    9) Балалар Қожа Ахмет Йасауи кім?

    10) Кесене қайда орналасқан ?

    11) Кесенені кім салдырған?

    12) Түркістанның географиялық орны қайда орналасқан?

    13) Қордай мен Түркістанның арақашықтығы?

    14) Түркістанның табиғаты қандай?

    15) Қандай өсімдіктер өседі?

    16) Жер бедері?

    17) Халқының саны?

    18) Бөлменің пішіні қандай?

    19) Кесененің күмбездері қаңдай?

    20) Күмбездің жасалу жолына талдау жасау?

    21) Кесененің сыртында қазақтың қаңдай ұлттық ою өрнек түрлерін көруге болады?

    22) Мозайка дегеніміз не?

    23) Есікте қаңдай ою өрнектер көруге болады?
    3-тапсырма. Сәулет өнерінің тарихы мәтіні бойынша жаңа сөздерден сөздік құрастыру
    4-тапсырма. Мәтінді оқып, аударып, мазмұңдаңыздар.
    Әсем қаламыз Астананың сәулет өнеріне шолу
    1994 жылы 6 шілде- астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды 1997 жылы 10 желтоқсан- Ақмола Қазақстанның астанасы.1998 жыл 6 мамыр-Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусым- ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы.Олай болса бүгін біз Қазақстанның бас қаласы Астананың көрікті жерлерін  сырттай тамашалауға саяхатқа шығамыз.

    2002 жылы Еуразияның кіндігі-Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған “Астана-Бәйтерек” монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі іспеттес. монументтің биіктігі 105 метр. Мұнда көркем галерея, үлкен аквариум, мейрамхана және 97 метр биіктікте қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын обсерватория –алаң бар.

    Ақ Орда соңғы дамыған құрылыс әдісімен салынған жаңа резиденция. Президенттің жаңа резиденциясы-Есілдің сол жағалауындағы басты офистік ғимарат-367 шаршы метрді құрап, қазақстандық мәрмәр және гранитті пайдаланып салынған. Ғимараттың ең биік шыңы, шарықтаған қыранның бейнесін көрсеткендей 80 метрді құрайды.

    Президент Ақ Ордасында екі елдің ел басшыларының кездесу залы немесе мәжіліс залы орналасқан. Ел басшыларының кездесу залы Алтын зал деп аталады. Ғимараттың құрылысы 2001 жылдың қыркүйек айынан басталды. Арнайы ашылу салтанаты 24.12.2004 жылы болды. Бұл ерекше ақтастан соғылған сарай бейбітшілік пен мемлекеттің қуатты бейнесінің символын береді.

    “Хан Шатыры” сауда ойын-сауық орталығы 2010 жылы шілденің 5-ші жұлдызында ашылды. Президент сарайынан бастау алған Бас қаланың ғажайып ғимараты Астана қаласының жаңа орталығының кіндігінде орналасқан.“Хан Шатыры” бірегей кешені жобасының авторы-танымал, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. Жобаның ерекшелігі оның ішкі климаты ғимараттағы қазіргі заманғы автоматикалық құралдар арқылы қадағаланатынында болып отыр.

    «Нұр-Астана» орталық мешіті 2005жылы 22 наурыздан бастап Астананың сол жағалауының ғажайып келбетіне, жаңа бір көз тартатын ғимаратына айналды. Ұзындығы 63 метр 4 мұнарадан құрылған. 5 мың адамға арнап салынған. Алтынмен апталған Нұр Астана мешіті ислам дінін уағыздаумен қатар барша Астаналықтарды татулыққа, ізгілікке шақырумен келеді”.

    2003 жылы “Бейбітшілік және кілісім сарайы”салынады. “Бейбітшілік және келісім сарайы”-ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді. Биіктігі 62 метр және негізіндегі ені де сондай түзу пирамида формасында салынған. Ғимарат жасанды он бес метрлік үйінді үстінде орналасқан. Әртүрлі әлемдік дәстүрлі діндер өкілдері жиналатын жерде Мәдениет мұражайы, Өркениет университеті, 1500 орындық Опера театры орналасқан.

    1997 жылы атауы “Конгресс Холл” деп өзгертілген “Тыңгерлер сарайы” бүгінде қазіргі заманғы концерттік зал ғана емес, сонымен қатар, Астана қаласының басты мәдениет орталығының бірі болып саналады. Онда өткізілетін шаралар Қазақстанның жас елордасының мәдени, сондай-ақ саяси өмірінің қалыптасуының іргетасы ретінде тарихқа еніп отырады. Мысалы, 1999 жылы Елбасын ұлықтау рәсімі, Рим папасының Астанаға сапары, Қазақстан Республикасы Президентінің алыс және таяу шет мемлекеттер басшыларымен кездесулері – Конгресс-Холдың тарихында із қалдырды.

    Думан ойын-сауық кешенінде акула, сегіз аяқ, жайын, скат, бекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүретін мұхиттық аквариум. Мұхит аралдың су қоры 3 миллион литрді құрайды.

    К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры”

    Бұл ғимарат XIX ғасыр соңындағы классикалық стиль сәулетінің үлгісі бойынша болып табылады. Қайта жаңғыртылған Целиноград теміржолшылар сарайы осыдан алты жыл бұрын бүгінгі күні К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры деп аталатын тамаша ұжымға берілді. Қазіргі уақытта ол еліміздің ең жас музыкалық театры болып саналады. Ұлттық театр сахнада түрлі дәуір мен стильдердің қойылымдарын қояды.

    Есілдің сол жағалауына сыртқы көрінісі “ұшатын тарелкаға” ұқсас цирк ғимараты салынған.

    Ең басты жетістік – алғаш рет цирк ұжымы құрылды. Мұнда акробаттар, эквилибристтер, үйретушілер, аттағы жігіттер, өнер көрсететін гимнасттар, сайқымазақтар адамның көңіл күйін көтерсе, адамдармен бірге Африка арыстандары Шотланд понилері, түйелер, аюлар, есектер, маймылдар, иттер, түрлі жануарлар да өнер көрсетеді.
    5-тапсырма. Толғаныс. Қорытынды сұрақтар:

    Біз бүгін Нұр-Сұлтан қаласына сырттай саяхат жасап тамашаладық.

    — Бүгінгі сабақ сіздерге ұнадыма?

    — Бүгінгі сабақтан не біліп, не үйрендіңіздер?

    — Астана қаласына саяхат жасаған ұнадыма ? Неліктен ұнады?

    — Астана Қазақстанның бас қаласы, бұл жерде сәулет өнері қалай дамып келеді?

    -Астанада сәулет өнерімен бірге басқада қандай өнер саласы дамуда?
    6-тапсырма. Екі топқа бөлінеміз.

    I.топ: А) Осы саяхат сабағымыздан есімізге түсіре отырып Нұр-Сұлтан қаласының бір ғимаратының суретін салу. (Еске сақтау қабілетімізді тексеру). Ә) суреттерімізді әнгімелеп беру

    II.топ: Астанамыз туралы өлең құрастыру.
    7-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар, мазмұндаңыздар.

    Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура – латынша archіtectura, ал грекше – аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.

    Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Х130м. жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды.
    8-тапсырма.Мәтін бойынша жаңа сөздерді меңгеріңіз, есте сақтаңыз.

    Сәулет өнері – Архитектура

    эстетикалық талғам – эстетический вкус

    жобалау – проектировть

    көркемдік бейне – художественный образ

    қоғамдық ғимараттар – общественные здания

    тоғысқан жері – место стыка

    ғибадатхана – храм

    мүсін – скульптура
    9-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Сәулет өнерінің дегеніміз не? Ерекшелігін түсіндіріңіз.

    2. Архитектура туындылары туралы не айта аласыз?

    3. Сәулет өнерінің дамуы туралы ой қозғаңыз.


    10-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыздар.

    А) Әрине, ә) Ғафу етіңіз, в) Айып етпеңіз, г) Оқасы жоқ, д) Өкінішке орай, е) Міндетті түрде.
    11-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін көшіріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

    Сөз өнері, құрылыс өнері, ұлттық нақыш (колорит), құрылысты жобалау, өзекті мәселелер, көркем бейне, эстетикалық талғам, сәулет өнері.

    Грамматикалық тақырып: Көп мағыналы сөздер. Синонимдік қатар. Жалғаулықтар (себебі, сондықтан, бірақ, және, да/де/та/те, мен/бен/пен, немесе, яки, әрі, әйтпесе, дегенмен, алайда); септеуліктер (үшін, жөнінде, сияқты, арқылы, бойынша, қарай, таман, дейін, кейін, соң, бастап, гөрі, бірге, ретінде, жөнінен, тарапынан, барысында, қатысты); демеуліктер (ғана, тек, ғой).

    Көп мағыналы сөздер

    Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы болды. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие болып жатады, соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі не одан да көп мағынағада қолданылатын сөздер көп мағыналы сөздер дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.

    Мысалы: Адамның немесе жан-жануардың көзі, иненің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі, білімнің көзі, иістің көзі.

    Бас (зат есім)- 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті, төбесі; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы. Ата (зат есім)- 1) үлкен әке, әкенің әкесі; 21) ата жолы - ескіден қалған жөн – жоба, әдет – ғұрып; 3) ата жұрт - ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық. Сонымен, сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді. Кісінің кілті - аспанда. Көңіл көзін сөз ашар. Қыз өмірдің - гүлі. т. б.
    Ой шақыру 1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, оның тура не ауыспалы мағынада тұрғанын айтыңдар.

    Ағасы бардың -... бар. І

    нісі бардың -... бар.

    ... тасыса, қайық төгілер.

    ... тасыса, ақыл төгілер.

    Тарақтың тісі, адамның тісі Көйлектің жағасы, көлдің жағасы

    1. Кітап досың, ақылшың.


    12-тапсырма. Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.

    1. Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті. 2. Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым. 3. Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы - Алланың добы.
    13-тапсырма. Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.

    1. Тарақтың тісі, адамның тісі

    2. Көйлектің жағасы, көлдің жағасы

    3. Кітап досың, ақылшың

    1. Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.

    2. Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.

    3. Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы - Алланың добы.
    14-тапсырма. І. Ой-толғаныс Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?

    Тапқыр болсаң, тауып көр. Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап.

    А) Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы, жұмыстың басы

    Б) Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті

    В) сағат тілі, кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі
    ІІ. Кім көп біледі?

    Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр

    1. Адамның аяғы,....

    2. Домбыраның құлағы,....

    3. Жараның ауызы,....

    4. Пышақтың жүзі,.....
    Шылау сөздер.

    Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздерді шылау сөздер дейміз.

    Шылау сөздер мағынасына қарай 3 түрге бөлінеді.Олар:

    1. Жалғаулық шылаулар- мен,бен, пен, да, де,та, те, және, бірақ, алайда, дегенмен, біресе, бірде, кейде, не, немесе, себебі, өйткені, сондықтан.

    2. Септеулік шылаулар - үшін, туралы, жөнінде, жайлы, арқылы, дейін, шейін, бері, кейін, бірге, қатар, қабат, сайын, тәрізді.

    3. Демеулік шылаулар – ма, ме, ба,бе, па,пе, ақ, ау, ай, да, де, та,те, қой,ғой,ды, ді,ты, ті, ғана, қана, тек, түіл, тұрмақ.


    15-тапсырма. Көп нүктенің орына тиісті септеулік шылауларды қойып жазыңдар.

    1. Латифа кітап оқу ... кітапханаға барды. 2. Мен кітапханаға Латифамен ... бардым. 3. Кітапханадан ... үйге қайттық. 4. Латифаны үйіне ... шығарып салдым. 5. Сабақтан ... театрға барамыз. 6. Күн ... кітап оқуды әдетке айналдырдым.


    16-тапсырма. Мақал-мәтелдерді дауыстап оқып, шылау сөздерді табыңдар.

    1. Жаман да болса, көршіңді жамандама.

    2. Жаманға сейіл де сейіл, Серелдең де сейіл.

    1. Қорқақ пен қорқақ қорықпай көрісер.


    17-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылау сөздердің астын сыз. Оларды түрлеріне қарай ажырат.

    1. Үйдің үлкені де, кішісі де – осы.2. Азамат болу үшін өмір сүрсек қой. 3.Қолына тек домбыра берсең болды, шырқайды да кетеді.4. Өтірік пе, шын ба?5. Бала «азаматсың ғой» дегенге мрейленіп қалды. 6. Ақындық пен әншілікті қатар алып жүру оңай емес. 7.Өмірден өз орнын тапқан-ды.


    18-тапсырма. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына жақша ішіндегі шылау сөздердің аудармасын жаз.

    1. Ол бүгін аңшы туралы ... (или) табиғат туралы мәтін оқыды. 2. Күйтабақта Құрманғазы ... (и) Тәттімбеттің күйлері жазылған. 3. Оқығанымның бәрін түсінемін ...(но) айта алмаймын.4. Қазақ тілін бұрын оқыған жоқпын, ... (потому что) Ресейде тұрғанмын.5. Өткен сабақта болған жоқпын, ...(поэтому) тапсырманы орындай алмадым. 6. ... (если) айтқаны дұрыс болса, ешқашан қателеспейміз.7. Сен қазақтың белгілі әншілерін білесің ... (ли)?


    19-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтап, жалғаулық шылауларды қызметіне назар аудар.

    1. 22 наурыз күні біз демаламыз, өйткені ... .

    2. Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады, себебі ... .

    3. Табиғат адамға бәрін береді, бірақ біз ... .

    4. Менің табиғат ғажайыптары туралы көп білім келеді, сондықтан ... .

    5. Біресе мәтін оқимын, біресе ... .

    6. Қазақстанның солтүстік аймағы қыста суық болады, бірақ ... .


    20-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септеуліктерді қойып, жаттығуды көшіріп жаз. Сөйлемдерді орыс тіліне аударып, мазмұнын есіңе сақта.

    1. Іле өзені Қапшағайдан ... Балқан көліне құяды. 2. Әміре Қашаубаев Париждегі концерттен ... Еуропаға белгілі болды.3. Мақал-мәтелдердің мазмұны ... мұғалім әңімелеп берді. 4. Құрманғазы өзінің күйлерін не ... шығарған. 5. Шешендік сөздерді оқығаннан ... әдебиетке қызығып жүрмін. 6. Үш ай қыстан ... көктем болады.7. Отан ... отқа түс күймейсің.


    21-тапсырма. Берілген шылау сөздерді кестеге толтырып жаз.

    Алайда, дегенмен, біресе, бірде, кейде, не, немесе, себебі, өйткені, сондықтан, үшін, қабат, сайын, та,те, қой, ғой, ды, ді, ты, ті, ғана, қана, тек, түіл, тұрмақ, мен,бен, пен, да, де, та, те, және, бірақ, туралы, жөнінде, жайлы, арқылы, дейін, шейін, бері, кейін, бірге, қатар , тәрізді, ма, ме, ба, бе, па, пе, ақ, ау, ай, да, де.


    Жалғаулық шылау сөздер

    Септеулік шылау сөздер

    Демеулік шылау сөздер











    22-тапсырма. Синоним. Тест

    1. Синонимдік қатарды табыңыз.

    А) Қабанбай, Ерасыл. В) Арлы-берлі, ойын-сауық. С) Жабайы, тым-тырақай. Д) Ж үйрік, қара, қалың.

    Е) Әйгілі, атақты, белгілі.

    2. «Оқушы» сөзіне мәндес сөзді табыңыз.

    А) Жазушы В) Ұстаз С) Оқытушы Д) Шәкірт Е) Тәлімгер

    3. Синоним сөздерді табыңыз.

    А) Жеңіл, терең, ежелгі В) Өнер, күй, музыка С) Тіршілік, өнер, бақыт

    Д) Бағыт, бағдар, беталыс Е) Өнерпаз, өнерсүйгіш, мәдениет

    4. «Тез» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

    А) Ерте В) Орташа С) Жылдам Д) Жақсы Е) Жай

    5. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

    А) Апару, әкелу. В) Кінәлі, айыпты. С) Мәртебелі, сыйсыз. Д) Іс, сапар.

    Е) Жұмысшы, оқушы.

    6. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

    А) Мықты, бос. В) Түзу, қисық. С) Бас,қол. Д) Ауру, сырқат. Е) Асау, жуас.

    7. Синоним сөздерді табыңыз.

    А) Думан, той. В) Бала, мұғалім. С) Нәзік, толық. Д) Ажарлы, ажарсыз.

    Е) Үлкен, кіші.

    8. «Үн» сөзінің орыс тіліндегі синонимдік баламасын белгілеңіз.

    А) Свист, звук. В) Звук, голос. С) Голос, разговор. Д) Тревожно-шумный.

    Е) Шум, звук.

    9. Ата-ана сөзіне синоним сөзді табыңыз.

    А) Ата-әже. В) Әпке-аға. С) Аға-женге. Д) Апа-ата. Е) Әке-шеше.

    10.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

    А) Сұлу, әдемі, ең. В) Кәрі, қарт, қария. С) Саулық, шайлық, ірі. Д) Мүгедек, жас, қаріп.

    Е) Барлық, түгел, ерін.

    11. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

    А) Асау, жуас. В) Аз, көп. С) Мықты, берік. Д) Жоқ, бар. Е) Мықты, бос.

    12. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

    А) Көлемі, аумағы. В) Жер, аспан. С) Бес, он. Д) Үлкен, кіші. Е) Тұр, отыр.

    13. «Аспан» сөзінің синонимдерін көрсетіңіз.

    А) Көк, әуе В) Күн, планета С) Дала, жұлдыз, ай Д) Ғарыш, әлем Е) Көгілдір, ашық

    14. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

    А) Шығыс, кіріс. В) Қорқақ, батыр. С) Қорқыныш, үрей. Д) Кездесу, көріспеу. Е) Шың, шыңырау.

    15. Синоним сөздерді табыңыз.

    Елтаңбасы елімнің

    Неткен сұлу, әдемі!

    А) Неткен әдемі. В) Елтаңбасы елімнің. С) Сұлу, әдемі. Д) Неткен сұлу.

    Е) Елімнің елтаңбасы.

    16. Синонимнің анықтамасын белгілеңіз.

    А) Айтылуы әр түрлі, мағынасы бір. В) Айтылуы бір, мағынасы әр түрлі.

    С) Тура мағыналы. Д) Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

    Е) Ауыспалы мағыналы.

    17. «Дәулет» сөзінің синонимін табыңыз.

    А) Аз. В) Қас. С) Үлкен. Д) Бас. Е) Байлық.

    18. Синоним сөздерді табыңыз.

    А) Мұғалім, ұстаз, оқытушы. В) Әдемі, сұлу, алтын. С) Тақта, орындық, бүгін. Д) Қараша, қабат, үй. Е) Сынып, оқу бөлмесі, бірінші.

    19. Синоним сөздерді табыңыз.

    А) Сұлу, бай, байтақ В) Ұлаң-байтақ , кең, ұлаң-ғайыр

    С) Жақын, шалғай, биік Д) Алыс, үлкен, кең Е) Таза, терең, мөлдір

    20. «Апта» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

    А) Жеті күн, жұма В) Кешке, түнде С) Уақыт, ай, күн Д) Ғасыр, дәуір

    Е) Кеше, бүгін

    21. «Билеушілер» деген мағынаны білдіретін синонимдерді белгілеңіз.

    А) Көсем, бедел, ерік. В) Шаруа, жұмысшы. С) Хан, патша, сұлтан.

    Д) Малшы, егінші.

    Е) Батыр, би, әскер.

    22. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

    А) Орташа, қысқаша В) Арық, толық С) Көңілді, үнемді Д) Жарық, ашық

    Е) Ақылды, есті

    23. Синоним сөздерді табыңыз.

    А) Жәрдем, көмек, қолғабыс В) Халық, дәстүр, тарих С) Әділ, ақыл, білім

    Д) Арық, толық Е) Парыз, жалақы, қайырым

    24. «Уақыт сөзіне синонимдес қатарды табыңыз.

    А) Мезгіл, кезең. В) Тиімді, пайдалы. С) Күшті, мықты. Д) Күрес, арпалыс.

    Е) Әдемі, көркем.

    25. «Тілге бай» сөз тіркесінің синонимін табыңыз.

    А) Сөзге жоқ. В) Шешен. С) Тілге кедей. Д) Сөзге шорқақ. Е) Сөзге кедей.



    БОӨЖ.
    Ағаштан, асыл тастардан, теріден жасалатын қолөнер туындылары, Өнер туындылары, Қолданбалы өнер, Қазақ қолөнері. Зергерлік туралы презентация дайындау.
    БӨЖ.

    Қазақстан жеріндегі тарихи ескерткіштер.
    Тапсырма. Берілген тақырып бойынша слайд жасап, баяндаңыз.

    Қазіргі кезде Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіш бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 жылдың 5 шілдесінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді.

    Қазақстанда тіркелген 25 мың ескерткіш арасында алғашқы адамдардың тұрақтары, мыңдаға жылдар тарихы бар қалалар бар. Осы мыңдаған археологиялық куәліктер арасында ежелгі, ортағасырлық, шығыс сәулет өнерінің құнды қазынасы жатыр. Қызылорда облысындағы б.з.д. IV-II ғ.ғ. Баланды-II ескерткіші – кірпіштен жасалған әлемдегі алғашқы күмбездердің бірі. Маңғыстау ескерткіші – өзіндік, автономды сәулет стилінің әлемде қайталанбас дамуы. Жамбыл облысындағы Айша-Бибі кесенесі – Қазақстан территориясында VII-VIII ғасырларда құрылыс технологиясының даму деңгейінің зор екендігін көрсететін тағы бір әлемде қайталанбас сәулет туындысы.Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды.

    2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамасыментарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы жасалып, қабылданды.

    «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Айша-Бибі кесенесі, Арыстанбаб, Абат-Байтақ, Есімхан, Қара Сопы, Мақұл Там, Ысқақ Ата, Джабраил Ата, Караман Ата қорымдарында, Петропавл қаласындағы «Резиденция Абылай хана» кешені сияқты 78 тарих пен мәдениет ескерткіштерінде реставрациялық жұмыстар аяқталды, біздің түпкі тарихымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген.

    Соңғы үш жылда «жоқтан» екі мұражай-қорық – Алматы облысындағы Есік және Шығыс Қазақстан облысындағы Берел – мұражай-қорық жасалған.

    Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 нысан) және жергілікті (11 277 нысан) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің тізімі қабылданды.

    Мемлекет «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шет елдердегі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарс мешіті реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды.


    написать администратору сайта