Ауған соғысына 33 жыл. Ардагерлерасыл ерлер!
Скачать 30.94 Kb.
|
Ауған соғысының аяқталуының 33 жылдық мерейтойын атап өту мақсатындағы "Ардагерлер-асыл ерлер!" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесудің сценариі (Презентация көрсетіледі) Тәрбие-сағатының мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету Көрнекілігі: Проектор, экран, компьютер, слайдтар Жоспары: Мерекелік кездесудің ашылуы Қонақтарды таныстыру «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет Ауған соғысы туралы көрініс «Ардагермен сұхбат» Қорытынды. Барысы: Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, Ұстаздар ,оқушылар!15-ақпан Ауған жерінен Интернациолист жауынгерлердің шығарылғанына 33 жыл толуына байланысты ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ардагерлер-асыл ерлер» атты мерекелік тәрбие-сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие-сағатымызды ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын! Кіріспе сөз(слайд): 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы. Аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған, талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды. Бүгінгі мерекелік іс-шарамыз ардагерлер, сіздерге арналады! кезекті жүргізушілерімізге береміз! 1-жүргізуші (Мағжан): Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!Жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ардагерлер – асыл ерлер» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 2-жүргізуші (Ақжарқын): Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық. (Қонақтармен таныстыру) Ауған соғысының ардагерлері: Садыбалдиев Қалшабек Утеуов Әбілқасым Анарбаев Талғат Мырзалиев Мухамед 1 - жүргізуші: 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзған, талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс жайлы айтып кетеді. (келесі слайд басу) 2-жүргізуші: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар. Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды. 1 - жүргізуші: Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздіңтүкпір - түкпірінде еңбек етуде. 2-жүргізуші: Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын, Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер! Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз. 1 - жүргізуші: Өтер жылдар, айлар тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар! Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді.15-ақпан Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан үшін атаулы күндердің біріне айналды бүгінде. Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз Қазақстан жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді,біз сіздерге қарап бой түзейміз. Ән «Қазақстаным» Орындайтын: Әбубәкір Ақжарқын 1-жүргізуші: Сақтады олар елін, жерін, қонысын Ақтады олар азаматтық борышын Сол үшін де қолтығынан сүйейік, Ардагерге-майдангерге Иейік біз барлық жерде Басымызды сол үшін. Келесі кезекте алдарыңызда өнер көрсететін 8 «Ә» сынып қыздары «Катюша» биімен. Қарсы алыңыздар! 2 - жүргізуші Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар 7 «Ә» сынып оқушысы Марыпхан Ақжанеляның ағылшынша «Трай эврисинк» әнін қабыл алыңыздар! 1 — жүргізуші: Ерлік — елдің туы. Ер қуаты — қару болса, ел — қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес. Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те, қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартайық. «Ауған соғысы» атты көріністі тамашалаңыздар! 2 –жүргізуші: Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Осындай ағаларымыздың хатынан үзінді тыңдаңыздар. (Күй орындалып тұрады.) «Жауынгер хаты» (авторы М. Сергеев.) Бауырым, бұл хатымды аласың ба? Ауғанның тауларының арасында, Бораған қорғасын оқ бас көтертпей, Жатырмыз ессіз — түссіз жар астында. Қоршаудамыз, барады айдан асып, Анталаған жаулармен тайталасып, Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан, Шер — қайғыңды енді кімге айта аларсың? Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан, Жігіттер де шаршады сұм соғыстан. Түн ортасы басталар қанды қырғын, Жарылыстан — жарылыс – күл боп ұшқан. Күні өтеді осылай жастығымның, Жолдасымның естідім ақтық үнін. Қансырады, құлады командирім, Бірақ сырын алдырмай жатты күліп. Күліп жатты жалғанның барлығына, Өспей жатып жасыл гүл солды сонда! Көтергенмен рухын жауынгердің, Іште қалды — ау өкпесі тағдырына! Басқа салды, біз көндік, амал қанша? Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша. Қай бұрышта қалады бас домалап, Алла білер, жортатын сапар қанша? Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе, Қопарылып, өртеніп жанып кетсем, Бауырым, дән риза мен болар едім, Осы хатым еліме барып жетсе! Түсімізге енеді ақ қорымдар, Дегендей ме, сездіріп сақ болыңдар. Бәрімізде бір арман қоршаудағы; «Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!» 1 — жүргізуші: Мен қазақпын, Ұланымын елімнің, Мен қазақпын, тірегімін жерімнің. Ұланымын туын көкке көтерген, Болашаққа алға бастап жетелер. Қиындығын қазағымның әрқашан Қайыспайтын қара нардай көтерер. Ән «Тәуелсіз елім» Орындайтын: 7 «Ә» сынып оқушысы Марыпхан Ақжанеля 2 – жүргізуші: Құрметті қонақтар, ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтың арнауын назарларыңызға ұсынамыз. 1. Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар 2. Армысыздар, ауғандық жауынгерлер Жырым бар жараланған, жаныңды емдер. Өлгендердің жәннәтта болсын жаны, Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер! Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті, Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты, Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты. 3. Отан үшін оққа тосып кеудеңді, Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді. Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді Жебейді олар әруағымен сендерді. Аналардың көл боп аққан көз жасы, Жетім — жесір тағдырларын ойлашы. Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз, Елі үшін құрбан болған ер басы. 4. Баласы батыр туғаннан Денесін сумен жуғаннан Батыр да халық қазақпыз Кіндігін түйіп буғаннан Даламен бірге қайнасып Көкпенен бірге жайнасып Көршімен тату, жауына қату Қарасаң егер байқасып Тамыры терең кететін Жайнаған дархан мекенім Бар ма екен шіркін жалғанда Қазахияма жететін 5. Осындай елді құраған Бабадан қалған мұрадан Жастарға сарқыт ерлігі Сел болар ақса жырадан Ел үшін өткен батырлар Шайырлар менен ақындар Күш пенен түйсік, ақылды Бағындыра алған дарындар Олардың ерлік тәлімі Халқына айқын мәлімді Ұғына алса керекті Қазіргі ұл — қыз хәліңді 6. Атойлап шапқан батырлар Рухын қайрап ақындар Ұрпағым аман болсын деп Қыршынбасын деп жатырдан Ел үші қиып құр жанды Ұстанған елміз бір заңды Биікке қойған қазақпыз Ар — ұятпенен ұжданды Жауына күшін көрсетіп Ізіне ерген ел сеніп Жастарға бүгін аманат Жасалған істер белсеніп Бабалар салған сара жол Өшпейтін мәңгі дара жол Ұрпаққа бүгін аманат Қорғай біл халқым пана бол Сұхбаттасу 1 – жүргізуші: Оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар бар шығар, олай болса кезекті оқушыларға берейік. Оқушылардың сұрағы: — Сіздермен бірге қазақ жауынгерлері көп болды ма? — Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума – туыстарыңыз білді ме? — Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз? — Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жанасатындары бар ма? — Сіздермен шақырылған жігіттердің елге оралмай қалғандарының ішінде танитындарыңыз болды ма? — Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істерін жүргізді ме? Әлде қару беріп жібере салды ма? — Сіздерге үкімет тарапынан қазіргі таңда қандай көмек көрсетіліп отыр? — Ауғанстанда тұратын қазақтар жайлы білеміз. — Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз? — Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз? — «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз? — Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба, әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма? 2-жүргізуші: «Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген апаларымыз бен ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол. Ендеше, сөз кезегі өздеріңізде, құрметті қонақтар! Ендігі сөз кезегі алып бәйтерек, ауылымыздың мақтанышы болып жүрген ауған соғысының ардагерлеріне беріледі. 1-жүргізуші:Құрметті майдангерлер! Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып,уақыт алдыға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей бермек.Біз сіздерді мақтан етеміз! Хор «Атамекен» 2-жүргізуші: Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік! Осымен біздің мерекелік тәрбие-сағатымыз аяқталды. Көріп-тамашалағандарыңызға көп рахмет! Қош-сау болыңыздар! |