А.байтұрсынұлы. а.байтұрсынұлы. Армысыздар рметті оушылар, стаздар!
Скачать 15.77 Kb.
|
Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар! Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адамдар өмір сүрді. Бір басында сан салалы өнер тоғысқан тілегей теңіз энциклопедиялық білім иесі қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың 145 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Латын әліпбиінің негізін қалаушы» ақпараттық мәлімет А.Байтұрсыновтың өмір жолына арналады. Экраннан АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ өмірі мен қызметіне арналған слаид көрсетіліп тұрады. Жүргізуші: Бір басында сан-салалы өнер тоғысқан тілегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі,қайшылығы мол тартысты ғұмырында қаранғы қалың елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт жоқ деп білген ірі тұлға,халықтың руғани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметіне арналған «Жылдар сөйлейді» атты тақырыбымен жас оқырмандарымыз еңбек жолын ретімен баяндайды. Ахмет Байтұрсыновқа арналған өлең. Жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының тіл білімінің атасы, реформаторы атанды, қазақ тілінің төл дыбыстарын төл заңдылығының басын ашып берді. 20 ғасырдың басында қазақтың Алтай тілінен келе жатқан біздің ата-бабаларымыздың құран таңбаларымен жазылған қазақ тіліне құқықтық негіз жасап берді. А.Байтұрсынов 1891 жылдары Қазақ жазуының бүгінгі күнгі Елбасымыздың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» аясында латын әліпбиге көшеміз деген мақаласындағы латын әліпбиінің негізгі нұсқасын ұлттық болмысқа салып реформалаған 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қазіргі ұсынылып отырған латын әліпбидің жобасымен А.Байтұрсыновтың ұсынған төте жазумен танымдық ойын өткізіле отырып, ақынның өлеңдеріне сөзжұмбақ жасырады. Ахмет Байтұрсынов «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады»- деп өз ана тілімізді құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық санамызды, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға шақырады. Ал, енді А. Байтұрсыновтың өлеңдеріне кезек берейік. Жас оқырмандарымыз А. Байтұрсыновтың «Мысал,», «Туған тілім», т.б өлеңдерінен үзінді оқиды. Жүргізуші: Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Адам өміірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. А.Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді. Репрессия құрбаны болған А. Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көрініске кезек берейік. Көрініс (Ахметті тергеуші жұлқып әкетіп бара жатады) Қинамайды абақтыға жапқаны Қиын емес дарга асқаны,атқаны. Маған ауыр осылардың бәрінен Өз аулымның иттері үріп капқаны. Хош сау бол,Қарқаралы жуылмаған Айдай бер қалса адамың қуылмаған. (Ахметті жұлқып алып кетеді. Музыка үні әуелеп барып басылады.) Жүргізуші: «Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қылатын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей білсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы». Әрине Ахмет тағылымын бір сәттте білу мүмкін емес. Оны жылдар бойы тануымыз керек. А. Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі тартқан қорлық, көрген азабы болашаққа сенген үміт арманы туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған. Жүргізуші: А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы қазақ әліпбиіне, әдебиетіне салған үлестері келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі іс-шарамызды тәмамдаймыз. «Ахмет Байтұрсынов-зиялылар көсемі» атты кітап көрмесі таныстырылады. |