курсовая. "Арна" Ккшетау жоары колледжі курсты Жмыс
Скачать 21.37 Kb.
|
“Арна” Көкшетау жоғары колледжі КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Пәні: «Бухгалтерлік есеп негіздері» Тақырыбы: «Мекемедегі тауарлы-материалдық қорлардың есебін жүргізу» Орындаған: 2-курс УА-21 топ студенті Жезбаева Аружан Тексерген: оқытушы Смаилова Инкар Женисовна Көкшетау қ. - 2022ж Мазмұны Кіріспе ..................................................................................................... ........... 3 1-бөлім Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік 1.1. Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі ........................................... 5 1.2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру ......................................................7 1.3. Материалдардың номенклатурасы ................................................................9 2-бөлім Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері 2.1. Тауарлы-материалдық қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау.....................................................................................................................11 2.2. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері ................................16 3-бөлім Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі 3.1. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі ................................21 3.2. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі ......................24 3.3. Материалдық қорларды түгендеу ..............................................................26 3.4. Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар...............................................................................................................30 Қорытынды .................................................................................................30 Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................32 Кіріспе. Нарықтық экономиканың кез-келген саласында материалдық қорлар кәсіпорынның маңызды активтері болып табылады және өндіріс процесінде толығымен пайдаланылады. Бухгалтерлік есеп жүргізу тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын, қозғалысын бақылауға, үлкен шығындарды болдырмауға көмектеседі. Мұндай ақпаратты жинау және өңдеу үшін кәсіпорында бухгалтерлік есеп қолданылады. Тауарлық-материалдық қорлар сауда және өндірістік салаға жататын көптеген кәсіпорындардың негізгі (ақшалай қаражаттан кейін) ағымдағы активі болып табылады. ТМҚ өндірістік циклдің негізгі материалдық құрамдас бөлігі болғандықтан, оларды есепке алу бухгалтерлік есептің барлық деңгейлері мен оның пайдаланушылар үшін өте маңызды. Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер. Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай Курстық жұмыстың мақсаты: материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру. Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек: материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу; құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау; бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету. 1. Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік 1.1Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі – оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешіліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар: шикізат; негізгі материал; көмекші материал; жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді. Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды. Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекелерінің өндірген өнімдері – мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады. Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады. Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алыған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзіндік өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады. Көмекші материалдарға – әртүрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін, тағы да басқа да жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады. Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады. |