Главная страница
Навигация по странице:

  • Сөйлеуді дамыту. Әдістемелік нұсқау

  • 2 сойлеу. . Б. Смаилова


    Скачать 73.45 Kb.
    Название. Б. Смаилова
    Дата14.01.2023
    Размер73.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 сойлеу.docx
    ТипДокументы
    #886570
    страница1 из 18
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

    Ұ.Б. Смаилова



    СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ

    Әдістемелік нұсқау

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша бірінші кіші топ (2–3 жас) педагогтеріне арналған
    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған

    Алматыкітап баспасы

    2018


    Смаилова Ұ.Б.


    Сөйлеуді дамыту. Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша бірінші кіші топ (2–3 жас) педагогтеріне арналған/Ұ.Б. Смаилова. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018. – 34 бет.

    © Смаилова Ұ.Б., 2018


    2
    © «Алматыкітап» баспасы ЖШС, 2018



    Түсінік хат




    «Сөйлеуді дамыту» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалды:

    1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметінің2016ж.15мамырдағы292қаулысымен

    бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңаәдіснамалықнегізінанықтайды;

    1. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің2016ж.22 маусымдағы №391бұйрығыменбекіген);

    2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылым министрлігінің2016 ж. 12 тамыздағы № 499бұйрығыменбекіген).

    Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
    Балабақша тәрбиесінде болу 2–3 жастағы баланың жаңа дағдылар мен әдеттерге жаттығуына, қарым-қатынас пен әрекеттесудің түрлі тәсілдерін үйренуіне ықпал етеді. Бұл тәрбиешілердің, ересектердің, ата-аналардың балаға деген ерекше көңіл бөлуі арқылы жүзеге асады. 2–3 жастағы баланың балабақшаға бейімделу кезеңінде эмоциялық көмек көрсету, қызықты, мазмұнды іс-әрекетке тарту, баланың қызығушылығын тудыратын жағдайлар ойын түрінде ұйымдастырылады.

    Осы кезде 2–3 жастағы балалардың сөздік қорын толықтыруға арналған жұмыстар жүргізіледі, яғни сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге, сөйлеу тәртібін қолдана білуге, тәрбиеші қойған сұрақты түсініп, толық жауап беруге, диалог түрінде сөйлесуге үйретіледі.

    Педагог екі жастағы баланың таныс адамдарын, заттарын білдіретін түсінікті сөздерінің қорын кеңейту мақсатында балалармен эмоциялық тілдік қарым-қатынас жасай отырып, бүкіл режимдік және тұрмыстық жағдайларды пайдалануға тырысады. Сөйлеуді дамыту оқу қызметі үнемі басқа оқу қызметтерімен жүйелі байланыстырыла жүргізілгенде ғана оң нәтиже береді. Ұйымдастырылған оқу қызметі мен басқа да жұмыс түрлері баланы шаршатпайтындай, жүйке жүйесіне күш түсірмейтіндей, жалықтырмайтындай етіп белгілі уақыт мөлшерінен ауытқымай жүргізілуі қажет. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларды жалықтырмау, қызығушылығы мен белсенділігін төмендетіп алмай тапсырмаларды түрлендіріп, сөйлеу кезінде балаға түсінікті тілмен жеткізудің де маңызы зор.

    Коммуникация білім беру саласы:

    • Сөйлеуді дамыту;

    • Көркем әдебиет бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері арқылы жүзеге асады.

    Бұл әдістемелік нұсқауда бірінші кіші топтың сөйлеуді дамыту оқу қызметінің жоспарлары мемлекеттік «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша құрастырылды. Кейбір тақырыптар баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзгертілді. Баланың белгілі бір дағдыны, икемділіктер мен әрекеттерді меңгеру шамасына қарай баланың даралық қасиеттері мен білікті даму ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеші бұл оқу қызметтерін күрделендіре, толықтыра алады.
    «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» негізінде 2–3 жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлауға әдістемелік ұсыныстар

    Жоспарлау – ғылыми басқарудың негізі. Сөйлеуді дамыту оқу қызметі бірінші кіші жастағы баламен өзара қатынас жасай отырып, ересек адамның тілін түсіне білуге үйретеді. Сөз балаларға түсінікті болуы үшін, сол сөздің суреті немесе нақты зат түрінде немесе іс-қимылмен көрсетілуі тиіс. 2–3 жас аралығындағы кезінде ересек адамның сөзін түсінуі үшін арнайы ойындар қолданылады. Ойындар оқу қызметінің тақырыбына сәйкестендіріліп алынады. Осы ойындар арқылы тәрбиеші сөздерді балаларға өзінен кейін бірнеше рет қайталаттырады. Педагог біртіндеп балалардың өзара қарым-қатынас жасауы үшін ойналатын ойындардың санын көбейтіп, жағдайлар жасап отырады. Осы жаста бала тілінің коммуникативтік функциялары одан әрі дамиды, оның дүниені тану функциясы дамиды. Сондықтан педагог баламен қарым-қатынас жасағанда репродуктивтік қарапайым Кім? Не? Не істейді? және бірте-бірте күрделі Нені ұстады? Нені әкелді?дегенсұрақтарды жиі қойып отыруы қажет және сұрақтарға балаларды толық жауап беруге үйрету керек.

    2–3 жастағы баланы тамақтандыру, киіндіру, жуындыру кезінде ересек адам қимылды білдіретін сөздерді жиі қайталайды (бер, ал, көтер, іш, отыр, ұйықта т.б.). Осы қимылды білдіретін сөздер баланың санасында берік орнайды. Одан соң педагог сөз арқылы баланы едәуір күрделі істерге (аюды алып, оны үстелге қой т.б. әрекеттер), сонымен қатар қимылды білдіретін сөздерді ұғынуға үйретеді. («Көзіңді жұм», «Шарды қорапқа сал»,

    «Көрсет» т.б.).

    Бір жас алты айдан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың бойында дыбыстардың қарапайым артикуляциялық қатынастарының нақтылануы мен орнығуы жүреді, дауысты (еріндік- езулік) және басқа да дауыссыз дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Балалардың дыбыстық еліктеушілік қасиеті – негізгі әдістемелік тәсіл: мө-мө (сиыр мөңірейді), әуп-әуп (ит үреді), мә-мә (қой маңырайды). Бала ересек адамның айтқанын қайталап үйренеді. Балалардың дыбысты дұрыс айтуын нақтылай және бекіте отырып, тәрбиеші дыбысты меңгеруі қиындау балаларға ерекше көңіл бөлуі керек.

    Сөздігін дамыту бұл баланың сөзді дұрыс меңгеруі, сонымен қатар өз қалауы бойынша оларды қолдануы. Әрине ол педагогтің көмегімен ұйымдастырылады. Мысалы, балалар қуыршақсөзін білетін болса, тәрбиеші қуыршақтармен ойын ұйымдастыра отырып, оны басқа сөздермен толықтырып отырады. Қуыршақ үлкен, әдемі, көйлегі бар,түсіқызыл.Мынауқызқуыршақ,мынауұлқуыршақт.б. сөзді белсендіру үшін балаларды қызықтырып, сұрақтар қойып, «Сен айта ғой», «Қайтала», «Әңгімеле» деген сияқты қызықтыру әрекеттерін жасайды.

    Сөз байланысын дамыту үшін жеке заттардың, әрекеттегі заттар бейнеленген мазмұнды суреттер пайдаланады. Мұның өзі суретте бейнеленген нәрсеге қызығушылықтарын арттыра түседі, сөздерді байланыстыра айтуын дамытуға көмектеседі және баланың бойында тәрбиешінің соңынан сөздерді қайталау, сондай-ақ өз беттерінше айту икемділігін қалыптастырады. Сондықтан мұқият түсіндіру, заттардың қызметін ашып көрсету, осы кезеңде болып жатқан оқиғаларды баланың бұрын көргендерімен салыстыру қажеттілігі пайда болады. Бұрынғы тапсырмаларды қабылдауы сақталып қалады. Тапсырмалар әр жолы әртүрлі болып күрделеніп отыруы керек. Мысалы, «Айжан, қуыршақты киіндір», «Ұл баланы киіндір» т.б.

    Педагог сюжеттік ойындарды ұйымдастырғанда, түрлі заттардың көптеген атауларын үйретеді. Олардың атқаратын қызметін ашып көрсетеді: (мәшинегеадамдармінеді,мәшинесіменжүктасиды). Әрекеттерді орындау барысында болып жатқан оқиғаға балаларды белсенді қатысуға тарту керек.

    Сөйлеуді дамытудың ең оңай құралдарының бірі – театрландырылған ойындар. Олар балалардан рөлді орындау кезінде әдеби мәтін, сөз ойлап шығаруға, ырғақты, ым-

    қимылды, бет қимылын білуді талап етеді. Әртүрлі қызметте күні бойы театрландырылған ойындарды пайдалануға болады.

    Қорыта келгенде баланың сөйлеулерін дамыту төмендегі кезеңдер арқылы іске асырылады:

    1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын толықтыру.

    2. Тіл дыбыстарын (р, л, ш, з, т, с т.б.) дұрыс, анық айтуға, сөйлеу тәртібін дұрыс қолдана білуге жаттықтыру. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрету.

    3. Орфоэпиялық жағынан дұрыс сөйлеуге үйрету. Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше, көпше түрде айтуға, 2-3 сөзден тұратын сөйлемдерді құрауға үйрету.

    4. Байланыстыра сөйлеуге, әңгіме құрай білуге үйрету.

    5. Айнала қоршаған заттардың, жануарлардың атауларын, адамдардың есімдерін дұрыс айтуға үйрету.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


    написать администратору сайта