Главная страница
Навигация по странице:

  • Міндеттері: а) Ертегі мазмұнымен таныстыру. 1

  • 2 сойлеу. . Б. Смаилова


    Скачать 73.45 Kb.
    Название. Б. Смаилова
    Дата14.01.2023
    Размер73.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 сойлеу.docx
    ТипДокументы
    #886570
    страница2 из 18
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

    Бірінші кіші топ үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары


    Білім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту






    Оқу қызметінің мазмұны

    Саға

    т саны


    1

    Тақырыбы: Біздің балалар қайда екен?

    Мақсаты: Балаларды топ бөлмелерімен таныстыру кезінде сұрақ- жауап әдістерін қолданып пассивті және белсенді сөздік қорларын кеңейту. Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.

    Міндеттері:

    а) Балаларды топ бөлмесімен таныстыру, топ ішіндегі бөлме атауларын үйрету (шешінетін бөлме, ұйықтайтын бөлме, әжетхана, ойын бөлмесі т.б).

    ә) Педагогтің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогтік сөйлесуге дағдыландыру.

    б) Топтағы жиһаздарды ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.


    1

    2

    Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.

    Мақсаты:

    Ойыншықтар жайында әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.

    Міндеттері:

    а) Ойыншықтар туралы әңгімелесе білуге, оларды сипаттап айтуға үйрету.

    ә) Сөздік қорын толықтыру.

    б) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.


    1

    3

    Тақырыбы: Менің отбасым

    Мақсаты:

    Туыстық атауларды меңгерту арқылы пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту.

    Міндеттері:

    а) Өз отбасы туралы әңгімелесу.

    ә) Туыстық атауларды қолдануға дағдыландыру (ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні т.б)

    б) Татулыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

    1

    4

    Тақырыбы: Ғажайып қалта.

    Мақсаты:

    Көгөністер туралы әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.

    Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.

    Міндеттері:

    а) Көгөністер, жемістер туралы түсінік беру, сипаттап айтуға үйрету.

    ә) Сөздік қорын толықтыру, «т» дыбысына артикуляциялық жаттығу

    1




    жасату.

    б) Тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.





    5

    Тақырыбы: Ұшады ұшпайды.

    Мақсаты:

    Түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.

    Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу.

    Міндеттері:

    а) Заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге үйрету.

    ә) Табиғатта ненің ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту.

    б) Ұйымшылдыққа баулу.


    1


    6

    Тақырыбы: Менің дене мүшелерім

    Мақсаты: Өз дене мүшелері жайында ойын жеткізе алу қабілетін дамыту.

    Байланыстырып сөйлеу техникасын кеңейту.

    Міндеттері:

    а) Өз дене мүшелері туралы әңгімелесу.

    ә) Дене бөліктерін атай білуге дағдыландыру. б) Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

    1

    7

    Тақырыбы: Қоян, қонжық.

    Мақсаты:

    Орман аңдары жайында әңгімелесу арқылы, балалардың белсенді сөздік қорын толықтыру.

    Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту.

    Міндеттері:

    а) Орман аңдары қоян мен аюдың балаларымен таныстыру.

    ә) 2–3 сөзден тұратын сөз тіркестерін құратып, ауызекі сөйлеулерін дамыту.

    б) Сүйіспеншілік пен қамқорлыққа тәрбиелеу.


    1


    8

    Тақырыбы: Шырша.

    Мақсаты:

    Шырша туралы әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.

    Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.

    Міндеттері:

    а) Балаларға шырша туралы түсіндіре отырып, өлең шумағын жаттату. ә) Заттарды жекеше, көпше түрде айтуға үйрету. «Ш» дыбысын анық айтуға артикуляциялық жаттығу жасату.

    б) Эстетикалық талғамдарын ояту.


    1



    9

    Тақырыбы: Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

    Мақсаты:

    Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу.

    Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.



    1




    Міндеттері:

    а) Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

    ә) «М, р» дыбыстарына артикуляциялық жаттығу жасату.

    б) Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.




    10

    Тақырыбы: Мысық.

    Мақсаты:

    Үй жануарлары жайында әңгімелесу арқылы балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.

    Міндеттері:

    а) Балаларды үй жануары мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.

    ә) 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

    б) Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.


    1

    11

    Тақырыбы: Аялайық гүлдерді

    Мақсаты:

    Балаларды бөлме гүлдерімен таныстыру кезінде сұрақ-жауап әдістерін қолданып, пассивті және белсенді сөздік қорларын кеңейту.

    Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.

    Міндеттері:

    а) Балаларды бөлме өсімдіктерімен таныстыру.

    ә) Топтағы табиғат бұрышындағы гүлдердің атауларын үйрету. б) Өсімдіктерді баптауға, қамқор бола білуге тәрбиелеу.

    1

    12

    Тақырыбы: Қуыршақты шомылдырамыз, ұйықтатамыз.

    Мақсаты:

    Балалармен киіну ережесі мен тазалық сақтау жайында әңгімелесу арқылы, балалардың белсенді сөздік қорын толықтыру.

    Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту.

    Міндеттері:

    а) Балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету.

    ә) Киімдерді ретімен шешуді, киімдердің атын атай білуге үйрету.

    б) Қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді меңгерту. Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу.

    1


    13

    Тақырыбы: Киім дүкені.

    Мақсаты:

    Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру. Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту.

    Міндеттері:

    а) Балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету.

    ә) Бір-екі сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. б) Ұқыптылыққа баулу.


    1



    14

    Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі.

    Мақсаты:

    Ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту. Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.

    Міндеттері:

    а) Ертегі мазмұнымен таныстыру.



    1




    ә) Ертегі кейіпкерлерінің бір-біріне айтқан сөздерін айтқызу арқылы оны сахналауға талпындыру.

    б) Еңбекқорлыққа баулу.





    15

    Тақырыбы: Бөлмедегі жиһаздар

    Мақсаты:

    Бөлмедегі жиһаздар жайында ойын жеткізе алу қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу техникасын кеңейту.

    Міндеттері:

    а) Балаларға жиһаздар туралы түсінік беру.

    ә) Бөлмедегі жиһаздардың атауын айтқызып, дағдыландыру. б) Оларды күтіп ұстауға тәрбиелеу.


    1

    16

    Тақырыбы: Қуыршақ қонаққа келді.

    Мақсаты:

    Ыдыс-аяқ атауларын меңгерту арқылы пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту.

    Түрлі әрекеттерді ауызша жеткізу қабілетін дамыту.

    Міндеттері:

    а) Балаларға ыдыстар мен тағамдардың аттарын үйрету, оларды ажыратуға жаттықтыру.

    ә) Қонақ күту ережелерімен таныстыру.

    б) Қонақжайлылыққа баулу.

    1


    17

    Тақырыбы: Үй жануарларының төлдері.

    Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу. Пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту. Байланыстырып сөйлеу техникасын кеңейту.

    Міндеттері:

    а) Үй жануарлары және олардың төлдері туралы алған білімдерін толықтыру.

    ә) Жануарлардың төлдерін ажырата білуге үйрету.

    б) Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл-ойларын дамыту.


    1

    18

    Тақырыбы: Үй құстарына жем береміз.

    Мақсаты:

    Балаларға үй құстары жайында мағлұмат беру арқылы олардың ауызша және байланыстыра сөйлеу техникасын дамыту.

    Міндеттері:

    а) Үй құстары және олардың пайдасы туралы түсініктерін кеңейту.

    ә) Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

    б) Балаларды үй құстарына қамқор бола білуге тәрбиелеу.

    1
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


    написать администратору сайта