2 сойлеу. . Б. Смаилова
Скачать 73.45 Kb.
|
Рефлексия.Педагог балалардың көңіл күйлеріне қарап мақтап, мадақтайды. № 2 ҰОҚБілім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым. Мақсаты:Ойыншықтар жайында әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту. Міндеттері:а) Ойыншықтар туралы әңгімелесу, оларды сипаттап айтуға үйрету. ә) Сөздік қорын толықтыру. б) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ойнауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:жасайды: ойыншықты сипаттауды; түсінеді: ойыншық туралы түсінікті; қолданады: өлең жолдарын жаттауды. Көрнекіліктер: ойыншықтар, үлестірмелі суреттер (қонжық, мәшине, доп). Сөздік жұмыс: қонжық, мәшине, доп. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:Ұйымдастырушылық кезең. М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру: Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Айтқаныңнан шықпайды. Негізгі кезеңӨлеңнің мазмұнын түсіндіріп, өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасайды. Бүгінгі оқу қызметінде ойыншықтармен танысатындықтарын айтып, балалардан топта, үйлерінде қандай ойыншықтар барын сұрайды. Сенің қандай ойыншығың бар? Әр баланың жауабы тыңдалады. Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе? Балалардың жауаптары тыңдалады. Ойыншығың қандай? (Үлкен, кішкентай). Сен ойыншықтармен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба? Ойыншықтардың тұратын жерін білесің бе? Ойыншықтарды лақтырмай, сындырмай, ұқыпты ойнау керектігін айтады. Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды. Ғажайыпсәт: «Сиқырлы сандық». Кәне, сандықта не бар екен? Қонжық, мәшине, доп бар екен. Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрайық. Әңгіме құрауға көмектеседі. Қонжық, мәшине, доп туралы түсіндіреді. Менің ойыншық қонжығым бар. Қонжықтың екі құлағы, төрт аяғы бар. Қонжығым өте сүйкімді. Сергіту сәті:Добым, добым домалақ, Қайда кеттің домалап? Үлестірмелі суреттермен «Не артық?» дидактикалық ойыны ойнатады. Суреттен не артық екенін табады. Суретте гүл артық, өйткені ол ойыншық емес т.б. |