2 сойлеу. . Б. Смаилова
Скачать 73.45 Kb.
|
Міндеттері:а) Көгөністер, жемістер туралы түсінік беру, сипаттап айтуға үйрету. ә) Сөздік қорын толықтыру, «т» дыбысына артикуляциялық жаттығу жасату. б) Тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:жасайды: көгөністер мен жемістердің атауларын; түсінеді: көгөніс, жемістер туралы түсінікті; қолданады: сөз тіркестерін дұрыс айтуды. Көрнекіліктер: көгөністер, жемістердің мүсіндері. Сөздік жұмыс: тәтті. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:Ұйымдастырушылық кезең. Шаттық шеңберіне тұрғызу. Дөңгеленіп тұрып: –Арайлап атқан таңымыз аппақ, Арайлап атқан таңымыз ашық, Арайлап атқан таңымыз жарқын, Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсын! Негізгі кезең.Сиқырлысәт: «Ғажайып қалта». Тәрбиеші балаларға «Ғажайып қалта» ойынын ойнауды ұсынады. Ойынның шартын түсіндіреді. Қалтада көгөністер мен жемістер болады. Балаларға көгөністер мен жемістерді бір-бірлеп алғызады. Аттарын айтқызып, көгөніс не жеміс екенін ажыратып беруді сұрайды. «Қандай?» деген сұраққа жауап берулерін күтеді. Олардың үлкен – кішкентай, тәтті – ащы екенін, түстерін және қайда өсетінін айтады, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйретеді. Дыбыстық жаттығу жасату: ті-ті-тәтті. Балалар сиқырлы сәтке таңғалады. Ойын ойнауды қуана қабылдайды. Көгөністер мен жемістерді ажыратады. Көк, қызыл деп жауап береді. Балалар қимыл-қозғалыспен өлең сөздерін бірге қайталайды. Сергітусәті: Орнымыздан тұрамыз, Қолымызды көтеріп, Алмаағашындай жайқалып, Әдемі болып өсеміз. «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шашылып жатқан көгөністер мен жемістерді жинайды. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйретеді. Кім көп, тез жинаса, сол бала жеңімпаз атанады. «Дұрыс сал!» дидактикалық ойыны. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Жемістердің суреттерін тәрелкеге, көгөністердікін себетке жапсырады. Рефлексия.Балалардың не үйренгендерін сұрайды, тілдерін дамытуға көмектеседі. Сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады. № 5 ҰОҚБілім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Ұшады – ұшпайды. Мақсаты:Түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту. Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу. Міндеттері:а) Заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге үйрету. ә) Табиғатта ненің ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту. б) Ұйымшылдыққа баулу. |