2 сойлеу. . Б. Смаилова
Скачать 73.45 Kb.
|
Ұйымдастырылған оқу қызметтерінің үлгі жоспарлары№ 1 ҰОҚБілім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Біздің балалар қайда екен? Мақсаты: Балаларды топ бөлмелерімен таныстыру кезінде сұрақ-жауап әдістерін қолданып пассивті және белсенді сөздік қорларын кеңейту. Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру. Міндеттері:а) Балаларды топ бөлмесімен таныстыру, топ ішіндегі бөлме атауларын үйрету (шешінетін бөлме, ұйықтайтын бөлме, әжетхана, ойын бөлмесі т.б). ә) Педагогтің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогтік сөйлесуге дағдыландыру. б) Топтағы жиһаздарды ұқыпты ойнауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:жасайды: топ бөлмесіне қатысты сөздерді атайды, айта алады; түсінеді: заттардың атауларынан олардың қандай зат екенін; қолданады: берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды, оларға жауап береді; Көрнекіліктер: балабақшаның суреті, орамал. Сөздік жұмыс: жиhаз. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:Ұйымдастырушылық кезең. Балалармен сәлемдесіп; хал-жағдайларын сұрайды. Балалардың назарын балабақшаның суретіне аударады. Негізгі кезең.«Балалар, біз таңертең балабақшаға келеміз», – дей отырып, балабақшаны суреттен таныстырады. – Балабақшамыз үлкен, әдемі, ауласы кең. Балалар, біз қазір топ бөлмесінде тұрмыз, – деп, балалардың көңілін топ бөлмесінің ішіне аударады. Топтағы заттармен таныстырады: – Мынау – орындық, мынау – терезе, үстел, мынау – ойыншықтар тұратын жиһаз, онда ойыншықты жинайсыңдар, топта тағы да бөлмелер бар. Мынау – шешінетін бөлме, онда шешінесіңдер, мұнда шешінетін шкафтар тұрады. Ас бөлмесінде ыдыстар тұрады. Ол ыдыстармен тамақ ішесіңдер. Мынау – ұйықтайтын бөлме, онда сендер жататын кереуеттер тұрады, онда ұйықтайсыңдар. Тобымыз үлкен, әрі жарық. Балалар топқа қызыға қарайды. Балалардың көңілін орамалға аударады. «Орамал кімнің бетін жасырып тұр?», – деп, бір баланың бетіне бір сәтке жабады. Орамалды қайта ашып: «Бұл кім болды екен?» деген сұрақ қояды. Осылай әр баламен ойнайды. Әрқайсысына өз есімдерін айтқызады. Педагог тағы да сұрақтар беріп, балаларды көңілдендіріп, сұрақтарға жауап беруге, сөйлетуге үйретеді. Мысалы: Сен қайда тұрсың? Сен есіміңді (атыңды) айтшы? Кімнің қасында тұрсың? Ол баланың есімін білесің бе? т.б. «Біздің балалар қайда екен?» дидактикалық ойыны. Үлестірмелі материалда берілген сурет бойынша балалардың қайда тығылып отырғанын тапқызу. Асқар үстелдің астында тығылып жатыр. Марат үлкен ойыншық қонжықтың артында отыр. |