Главная страница
Навигация по странице:

  • Білім

  • Көрнекіліктер

  • Ұйымдастырушылық

  • 1.«Өз отбасы мүшелерін көрсет»

  • 2 сойлеу. . Б. Смаилова


    Скачать 73.45 Kb.
    Название. Б. Смаилова
    Дата14.01.2023
    Размер73.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 сойлеу.docx
    ТипДокументы
    #886570
    страница5 из 18
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

    Рефлексия.


    Балаларға сұрақтар беріп, қайталатады. Педагог корытынды жасайды, мадақтайды.


    3 ҰОҚ



    Білім беру саласы: Коммуникация

    Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Менің отбасым.

    Мақсаты:


    Туыстық атауларды меңгерту арқылы пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту.

    Міндеттері:


    а) Өз отбасы туралы әңгімелесу.

    ә) Туыстық атауларды қолдануға дағдыландыру (ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні т.б) б) Татулыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

    Күтілетін нәтиже:


    жасайды: өз отбасы туралы айтады;

    түсінеді: ойын ойнау арқылы өз отбасы мүшелерінің атауын;

    қолданады: ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні т.б. атауларын;
    Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, қуыршақтар

    Сөздік жұмыс: отбасы.

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


    1. Ұйымдастырушылық кезең.

    Шаттық шеңберіне тұрғызу. Дөңгеленіп тұрып:
    Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Қайырлы күн, достарым!

    1. Негізгі кезең.


    – Балалар, біз бүгін сіздермен отбасы жайында әңгімелесеміз. Кәне, барлығымыз суретке назар аударайықшы. Суреттен кімдерді көріп тұрмыз?

    Балалар суретте көрсетілген отбасы мүшелерін атайды.

    – Ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні бәріміздің отбасымызда бар. Біз үйде отбасы мүшелеріне осы атауларды қолданамыз.


    Сергітусәті:
    Басбармағым – әкем, Балаң үйрек – анам, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек мен,

    Кішкене бөбек – сен! Балалар бұл санамақты қимылмен орындайды.

    1.«Өз отбасы мүшелерін көрсет» дидактикалық ойыны Үлестірмелі материалмен жұмыс.

    Балалардың алдарына отбасы мүшелері бейнеленген суреттер бейнесі беріледі. Педагог отбасы мүшелерін атап тұрады. Мысалы: «әке» дегенде, әкенің суретін қоршайды немесе белгілейді. Ойын осылайша жалғаса береді.

    3. Рефлексия.


    Балалардың не үйренгендерін сұрайды, тілдерін дамытуға көмектеседі. Сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады.


    4 ҰОҚ



    Білім беру саласы: Коммуникация

    Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Ғажайып қалта.

    Мақсаты: Көгөністер туралы әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.

    Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


    написать администратору сайта