2 сойлеу. . Б. Смаилова
Скачать 73.45 Kb.
|
2. Негізгі кезең.Балаларға адам дене мүшелерінің суретін көрсету. Әр дене мүшесінің қызметіне тоқталып, ол не үшін керек екенін айтып түсіндіру. Дене мүшелерін бірге қайталау. Өз дене мүшелерін көрсетіп, толық сөйлеммен айтқызу. Мысалы: Мынау–меніңкөздерімт.б Сергіту сәті:Басты тіктеп тұрамыз, Оңға, солға бұрамыз. Аузымызды жымқырып, Екі көзді қысамыз. «Тез көрсет» дидактикалық ойын Балалар дөңгелене отырып, тәрбиешінің оқыстан айтқан дене мүшесінің атауын өз денесінен көрсетеді. «Көлеңкесін тап»Үлестірмелі материалда берілген адамның және қоянның бейнесімен көлеңкесін сызық арқылы қосады. Рефлексия.Балаларға дене мүшелері туралы сұрақтар қою. Дене мүшелерін таза ұстау керектігін айту. Қолды үнемі жуып жүру т.б. туралы айтып, қорытындылау. №7 ҰОҚБілім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Қоян, қонжық Мақсаты:Орман аңдары жайында әңгімелесу арқылы, балалардың белсенді сөздік қорын толықтыру. Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту. Міндеттері:а) Орман аңдары қоян мен аюдың балаларымен таныстыру. ә) 2–3 сөзден тұратын сөз тіркестерін құратып, ауызекі сөйлеулерін дамыту. б) Сүйіспеншілік пен қамқорлыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:жасайды: аю мен қоянның балаларын, ажыратуды; түсінеді: аю мен қоянның тіршілігі туралы мәліметтерді; қолданады: суреттер арқылы 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрауды; Көрнекіліктер: қоян көжегімен, аю қонжығымен бейнеленген суреттер, ойыншықтар. Сөздік жұмыс: жұмсақ, қатты. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:Ұйымдастырушылық кезең. Шаттық шеңберіне тұрғызады. Балалар қуана шаттық шеңберіне тұрады. Бір-бірімізге қарап, жақсы сөздер айтайық: Күніміз жарқын, әдемі, ашық, қуанышты, көңілді болсын! Тілекті педагогпен бірге қайталайды. Топта қандай ойыншықтар бар? Ойыншықтарды қарауға ұсыныс жасайды. Балалар ойыншықтарды қарап, аттарын атайды. Қандай ойыншықтар жұмсақ, қандай ойыншықтар қатты екенін ажыратады. Жұмсақ ойыншықтарды бір бөлек, қатты ойыншықтарды бір бөлек қояды. Ойыншықтардың аттарын атайды, жұмсақ, қатты екенін ажыратады. |