Главная страница
Навигация по странице:

  • Білім

  • Сөздік

  • 2 сойлеу. . Б. Смаилова


    Скачать 73.45 Kb.
    Название. Б. Смаилова
    Дата14.01.2023
    Размер73.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 сойлеу.docx
    ТипДокументы
    #886570
    страница10 из 18
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

    Негізгі кезең.


    Назарларын безендендірілген шыршаның суретіне аударады:

    • Мен бүгін сендерді шыршамен таныстырамын. Шырша қысы-жазы бір түсте болады. Шыршаны әсемдеп, безендіріп, Жаңа жылды қарсы алады. Міне, мына суретте балалар шыршаны айналып, би билеп жүр. Жаңа жылға арналған ертеңгілік қызықты өтуде.

    Шыршаға түрлі ойыншықтар ілінген. Ойыншықтарға қарап көңілің көтеріледі. Ойыншықтар көп, ал шыршамыз біреу. Аз.

    Осылайша балаларға көп, аз ұғымын түсіндіреді. Ойыншықтардың қандай әдемі және көп екенін айтады. Балалар суретке қуана қарайды. Балалар мұқият тыңдайды. Аз, көп ұғымын түсінеді.

    Келесі жұмыс барысында шырша, қорапқа салынған ойыншықтар қолданылады. Педагог төмендегі тақпақты айтып:
    Тауда туып, тауда өскен, Шырша келді ортаға.
    Қолдарымен шыршаны ұстап көруге ұсыныс жасайды. Шыршаның түсін сұрайды. Шыршаның жапырақтары ине сияқты, қатты екенін айтады.

      • Кәне, қораптағы ойыншықтарды шыршаға іліп, бәріміз «Шырша» әнін айтайық.

    Әнді айтады.

    Шыршаны ұстап көреді, түсін айтады.
    Жаңа жыл, жаңа жыл, Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Билеп барлық бала жүр.
    Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, балалармен қайталап, жаттауға үйретеді.«Жаңа жыл, жаңа жыр» сөздерін қайталатып айтқызып, екеуі екі мағына беретінін түсіндіреді. Жыл – уақыт(«онекі ай» дегендітүсінеқоймас).Жыр – өлең.

    Ойыншықтарды шыршаға іліп қуанады. Әнді бірге айтып, жаттауға тырысады. Қайталайды, екі түрлі сөз екенін түсінуге тырысады.

    Ш дыбысына артикуляциялық жаттығу жасату.
    Шы-шы- шы- шырша.

    «Қайсысы көп?» дидактикалық ойыны.


    Үлестірмелі материалдан көп бейнеленген затты сызықпен қоршайды.
    1. Рефлексия.


    Балалардың өлеңді жаттауға құлшыныстарын бағалайды. Балалар өлеңді үйренеді. Шыршаның суретіне ойыншықтар салады.


    9 ҰОҚ



    Білім беру саласы: Коммуникация

    Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

    Мақсаты:


    Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу.

    Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.

    Міндеттері:


    а) Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

    ә) «М, р» дыбыстарына артикуляциялық жаттығу жасату. б) Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.

    Күтілетін нәтиже:


    жасайды: үй жануарларының аттарын;

    түсінеді: сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын;

    қолданады: үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті.

    Көрнекіліктер: үй жануарлары бейнеленген сурет, ойыншықтар (сиыр, жылқы, қой, түйе), үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа.

    Сөздік жұмыс: мөңірейді, маңырайды.

    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18


    написать администратору сайта