2 сойлеу. . Б. Смаилова
Скачать 73.45 Kb.
|
Күтілетін нәтиже:жасайды: мысық туралы 2–3 сөйлемнен тұратын қысқа әңгіме құрастыра білу дағдысын; түсінеді: мысық туралы; қолданады: мысықтың қалай дыбыстайтынын. Көрнекіліктер: сүт ішіп отырған мысықтың суреті. Ойыншық үй жануарлары. Сөздік жұмыс: мысық. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. 1.Ұйымдастырушылық кезең.Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге! Балалар қуана қимыл-қозғалыстармен шаттық шеңберін жасайды. Негізгі кезең.Балаларды отырғызып, көңілдерін алдарындағы ойыншықтарға аударады. Ойыншықтарға қуанады. Балалар, осы ойыншықтарды білесіңдер ме? Мынау не? Ал мынау ше? Балалар, бұлар қандай жануарлар? Үй жануарларының пайдасы, түрлері туралы сұрайды. Төлдері туралы сұрайды. –Ат, сиыр, қой, түйе – үй жануарлары. Балалар үй жануарлары туралы білетіндерін айтады, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Сүт ішіп отырған мысықтың суретіне қарауды ұсынады. Балалар суретке қызыға қарайды. Мынау – мысық. Мысық сүт ішіп отыр. Себебі мысық сүтті жақсы көреді. Мысықтың түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар. Е. Елубаевтың «Ала мысық» өлеңін оқып береді. Беті-қолын жуады. Тышқандарды қуады, Тазалықты сақтайды, Апам оны мақтайды. Балалар, мысық қалай дыбыстайды? (Мияу, мияу). Балалар мысықтың дыбысын салады. Балалардан мысыққа қалай күтім жасайтынын сұрайды, білмесе айтады. Мысық туралы білуге талпынады. Педагогті тыңдайды. Өлеңнің мазмұнын түсінуге тырысады. Сергіту сәтіТікірейіп құлағы Менен бұрын тұрады. Бойын жазып, керіліп, Беті-қолын жуады. «Мысық нені жақсы көреді?» дидактикалық ойыны.Суреттен мысықтың нені жақсы көретінін сызба арқылы сызып көрсетеді. «Мысық пен тышқан» қимылды ойыны.Мысық, мысық ұйықтайды, Тышқан, тышқан жорғалайды: пи-пи. Ойынды қызығып ойнайды. Рефлексия.Педагог балалардың жауаптарын қорытады, білмегендерін үйретеді. Тілдері келмеген кейбір сөздерді қайталатады. Мысалы: мысық, мияулайды т.б. Балалар мысық туралы біледі. Дұрыс айтып үйренеді. № 11 ҰОҚБілім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Аялайық гүлдерді |