Главная страница
Навигация по странице:

  • Сөздік

  • 2 сойлеу. . Б. Смаилова


    Скачать 73.45 Kb.
    Название. Б. Смаилова
    Дата14.01.2023
    Размер73.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 сойлеу.docx
    ТипДокументы
    #886570
    страница15 из 18
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

    13 ҰОҚ



    Білім беру саласы: Коммуникация.

    Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Киім дүкені.

    Мақсаты:


    Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру. Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту.

    Міндеттері:


    а) Балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету. ә) Бір-екі сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

    б) Ұқыптылыққа баулу.

    Күтілетін нәтиже:


    жасайды: киімді сипаттай алуды;

    түсінеді: жазғы және қысқы киімдерді ажыратуды;

    қолданады: 2–3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрауды.

    Көрнекіліктер: жазғы және қысқы киімдер бейнеленген сурет, қуыршақтың киімдері.

    Сөздік жұмыс: киім.

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. 1.Ұйымдастырушылық кезең.


    Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсынады.

    • Әдемі бол, жақсы бол, үлкен бол, ақылды бол! Балалар педагогтің көмегімен жақсы сөздер айтады.



    2.Негізгі кезең.


    Суретке көңіл аударып, жазғы және қысқы киімдерді атайды. Мысалы: көйлек, туфли, пальто, малақай т.б.

    • Балалар, кәне, бәріміз үстіміздегі киімдердің аттарын айтайықшы.

      • Айдана, сенің үстіңде қандай киімдер бар?

    • Дулат, сенде қандай киімдер бар? Балалар үстеріндегі киімдерді қуанышпен жарыса айтуға тырысады.

    Балаларға қуыршақтар таратып беріп, бүгін киімдер дүкеніне баратынын айтады.

    «Киімдер дүкенінен» қуыршақтарына киім сатып алып берулерін өтінеді. Балалар дүкенге келіп:

    • Мен мына киімді аламын, – деп сатып алады. Қандай киім сатып алғанын, оны не себепті алғанын, және түстері туралы әңгімелейді. Балаларды сұраққа жауап беруге, әңгімелесуге тартады.

    • Мен көйлек кигіземін, себебі қуыршағым қыз бала. Көйлектің түсі қызыл. Көйлегі

    әдемі.

    • Мен шалбар кигіземін, өйткені қуыршағым – ұл бала. т.б.

    Сергіту сәті.



    «Бір, екі, үш», – деп Алақанды соғамыз. Жоғары-төмен қараймыз, Орнымызды табамыз.


    1. «Бұл не?» дидактикалық ойыны. Шарты: киімдердің суреттерін көрсетеді.

    2. «Ажырат!» дидактикалық ойыны. Шарты: қысқы киімді көк, жазғы киімді жасыл сөмкеге сызып көрсету. Осылайша қандай киім алғанын, қандай киім кигізгенін, аттарын, түстерін әңгімелеуге тырысады. Қысқы, жазғы киімдерді ажыратуға тырысады.
    3. 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


    написать администратору сайта