Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұйымдастырушылық

  • Білім

  • Сөздік

  • 2 сойлеу. . Б. Смаилова


    Скачать 73.45 Kb.
    Название. Б. Смаилова
    Дата14.01.2023
    Размер73.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 сойлеу.docx
    ТипДокументы
    #886570
    страница17 из 18
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

    Күтілетін нәтиже:


    жасайды: сурет бойынша әңгімелесу;

    түсінеді: жиһаздар туралы айтылған мағлұматты;

    қолданады: жиһаздар атауларын;

    Көрнекіліктер: бөлме жиһаздары бейнеленген суреттер.

    Сөздік жұмыс: жиһаз

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.


        1. Ұйымдастырушылық кезең.

    Балалар шаттық шеңберіне жиналады.
    Қайырлы таң, алтын күн, Қайырлы таң, жер-ана.

    Қайырлы таң , достарым!

    Сендерді көрсем қуанам, – деп балалар тақпақты бір-екі рет қайталап, орындарына жайғасады.
        1. Негізгі кезең.


    Балалардың назарын суреттегі бейнеленген бөлме жиһаздарына аудару. Балалар суретте көрсетілген жиһаздарды өз білгендерінше атайды. (Үстел, орындық, шкаф т.б)

    • Жарайсыңдар, балалар! Енді өз тобымызда қандай жиһаздар бар екен? Кәне, бірге атайық.

    Бөлмедегі жиһаздардың шаңын сүртіп, сындырмай, қаламмен немесе қарындашпен сызбай күтіп ұстау керек. Сонда ғана жиһаз ұзақ сақталады.

    Сергіту сәті.



    Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық.

    «Не артық?» дидактикалық ойыны.


    Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындатады.

    Шарты: бөлме жиһаздарының ішінен артық затты табады.
        1. Рефлексия.


    Балаларға бөлме жиһаздары туралы сұрақтар беріп, қорытындылайды, сипаттағандарын бағалайды. Балалар жиһаздарды атап үйренеді.


    16 ҰОҚ



    Білім беру саласы: Коммуникация.

    Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Қуыршақ қонаққа келді.

    Мақсаты:


    Ыдыс-аяқ атауларын меңгерту арқылы пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту. Түрлі әрекеттерді ауызша жеткізу қабілетін дамыту.

    Міндеттері:


    а) Балаларға ыдыстар мен тағамдардың аттарын үйрету, оларды ажыратуға жаттықтыру. ә) Қонақ күту ережелерімен таныстыру.

    б) Қонақжайлылыққа баулу.

    Күтілетін нәтиже:


    жасайды: ыдыстар және тағамдар туралы сөйлем құрай білу дағдысын;

    түсінеді: қонақ күтуді;

    қолданады: тағамдар мен ыдыстардың аттарын;

    Көрнекіліктер: шай ішіп отырған қыз баланың суреті, ойыншық ыдыстар, тағамдар. Үлестірмелі тағамдар мен ыдыстардың суреттері.

    Сөздік жұмыс: ыдыс, тағам.

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. 1.Ұйымдастырушылық кезең.


    Балалармен сәлемдесіп, олардың назарын шай ішіп отырған қыз бейнеленген суретке аударады. Балалар суретке көңіл аударады.

    2.Негізгі кезең.


    • Балалар, суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

    • Иә, қыз бала шай ішіп отыр.Үстелде тұрған заттардың аттарын айтайық.

    • Мынау – нан, шай, қант, тәрелке, шәйнек, кесе. Нан, қант, шай тағамдар деп аталады. Кесе, шәйнек,тәрелке ыдыстар деп аталады.

    Сұрақтарға қуана жауап береді. Аттарын айтуға талпынады. Ыдыстар мен тағамдарды ажыратуға, білуге тырысады.

    Дыбыстық жаттығуы. Ыс-ыс ыдыс.

    Ғам-ғам тағам.

    Осы сөздерге сөздік жұмысы жүргізіледі. Балаларға қайталатады.

    Ыдыстарға тағамдар салынады. Ыдыстардың түрлерін, үлкен-кішілігін сұрайды. Қандай нан, шай екенін сұрайды. Ақ,қара,тәттідеген сөздерді қосып айтқызады.

    Топтағы ойыншық ыдыстарды әкелулерін сұрайды. Ойыншық ыдыстарды қуана әкеледі. Олармен ойнайтындарын айтады. Сөздерді қайталайды. Қандай? сұрағына дұрыс жауап беруге ұмтылады.
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


    написать администратору сайта