Главная страница
Навигация по странице:

  • «Дауысынан таны» дидактикалық ойыны.

  • «Төлдерді енесімен қос!».

  • Білім

  • 2 сойлеу. . Б. Смаилова


    Скачать 73.45 Kb.
    Название. Б. Смаилова
    Дата14.01.2023
    Размер73.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 сойлеу.docx
    ТипДокументы
    #886570
    страница11 из 18
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. 1.Ұйымдастырушылық кезең.


    Балаларды шеңберге тұрғызып,«Төлдер» әнін тыңдатады, қошақанның суретін тақтаға іліп қояды:
    – Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың?
    – Қошақанға және бір-бірімізге ым-ишарамен амандасайық.

    2.Негізгі кезең.


    Балалардың көңілін суретке аударады.

    Балалар, кәне, бәріміз мына суреттерге қарайықшы! Суреттен нелерді көріп тұрмыз? (Балалар білгенінше атап шығады). Бұларды үй жануарлары деп атаймыз. Себебі оларды адамдар бағады, тамақ беріп баптайды, күтеді. Олардың сүтін ішеміз, етін жиміз, жүні мен терісінен киім тоқимыз.

    Суреттен көрсетіп, жылқының, сиырдың, қойдың түстері сұралады. Үй жануарларын қайдан көргендері туралы сұралады.

    –Топта ойыншық үй жануарлары бар ма екен? (Көрсетеді, оларды сипаттауды сұрайды). Түсінуге тырысады. Сұрақтарға жауап беруге талпынады. Сипаттауға ұмтылады.

    • Мынау – сиыр, түсі қара, үлкен т.б.

    Әкелген құлыншақ, ботақан, қой, сиыр ойыншықтарын алып, енді осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды.

    • Қой: «мә-мә», деп маңырайды;

    • Сиыр: «мө-мө», деп мөңірейді;

    • Түйе: «бө-бө», – деп боздайды;

    • Жылқы: «иһо-иһо», деп кісінейді. Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады.

    Сергітусәті.
    Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып аламыз.




    1. «Дауысынан таны?» дидактикалық ойыны. Үнтаспадағы жануарлардың дауысынан қай жануар дыбыстап жатқанын табады. Бірге қайталайды.

    Дауыстарын салады.

    1. «Төлдерді енесімен қос!». Суреттен үй жануарлары мен олардың төлдерін сәйкестендіреді. Үй жануарлардың аттарын айтады, сызық арқылы қоса отырып, енесіне қалай дыбыстап баратынын айтады.

    Балалармен артикуляциялық жаттығу жасау «М-м-м мөөө», «м-м-м мәәә»
    1. Рефлексия.


    Маңырайды, мөңірейді сөздерін айтып үйренеді. Балалар түрлі дауыстар салып, жаттығып үйренеді.


    10 ҰОҚ



    Білім беру саласы: Коммуникация

    Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Мысық.


    Мақсаты:

    Үй жануарлары жайында әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.

    Міндеттері:


    а) Балаларды үй жануары мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.

    ә) 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. б) Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18


    написать администратору сайта