2 сойлеу. . Б. Смаилова
Скачать 73.45 Kb.
|
Мақсаты:Балаларды бөлме гүлдерімен таныстыру кезінде сұрақ-жауап әдістерін қолданып пассивті және белсенді сөздік қорларын кеңейту. Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру. Міндеттері:а) Балаларды бөлме өсімдіктерімен таныстыру. ә) Топтағы табиғат бұрышындағы гүлдердің атауларын үйрету. б) Өсімдіктерді баптауға, қамқор бола білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:жасайды: гүлдер туралы айтады; түсінеді: гүлдердің тіршілігі туралы; қолданады: өсімдіктерге қамқорлық жасайды; Көрнекіліктер: бөлмедегі гүлдер мен өсімдіктер. Сөздік жұмыс: өсімдіктер. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:Ұйымдастырушылық кезең. Балалар шаттық шеңберінде гүл туралы тақпақты тәрбиешімен бірге қайталайды. Әдемі гүлдерді Текке біз жұлмаймыз. Той күні бір-бірден Анамызға сыйлаймыз. Негізгі кезең.Балалар біз бүгін табиғаттың байлығы – гүлдермен танысамыз. Гүлдердің көптеген түрлері мен түстері бар. Дала гүлдері және бөлме гүлдері болады. Өсімдіктерді, гүлдерді орынсыз жұлуға болмайды. Бөлме гүлдері біздің тобымыздың ауасын тазартады. Гүлдерді мерекелерде аналарымызға сыйлаймыз. Гүлдердің әрдайым шаңын сүртіп, су құйып тұру керек. Сергітусәті. Ақ көбелек ұшады, Көк көбелек ұшады. Хош иісті гүлдерге, Ақырын кеп қонады. 1. «Гүлдерді сабағына орналастыр» дидактикалық ойынҮлестірмелі материалмен жұмыс. Суретте бейнеленген гүлдердің сабағына арнайы жапсырмаларда берілген гүл күлтешелерін жапсыру. 3. Рефлексия.Балаларға өсімдіктер мен гүлдер туралы сұрақтар қою арқылы алған білімдерін пысықтау. № 12 ҰОҚБілім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Қуыршақты шомылдырамыз, ұйықтатамыз. Мақсаты:Балалармен киіну ережесі мен тазалық сақтау жайында әңгімелесу арқылы, балалардың белсенді сөздік қорын толықтыру. Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту. Міндеттері:а) Балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету. ә) Киімдерді ретімен шешуді, киімдердің атын атай білуге үйрету. б) Қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді меңгерту. Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу. Күтілетін нәтиже:жасайды: киімдердің аттарын; түсінеді: тазалық туралы түсініктерді; қолданады: киінудің, шешінудің ретін; Көрнекіліктер: шомылдыруға арналған заттар: су, сабын, сүлгі. Сөздік жұмыс: сүлгі. |