Главная страница
Навигация по странице:

  • Білім

  • Сөздік

  • «Үй жануарларын төлдерімен сәйкестендір» дидактикалық ойыны.

  • СӨЙЛЕУДІ

  • РАЗВИТИЕ

  • 2 сойлеу. . Б. Смаилова


    Скачать 73.45 Kb.
    Название. Б. Смаилова
    Дата14.01.2023
    Размер73.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 сойлеу.docx
    ТипДокументы
    #886570
    страница18 из 18
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

    Ғажайып сәт.


    Қонаққа қуыршақ Айжан келеді.

    • Балалар, Айжан бізге қонаққа келді. Айжанның келгеніне қуанады. Қазақ – қонақшыл халықпыз. Қонақты күтуді, сыйлауды білуіміз керек. Кәне, Айжанға шай жасайық деп

    ұсыныс жасайды. Қант пен нанды тәрелкеге, шайды шәйнекке салып, шай дайындап, кесеге құямыз,– деп айтып, үйретіп отырады.

    Балалар тағамдарды ыдыстарға салып, үстелге қойып, Айжанды үстелге шақырады. Балалар қонақ күтуді үйренеді.

    Сергіту сәті.



    Орнымыздан тұрамыз, Аяқты нық басамыз,

    Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып аламыз.
    Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.

    1. «Дұрыс көрсет, ажырат!» дидактикалық ойыны.


    Тағамдар мен ыдыстардың суреттері таратылып беріледі. Атын атағанда тез көрсетуі және ол тағам ба, ыдыспа дұрыс ажыратуы керек. Тағам және ыдыстарды ажыратады.
    1. «Не артық?» дидактикалық ойыны.


    Суреттен артық затты табады. Заттың атын атап, артық затты табуға тырысады.
    1. Рефлексия.


    Сұрақтар қою арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылайды. Дұрыс айта алмаған балаларға көмектеседі. Белсенділік танытқан балаларды мадақтайды.


    17 ҰОҚ



    Білім беру саласы: Коммуникация

    Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Үй жануарларының төлдері.

    Мақсаты: балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу. Пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту. Байланыстырып сөйлеу техникасын кеңейту.

    Міндеттері:


    а) Үй жануарлары және олардың төлдері туралы алған білімдерін толықтыру. ә) Жануарлардың төлдерін ажырата білуге үйрету.

    б) Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл-ойларын дамыту.

    Күтілетін нәтиже:


    жасайды: үй жануарлары төлдерін бір-бірінен ажырата білу дағдысын;

    түсінеді: үй жануарларының төлдері туралы мәліметті;

    қолданады: төлдер туралы жалпы түсініктерін.

    Көрнекіліктер: жайлаудың суреті, үлестірмелі суреттер ( үй жануарлары мен төлдері).

    Сөздік жұмыс: төл.

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. 1.Ұйымдастырушылық кезең.


    Балалардың назарын жайлау көрінісі бейнеленген суретке аударады. Суретке қызығушылық танытады.

    • Балалар, мынау – жайлаудың суреті. Жайлауда малдар жайылып жүр. Мынау қандай жануар? Ал мынау ше? Бұлар қандай жануарлар?

    • Дұрыс айтасыңдар, үй жануарлары.

    • Неге үй жануарлары деп айтамыз?

    • Қандай пайдасы бар?

    • Сиыр, қой, жылқының қандай пайдасы бар?

    • Ит үй жануарларына жата ма? Сұрақтарға жауап беруге талпынады.

    • Ит үй жануары, себебі: үйді күзетеді, адамға көмектеседі.



    1. Негізгі кезең.


    • Бүгін үй жануарларының төлдерімен танысамыз. Үй жануарларының төлдері, яғни жылқы, сиыр, қой, ешкі және түйенің балаларын – төлдер деп атайды.

    Төлдерді суреттен көрсетеді:

    • Сиырдың төлі – бұзау, қойдың төлі – қозы, жылқының төлі – құлын, түйенің төлі – бота, ешкінің төлі – лақ.

    Балаларға төлдердің атауларын бірнеше рет қайталатады. Қойдың, сиырдың қалай дыбыстайтынын естеріне түсіреді.

    Сергіту жаттығуы.



    Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Томпиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың?
    Балалар педагогпен бірге өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыстар жасайды.

    «Үй жануарларын төлдерімен сәйкестендір» дидактикалық ойыны. Суреттен төлдерін табады. Төлдердің аттарын білуге, ажыратуға тырысады. Төлдердің суреттерін енелерінің суреттерімен сәйкесендіреді.
    1. Рефлексия.


    Сұрақтар бере отырып, оқу қызметін қорытындылайды. Педагог балаларды мақтап, мадақтайды. Балалар сұрақтарға жауап береді. Үй жануарларының төлдердің аттарын үйренеді. Төлсөзін үйренеді.


    18 ҰОҚ



    Білім беру саласы: Коммуникация, «Шығармашылық»

    Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Үй құстарына жем береміз.

    Мақсаты:


    Балаларға үй құстары жайында мағлұмат беру арқылы, олардың ауызша және байланыстыра сөйлеу техникасын дамыту.

    Міндеттері:


    а) Үй құстары және олардың пайдасы туралы түсініктерін кеңейту.

    ә) Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

    б) Балаларды үй құстарына қамқор бола білуге тәрбиелеу.

    Күтілетін нәтиже:


    жасайды: құстарды сипаттауды;

    түсінеді: үй құстары туралы әңгіме құрастыра білу дағдысын;

    қолданады: шөжелердің қимыл-қозғалыстарын салады;

    Көрнекіліктер: қыз баланың тауықтарға жем беріп жатқан суреті.

    Сөздік жұмыс: үй құстары.

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. 1.Ұйымдастырушылық кезең.


    Балалармен сәлемдесіп, «Шөжелерім» әніне би қимыл-қозғалыстарын орындатады.

    2.Негізгі кезең.





    • Балалар, біз қазір «Шөжелерім» әніне қимыл-қозғалыстар жасадық. Енді мына суретке назар аударайық. Суреттен нелерді көріп тұрмыз?

      • Әтеш, тауық, үйрек, балапандар т.б. Бұлар не істеп жүр?

      • Жем жеп жүр.

      • Тамаша!

      • Балалар, тауық, әтеш, үйрек т.б. құстар деп атаймыз.

      • Бұл құстарға жемді кім шашып жүр?

      • Жемнің түсі қандай?

      • Құстарға жемді қыз шашып жүр, жемнің түсі сары.

      • Иә, құстарға жемді қыз шашып жүр. Сол себепті біз бұл құстарды үй құстары деп атаймыз. Өйткені оларды біздер күтіп бағамыз. Құстардың жұмыртқасы мен еті – тағам, мамығынан жастық жасалады.

      • Енді, балалар, осы құстардың қалай дауыстайтынын айтып көрейікші: Әтеш таңмен оянып: «ку-ка-ре-ку!» деп айғайлайды екен. Тауық: «қыт-қыт», дейді, балапандар:

    «шиқ-шиқ», дейді.

    Сергіту сәті.



    Қуыр, қуыр, қуырмаш, Балапанға бидай шаш. Әй, әй, балақан, Жамандықтан қаш.

    1. «Тауық нені жақсы көреді?» дидактикалық ойыны.


    Суреттен тауық нені жақсы көретінін табады. Дәндердің суретін салады.
    1. Рефлексия.


    Педагог балалардың жасаған қимыл-қозғалыстарын, сұрақтарға жауап бергендерін бағалайды. Балалар құстарға қамқорлық жасауды үйренеді.

    Пайдаланылған әдебиеттер





      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту. Негізгі ережелер.

      2. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2010 ж.

      3. Г.Г.Григорьева, Г.В.Груба и др. Педагогика раннего возраста. М; 1998г.

      4. Б.Б.Баймұратова, З.Д.Еденбаева. «Изучаем казахский язык», 2003.

      5. Серғазы Қалиев, Рәбиға Ізғұттынова, Гүлнәр Жексенбаева. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы., Алматы, «Рауан» 1996 ж.

      6. Д.В. Менджерицкая. Воспитателю о детской игре, Москва. Просвещение, 1982г.

      7. М.И. Нүсіпбекова, С.А. Сеилгазинова, Хрестоматия. «Қарлығаш» оқу әдістемелік кешені, Астана, 2007 ж.

      8. Б.Ж. Ноғайбекова. Әдістемелік жинақ, І сәбилер тобына арналған, Шымкент, 2011ж.

    МАЗМҰНЫ


    Түсінік хат 3

    Бірінші кіші топ үшін ұйымдастырылған оқу

    қызметінің перспективалық жоспары 5

    1 ҰОҚ 9

    2 ҰОҚ 10

    3 ҰОҚ 11

    4 ҰОҚ 12

    5 ҰОҚ 13

    6 ҰОҚ 14

    7 ҰОҚ 15

    8 ҰОҚ 16

    9 ҰОҚ 17

    10 ҰОҚ 19

    11 ҰОҚ 20

    12 ҰОҚ 21

    13 ҰОҚ 23

    14 ҰОҚ 24

    15 ҰОҚ 24

    16 ҰОҚ 25

    17 ҰОҚ 27

    18 ҰОҚ 28

    Пайдаланылған әдебиеттер 30

    Оқулықбасылым

    Учебноеиздание

    Смаилова Улданкыз Бектореевна




    СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ
    Әдістемелік нұсқау
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша бірінші кіші топ (2–3

    жас) педагогтеріне арналған
    Әдіскер Б.С.Тажинова

    Редакторы М.Солтангазина
    Сапасы жөнінде мына мекемеге хабарласыңыз:

    Қазақстан Республикасы,
    Жамбыл көшесi, 111-үй, тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10.

    e-mail: alkitap@intelsoft.kz
    Сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай.

    Сертификация қарастырылмаған. Сақтау мерзімі шектелмеген.

    РАЗВИТИЕ РЕЧИ
    Методическое руководство
    для педагогов первой младшей группы (2–3 года) по Типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения
    Методист Б.С.Тажинова

    Редактор М.Солтангазина
    С претензиями по качеству обращаться: Республика Казахстан,

    ТОО «Алматыкiтап баспасы»

    050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111,

    тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10.

    е-mail: alkitap@intelsoft.kz
    Соответствует всем стандартам качества и безопасности.

    Сертификация не предусмотрена. Срок годности не ограничен.


    33


    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


    написать администратору сайта