Главная страница
Навигация по странице:

  • 1 БАП

  • 2 БАП

  • Мектептегі қорлау

  • Қорлауды (буллингті) ұйымдастыру

  • Білім беру процесінің қатысушылары

  • Қорлау туралы ішкі нормативтік акт

  • 3 БАП

  • 4 БАП

  • 5 БАП

  • Серіктес-мектеп директоры___________________(қолы, аты-жөні)

  • 2_Буллингке қарсы мінез құлық кодексі. арсы мінез ЛЫ кодексі


    Скачать 43.08 Kb.
    Названиеарсы мінез ЛЫ кодексі
    Дата19.04.2023
    Размер43.08 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2_Буллингке қарсы мінез құлық кодексі.docx
    ТипКодекс
    #1073064


    БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ КОДЕКСІ



    2020 жыл
    БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ КОДЕКСІ

    ПРЕАМБУЛА



    Осы Кодекске қол қойған, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, бұдан әрі Тараптар деп аталатын білім беру ұйымдары (бұдан әрі - «ұйымдар» немесе «білім беру мекемелері»):
    • 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығын, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар екендігін;
    • 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес ешкімді азаптауға немесе қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаларға душар етуге болмайтындығын;

    • 1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес «Осы Пактіге қатысушы мемлекеттер әрбiр адамның бiлiм алуға құқығын танитындығын, олар бiлiм - адамның жеке басының толық кемелденуiне және өзiнiң қадiр-қасиетін сезiнуiне бағытталып, адам құқықтары мен негiзгі бостандықтарына деген құрметті нығайтуы тиiс екендiгімен келiседi. Бұдан әрi, олар бiлiм баршаға еркiн қоғамның пайдалы қатысушылары болуына мүмкiндiк туғызып, барлық ұлттар мен нәсiлдiк, этникалық және дiни топтар арасындағы өзара түсiнiстiк, төзiмділiк пен достыққа ықпал етiп, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бейбiтшiлiктi қолдау жолындағы жұмысына жәрдемдесетiнiн құптайтындығын»;

    • 1989 жылғы Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес «қатысушы мемлекеттер баланы заң бойынша бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың тарапынан физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, қараусыздықтың немесе немқұрайдылықтың, қатыгез қарым-қатынастың барлық түрлерінен қорғау мақсатында барлық заңнамалық, әкімшілік, әлеуметтік және ағартушылық шараларын қабылдайтындығын»;

    • 2007 жылғы «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес, «Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережелерінде және білім беру ұйымдарының жарғысында белгіленген шектерде оқу процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеуде және орналастыруда, ғылыми, қаржылық-шаруашылық және өзге де қызметтерді жүзеге асыруда тәуелсіздігін; білім беру ұйымдарының құзыретіне ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекіту кіретіндігін (43б.), ал «білім алушылар мен тәрбиеленушілер ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымдарының жарғысы мен білім беру қызметін көрсету туралы келісім шартта көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті екендігін (47б.).

    • 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес педагог өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқылы екендігін мойындай отырып,

    • білім беру процесі барлық қатысушылардың өзара құрметіне негізделуі керектігіне;

    • білім беру ұйымдарында білім алушылар мен оқытушылар үшін жайлы және қауіпсіз орта құру білім сапасын арттырудың, азаматтық қоғамның жауапкершілігі жоғары мүшесі, тәуелсіз толыққанды жеке тұлғаны қалыптастырудың кепілі болатындығына;

    • білім беру процесіне қатысушылардың әрқайсысының артықшылықтары мен ерекшеліктерін құрметтеу, білім беру ұйымдарында әр адамға құрмет көрсету және достық қарым-қатынас жағдайын жасау тәрбие мен білім берудің міндетті шарттары болып табылатындығына сенім білдіре отырып,

    Төмендегілер туралы келісті:

    Тараптар осы Кодексті ішкі нормативтік құжат ретінде бекітуге және оның білім беру

    процесінің барлық қатысушыларының төменде көрсетілгендей сақталуын қамтамасыз етуге

    міндеттенеді:

    1 БАП


    КОДЕКСТІҢ МАҚСАТЫ

    Осы Кодекс мектептегі қорлаудың (буллингтің) алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мектептегі қорлаудың (буллингтің) белгілерін анықтаған кезде өзара әрекеттесу тәртібін анықтау мақсатында қабылданды және бекітілді.

    Осы Кодексте білім беру ұйымдарының, олардың басшыларының, қызметкерлерінің, білім алушылардың, олардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің арасындағы (білім беру ұйымдарындағы, сонымен қатар, Интернет желісіндегі қарым-қатынасты қоса алғанда, одан да тыс жерлердегі) өзара қарым қатынасындағы мінез-құлық ережелерін, құқықтары мен міндеттерін бекітеді.

    2 БАП




    НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

    2.1. Мектептегі қорлау (буллинг) – білім беру процесінің қатысушылары болып табылатын адамдар тобының бір немесе бірнеше адамға қатысты жүйелі түрдегі психологиялық немесе физикалық агрессивті мінез-құлқы.

    Мектептегі қорлау (буллинг) болып, атап айтқанда мыналар танылады:

    • бойкот (адамдар тобының қорлау құрбаны болған адаммен сөйлесуден, олардың сұрақтарына жауап беруден, оларды ескеруден, өзге де жолмен өзара іс-қимыл жасаудан бас тартуы);

    • топтан шығарып жіберу;

    • топтың қорлау (буллинг) құрбаны болған адамға қатысты оны қорлайтын лақап атты қолдана отырып сөйлесуі;

    • адамдар тобының немесе адамдар тобымен алдын ала сөз байланысқан бір адамның қорлау құрбаны болған адамның мүлкін осы мүліктің материалдық құндылығына қарамастан қасақана бүлдіруі, ұрлауы;

    • қорлау құрбаны болған адамның физикалық немесе интеллектуалдық ерекшеліктері мен кемшіліктерін көпшіліктің арасында талқылау;

    • қорлау құрбаны болған адам туралы жағымсыз (оның беделін, абыройын төмендететін) ақпарат (мәлімет) тарату;

    • кибербуллинг (жаһандық Интернет желісін пайдалану арқылы қорлау);

    • қорлау құрбанына қатысты адамдар тобының кез келген өзге нысандағы жүйелі түрдегі зорлық-зомбылық әрекеттері.

    2.2. Қорлаудың тараптары болып табылатындар:

        • қорлауды (буллингті) бастаушы – ұжымдағы билік өкілеттігімен, сондай-ақ физикалық, интеллектуалдық немесе өзге де артықшылығыпен байланысты өзінің ерекше жағдайын пайдалана отырып, қорлауды ұйымдастырушы болып табылатын тұлға. Қорлауды бастаушы ретінде білім беру процесінің кез келген қатысушысы, сондай-ақ білім беру мекемесінің қызметкері, сондай-ақ білім алушының бір немесе бірнеше туысқандары танылуы да мүмкін;

        • қорлаудың (буллингтің) құрбаны – өзіне қатысты қорлау әрекеттері бағытталған тұлға;

        • қорлауға (буллингке) қатысушы – қорлауды (буллингті) бастаушының ұсынысы бойыгша қорлауға қатысқан (қосылған) тұлға;

        • қорлаудың (буллингтің) куәгері - оқу процесінің қатысушысы, оқу орнының қызметкері, қорлау (буллинг) көріністері туралы білетін білім алушының заңды өкілі.

      1. Қорлауды (буллингті) ұйымдастыру – осы Кодекске сәйкес, топтың, бір немесе бірнеше тұлғаға қатысты қорлау (буллинг) белгілері бар агрессиялық іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында бірігуі.

      2. Білім беру процесінің қатысушылары болып табылатындар:

    • білім беру мекемесінің қызметкері білім беру мекемесінің аумағында қызмет атқаратын тұлға;

        • білім беру мекемесінің директоры білім беру мекемесінде басшылықты жүзеге асыратын қызметкер;

        • білім беру мекемесінің әкімшілігі - білім беру мекемесінің ішкі құжаттарына сәйкес басшылық функциялары жүктелген қызметкерлер;

        • педагог қызметкер (мұғалім) - білім беру мекемесімен еңбек, қызметтік қарым-қатынасында тұратын және білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және (немесе) білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша міндеттерді орындайтын жеке тұлға;

        • білім алушы - осы Кодекске сәйкес білім беру процесінің қатысушысы болып табылатын оқу орнында білім беру бағдарламаларын игеріп жатқан кәмелетке толмаған тұлға;

        • білім алушының заңды өкілі – ҚР заңнамасына сәйкес білім алушының заңды өкілі болып табылатын оның ата-анасы, қамқоршысы не қорғаншысы.

    Білім алушылар, олардың ата-аналары (немесе өзге де заңды өкілдері), білім беру мекемесінің қызметкерлері қорлаудың кез-келген тараптарының бірі болуы болуы мүмкін.
      1. Қорлау туралы ішкі нормативтік акт – Білім беру мекемесінің Жарғысына сәйкес, жеке-дара басқару органының өкілеттігі шеңберінде қабылданған, Білім беру процесінің барлық қатысушылары мен білім беру мекемесінің қызметкерлерін осы Кодексті сақтауға міндеттейтін және Кодекс ережелерін бұзғаны үшін білім беру мекемесінің білім алушылары мен қызметкерлерінің жауапкершілігінің тәртіптік шараларын белгілейтін нормативтік құжат.



    3 БАП

    БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН БАСҚА ДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

    3.1. Білім беру мекемесінде білім алушылармен өзара қарым қатынасқа түсу барысында педагог (тәрбиеші), сондай-ақ білім беру мекемесінің басқа да қызметкерлері төмендегілерге жол бермеуі тиіс:

    • кез келген білім алушыға немесе оның туыстарына қатысты тіл тигізуге;

    • кез келген білім алушыға қатысты физикалық әсер ету шараларына жол беруге;

    • кез келген білім алушыға қатысты діни, ұлттық, нәсілдік, жыныстық, мүліктік немесе басқа негіздер бойынша кемсітушілікке жол беруге;

    • бір білім алушының жасаған әрекеті үшін білім алушылар тобына ұжымдық жауапкершілік шараларын қолдануға;

    • білім алушыларды бір немесе бірнеше білім алушыға қатысты бойкот жариялауға немесе осы Кодексте көрсетілген қорлау ұғымына жататын басқа әрекеттерді жасауға шақыруға;

    • басқа білім алушылардың алдында білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың тұлғааралық қарым-қатынасы мен сезімдерін шамадан тыс сынға алуға және түсініктеме беруге;

    • білім алушыларға лақап аттар тағуға;

    • білім алушылар арасындағы интеллектуалдық, әлеуметтік және өзге де аспектілерге қатысты айырмашылықтарын атап көрсетуге;

    • басқа білім алушылардың көзінше білім алушыға жаза шараларын қолдануға;

    • кейбір білім алушыларға немқұрайдылықпен қарауға;

    • қатаң иерархиялық өзара әрекеттесудің тоталитарлық стилін дәріптеуге;

    • өзіне қатысты қорлауды елемеуге;

    • қорлау жағдайын қалыпты жағдай ретінде мойындау немесе қолдауға;

    • осы Кодекске сәйкес осындай деп танылған оқу процесіне қатысушыларды қорлайтын және төмендететін өзге де іс-әрекеттер жасауға.

    3.2. Білім алушылар арасында мектептегі қорлау белгілері анықталған жағдайда, білім беру мекемесінің қызметкерлері қорлауды тоқтату үшін бар мүмкіндікті жасауы керек, соның ішінде қорлауды бастаушымен және қорлауға қатысушылармен әңгімелесу, қорлауды бастаушының және қорлауға қатысушылардың ата аналарымен әңгімелесу, сондай-ақ, қорлауды тоқтатуға бағытталған шаралар қабылдауы үшін, қорлауды бастаушыға және қорлауға қатысушыларға қатысты тәртіптік шаралар қолдануы үшін білім беру мекемесінің директорына шұғыл хабарлауы тиіс.

    3.3. Білім беру мекемесінің қызметкері қорлауды бастаушы болып табылатын қорлау белгілері анықталған жағдайда, білім беру мекемесінің басқа қызметкері өзіне белгілі болған жағдай туралы мәлімет беру және білім беру мекемесінің тиісті қызметкеріне қатысты тәртіптік шаралар қолдануы үшін білім беру мекемесінің директорына шұғыл хабарлауға міндетті.

    3.4. Білім беру мекемесінің қызметкері осы Кодексте баяндалған мектептегі қорлау түсінігіне жататын әрекеттер туралы білім беру мекемесінің қатысушылары берген хабарды білім беру мекемесінің директорына шұғыл хабарлауға міндетті.

    3.5. Білім беру мекемесінің қызметкері өзіне мектептегі қорлау фактісі туралы хабар берген білім алушының құпия сақтау туралы өтініші болған жағдайда, ол білім алушы жайлы құпияны сақтауға міндетті.

    4 БАП

    БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



    4.1. Білім алушылардың құқықтары:

    • өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін өзгелердің құрметтеуіне;

    • тұлғалық дамуына бағытталған толықтай білім алуға;

    • білім беру мекемесінің өзге білім алушыларымен, сондай ақ қызметкерлерімен ұйымдастырылған қорлау әрекеттерінен қорғалуға;

    • білім беру мекемесінің қызметкеріне және (немесе) директорына мектептегі қорлау әрекеттерінен қорғалу мақсатында жүгінуге;

    • білім беру мекемесінің қызметкерлерінен мектептегі қорлау әрекеттері кімге қарсы бағытталғанына қарамастан оларды тоқтату үшін шұғыл түрде шара қолдануын талап етуге;

    • өзі білім беру мекемесінің қызметкеріне мектептегі қорлау фактісі туралы берген хабарын құпия сақтау туралы өтініш берген жағдайда ол жайлы құпиялылықтың сақталуына;

    • өзі білім беру мекемесінің қызметкеріне мектептегі қорлау фактісі туралы берген хабарын құпия сақтау туралы өтініш берген жағдайда ол жайлы құпиялылықтың сақталуына;

    • өзінің білім беру мекемесінің қызметкеріне мектептегі қорлау фактісі туралы берген хабарының жағымсыз салдарынан қорғалуына.


    4.2. Оқу процесінің басқа да қатысушыларымен өзара қарым қатынасы барысында білім алушы жол бермеуі тиіс:

    • оқу процесінің басқа қатысушыларына (білім алушылар, білім беру мекемесінің қызметкерлері, білім алушылардың заңды өкілдері (ата аналары) қатысты намысына тиетін сөз айтуға;

    • білім беру процесінің басқа қатысушыларына қарсы қорлау әрекеттерін жасау, соның ішінде түкіру, итеру, күш көрсетудің шынайы немесе жалған ниетін көрсету (мысалы, ұру ниетінсіз қол сілтеу), заттарды лақтыру және т.б.

    • физикалық күш көрсету;

    • оқу процесінің қатысушысына қатысты оның беделін түсіретін жағымсыз сипаттағы лақапты қолданып сөз бастау;

    • бөтеннің мүлкіне зақым келтіру және жою;

    • оқу процесінің бір немесе бірнеше қатысушысына қарсы ұжымдық елемеу (бойкот) ұйымдастыру;

    • білім беру мекемесінің басқа білім алушысы немесе қызметкері ұйымдастырған қорлау әрекеттеріне қосылу;

    • білім беру мекемесінің басқа қатысушысына қатысты қорлау әрекеттерін ұйымдастыру мақсатын көздеген топ құру;

    • Білім беру мекемесінің бір немесе бірнеше білім алушысына, қызметкеріне қатысты осы Кодексте баяндалған мектептегі қорлау түсінігіне жататын әрекеттерді жасауға басқа білім алушыларды шақыру;

    • Білім беру мекемесінің бір немесе бірнеше білім алушысына, қызметкеріне қатысты осы Кодексте баяндалған мектептегі қорлау түсінігіне жататын өзге де әрекеттерді жасау.

      1. Білім алушы, қорлау әрекеттерінің құрбаны, куәгері немесе қатысушысы болуына қарамастан мектептегі қорлау әрекеттері туралы білім беру мекемесінің кез келген қызметкеріне хабарлауға құқығы бар. Білім беру мекемесінің қызметкері білім алушыдан алған хабарының негізінде осы Кодекстің 3 бабына сәйкес шара қолдануға міндетті.



    5 БАП

    БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫ МЕН ӘКІМШІЛІГІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

    5.1. Осы Кодексті қабылдаған білім беру мекемесінің директоры:

    • Мектептегі қорлау әрекеттерін анықтау және алдын алу шараларын қабылдайды;

    • оқу процесіне қатысушыларды мектептегі қорлау белгілері, оның қауіптілігі, оны анықтау және алдын алу әдістері туралы ақпараттандырады;

    • бейіндік коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен мектептегі қорлау әрекеттерімен күресуге ықпал ететін дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар ұйымдастырады;

    • мектептегі қорлау әрекеттерімен күрес тәжірибесін жалпыландыру мақсатында мемлекеттік органдармен, басқа білім беру мекемелерімен, білім алушылардың заңды өкілдерімен өзара әрекеттеседі.




      1. Білім беру мекемесінің әкімшілігі мектептегі қорлау фактілері туралы кез келген шағымды тіркеуге, мектептегі қорлау әрекеттерін анықтау және алдын алу үшін барлық шараларды, соның ішінде төмендегі шараларды қабылдауға міндетті:

    • Сынып жетекшісін ауыстыру;

    • Қорлау құрбандарымен, білім алушылардың заңды өкілдерімен бірге сұхбат ұйымдастыру;

    • Келісім комиссияларын құру;

    • Медиаторларға жүгіну;

    • Қызметі қорлаудың алдын алуға, қорлау белгілері бар кикілжіңді реттеуге бағытталған білім алушылардың мектеп ішілік бейіндік ұйымын құру;

    • Бейіндік коммерциялық емес ұйымдарды тарту;

    • Қорлау әрекеттерін бастаушылар мен оған қатысушыларға қатысты тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану.




      1. Білім беру мекемесінің директоры осы Кодекске сәйкес қорлау туралы ішкі нормативтік акт қабылдауға міндеттенеді.


    6 БАП

    БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ


      1. Білім беру мекемесінің аумағында заңды өкілдерге тыйым салынады:

    • Өздері заңды өкілдері болып табылмайтын білім алушылармен ол білім алушылардың заңды өкілдері не педагогтерінсіз қарым қатынас жасауға;

    • Осы Кодексте баяндалған мектептегі қорлау әрекеттеріне жататын оқу процесінің қатысушыларына қатысты қорлайтын сөздерге жол беру, сондай ақ өзге де әрекеттер жасау.




      1. Заңды өкілдер білім беру мекемесінің әкімшілігіне жүгініп, өздеріне белгілі болған мектептегі қорлау фактілеріне қатысты тиісті шаралар қабылдауын талап етуге және өздерінің берген шағымдарын қарау кезінде қатысуға құқылы.


    7 БАП

    ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1. Бұл Кодекске қол қойған немесе оған кейін қосылған ұйымдар, қол қойылған сәттен бастап бір ай ішінде қолданылуға міндетті ұйымның ішкі құжаты ретінде қорлау туралы ішкі нормативтік акт қабылдауға (шығаруға) міндеттенеді.

      2. Ұйым осы Кодекстің 7.1. пунктінде қарастырылған қорлау туралы ішкі нормативтік акт қабылдау (шығару) сәтінен бастап осы Кодекстің қатысушысы деп танылады.

      3. Ұйым осы Кодекстің 7.1. пунктінде қарастырылған ішкі нормативтік актінің күшін жою сәтінен бастап осы Кодекстің қатысушысы болып танылмайды.



    Серіктес-мектеп директоры___________________(қолы, аты-жөні)




    написать администратору сайта