Главная страница

обиож. 5 ОБИОЖ. арсы профилактикалы егу жргізілетін ауруларды тізбесін, оларды жргізу


Скачать 24.07 Kb.
Названиеарсы профилактикалы егу жргізілетін ауруларды тізбесін, оларды жргізу
Анкоробиож
Дата18.10.2020
Размер24.07 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла5 ОБИОЖ.docx
ТипДокументы
#143798

№5 тақырыптың ОБИӨЖ:

"Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу

ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысында

бекітілген мерзімдерді жазып, жаттаңыз.

 

1 № 2295 қаулысымен бекітілген мерзімдерге сәйкес ВВГ-ға қарсы егілмеген адамдар мынадай схема бойынша егіледі:

      1) туған кезінде вакцинацияланбаған алты жасқа дейінгі балалар - егулердің арасы екі ай аралықпен 0-2-4;

      2) бұрын вакцинацияланбаған алты жастан асқан балалар мен ересектер – бірінші мен екінші егулердің арасы бір ай, екінші мен үшіншінің арасы бес ай аралықпен 0-1-6.

      25. Дифтерияға, сіреспеге және көкжөтелге қарсы иммундау құрамында АКДС бар және АбКДС бар вакциналармен, сондай-ақ АДС-М жүргізіледі.

      Көкжөтел компонентіне қарсы көрсетілімдер бар болған кезде иммундау АДС-М-мен жүргізіледі:

      1) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен бірінші вакцинациялауға дамыса, онда АДС-М-мен екінші егуді 3 айдан ерте жүзеге асырмайды;

      2) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен екінші вакцинациялауға дамыса, онда дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцинациялау курсы аяқталған болып саналады. Екі жағдайда да АДС-М-мен бірінші ревакцинациялауды 12 айдан кейін жүргізеді;

      3) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен үшінші вакцинациялауға дамыса, АДС-М-мен бірінші ревакцинациялауды 12-18 айдан кейін жүргізеді.

      26. Құрамында АбКДС бар вакциналармен алғашқы вакциналық кешен кеш аяқталған жағдайда бірінші ревакцинациялау кемінде 1 жыл аралықпен жүргізіледі, құрамындағы дифтерия анатоксині жоғары құрамында АбКДС бар құрамдастырылған вакциналар 7 жастан асқан балаларға қолданылмайды.

      27. Бұрын егілмеген:

      1) 7 жасқа дейінгі балалар құрамындағы дифтерия анатоксині жоғары құрамында АбКДС бар құрамдастырылған вакциналармен мынадай схема бойынша егіледі: 2 ай аралықпен 2 егу және үшінші егу 6-12 айдан кейін;

      2) 7 жастан асқан балалар мен ересектер мынадай схема бойынша егіледі: құрамындағы дифтерия анатоксині азайтылған АбКДС 1 ай аралықпен 2 егу және үшінші егу 6-12 айдан кейін.

      28. Пневмококк инфекциясына қарсы иммундау мерзімдері бұзылған балалар мынадай жолмен:

      1) өмірінің 12 айына дейінгі балалар 2 ай аралықпен 2 дозаны және 12-15 айлығында үшінші дозасын алады, бірақ екінші дозадан кейін 4 айдан бұрын емес;

      2) өмірінің бірінші жылында бір реттік вакцинация алған 12-23 ай жасындағы балалар арасы кемінде 2 ай аралықпен 2 доза алады; бұрын вакцинацияланбаған 12-23 ай жасындағы балалар арасы кемінде 2 ай аралықпен екі рет егіледі;

      3) бұрын вакцинацияланбаған 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар бір рет егіледі.

      29. Сіреспенің шұғыл профилактикасы Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актіге сәйкес жүргізіледі.

      30. Қан ұюы бұзылған (гемофилия) пациенттерге барлық вакциналарды сақтық шараларын орындай отырып, тері астына немесе тері ішіне салады.

      31. Иммуноглобулин немесе қан препараты енгізілгеннен кейін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакциналарды енгізу кемінде үш айға кейінге қалдырылады. Иммуноглобулиндерді немесе қан препараттарын енгізу аралығында аралық сақталмай, құрамында АбКДС бар вакцина, АДС-М, туберкулезге, пневмококк инфекциясына қарсы, ауыз арқылы қабылдайтын полиомиелит вакцинасы (бұдан әрі – АПВ) енгізіледі.

      32. Халықты қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундау үшін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы құрамдастырылған вакцина (бұдан әрі – ҚҚП) және қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы моновакциналар пайдаланылады. Қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинациялау мен ревакцинациялаудың арасындағы аралығы 6 айдан кем емес.

      33. Қызылшаға, қызамыққа, паротитке, АПВ, туберкулезге қарсы вакциналарды енгізгеннен кейін иммуноглобулинді енгізу үшін кемінде екі апта аралық сақталады. Құрамында АбКДС бар вакцинаны, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны, АДС-М енгізгеннен кейін аралық сақталмайды.

      34. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша АПВ вакцинасымен иммундау кезінде ҚҚП-мен аралық сақталмайды.

      35. Иммундау кезінде:

      1) сары қызбаға қарсы вакцинаны тырысқаққа және А және В паратифтеріне қарсы вакцинамен;

      2) іш сүзегіне қарсы тірі вакцинаны және обаға қарсы вакцинаны;

      3) дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге (жасушасыз), ВВГ-ға, полиомиелитке (белсенділігі жойылған), В типті гемофильді инфекцияға қарсы құрамдастырылған вакцинаны және желшешекке қарсы вакцинаны қосуға болмайды.

      36. Вакцина дозаларының арасындағы аралықтар вакциналар мен басқа да ПӘИБП қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сақталады.

      37. "Ашылған құтыларды" пайдалануға мына:

      1) препараттың жарамдылық мерзімі аяқталмаған;

      2) сақтау температурасы сақталған;

      3) стерильдігі сақталған;

      4) вакцинаның көзге көрінетін өзгерістері болмаған жағдайларда пайдаланылады.

      38. Құрамында АбКДС бар вакцинаның, АДС-М, АС, полиомиелитке, пневмококк инфекциясына қарсы вакциналардың, А және В гепатитіне қарсы вакциналардың "ашылған құтыларын" осы Санитариялық қағидалардың 37-тармағында жазылған шарттар сақталған жағдайда үш тәулік ішінде пайдалануға жол беріледі.

      39. Вакциналардың "ашылған құтыларының" заттаңбасында құтылардың ашылған күні мен уақыты көрсетіледі.

      40. "Ашылған құтылар" бір егу кабинетінен екіншісіне тасымалданбайды.

      41. Қызылшаға, қызамыққа, паротитке, туберкулезге, сары қызбаға қарсы вакциналар еріткіштермен араластырылғаннан кейін дереу немесе егер, нұсқаулықта рұқсат етілген болса, кейіннен вакциналардың қалдықтары жойыла отырып, алты сағат ішінде қолданылады.

      42. Ампулаларда шығарылатын ПӘИБП ашылғаннан кейін дереу қолданылады.

      43. Халықты иммундау үшін пайдаланылған құтылар мен ампулалар, оның ішінде ПӘИБП қалдықтары бар құтылар мен ампулалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 687 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12122 болып тіркелген) бекітілген Жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою қағидаларына сәйкес жойылады.

      44. ПӘИБП-ны сақтау мерзімдері:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының орталық қоймаларында – келіп түскен күнінен бастап алты айдан;

      2) қаладағы аудандардың, аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың медициналық ұйымдарының қоймаларында – келіп түскен күнінен бастап үш айдан;

      3) тікелей егу жүргізетін медициналық ұйымдарда – келіп түскен күнінен бастап бір айдан;

      4) егу пункттерінде (мектептер, бала бақшалар және балаларға арналған басқа да ұйымдар) – келіп түскен күнінен бастап бір аптадан аспайды.

      Егу пункттерінде ПӘИБП-ны белгіленген сақтау мерзімінде пайдаланбаған жағдайда олардың қалдықтары 5 жұмыс күні ішінде жоғары тұрған деңгейдегі медициналық ұйымдарға тапсырылады.

      45. Егуді алғаннан кейін егілген адамдар ИКҚК туындаған жағдайда шаралар қабылдау үшін 30 минут бойы медициналық ұйымда медицина қызметкерінің бақылауында болады. Кейіннен медицина қызметкері белсенділігі жойылған вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы 3 күнде және тірі вакцинаны енгізгеннен кейін 5-6 және 10-11 күнінде үйде бақылауды қамтамасыз етеді.

      46. Профилактикалық егулерді және ИКҚК есепке алу егу жүргізілген орындағы денсаулық сақтау объектілерінде, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, білім беру объектілерінде сақталатын есепке алу нысандарына: "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген профилактикалық егулерді есепке алу журналына (064/е нысаны), баланың даму тарихына (№ 112/е нысаны), жаңа туған нәрестенің даму тарихына (097/е нысаны), профилактикалық егулер картасына (№ 063/е нысаны), баланың медициналық картасына (№ 026/е нысаны), амбулаториялық пациенттің медициналық картасына (№ 025/е нысаны) тиісті жазбалармен жүзеге асырылады.

Халыққа вакциналарды және басқа да ПӘИБП-ны енгізудің қауіпсіздігі мақсатында:

      1) ПӘИБП-ты енгізу орнын өңдеу, егер вакцинаға қоса берілетін нұсқаулықтарда басқа нұсқаулар болмаса, 70 % спиртпен жүргізіледі;

      2) ПӘИБП-ны енгізу үшін стерильді өздігінен блокталатын және өздігінен бұзылатын шприцтерді, скарификаторды пайдалану; қаптаманың бүтіндігі бұзылған, сақтау мерзімі аяқталған, көрінетін ластану белгілері бар шприцтер мен инелер жойылады;

      3) қаптаманы тікелей шприцті пайдалану алдында ашу;

      4) ПӘИБП-ның әрбір құтысын еріту үшін бір рет қолданылатын стерильді шприцті және инені пайдалану және ПӘИБП-ны еріткеннен кейін дереу құты тығынынан инені алу;

      5) егер ПӘИБП-ның нұсқаулығында басқаша көзделмесе, еріту кезінде ПӘИБП-ға еріткіштің толық мөлшерін пайдалану;

      6) ПӘИБП-ны енгізген кезде енгізу техникасын сақтау және дене аймағын дұрыс таңдау (1 жасқа дейінгі балалар үшін вакцина енгізу орны – санның алдыңғы латеральды аймағы, 1 жастан асқан балалар және ересектер үшін – иықтың дельта тәрізді бұлшық еті аймағы);

      7) ПӘИБП-сы бар құты тығынын өңдеу және ПӘИБП енгізілетін дене аймағын өңдеу үшін бөлек стерильді мақта немесе дәке шариктерді немесе бір рет қолданылатын антисептикалық сулықтарды пайдалану;

      8) дене аймағын өңдеуге арналған стерильді мақта немесе дәке шариктерді спиртте емес, құрғақ күйінде сақтау;

      9) бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану;

      10) шприц қаптамасын ашқаннан кейін ПӘИБП-ны енгізуге дейін мүмкіндігінше ең аз уақытты қамтамасыз ету;

      11) ПӘИБП-ны енгізу кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған баланың дұрыс қалпын сақтау;

      12) егу кабинеттерін ПӘИБП-мен, өздігінен блокталатын және өздігінен бұзылатын шприцтермен кешенді қамтамасыз ету қағидатын сақтау;

      13) ҚЖКЖК-ны егу тікелей жүргізілетін орынның жанында орнықты бетке орналастыру;

      14) пайдаланылған инесі бар шприцтерді инъекциядан кейін алдын ала жумай, дезинфекцияламай, бөлшектемей және қалпын өзгертпей дереу ҚЖКЖК-ға жинау;

      15) ҚЖКЖК қақпағын төрттен үш бөлігі (немесе белгіге дейін) толған кезде жабу;

      16) пайдаланылған шприцтермен толтырылған ҚЖКЖК-ны уақытша сақтау үшін арнайы орын бөлу;

      17) толтырылған ҚЖКЖК-ны жою қажет етіледі.

      22. Туберкулезге қарсы егуді қоспағанда, бір күнде профилактикалық егулердің әр түрлері қосылады. Вакциналар дененің әр бөлігіне әртүрлі шприцтермен салынады.

      23. Егер ПӘИБП бір күнде енгізілмеген болса, тірі вакциналар арасында кемінде төрт апта аралық сақталады. Тірі және белсенділігі жойылған вакциналар енгізудің арасында аралық сақталмайды.

      24. № 2295 қаулысымен бекітілген мерзімдерге сәйкес ВВГ-ға қарсы егілмеген адамдар мынадай схема бойынша егіледі:

      1) туған кезінде вакцинацияланбаған алты жасқа дейінгі балалар - егулердің арасы екі ай аралықпен 0-2-4;

      2) бұрын вакцинацияланбаған алты жастан асқан балалар мен ересектер – бірінші мен екінші егулердің арасы бір ай, екінші мен үшіншінің арасы бес ай аралықпен 0-1-6.

      25. Дифтерияға, сіреспеге және көкжөтелге қарсы иммундау құрамында АКДС бар және АбКДС бар вакциналармен, сондай-ақ АДС-М жүргізіледі.

      Көкжөтел компонентіне қарсы көрсетілімдер бар болған кезде иммундау АДС-М-мен жүргізіледі:

      1) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен бірінші вакцинациялауға дамыса, онда АДС-М-мен екінші егуді 3 айдан ерте жүзеге асырмайды;

      2) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен екінші вакцинациялауға дамыса, онда дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцинациялау курсы аяқталған болып саналады. Екі жағдайда да АДС-М-мен бірінші ревакцинациялауды 12 айдан кейін жүргізеді;

      3) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен үшінші вакцинациялауға дамыса, АДС-М-мен бірінші ревакцинациялауды 12-18 айдан кейін жүргізеді.

      26. Құрамында АбКДС бар вакциналармен алғашқы вакциналық кешен кеш аяқталған жағдайда бірінші ревакцинациялау кемінде 1 жыл аралықпен жүргізіледі, құрамындағы дифтерия анатоксині жоғары құрамында АбКДС бар құрамдастырылған вакциналар 7 жастан асқан балаларға қолданылмайды.

      27. Бұрын егілмеген:

      1) 7 жасқа дейінгі балалар құрамындағы дифтерия анатоксині жоғары құрамында АбКДС бар құрамдастырылған вакциналармен мынадай схема бойынша егіледі: 2 ай аралықпен 2 егу және үшінші егу 6-12 айдан кейін;

      2) 7 жастан асқан балалар мен ересектер мынадай схема бойынша егіледі: құрамындағы дифтерия анатоксині азайтылған АбКДС 1 ай аралықпен 2 егу және үшінші егу 6-12 айдан кейін.

      28. Пневмококк инфекциясына қарсы иммундау мерзімдері бұзылған балалар мынадай жолмен:

      1) өмірінің 12 айына дейінгі балалар 2 ай аралықпен 2 дозаны және 12-15 айлығында үшінші дозасын алады, бірақ екінші дозадан кейін 4 айдан бұрын емес;

      2) өмірінің бірінші жылында бір реттік вакцинация алған 12-23 ай жасындағы балалар арасы кемінде 2 ай аралықпен 2 доза алады; бұрын вакцинацияланбаған 12-23 ай жасындағы балалар арасы кемінде 2 ай аралықпен екі рет егіледі;

      3) бұрын вакцинацияланбаған 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар бір рет егіледі.

      29. Сіреспенің шұғыл профилактикасы Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актіге сәйкес жүргізіледі.

      30. Қан ұюы бұзылған (гемофилия) пациенттерге барлық вакциналарды сақтық шараларын орындай отырып, тері астына немесе тері ішіне салады.

      31. Иммуноглобулин немесе қан препараты енгізілгеннен кейін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакциналарды енгізу кемінде үш айға кейінге қалдырылады. Иммуноглобулиндерді немесе қан препараттарын енгізу аралығында аралық сақталмай, құрамында АбКДС бар вакцина, АДС-М, туберкулезге, пневмококк инфекциясына қарсы, ауыз арқылы қабылдайтын полиомиелит вакцинасы (бұдан әрі – АПВ) енгізіледі.

      32. Халықты қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундау үшін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы құрамдастырылған вакцина (бұдан әрі – ҚҚП) және қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы моновакциналар пайдаланылады. Қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинациялау мен ревакцинациялаудың арасындағы аралығы 6 айдан кем емес.

      33. Қызылшаға, қызамыққа, паротитке, АПВ, туберкулезге қарсы вакциналарды енгізгеннен кейін иммуноглобулинді енгізу үшін кемінде екі апта аралық сақталады. Құрамында АбКДС бар вакцинаны, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны, АДС-М енгізгеннен кейін аралық сақталмайды.

      34. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша АПВ вакцинасымен иммундау кезінде ҚҚП-мен аралық сақталмайды.

      35. Иммундау кезінде:

      1) сары қызбаға қарсы вакцинаны тырысқаққа және А және В паратифтеріне қарсы вакцинамен;

      2) іш сүзегіне қарсы тірі вакцинаны және обаға қарсы вакцинаны;


написать администратору сайта