Главная страница
Навигация по странице:

  • Артериалық гипертензия Біріншілік Эссенциалды Екіншілік Симптоматикалы АГ таралуы

  • АГ клиникасы

  • Физикалық тексеру

  • Инструменталдық зерттеулер

  • Лабораторлық зерттеулер

  • АГ емі

  • Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі

  • Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі

  • Профилактикасы

  • Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері

  • Артериальная гипертензия. АГ-ВОП. Артериалды гипертензия Факультет жм152101


    Скачать 319.75 Kb.
    НазваниеАртериалды гипертензия Факультет жм152101
    АнкорАртериальная гипертензия
    Дата11.05.2021
    Размер319.75 Kb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаАГ-ВОП.pptx
    ТипДокументы
    #203453

    Артериалды гипертензия

    Факультет: ЖМ-15-21-01

    Орындаған: Төлеубекова А.Г

    Тексерген: Айнабекова Д.М

    Артериалық гипертензия – систолалық артериалық қан қысымының 140 мм.с.б, ал диастолалық артериалық қан қысымының 90 мм.с.б минимум 3 рет әртүрлі уақытта, тыныштық жағдайында өлшегенде жоғары болуын айтамыз.
    Артериалық гипертензия

    Біріншілік

    Эссенциалды

    Екіншілік

    Симптоматикалы

    АГ таралуы:

    АГ бүкіл әлем бойынша ересек адамдардың 20-30% зардап шегеді. Ал 65 жастан асқан адамдардың арасында таралуы 50-65%-ға дейін өседі. Екіншілік артериалды гипертензия бүкіл АГ 5-10% құрайды, ал қалғаны гипертониалық ауру.
    АГ

    Семіздік

    Стресс

    Генетикалық фактор

    СЖЖ активтілігінің жоғарылауы

    Натрий шығарылуынығ бұзылуы

    Ас тұзының шектен тыс қолданылуы

    РАЖ

    АГ классификациасы:


    Категория АД

    САД, мм.рт.ст

    ДАД, мм.рт.ст

    Оптимальное

    < 120

    < 80

    Нормальное

    < 130

    < 85

    Высокое нормальное

    130- 139

    80-89

    АГ I степени

    Пограничное АД

    140-159

    140-149

    90- 99

    90-94

    АГ II степени

    160-179

    100-109

    АГ III степени

    ≥ 180

    ≥ 110

    Изолированная систолическая АГ

    ≥ 140

    < 90

    АГ клиникасы:

    Шағымдар мен анамнез-АГ бірінші рет анықталған науқастарда тиянақты анамнез жинау қажет, оған келесілер кіреді:

    - АГ пайда болу ұзақтығы, сонымен қатар антигипертензивті заттармен бұрын емделу нəтижелері, анамнезде гипертониялық криздердің болуы;

    - ЖИА симптомдарыны, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, ОНЖ аурулары, перифериялық қантамырлардың зақымдалуы, қантты диабет, подагра, липидтік алмасу бұзылыстары, бронхообструктивті аурулар, бүйрек аурулары, жəне өзге де патологиялардың болуы туралы мəліметтер; - АГ екіншілік мінезіне негіз болатын спецификалық симптомдарды анықтау, (жастық кез, тремор, терлегіштік, АГ емдеуге тұрақтылық; бүйректік артерия аумағындағы шу, ауыр ретинопатия, гиперкреатининемия, кенеттік гипокалиемия);

    - Майлы тамақ, ас тұзы, алькогольдік ішімдіктерді қабылдау, темекі тарту жəне физикалық белсенділікті сандық бағалаумен, сонымен бірге өмір барысында дене салмағының өзгеруі туралы деректер;

    - Тұлғалық жəне психологиялық ерекшелік, сонымен қатар отбасылық жағдай, жұмыс жəне үйдегі жағдай, білім деңгейімен қоса гипертониялық аурудың емі мен ағымына əсер етуі мүмкін қоршаған орта факторлары;

    Физикалық тексеру:

    Физикалық тексеру:

    1. АГ бар екендігін растау жəне оның тұрақтылығын белгілеу (тұрақты түрде гипотензивті терапия қабылдамайтын науқастарда, түрлі жағдайда кем дегенде үш өлшем нəтижесінде АҚ 140/90 мм.с.б. артуы.); 2. Екіншілік артериалдық гипертонияны алып тастау; 3. АГ қатер стратификациясы (АҚ жоғарылау дəрежесін анықтау, жойылатын жəне жойылмайтын қауіп қатер факторларын анықтау, ағза нысандардың зақымдануы мен бірлескен жағдай)

    Инструменталдық зерттеулер: эхокардиография, ұйқы жəне сан артериясын УДЗ, бүйректі УДЗ, бүйрек қантамырларын допплер-УДЗ, бүйрек үсті безін УДЗ, радиоизотопты ренография.

    Лабораторлық зерттеулер: гемоглобин, эритроциттер, аш қарынға қан глюкозасы, жалпы холестерин, холестерин ЛПВП, аш қарынға триглицеридтер, зəр қышқылы, креатинин, калий, натрий, зəрдің жалпы анализі.

    АГ емі:

    Дəрі-дəрмексіз ем - емделушінің өмір салтын өзгерту:

    1. Дəрі дəрмексіз ем  АГ барлық науқастарға ұсынылуы қажет, дəрілік терапияға зəрулерді қоса.

    2. Дəрі дəрмексіз терапия дəрі дəрмектік терапияға қажеттілікті төмендетеді жəне гипотензивтік препараттар тиімділігін арттырады.

    3. Өмір салтын өзгерту бойынша шараларды АГ барлық емделушілерге, сонымен қатар АҚ «қалып шеңберінде артқан» науқасатрға ұсыну қажет (130-139/85-89 мм.с.б.).

    4. Темекі тартатын емделушілерге оны тастауды ұсыныңыз.

    5. Алкоголь пайдаланатын емделушілерге, оны ерлер үшін 20-30 г этанол/тəулігіне көп емес, əйелдер үшін 10-20 г этанол/тəулігіне көп емес шектеу ұсынылады.

    6. Дене салмағы жоғары емделушілерге (ДСЖ 25,0 кг/м2) салмақты төмендетуді ұсыну қажет.

    7. Тұрақты жаттығулар көмегімен физикалық белсенділікті арттыру қажет.

    8. Ас тұзын пайдалануды тəулігіне 5-6 г аз мөлшерге дейін немесе натрийді тəулігіне 2,4 г деңгейге дейін азайту қажет.

    9. Жеміс пен жидектерді пайдалануды арттыру қажет, ал құрамында қаныққан май қышқылдары бар өнімдерді шектеген жөн.

    10.  АҚ төмендету үшін зат ретінде таблеткадағы кальций, магний немесе калий препараттарын пайдалануды нұсқамаңыз.

    Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі

    1.   Гидрохлортиазид табл, 12,5-25 мг.

    2. Индапамид табл, 2,5 мг.

    3.  Метопролол табл, 50-200мг\тəулігіне.

    4. Эналаприл табл, 2,5 мг, 10 мг; ампуладағы ерітінді 1,25 мг/1 мл.

    5.  Лизиноприлтабл, 5-40 мг.

    6.  Периндоприл 2-8 мг.

    7.  Эпросартантабл, 300-600 мг\тəулігіне.

    8. Амлодипинтабл, 5 мг, 10 мг.

    9. Верапамилтабл, 240-480 мг.

    10. Доксазозинтабл, 1-16 мг.

    11. Моксонидинтабл, 02-0,4 мг\тəулігіне.  

    Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі

    1. Ацетилсалицил қышқылы табл, 75 мг\тəулігіне.

    2.  Аторвастатин табл, 10-80 мг.

    3.  Симвастатин табл, 5-80 мг.

    4. Ловастатин табл, 10-40 мг.  

    Профилактикасы

    Біріншілік профилактика: салауатты өмір салтын жүргізу, АГ туындауына алып келетін ауруларды дер кезінде анықтау жəне емдеу.

    Профилактикалықшаралар: салауаттыөмірсалтынсақтау.

    Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: үнемі кардиолог бақылауы.



    написать администратору сайта